Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогикалық идея ретінде ұсынылған жұмыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Атырау облысы

Құранғазы ауданы

Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі




Педагогикалық идея тақырыбы:

Ғаламтор кеңістігіндегі педагогтің кәсіби тұлғасын дамытуға ықпал ету.


Бағыты: Білім беру жүйесіндегі менеджмент


Авторы: Нугманова Гаухар Нурлыгайновна

Мектеп директоры








2024-2025 оқу жылы

Педагогикалық идеяның тақырыбы: Ғаламтор кеңістігіндегі педагогтің кәсіби тұлғасын дамытуға ықпал ету.Мақсаты: Заманауи педагогтің виртуалды тұлғасы туралы ой бөлісу,кейбір әдістерін зерделеуМіндеттері: Білім беруді ақпараттандыру үрдісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды.ол мұғалімнің өзін - өзі дамуына,өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өзіндік қызметтерін іске асыруда мүмкіндік беретіндігінде.

Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол бір мезгілде әрі педагог, әрі психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі тиіс. Сонымен қатар, оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілеті болуы шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.

Онда эмпатия мен рефлексия жоғары дамыған. Мұғалім жаңа өсіп келе жатқан баланың рухани әлемінің байлығын түсінуге тырысады, сондықтан да өзінің планетарлық, тіпті космостық ойлау үрдісін дамытады.      Педагог – шығармашыл тұлға. Ол бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жүзеге асыру – оның қалыпты кәсіби үлгісі.         

Қазіргі ғаламдық кеңістік төріндегі педагогтің тұлғасы да ерекше екені анық.Сондықтан оқытудың заманауи платформаларымен қаруланған педагогтің білуі тиіс кейбір платформалардың ерекшелігімен таныс болуы абзал деп ойлаймын.Виртуалды бейнені жасау кезінде адам өзінің «идеялды Менін» саналы түрде немесе бейсаналық түрде ұсынады. Сонымен қатар,құрылған тұлға бұл оның прототипінің дәл көрінісі емес, әлеуметтік не эстетикалық тұрғыдан қалаған адам. Өз эмоцияларын,сондай ақ онлайн ортадағы басқа адамдардың өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін эмпатия,әсер ету және эмоционалды қолдау әдістерін көрсетуге тиімді құрал.Цифрлық этикет-интернеттегі қарым- қатынас ережелерін көпшіліктің сақтауы екенін жақсы білеміз. Платформалық оқыту бағдарламалық жасақтамасының өсіп келе жатқандығының арқасында біз бүгінде білім беру үшін онлайн оқыту мен дамуға тез көшеміз. Сандық аборигендердің өсіп келе жатқан саны интернеттегі білім беру платформалық құралдарына сұраныстың артуына әкеліп қана қоймай, оқытушының рөлін жаңа қырынан өзгертті.

Ендеше, заманауи білім беру жағдайында сабақ өткізу, ресурстармен бөлісу кері байланыс, онлайн бағдарламалармен жұмыс жасауға тиімді бірқатар платформалармен танысатын боламыз.

 D-Id - адамның бет-әлпетін, дауысын және басқа жеке қасиеттерін танудың жасанды интеллектісі.

ChatGPT чат яғни жазба мәтін арқылы жұмыс істейді. Бағдарламаның негізі үлкен тіл моделдері негізінде қызмет етеді.

Picturethis қосымшасы тіпті нашар жарықтандыру жағдайында да өсімдіктерді тамаша сәйкестендіреді және толық ақпарат береді. Ол көптеген қосымша ақпаратты, тіпті аз да болса поэзияны ұсынады, бұл өте тартымды.Қорытынды

Білім беру платформалары онлайн оқыту үдерісі кезінде білім алушылардың оқуын жақсартуын жүйелендіретін бірден бір үздік тұжырымдама екендігін әлем дәлелдеп көрсетті. Жалпы білім беруге бағытталған болашақ зерттеу жұмысымда қашықтан оқыту платформаларының тиімділіктерін зерттеу, болашақта оқыту технологияларын қолдану негізінде әдістемелік құралдар әзірлеу арқылы көрініс бермек.
































Педагогикалық идеяның тақырыбы: Ғаламтор кеңістігіндегі педагогтің кәсіби тұлғасын дамытуға ықпал ету.

Мақсаты: Заманауи педагогтің виртуалды тұлғасы туралы ой бөлісу,кейбір әдістерін зерделеу

Міндеттері: Білім беруді ақпараттандыру үрдісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды.ол мұғалімнің өзін - өзі дамуына,өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өзіндік қызметтерін іске асыруда мүмкіндік беретіндігінде.

Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. Сондықтан қазіргі ақпаратқа толы алмағайып заманда өз елінің адал ұлы болып қалу, ұлтының ұлылығын өзгелерге таныта білу – күрделі де қиын шаруа. «ХХІ ғасыр ұстазы қандай болу керек?» деген сұрақ тереңнен ойланып, толғануды қажет етеді. Өйткені, ұстаз алдынан тәлім-тәрбие алған бүгінгі балауса жас ұл мен қыз ертеңгі қазақ ұлтының атынан сөз сөйлеп, елімізді танытар, елдігімізді сақтар, айбынымызды асқақтатар, үлгі болар азаматтар болуға тиіс.                            Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол бір мезгілде әрі педагог, әрі психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі тиіс. Сонымен қатар, оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілеті болуы шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.   Білім беруді ақпараттандыру үрдісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өзіндік қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуі үшін және оқыту құралы түрінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлауда ақпараттық (технологияны) әлемде оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызды. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуға және өздігінен білім алуға мүмкіндік алады.  Педагог - шығармашылықпен өзін - өзі дамытушы тұлға. Педагог – зиялы тұлға және мәдениет адамы. Қазіргі заман талабына сай мұғалім болу ең жауапты, ең күрделі, ең зиялы мамандық болып табылады. Себебі, ол адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған зор жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Қандай да бір әдістермен педагогикалық технологияны пайдаланбасын, баланың рухани жан дүниесіне әсер етуде мұғалімнің өз тұлғасының әсері ерекше. Оқушылардың мұғалім бойындағы ең бағалы деп есептейтін қасиеттері: баланы жақсы көруі, мейірімділік, сезімталдық, әділеттілік, талап қойғыштық, әзіл айта білуі, келешекке сенімділік, іске шығармашылықпен қарау болып табылады. Ал, мұндай қасиеттерге ие болу үшін мұғалім рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет. К. Д. Ушинский: «Оқу орнының талабына көп нәрсе байланысты, ең бастысы тәрбиешінің тұлғасының рөлі ерекше, жас ұрпаққа беретін әсерін оқулықпен, жазалау және мадақтаумен алмастыруға болмайды», - деп жазған.  Әрқайсымыз, студент не жас мұғалім болайық «мұғалім» деген сөзді естігенде өзінің ең сүйікті мұғалімдерін кәсіби шеберліктермен қоса, тұтастай тұлға ретінде есіне алады. Мұғалімнің тұлғасын тұтастай алып қарау, әрқайсысының жеке ерекшеліктерін де қоса қарастырады.

Сонымен ХХІ ғасыр мұғалімнің тұлғасы қандай болу керек деген сұрақтың төңірегінде ойлансақ , ол-зиялы тұлға,өзін жинақы ұстайтын,прогрессивті көзқарастарды алға тарта отырып,сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарайтын тұлға Жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлекция жасап отырады: мәдениеті, эрудициясы жоғары, эстетикалық, көркемдік талғамы бар. Саясатқа, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылық танытады. Шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отырады.  Педагог – рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы балаға деген махаббатынан, жоғары адамгершілік және ұят сезімінен көрінеді. Ол өзінің оқушылары және әріптестерінің пікірімен санасады. Тұлғаның рухани байлығы өмірдің мәнін және өмір сүру мақсатын, өзінің кәсіби шеберлігін айқындауына ұмтылуында болып табылады. Педагог адамдардың қарым - қатынасына, әлем сұлулығына ерекше мән береді. Онда эмпатия мен рефлексия жоғары дамыған. Ол жаңа өсіп келе жатқан баланың рухани әлемінің байлығын түсінуге тырысады, сондықтан да өзінің планетарлық, тіпті космостық ойлау үрдісін дамытады.      Педагог – шығармашыл тұлға. Ол бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жүзеге асыру – оның қалыпты кәсіби үлгісі.         Мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірде және кәсіби қызметте мәдениет әлемінде өз орнын табуынан көрінеді. Оның еркін ой - пікірі және кәсіби жауапкершілікті сезінуімен тұтастықта. Өзін - өзі бағалай алады, алайда менмендікке жол бермейді. Ол материалдық және рухани құндылықтар әлемінде өз бағытын еркін айыра алады, педагогикалық догмалардан аулақ. Ол батыл шешім қабылдайды, өзінің өмірлік позициясы бар, яғни айналадағы ортаға, адамдарға, өзіне деген қарым - қатынастың берік жүйесі бар.           Педагог – адамгершілігі мол, мейірімді тұлға. Бүкіл тіршілік атаулыға, әсіресе балаға үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Өзімен көз қарасы сәйкес келмейтін адамдарға төзімділік танытады. Әр ұлт өкілдеріне және халықтың салт - дәстүрлеріне сыйластықпен қарайды.      Педагог – бәсекелестікті тұлға. Жоғары кәсіби шеберлікті меңгеру үшін рынок жағдайында өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, мықты жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын жетілдіріп отыру керек. Озық педогогикалық тәжірибелерді оқып, танып өз ой елегінен өткізе отырып, шығармашылықпен қолдана білу керек. Кәсіби мәні бар басылымдарды қадағалап, үздіксіз білім жетілдіру курстарынан өтіп отырған жөн. Бәсекелестікті тұлға болу үшін тек өз елімізде емес, білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болады, жоғары еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылады.           Педагог мәдениет адамы. Ол белгілі бір мәдени кеңістік пен әлеуметтік - мәдени ситуацияларды ескере отырып, ең жаңа ғылым, өнер жетістіктерін бойына сіңіреді. Өз халқының әдет - ғұрпы мен салт – дәстүрін бағалайды, біледі. Көркем және кәсіби әдебиеттерге қызығушылық танытады, өнердің алуан түріне мән береді, ең бастысы өзінің шәкірттеріне қызықтыра біледі. Педагог - тәрбиеші. Педагог қандай бір бағытты қаламасын, қандай міндеттерді шешпесін, негізгі қызметі – тәрбиешілік. Тәрбие үрдісі тәрбиеленушілердің алуан түрлі іс - әрекеттерін (ойын, оқу, еңбек, жеке, ұжымдық) педагогикалық басқару негізінде жүзеге асады. Қазіргі кезеңде тәрбиеші – педагогтың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы ретінде нақты тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған білім, білік қабілеттеріне талдау жасау керек. Мұғалім – тәрбиеші үшін ең маңызды, ең шешуші құндылықтарға назар аударған жөн. Құндылықтар жүйесі қазіргі мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің мазмұнын айқындайды. Негізгі құндылықтардың ең бастысы – бала, оның рухани – адамгершілік әлемі. Мұғалім үшін ең маңыздысы, оның іскерлігі болып есептеледі, сонымен қатар, психологиялық мәдениеттің де рөлі ерекше. Бала психологиясының дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтарды түсіну үшін қажет.

П. П. Блонский мұғалімдерді «практикалық психолог» болуға шақырады. Тәрбиеленушілердің жан - дүниесін түсініп, сезініп, олардың жеке - психологиялық қасиеттерін бағалаған жағдайда ғана табысқа жете алады. Педагог тәрбиеленушінің сеніміне, сүйіспеншілігіне әділетті болғанда ғана бөлене алады. Сондықтан ұжымдағы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы адамгершілік – психологиялық ахуал шешуші рөл атқарады. Балаларды қызықтыру, білім алудың қажет екенін сезіндірудің маңыздылығына нақты іс - шараға қатысуын қамтамасыз ету арқылы көз жеткізеді, бұл табысқа жетудің алғашқы қадамы болып саналады.

Психолог, педагог П. П Блонский « Нағыз мұғалім энциклопедиялық сөздік емес, алайда ол Сократ»- деп жазған еді.       Нағыз педагог ең алдымен шығармашыл және кәсіби ойлайтын адам екені анық. Оқушылардың алуан түрлі іс - әрекеттерін жобалаған кезде оқытушы ұжымдық және жекелік шешім қабылдау үшін жан - жақты міндеттер мен тапсырмаларды іріктеу керек: репродуктивті және шығармашылық, оқытушылық, дамытушылық және жаттығушылықты ескерген жөн. Қазіргі оқытушылар оқу материалын проблемалы түсіндіру, эвристикалық әңгіме жүргізе білу, дискуссиялық жағдай жасай алуы, интеллектуалды - шығармашыл ахуал жасау, студенттердің оқу - зерттеушілік қызметін ұйымдастыруы қажет.          Шәкірт тұлғасы өз пәнін жетік білуге оқыту арқылы тәрбиеленеді. Концепция мен технологияларды оқыту мен тәрбиелеу, жұмыс түрлерін жинақтау педагогикалық қызметті тиімді етеді. Әрбір оқытушының өзінің шығармашылық лабораториясы болу керек, дидактикалық материалдар комплексі, аудио, видео, техникалық құралдар, компьютерлік техниканы меңгеру және пайдалану ғана қалыпты жағдайы болуы тиіс. Оқытушы бүкіл әдіс - тәсілдерін біріктіріп, кіріктіріп пайдаланғанда жоғары көрсеткіштерге жетеді.

Педагог – зерттеуші. Педагог зерттеуші ретінде өзінің педагогикалық қызметінде қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оны шешуге деген қажеттілік туындайды. Жұмысқа шығармашылықпен қарау, шабыттану – зерттеушіліктің қозғаушы күші болып табылады. Педагогикалық инновацияның дамуына байланысты, педагогикалық эксперимент жүргізе отырып тіпті жас педагогтар да өзінің зерттеушілік қабілетін дәлелдей алады. Сондықтан педагогикалық негізгі міндеттерінің бірі методикалық мәдениет арқылы өзін - өзі дамыту болып табылады.        Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім қандай болса, мектепте сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді болады. «Ең әуелі мектепке керегі - білімді педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» - деген А.Байтұрсынов. Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі ұстаз , сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі деуге болады. Жаңа ғасырдағы мектептің жаңа тұрпатты мұғалімнің алдындағы міндеті - егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу.     Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Бұл мұғалімнен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Педагогикалық кәсіптің құпиясы тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай оқыту. Бұл ретте мұғалімнің біліктілігі, әдіскерлігі үлкен рөл атқарады. Ал кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Оның негізгі көрінісі оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс- тәсілдерін ендіре отырып, жұмысты ұйымдастыру.

Қазіргі ғаламдық кеңістік төріндегі педагогтің тұлғасы да ерекше екені анық.Сондықтан оқытудың заманауи платформаларымен қаруланған педагогтің білуі тиіс кейбір платформалардың ерекшелігімен таныс болуы абзал деп ойлаймын.Виртуалды бейнені жасау кезінде адам өзінің «идеялды Менін» саналы түрде немесе бейсаналық түрде ұсынады. Сонымен қатар,құрылған тұлға бұл оның прототипінің дәл көрінісі емес, әлеуметтік не эстетикалық тұрғыдан қалаған адам. Өз эмоцияларын,сондай ақ онлайн ортадағы басқа адамдардың өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін эмпатия,әсер ету және эмоционалды қолдау әдістерін көрсетуге тиімді құрал.

Цифрлық этикет-интернеттегі қарым- қатынас ережелерін көпшіліктің сақтауы екенін жақсы білеміз. Платформалық оқыту бағдарламалық жасақтамасының өсіп келе жатқандығының арқасында біз бүгінде білім беру үшін онлайн оқыту мен дамуға тез көшеміз. Сандық аборигендердің өсіп келе жатқан саны интернеттегі білім беру платформалық құралдарына сұраныстың артуына әкеліп қана қоймай, оқытушының рөлін жаңа қырынан өзгертті.

Ендеше, заманауи білім беру жағдайында сабақ өткізу, ресурстармен бөлісу кері байланыс, онлайн бағдарламалармен жұмыс жасауға тиімді бірқатар платформалармен танысатын боламыз.

 D-Id - адамның бет-әлпетін, дауысын және басқа жеке қасиеттерін танудың жасанды интеллектісі.

ChatGPT (ағылш. Chat Generative Pre-trained Transformer немесе қаз. Чат түзетін, алдын ала оқытылған трансформер[2] — OpenAI компаниясы дамытып жатқан нейрожүйе (жасанды интеллект (Artificial Intelligent )). ChatGPT чат яғни жазба мәтін арқылы жұмыс істейді. Бағдарламаның негізі үлкен тіл моделдері (LLM) негізінде қызмет етеді. Бағдарламаның бірнеше нұсқасы белгілі. Бірақ халық арасында ең танымал нұсқасы 2022 жылғы қарашада GPT-3.5 ретінде таныстырылды. Алдағы уақытта ChatGPT 4.0 нұсқасы негізінде Microsoft 365 бадарламаларына кіріктірілген CoPilot жүйесі сынақтан өтуде.

Picturethis қосымшасы тіпті нашар жарықтандыру жағдайында да өсімдіктерді тамаша сәйкестендіреді және толық ақпарат береді. Бірнеше ай бойы үнемі қолданғаннан кейін, оның 99% дұрыс екенін байқадым. Фотосуреттерді LTE қолданбай жүктеу және оларды негізгі тізімге сақтау немесе кейінірек жою мүмкіндігін ұнатамын. Мен сияқты жаңа өсімдіктерді жиі кездестіретін табиғат сүйушілер үшін премиум нұсқасын сатып алуды ұсынамын. Ол көптеген қосымша ақпаратты, тіпті аз да болса поэзияны ұсынады, бұл өте тартымды.

Қорытынды

Білім беру платформалары онлайн оқыту үдерісі кезінде білім алушылардың оқуын жақсартуын жүйелендіретін бірден бір үздік тұжырымдама екендігін әлем дәлелдеп көрсетті. Қашықтан білім беруге бағытталған болашақ зерттеу жұмысымда қашықтан оқыту платформаларының тиімділіктерін зерттеу, болашақ информатика педагогтарын даярлауда қашықтан оқыту технологияларын қолдану негізінде әдістемелік құралдар әзірлеу арқылы көрініс бермек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2025
82
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12