Тексерілді:
Күні:
Пәні:
Абайтану
Сыныбы:
9-сынып
Сабақтың
тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың
Абайы
Сабақтың
мақсаты:
1.
Білімділік: оқушыларға Абайтану курсы
туралы түсінік беру, Абай Құнанбайұлының өмірбаянымен таныстыру.
Абай туралы білімдерін толықтыру;
2.
Дамытушылық: Қызметі, саяси көзқарасының
қалыптасуы, жеке қасиеттері, Абайдың қоғамдық-саяси және тарихи
көзқарастарынмен таныстырып, тірек сызбамен жұмыс жасауға
дағдыландыру;
3.
Тәрбиелік: Абай бейнесін таныту арқылы
оның бойындағы ізгі қасиеттерді үлгі ету, оқушы бойына
сіңіру.
Сабақтың
түрі: лекция
сабақ.
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, суреттеу,
салыстыру, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту,
қорытындылау.
Сабақтың
көрнекілігі: көркем әдебиеттер,
бейнелі суреттер, рефераттар,
бүктемелер.
Пәнаралық
байланыс: тарих, қазақ
әдебиеті
Сабақтың
барысы.
І Ұйымдастыру
кезеңі:
1.
Оқушылармен амандасу,
түгелдеу;
2.
Оқу құралдарын, сабаққа
дайындығын тексеру;
3.
Сыныптың тазалығына көңіл
бөлу;
4.
Оқушылардың зейінін сабаққа
аудару;
5.
Cабақтың мақсатымен
таныстыру;
ІІ Жаңа
сабақ.
Кіріспе. Адамзаттың
Абайы
Түсінік
хат
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы
– халқымыздың ғасырлар бойы
маңызын
жоймайтын
рухани қазынасы.
Абайтану негізінен Абайдың
туғанынан бастап, азамат болу
кезеңдерін зерттейді. Абай
және оның өскен ортасы, ақын
болып
қалыптасу
кезеңі
негізінен сол
дәуірдің
қоғамдық сипаты мен халықтың
әлеуметтік
тұрмысына байланысты өзіндік
жалғасын тауып
отырады.
Жалпы,
курстың
мақсаты –
Абай
Құнанбайұлының
қазақ жазба
әдебиетінің
көшбасшысы
ретінде
құбылыстық
сипатын,
бүкіл
ақындық
әлемін,
өлең
өнеріндегі
өзгешілігін,
шеберлігін
танытуға
бағытталған. Бұл курс өзіне
төмендегідей міндеттерді жүктейді:
-
Абай
Құнанбайұлының
шығармашылығының
зерттелу
жайына тоқталып, абайтану
ғылымының тарихынан
мәліметтер
беру;
-
Ұлы ақынның
ғұмырнамасына
байланысты тың
деректерге
иек
сүйеп,
ақынның
жазба
әдебиеттің
көшбасшы
ретіндегі
орынын
айқындау;
-
Абайдың қазақ поэзиясына
әкелген жаңалығын айтып, өлең өрнектерін дамытудағы рөліне
тоқталу;
-
Ғұлама
ойшылдың
философиялық
нақыл сөздерінің мән –
мағынасын ашып, тәлімгерлік
тағылымы жайында
сөз
ету;
-
Ақынның
аудармадағы
еңбегіне
тоқталу,
басқа
ел
шығармаларын қазақ тіліне
аударудағы шеберлігін
айқындау.
«Абайтану»
курсында
Абай
мұрасын жан –
жақты
әрі терең
танытуға
мүмкіндіктер жасай
отырып, оқушылардың
ғылыми
танымын қалыптастыруды басты
нысана
етіп
алып
отыру.
Абайтану
өзінің
даму
жолында
аса
күрделі
қиын
жолдардан
өтті. Абай
мұрасының
жайын
білу,
бағалау
саласында
саяси –
әлеуметтік
жағдайларға байланысты
қоғамдық
ой –
санада
қым –
қиғаш
талас – тартыстар өріс алғаны
белгілі. Сондықтан тәуелсіз
заманның
уақыт
талабына
орай жаңа таным мен соңғы
көзқарастың
ғылыми
тұрғыдан
тың байламдарын бүгінгі
заман
жастарының
санасына
сіңіру
міндеті алға
қойылып
отыр.
Бұл курста әр
оқушы
өзі
таңдаған
тақырыбы
бойынша
ізденіп,
түрлі
бағытта
шығармашылық
жұмыстар
жасауына
болады.
Жүрегімнің түбіне терең
бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да
ойла.
Соқпақпалы, соқпақсыз жерде
өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә
қойма!
Абай болашақ ұрпаққа сөзін
осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс,
басқа бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі
еді. Даланы торлаған надандық, білімсіздік, ашкөздік, өтірікші,
өсекші, мақтаншақтық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы
атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан
көрсетті. Ол өз дәуірінің өмір шындығын, рухани болмысын танып
біліп, өлеңде, қара сөзде өрнектеген ақын. Ұлы Абай - ұлт
поэзиясының кемеңгері Абайды тану, оны түсіну адамзат баласының
қолы оңайлықпен жете бермейтін рухани, адами биіктікке алып баратын
басқыштың бір баспалдағы. Оны мен, мен түгіл бүкіл қазақ жұрты
солай түсінер деп ойлаймын. Шын мәнінде Абай қазақ үшін,
әдебиетіміз бен мәдениетіміз, әдет-ғұрпымыз бен салт-сана, рухани
болмысымыз үшін өзегі терең бәйтерек. Осы орайда, елбасының мына
сөзі ойыма орағытады да тұрады: «Абай - біздің ұлттық ұранымыз
болуы керек, Абайды тану арқылы біз қазақстанды әлемге танытамыз.
Менің балаларым, мен ертеңгі ұрпағымызға Абайдан артық, Абайдан
киелі ұғым болмауға тиіс», -
деп толғаған бұл байлам, әрбір
қазақ баласының көкейінде жүрер, қасиетті ұғымға айналуы тиіс.
Дегендей-ақ, бүгінде Абайды білмейтін, оның өлеңін, шығармаларын
оқымайтын, Абайдың философиясын, таным-дүние түйсігін сезіп,
білмейтін алаш кемде-кем шығар. Ендеше, бір сөзбен айтар болсақ ұлт
мұратын, ұлттың тілін, діңін, халық аманатын әлемге паш етер
болсақ, Абайға бас июіміз қажет. Сонда ғана ұлт армандарының, мұрат
қағидаларының орындалғаны деп білеміз. Қазақтың бас ақыны Абай.
Онан асқан, бұрын-соңғы заманда қазақ баласында болмаған. Сондықтан
да бас ақын деп айтарымыз сөзсіз. Ендеше Абайдың поэзиялық,
прозалық мұрасымен қоса
әр заманда бағасы жойылмайтын
бір үлкен қымбат қазынасы, қара сөздері
бар.
Қазақтың жазба әдебиетін анық
биік белге өрлетіп шығарған Абай. Өлді деуге сірә де сыймайтын,
кейінгіге өлмес сөз қалдырған һәкім Абайдың қазақтың төбесінде биік
болары осыдан. Қара сөз деген ұлы мұрасы қасиет теңдеген ұлының
ғұмырын, шығармаларын әр толғанысын
баяндау
болса, бүгінге дейін асыл қара
сөз мұрасы қазақтың жарқын болашағының тәрбие құралы. Демек,
қазақтың қуанғанын да, мұңайғанын да, жылағанын да, қиналғанын да,
күсінгенін де Абай мұраларында тебірене жырға қосты. Сөз өрнегі,
інжу маржан мен өрнектелген
мұрасының басты тақырыбы да
адм болу, надандық жамандық әрекеттен аман болу. Ендеше, Абайдың
даралығын, оның мұрасын бір ғана өлең шумағына сыйдырған айтыскер
ақын Қойлыбай Асанның мына бір жыр шумақтары соны
дәлелдегендей:
Қазаққа ең жаманға надан
болу,
Надан болып, басқаға бодан
болу.
Ақын болу әркімге арман
шығар,
Абай болу, алдымен адам
болу.
Пах, шіркін-ай, десеңші!
Осындай бір жолға Абайды толығымен сыйғызу қазақтай дархан көңілді
пәктігімізден шығар. Қорыта айтар болсақ,
қазақта «жүзден жүйрік, мыңнан
тұлпар»
деген мақал бар. Абай мыңнан,
миллионнан озып шыққан тұлпар. Абайлар жүз жылда, мың жылда бір -
ақ рет туады. Абай - таудай тұлға. Абай - сахарадай шежіре. Абай -
сегіз қырлы, бір сырлы суреткер. Шебер қол, сезімтал жүрек, милы
парасат таңдайтын түйіндер - сансыз ұрпақтың үлесі. Абай әр
қазақтың сөзі әрдайым аузындағы жыры, сансындағы ар-ұжданы,
көкірегіңдегі иманы болып қала бермек.
Ақын мұрасы - халықтың
сарқылмас асыл қазынасы. Абай ақындығының тарихымызбен бірге
жасайтын ұлы тағылымы да осында!
Өлді деуге бола ма,
ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз
қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен
де, жалынды жырымен де
халқының жадында бірге мәңгі
жасай берері атар таңдай ақиқат қой.
ІІI Сабақты
бекіту: Сабақ соңында сұрақ қою арқылы
жаңа тақырыпты қорытындылаймын.
-
Абайтану курсының мақсаты
не?
-
Бұл курс қандай міндеттерді
жүктейді?
-
Абай
кім?
-
Абайдың
«Адамзаттың
Абайы»
деп аталуы неліктен деп
ойлайсыңдар?
IV Сабақты
қорытындылау:
Абай – атаның баласы емес,
халық баласы. Абай жазба әдебиетінің негізін салушы. Абай бізбен
мәңгі бірге, өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңа
бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. ХХІ ғасыр қазақ әдебиеті Абай
дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай ұлтымыздың туы. Абай
адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді,
жамандық жасамауды, адамгершілікті сақтауды жастарға өсиет
етті.
Елбасымыз Н. Ә.
Назарбаевтың «Біздің міндетіміз
бәсекелестікке лайық ұрпақ
тәрбиелеу»,
деген пікірі жастарға Абайша
білім алу, Абайша өмір сүру дегенді
ұқтырады.
Балалар, сендер осы күнге
дейін Абайды ақын ретінде танып біліп келсеңдер, ал
енді «Абайтану»
курсы арқылы оның жан-жақты
қырын және тарихи тұлға екенін білетін
боласыіңдар.
Н. Ә.
Назарбаев «Абайды тани алмаған қазақ,
дүниені де танып жарытпайды»
деген. Абайды оқып, таныған
сайын оның жаңа сырларына қанық боласыңдар. Бірақ Абайдың
шешілмеген сырлары көп. Абай біз үшін мәңгілік жұмбақ құбылыс. Ал
ол туралы ашылмаған сырларды тану – мұрат, Абай шыққан биікке
талпыну – парыз.
V
Бағалау:
оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін
бағалаймын.
VI Үйге
тапсырма: