ЖҚЕ негізгі түсініктері мен терминдері» / «Даналық ұстаздан» челленджі Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 6-САБАҚ 10–сыныптар: «Жасанды интеллект адамнан асып түсе ала ма, одан қорқу керек пе?» Тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖҚЕ негізгі түсініктері мен терминдері» / «Даналық ұстаздан» челленджі Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 6-САБАҚ 10–сыныптар: «Жасанды интеллект адамнан асып түсе ала ма, одан қорқу керек пе?» Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖҚЕ негізгі түсініктері мен терминдері» / «Даналық ұстаздан» челленджі Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 6-САБАҚ 10–сыныптар: «Жасанды интеллект адамнан асып түсе ала ма, одан қорқу керек пе?»
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«ЖҚЕ негізгі түсініктері мен терминдері» /

«Даналық ұстаздан» челленджі

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

6-САБАҚ

10–сыныптар: «Жасанды интеллект адамнан асып түсе ала ма, одан қорқу керек пе?»


Сабақтың мақсаты:

Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.

Ұстаз  мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.


Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

Сабақтың мақсаты: заманауи жасанды интеллект технологияларының мүмкіншіліктерін талқылау.

Негізгі міндеттері: 1. Оқушыларды жасанды интеллект мүмкіншіліктері туралы ақпараттандыру. 2. Жасанды интеллект мүмкіншіліктерінің тиімді және тиімсіз жақтарын талдау.

2-апта дәйексөзі:

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас!

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі кәмпит алғандарды

1-топқа «», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «» тобына бөлемін.


1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

ескерту белгілері

басымдылық белгілері

тыйым салу белгілері

міндеттеу белгілері

ақпараттық-көрсеткіш белгілері

қызмет көрсету белгілері

Қосымша тақтайшалар.









Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал





Оқушылардың пікірі тыңдалады

Оқушылар сұраққа жауап береді


Бір біріне жол ережесі туралы сұрақ қояды




Компьютер






















Сабақ басы (13 мин)













Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз.







Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.


Ассоцация құру

Shape1

Shape3 Shape2


Ұстаз

Shape4 Shape6 Shape5











суреттер

 










Ортасы (10 мин)


Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы-педагог. «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ыбырай Алтынсарин. Өйткені мұғалім оқушыға білім береді, тәрбиелейді, ақыл айтады. Мұғалім оқушыны жақсылыққа, ізгілікке, бақытқа жетелейді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білімін үйретеді. Мұғалімнің еңбегі зор. Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.

1-топ: ұстаз тақырыбындағы ақын-жазушылардң өлеңдерінен үзінді

2- топ: ұстаз тақырыбында мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтады

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы


Мектеп – білім тірегі,ұстаз – оның жүрегі.


Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.


Ана баланың тәнін шынықтырса,

Ұстаз баланың жанын шынықтырады.


Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз. 

 Ыбырай Жақаев

Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы.


Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.


Ұққаның жақсы болса —
Жақының көбейеді.
Ұстазың жақсы болса —
Ақылың көбейеді.


Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.


Шәкірті зейінді келеді.
Ұстазы бейілді болса.



Оқушы:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі – маржан, үні – ән  ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.

Оқушы:

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс — жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Оқушы:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Оқушы:

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Оқушы

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың

Оқушы:

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Оқушы:

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар

Оқушы:

Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!






(10 мин)













































Соңы




(5 мин)


ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

6 САБАҚ. «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АДАМНАН АСЫП ТҮСЕАЛА МА, ОДАН ҚОРҚУ КЕРЕК ПЕ?»

Сабақтың барысы 1. Кіріспе Жасанды интеллект жүйелерінің қолдану салалары: робототехника, сараптамалық жүйелер, есептерді әмбебап шешушіні жасау, бір тілден екінші тілге аудару, мәтінді рефераттау, пайдаланушыны компьютермен ыңғайлы диалогін қамтамасыз ететін интеллектуалды интерфейсті жасау.

2. Негізгі бөлім(6 минутқа дейін) Оң әсері: - мәліметтерге негізделген тиімді шешімдер; - субъективтіліктің аздығы; - ескірген бюрократиялық құрылымды жаңаша ұйымдастыру; - жаңа және инновациялық жұмыс орындары; - энергия тасымалдаушыларға тәуелді болмау; - медицина ғылымында жетістікке жету, дерттерді түбегейлі жою. Теріс әсері: - есеп беруге міндеттілік (жауап беруші, заң аспектілері, фидуциарлық құқықтар); - жұмыс орындарын жоғалту; - хакерлік / киберқылмыс; - қалыптасқан түсініктің шектен шығуы; - теңсіздің деңгейінің жоғарылауы; - адамзатқа экзистенционалды қауіптің төнуі. «Жасанды интеллект технологиялары мүмкіншіліктерінің тиімді және тиімсіз жақтары» тақырыбында пікір алмасу.

3. Қорытынды:«Болашақта сіз үшін қажетті жасанды интеллект» тақырыбында оқушылар қысқаша пікірлерін білдіреді.



  • Бүгін сендер өздеріңнің жол ережесі туралы білетін ойларыңызды көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

М — Мейірімді

Ұ -  Ұлағатты

Ғ — Ғазиз

А - Ақылды

Л - Лайықты

І  - Іскер

М — Маман кім? Әрине, мұғалім.

  • -Ән «Ұстазым»


  • Мұғалім: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздарға арналған сабағымызды аяқтаймыз.



Жасанды интеллектінің тиімді жақтары

Жасанды интеллектінің тиімсіз жақтары

жұмысымыз жеңілдейді

Алаяқтарға тиімді

Презентация




































Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/CcK46GIfnkY https://youtu.be/A9dA194KXaY 220












































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.00.2024
2969
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі