Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖОО – ға дейінгі білім беру факультеті түлектерімен қоштасуда

Материал туралы қысқаша түсінік
Үстіміздегі жылдың оқу жылы да қызықты да нәтижелі аяқталды. әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіндегі жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы шет елдерден – Қытай Халық Республикасы, Монғолия, Өзбекстан Республикасынан білімге құштар болып ұмтыла, асыға келіп жеткен, елім, жерім деп аңсап келген балғын жастарымызға біліммен сусындатып ұшырғалы отыр. Осы балалармен бірге Қазақстанда туып өскен, жергілікті балалар да баршылық. Аталған тыңдаушылар осы оқу жылында университетіміздің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында биология, химия, география, математика, тарих, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, физика пәндерінен білім алып, дайындықтан өтті. Оқытушылар құрамы да білім берумен қатар куратор – эдвайзерлік қызмет атқарып, тыңдаушыларға өз тәжірибесінде жинақталған педагогикалық шеберліктерін аяған жоқ. Оқ
Материалдың қысқаша нұсқасы



ЖОО – ға дейінгі білім беру факультеті түлектерімен қоштасуда




Үстіміздегі жылдың оқу жылы да қызықты да нәтижелі аяқталды. әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіндегі жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы шет елдерден – Қытай Халық Республикасы, Монғолия, Өзбекстан Республикасынан білімге құштар болып ұмтыла, асыға келіп жеткен, елім, жерім деп аңсап келген балғын жастарымызға біліммен сусындатып ұшырғалы отыр. Осы балалармен бірге Қазақстанда туып өскен, жергілікті балалар да баршылық. Аталған тыңдаушылар осы оқу жылында университетіміздің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында биология, химия, география, математика, тарих, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, физика пәндерінен білім алып, дайындықтан өтті. Оқытушылар құрамы да білім берумен қатар куратор – эдвайзерлік қызмет атқарып, тыңдаушыларға өз тәжірибесінде жинақталған педагогикалық шеберліктерін аяған жоқ. Оқу жылы барысында көптеген тәрбиелік іс – шаралар атқарылды. Қалада және университетімізде болып жататын түрлі мерекелер, кездесулер назардан тыс қалыс қалған жоқ. Сонымен қатар, Алматы қаласында орналасқан түрлі мұражайларға бірнеше рет саяхаттар жасалып, тыңдаушыларды еліміздің тарихымен жете танысуына мұрындық болды. Атап айтқанда Д.А.Қонаев мұражайы, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы, ҚР-ның геологиялық мұражайы, Мұқановтың әдеби – мемориалдық мұражайы, т.б. Көктемде барлық тыңдаушылар ұйымдаса отырып, оқытушылар басшылығымен киелі – Түркістан қаласына сапармен барып қайтты. Қожаахмед Яссауи, Арыстанбап кесенелерін тамашалап, сан ғасырлық тарихын біліп қуанышпен оралды.

Әрбір мамандық саласы бойынша топқа бөлінген тыңдаушыларды білімін тереңдете түсу үшін барлық жағдайды жасай отыра, оқытушылар еңбегін аянбады. Өз салалары бойынша университтеттін зертханаларына, кітапханаларына, мұражайларына үнемі қоян-қолтық араласып, білім нәрімен сусындатып отырды. Университетіміздегі биология факультетінде, тарих факультетінде орналасқан мұражайда өтілген сабақтардан тыңдаушылар көптеген мәліметтер алып білімдерін шыңдай түскеніне біз де қуанамыз.

Әрине, осындай еңбектін нәтижелі болары даусыз. Жыл сайын кафедраның бітіруші түректері еліміздің ЖОО – на түсіп бізді қуантып жатады, жастарымызға тек ақ жол тілейміз.

Жастардың қуанышы шексіз. Алда үлкен сынақ – ЖОО-на түсу үшін тапсыратын кешенді тест тұр.

Көкірегіндегі атамекенге деген ыстық ықыласы, сүйіспеншілігі, махаббаты армандарына жетелеп –ақ тұр. Ия, өзіміздің қандастарымыз, қаракөз балапан жастар – ертең студент атанады. Олардың кіршіксіз арманы еліміздің жетекші білім ордасы - әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті және басқа да ЖОО-ның түрлі саласының студенті атанып, білім алу, сонымен қатар Қазақстанның азаматтығын алып атажұртта қалып елді дамытуға үлес қосқысы келеді. Жастарымызға ақ жол тілейміз.


Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары

Үсенбекова .А.Е, Тойғанбекова М.Ш.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
363
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12