Күні:
Пәні:
Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың
тақырыбы: «Көлеңке басын
ұзартып»
өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1.
Білімділік: оқушыларды өлеңнің
шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен,
идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;
2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын
дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге
үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
3. Тәрбиелік:
оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық
құндылықтарды таныту.
Сабақтың түрі: аралас
сабақ.
Сабақтың әдісі: пікір алмасу,
мәнерлеп оқу, талдау.
Көрнекіліктер: палакат,
портреттер, теледидар материалдары.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ
тілі.
Сабақтың барысы:
І
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен
амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын,
сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына
көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін
сабаққа аудару;
5.
Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ
Үйге тапсырмасын тексеру:
Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін
бірнеше сұрақтар қоямын.
1.
«Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай»
өлеңі қандай лирикаға жатады?
2.
Өлең қандай оқиғаға байланысты жазылған?
3.
Өлеңде бір-біріне қарама-қарсы тип өкілдерінің тұрмысы қалай
суреттелген?
ІІІ
Жаңа сабақ:
«Көлеңке басын
ұзартып»
өлеңі
«Көлеңке басын
ұзартып» –
Абайдың 1900
жылы
жазған философиялық терең мазмұнды өлеңі. 4
тармақты, 6
шумақтан тұрады. Заңғар
көкке жол салып, ұясына қонуға бет алған, көкжиекке иек артқан
күннің, көлеңке басын ұзартатыны секілді, адам баласының
да «тіршілік базарынан
оралар шағында»
«күңгірт көңіл»
шырмауына оралып, «сұрғылт тартқан
бейуақпен сырласатын»
сәті
болады. Ақынның «Алыстан
сермеп...» ,
«Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Одан да шықты
жаңғырық»
дегеніндей, көкірек көзі ояу, жан сырын ұғар адамның мүлде
аз екеніне күңірене қамыққан, салып еттім деген
жолының «қу
соқпақ» болғанына налыған,
тынысы тарылып, тұйыққа тірелген көңіл-күйі өлеңнің өн бойынан сыз
тартып тұрғандай. Тыңдаушысын таппай, «Адасқан күшік
секілді. Ұлып жұртқа қайтқан ой»
кімді
таппақ, кімді иландырмақ. Есік пен төрдей ғұмырдың
«не
тындырдың»
деген
сауалына «Ермен шықты, ит
қылып, Бидай шашқан егінге»,
енді
менің кінәм не деп ақталады ақын. Ақтала отырып, өз жоғын таба
алмаған, өкінішпен өмір кешкен сыңай танытады. Өлең 7
буынды
шалыс
ұйқаспен жазылған. Алғаш
1909 ж.
Санкт-Петербургте
жарық
көрген
«Қазақ ақыны
Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта
жарияланды. Туынды басылымдарында бір ғана текстологиялық өзгеріс
кездеседі.
Мүрсейіт қолжазбаларында,
1909, 1939, 1954 жылғы басылымдарда 6-шумақтың 3-жолы
«Жай жүргенді өрт
қылып» деп алынса, 1945,
1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жол «Жай жүргенді уерд
қылып» болып берілген.
Сондай-ақ 1939, 1945 жылғы жинақтарда өлеңнің жазылған кезеңі 1895
ж. деп керсетілген. Туынды ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс,
өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне
аударылған.
Көлеңке басын
ұзартып
Көлеңке
басын ұзартып,
Алысты
көзден жасырса;
Күнді
уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса;
Күңгірт
көңлім сырласар
Сұрғылт
тартқан бейуаққа.
Төмен
қарап мұңдасар,
Ой
жіберіп әр жаққа.
Өткен өмір — қу
соқпақ,
Қыдырады,
талайды.
Кім
алдады, кім тоқпақ
Салды,
соны санайды.
Нені
тапсаң, оны тап,
Жарамайды керекке.
Өңкей уды жиып
ап,
Себеді
сорлы жүрекке.
Адасқан
күшік секілді
Ұлып жұртқа қайтқан
ой.
Өкінді, жолың
бекінді,
Әуре болма, оны
қой.
Ермен
шықты, итқылып,
Бидай
шашқан егінге.
Жай
жүргенді уирд қылып,
Тыныш
өлсеңші тегінде.
Сөздік:
Ермен – биік
жусан.
Уирд – әдет, машық деген
мағынада (арапша).
ІV
Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы
сабақты бекітемін.
-
«Көлеңке басын
ұзартып»
өлеңі қай жылы жазылған?
-
Өлеңде не туралы
айтылады?
-
Өлеңнің құрылысы
қандай?
-
Алғаш
қай жылы, қай жинақта жарияланды?
-
Қандай тілдерге
аударылған?
V Бағалау: оқушылардың берген
жауаптарына қарай білімдерін
бағалаймын.
VI Үйге тапсырма
беру: