Тексерілді:
Күні:
Пәні:
Абайтану
Сыныбы:
9-сынып
Сабақтың
тақырыбы: Абайдың Пушкиннен
аудармалары
Сабақтың
мақсаты:
1.
Білімділік: оқушыларға Абайдың Пушкиннен аудармалары,
ақынның шығармашылық байланысы туралы түсінік
беру;
2.
Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу
шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту,
шығармашылық ізденіске
баулу;
3.
Тәрбиелік:
елін, жерін, Отанын қадірлеуге,
адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: лекция
сабақ.
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру,
сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту,
қорытындылау.
Сабақтың
көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер,
рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың
формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен
жұмыс жүргізу.
Сабақтың
типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау,
жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау,
қорытындылау,
Сабақтың
барысы:
І
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу,
түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын
тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл
бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа
аудару;
5. Cабақтың мақсатымен
таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын
тексеру:
Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты
пысықтаймын.
-
Абайдың үлгі-өнеге алған ең үлкен
мектебі.
-
Абайдың аударма саласындағы шеберлігі
және жетістігі қандай?
-
Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың
назары алдымен Пушкинге оқуының себебі
неде?
-
Абайдың Крыловтан алған үлгісі Абай
поэзиясына қандай өзгеріс алып
келді?
-
ХІХ ғасырдағы орыстың ұлы ақындарының
ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның
бірі.
ІІІ Жаңа
сабақ:
Абайдың Пушкиннен
аудармалары
Абайдың аударма өлеңдерін түпнұсқаға
барабар аударма және еркін, төл шығармаға айналған аударма деп екі
топқа бөліп жіктеудің өз қисыны бар. Ал Абай болса, ол қазіргі
аудармашылардай тек түпнұсқаны бар қалпында жеткізуді мақсат
етпеген. Қай шығарманы болсын өз көңіл күйіне үйлестіре, қысылмай,
қымтырылмай еркін тәржімалайды. Сонда да кейбір аударма өлеңдері
түпнұсқамен өте жақын келіп, мейлінше үндес шығып жатса, ол – оның
ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі, қызықтап, қазақшалап
отырған түпнұсқаның сарыны мен ой-сезімінің арасындағы үйлестіктің
нәтижесі.
Абайдың ең бір ұмытылмас еңбегі орыстың
ұлы жазушыларынан өзі үлгі-өнеге алумен бірге, оларды қазақ халқына
таныстырып, олардың еңбегін аударып өз еліне үлгі
етуінде.
Абай – А.С.Пушкинді, М.Ю.Лермонтов,
И.А.Крылов орыс ақындарының шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ
әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Қазақ әдебиетінің өркендеуі
үшін Абайдың аудармашылық жұмысының зор маңызы болды. 1886 жылдан
бастап Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударады. Орыстың
классик поэзиясы Абай поэзиясына прогресшіл ықпал жасады. Қазақ
мәдениетінің келешекте өркендеуінің кепілі оның тарихи дамуы
жолында сенімді жолбасшысы болған орыс мәдениетіне (ол арқылы бүкіл
Еуропалық мәдениетке) ең алдымен, оған дейін қазақ халқына мүлде
белгісіз орыстың ұлы классиктері қалдырған мұраға Абайдың үміт
артуы орасан маңызы бар факт еді. Ерекше дарынды, кемел ойлы Абай
жаңа мәдениетті ақыл сарабынан өткізе, өз бойына сіңіре білді.
Өзінің идеялық және творчестволық байлығының асылына келгенде,
Пушкин сияқты Абай да қалың жұртқа ортақ, анық ұлттық, халықтық
ақын.
Абай сол кездегі кертартпа діни-саяси ағымға
қарсы, өз халқы мәдени прогреске орыс халқының ұлы мәдениетінен
үйрену арқылы жететінін насихаттап, өзі де соны жүзеге асырды. Сол
замандағы гуманистік идеяларды кең таратудың қайнар көзі орыс
мәдениетінде деп білді. Абай Пушкинді өз бетімен оқып, оның
шығармаларын аударды. Сол Пушкин арқылы Батыс Еуропаның басқа да
классиктерін танып білді. Орысша аудармалар арқылы ол ежелгі
әдебиетпен де танысты.
Қазақ тарихында Пушкиннің мұрасына алғаш
айырықша зер салып, өнеге еткен Абай Құнанбаев болды. Ол Пушкинді
тек ақын ретінде қызықтаумен тынған жоқ, терең зерттеп ізденуіне
тірек етті. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді»
аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу
уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай
қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық
арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті
өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ
халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның
тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді.
Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ
жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада
отырып тани, бағалай білгендігі – Абайдың ұлылығының бір жарқын
көрінісі.
Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын
тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде өз дәуірінде бір кезде
Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті
көтеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті –
жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған
болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының
демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының өзі ғана Пушкиннің мұрасы,
есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын
көрсетсе керек. Бұған қоса қазақ халқының Пушкинге деген ықыласының
көрінісі ретінде «Евгений Онегинді» халық ақындары революциядан
бұрын-ақ дастан етіп айтып жүргенін және «Капитан қызының» қазақ
тіліне аударылып, 1903 жылы басылып шыққанын атап кеткен жөн. Қазақ
әдебиетінің туындысы «Абай жолы» роман-эпопеясында Пушкиннің
өнерпаздығы Абай арқылы бүкіл қазақ мәдениетіне тигізген игілікті
ықпалы көркем бейнеленген. Мұның өзі Пушкин шығармалары, ұлы
ақынның бейнесі Мұхтар Әуезовке де шабыт беріп, оны рухтандырғанын
аңғартады.
А.С.Пушкиннің аса кесек көркем
туындыларының бірі– шын мағынасында халықтық шығарма болды.
Онегинге Татьянаның махаббат сезімін білдіріп хат жазатыны –
романның сюжетіндегі ең бір түйінді жері. Абай «Татьянаның Онегинге
жазған хаты» (Амал жоқ – қайттым білдірмей) деп сол «Я к вам пишу –
чего же более» деп басталатын Татьяна хатын кейбір жерде сөз
қалдырып кетіп еркін аударғанмен, Пушкин тексінің жалпы мағынасын
дұрыс береді. Аудармада Татьяна бейнесі, орысша түпнұсқасының басты
ерекшеліктері сақталып, шебер
суреттелген.
IV Сабақты
бекіту: сұрақ қою арқылы өтілген сабақты
бекітемін.
-
Абай аудармаларының ерекшелігі
неде?
-
Қазақ әдебиетінің өркендеуі үшін Абайдың
аудармашылық жұмысының қандай маңызы
бар?
-
Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне қай
жылдан бастап аударады?
-
Абай Пушкиннің қандай туындысын аса
жоғары бағалады?
-
Абайдың Пушкиннің «Евгений Онегинін»
аударудағы шеберлігі.
V
Сабақты қорытындылау:
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем
әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал,
еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Абай
аудармалары арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей,
сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге
шақырады.
Абайдың өз сөзімен
айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі
бар,
Тесіле көп қараса, көңіл
ұғар.
VІ
Үйге
тапсырма:
-
Абайдың аудармаларын оқу, бір ұнаған
үзіндісін жаттау.
-
«Абай аудармаларын оқығаннан кейінгі
түйген ойым»
немесе
«Абай атаға
хат» тақырыбында эссе
жазу.
VІІ
Бағалау:
оқушылардың берген жауаптарына қарай
білімдерін бағалаймын.