Материалдар / жоспар Абайтану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

жоспар Абайтану

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
639
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тексерілді:

Күні:

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақ тақырыбы: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі


Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларға көркем сөздің асылы – поэзиядағы Абайдың жаңа үлгілерін таныту. Абай өмірі және  шығармашылығымен  таныстыру. Абайдың  поэзияға қояр талабын түсіндіру, өлеңді өнер деп ұғындыру;

  • Тәрбиелік: Абай өлеңдерін, поэзияны сүюге, оны түсіне білуге тәрбиелеу.

  • Дамытушылық: оқушылардың ойын тұжырымдап айта білуге үйрету, тіл байлағын өрістету.


Сабақ түрі: Дәстүрлі емес.


Сабақ типі: Жаңа сабақ.


Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, венн диаграммасы, кесте, баяндау әдісі, көрнекілік, ой қорыту.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үй тапсырмасын пысықтау: Қарасөздерді оқып өлеңдерімен салыстыру, сәйкестендіру.


ІІІ Жаңа сабақ:

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе!

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге! – деп Сұлтанмахмұт айтқандай, Абай – туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының гулдеуіне зор үлес қосқан қамқоршысы.


«Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңі

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» Абайдың 1887 жылы жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 5 тармақты 15 жолдан тұрады. Ол – қазақ оқушысына ертеден даңқты көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі өлең. Бұған дейін ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған жоқ-ты. Ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты туралы қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын өзге де жырлаушы, жазушы болмаған.

Өлеңнің жариялануы.

Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Туынды бірқатар текстологиялық өзгерістерге ұшыраған. Барлық жинақтарда 1909 жылғы басылым негізіңде 3-шумақтың 2-3-жолдары «Қосарлы бәйітсымал келді арасы», «Қисынмен қызықты болмаса сөз», 4-шумақтың 3-4- жолдары «Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, Әрбірі келгенше өз шамасы», 7-шумақтың 2-жолы «Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап», 13- шумақтың 3-жолы «Мақтан қуған мал құмар нені ұға алсын» делінген. Ал Мүрсейіт қолжазбаларында бұл жолдар «Қосарлық бәйітсымал келді арасы, Қисынды қызығымен болмаса сөз», «Бір сөзін бір сөзіне қиыстырған, Әркімнің келгенінше өз шамасы», «Мақтап өлең айтыпты әркімге арнап», «Жел буаз, жел өкпөлер нені ұға алсын» болып алынған. 1938, 1945, 1954, 1957, 1977 жылғы басылымдарда Мүрсейіттің 1910 жылғы қолжазбасы мен 1909 жылғы жинақ бойынша 6-шумақтың 3-жолы «Ақындары ақылсыз, надан келіп» ретінде берілсе, Мүрсейіттің 1907жылғы қолжазбасы мен 1933жылғы басылымда «Ақындары ақылсыз, надан болып» түрінде жазылған. 1939, 1945, 1954 жылғы жинақтарда, Мүрсейіт қолжазбаларында 8-шумақтың 4-жолы «Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап» болса, 1957, 1977 жылғы басылымдарда 1909 жылғы жинаққа сәйкес «Өз елін бай деп мақтап құдай қарғап», 9-шумақтың 4-жолы 1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда, Мүрсейіт қолжазбаларында «Былжырақ керінеді бәрі даңдақ», 1909 жылғы жинақта «Былжырақ көрінеді солар даңдақ», ал 1957, 1977 жылғы басылымдарда бұл жол 1933 жылғы жинаққа орай «Былжырақ көрінеді соларды аңдап» болып өзгерілген. 10-шумақтың 1-2-жолдары барлық басылымдарда «Ескі бише отырмын бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрмын зарлап» болса, Мүрсейіт қолжазбаларында «Ескі бише отырмын бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрмын зарлап» түрінде келеді. 1939, 1945, 1954 жылғы жинақтарда 11-шумақтың 3-жолы «Әншейін күн өткізбек әңгіме үшін» болып алынса, 1957,1977 басылымдарда бұл жол Мүрсейіт қолжазбаларымен 1909 жылғы жинақ бойынша «Әншейін кун еткізбек әңгімеге» деп алынған. 12- шумақтың 2-жолы 1957 жылғы басылымда «Кісімсіген жеп кетер білімсіз көп» делінсе, қалған жинақтарда, Мүрсейіт қолжазбаларында «Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп» түрінде берілген. Абайдың бұл өлеңіне А.М.Гурьевич ән-романс жазған. Туынды ағылшын, араб, башқұрт, белорус, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.


ІV Талдау.

  • Өлеңдегі 3 негізгі ой.


Өлең қандай болуы тиіс

Бұрынғының ақындарын сынау

Тыңдаушыға айтары

Өз поэзиясында жаңа мақсат барын жариялайды. Ол әлеуметтік шындықты жариялау. Өлеңді бөтен сөзбен былғамау талап торы қойылады. Халық мүддесі жұмсауды мақсат етеді.

Өлеңнің сатып, күн көріс көрген жағымсыз, жарамсақ ақындарға ыза болып, қатты сынайды. Ақын өнерін,саудаға салу, сөз қадірін кетіру, арсыздық деп қарайды

Оларды халық тағдырын жырлайтын жаңа үлгідегі поэзияны түсіне білуге, бағалауды.

Тыңдаушыларды тәрбиелеу қажеттігіне назар аударды.

 

  • Өлеңді сатылай кешенді талдау.

1. Авторы. Абай Құнанбайүлы

2. Тақырып. Бұл өнер туындысы,әдеби шығарма-белгілі дәуірдегі қоғамдық шындық.

3. Жанр түрі. Поэзия (өлең) Өлең дегеніміз-белгілі бір қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі өлшеммен

4. Идеясы. Өлеңді түсіне білуге бағалауға шақырады. Сөздің асылы — поэзия екенін, жақсы сөз даналықтың айғағы екенін айтады.

5. Шумақ. Өлең шумақтан тұрады. Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.

6. Тармақ. Өлең тармақтан тұрады. Тармақ-өлеңнің әр жолы.

7. Бунақ. Тармақ бунақтан тұрады. Бунақ-белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.

8. Буын. Өлең буыннан түрады. Буын сөздің қурамындағы дауысты дыбыстардың санына қарай анықталады.

9. Теңеу – Өтірік пен өсекті жүндей сабап

Эпиттет – Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын.

Метафора – Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап.

Өлеңнің негізгі түйіні: Тыңдаушыны тәрбиелеу, сөздің құдіреттілігін түсіндіру, поэзияны бағалауға шақырады


  • Оқушыға өлең шумағын талдату

Ө-лең//сөз-дің пат-ша-сы/, сөз са-ра-сы, а
Қи-ын-нан// қи-ыс-ты-рар//ер да-на-сы а
Тіл-ге же-ңіл,//жү-рек-ке//жы-лы ти-іп,
б
Теп-те-гіс//жұ-мыр кел-сін//ай-на-ла-сы
а

1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ, 11 буынды, қара өлең ұйқасы


V Сөздікпен жұмыс:

Аят (арабша) — құран сөзі
Хадис (арабша) — Мұхаммед пайғамбардың сөзі
Бәйіт (арабша) — өлең сымал — өлең секілді
Құтпа (арабша) — уағыз оқу, сөйлеу мағынасында
Мүнәжәт (арабша) — Аллаға жалбарыну, мақтау сөз айту


VІ Сабақты қорытындылау

Ақыл-ой, ақындықтың киесі – Абай,

Түгел сөздің түбі бір жүйесі – Абай.

«Өлең – сөздің  патшасы» десе Абай,

Патшаға енді ұсынбас төрді Абай,

Патша мүлде тағымен төңкерілген,

Өлеңнің құдіретті иесі – Абай!

«Сөздің құдіреттілігі – қоғамды өзгертетін күш» деген болатын Абай. Сабақты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылаймын: «Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу» деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.


VІІ Үйге тапсырма: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін жаттау.


VІІІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!