жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жүгіріп келіп және бір орында ұзындыққа секіру техникасын үйрету.
Сабақ жоспары
|
Сабақ тақырыбы: Жүгіріп келіп және бір орында ұзындыққа секіру техникасын үйрету. |
Мектеп: Көкбұлақ орта мектебі |
||||||||||||||
|
Күні: 15.09.2017ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Амандиков Жанибек Бакитжанович |
||||||||||||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар:10 |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
5.1.2.2 Қимыл қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау. |
||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады: Ұзындыққа секіру түрлерін біледі. Ұзындыққа секіру техникасымен танысады. Жүгіріп келіп секіруді, бір орында тұрып секіруді орындайды. |
||||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жүгіріп келіп, бір орында тұрып секіру техникасын түсінеді. Жаттығу барысында ретімен қолданады. Секіруді жақсы орындай алады. |
|||||||||||||||
|
Оқушылардың кейбірі орындай алады: Ұзындыққа секіру техникаларын қолданып, ретімен орындай алады. Жүгіріп келіп секірудің 4 фазасын меңгереді. Өз қабілетін жоғары деңгейде көрсетеді. |
|||||||||||||||
|
Тілдік мақсат: |
Пәндік лексика және терминалогия: Секіру - прыжок - bonce. Қашықтық-расстояние-distance. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру - прыжок в длину с разбега - Jump in lonqth. Cекіру,екпін алу, сызықты баспау,жалауша. |
||||||||||||||
|
Коммуникативтік оқыту: Диалог: |
Талқылауға арналған сұрақтар: -Ұзындыққа секірудің қандай түрлері бар, орындалу техникасы туралы білесіңдер ме? -Бір орында тұрып секіруді көрсете аласыңдар ма? -Жүгіріп келіп секіруді қалай орындайды? -Қашықтыққа секіруден Олимпиада чемпиондарынан кімдерді білесіңдер? Неліктен екенін айта аласыңдар ма? -Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова туралы не білесіңдер? -Оның жеткен жетістіктері туралы айтып бере аласыңдар ма? |
||||||||||||||
|
Блум таксономиясы: |
Білу, түсіну, қолдану,талдау. |
||||||||||||||
|
|
|
||||||||||||||
|
Рухани құндылықтар. Дағдылар. |
«Мәңгілік Ел» бағдарламасынан: Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу. Аяқ бұлшық еттерін дамыту, шапшаң қимылдауға, ептілікке, сергек болуға дағдыландыру, ерік-жігер қасиеттерін, спортқа қызығушылығын ояту; |
||||||||||||||
|
Тарих, математика, ағылшын тілі, орыс тілі, еңбекке баулу. |
|||||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған уақыт: |
Жоспарланған іс-әрекет: |
Ресурстар: |
|||||||||||||
|
Сабақтың басы:
Белсенді оқыту:
|
Сәлемдесу.Оқушыларды ысқырғыш арқылы ысқырып қаратам. Білім алушыларды қолдарынан ұстатып шеңбер бойымен тұрғызып, бір-бірілеріне жақсы сөздер айтқызу. Топқа бөлу. Олимпиада чемпиондарының суреттерін топтастыру арқылы 2 топқа бөлінеді. /Жүгіруден және ұзындыққа секіруден/.
Жалпы дене жаттығулары: Қолды алға созамыз, жоғары көтереміз, екі жағымызға созамыз, төмен түсіреміз. (6 рет) Басымызды сәл түсіреміз, оңға және солға айналдырамыз. (6 реттен) Б.қ.Оң қолды алға созып, сол аяқты көтеріп, оң қолға тигізу. (6 рет) Сол қолды алға созып, оң аяқты көтеріп, сол қолға тигізу. (6 реттен) Б.қ. Оң қолды еңкейіп, сол аяққа, сол қолды еңкейіп, оң аяққа тигізу.(6 реттен) Екі қолды алға созып, тіке отырып тұру. (10 рет) Секірудің - көптеген түрлері бар солардың ең қарапайымы бір орында ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ жартылары тепе-тең қозғалады.Аяқ алдын -ала бүгіледі осы кезде бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады, соның нәтижесәнде дене әуеге көтеріле лақтырылады, сөйтіп ытқи алған бұрышына сәйкес өзінің ауырлық орталығымен доға сызық бойымен ұшады. «Түрткі сұрақ» әдісі арқылы сабақ тақырыбы ашылады. -Ұзындыққа секірудің қандай түрлері бар, орындалу техникасы туралы білесіңдер ме? -Бір орында тұрып секіруді көрсете аласыңдар ма? -Жүгіріп келіп секіруді қалай орындайды? -Қашықтыққа секіруден Олимпиада чемпиондарынан кімдерді білесіңдер? |
Спортшылардың суреттері. Ысқырық, секундамер. |
|||||||||||||
|
Сабақтың ортасы: Саралау: Дескриптор: |
-Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жүгіріп келіп және бір орында ұзындыққа секіру техникасын үйрету» -Ұзындыққа секірудің қандай түрлері бар, орындалу техникасы туралы білесіңдер ме? -Бір орында тұрып секіруді көрсете аласыңдар ма? -Жүгіріп келіп секіруді қалай орындайды? -Қашықтыққа секіруден Олимпиада чемпиондарынан кімдерді білесіңдер? Бір орында тұрып ұзындыққа секіру. Бұл секіру жаттығуларында аяқты итеру екі аяқпен бір уақытта орындалады. Секіру техникасы: Тік тұру, аяқ қатар қойылған; аяқтың ұшына көтерілу, бір уақытта қолды алға жоғары көтеру; бірден төмен, алға жоғары, қол қимылдарын жасау, екі аяқпен бірге алға қарай итерілу. Серпілу барысында аяқ алға қойылады, жерге түсу барысында аяқ бүгіліп түседі, қол алда.
1.Секіру алдындағы бастапқы қалып: «жүзгіштің сөресі», яғни аяқтар жартылай бүгілген, дене алға қарай сәл еңкейген, қолдар жанымызбен артқа 2.Екі аяқпен бірге алға қарай итерілу. 3.Жерге қону барысында аяқ бүгіліп түседі, қол алда. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.
Ұзындыққа екпіндеп секіру төрт сатыға бөлінеді: Екпін. Екпін керекті жылдамдықты жинап алу үшін қажет. Екпін алғаннан кейін секіруші жүгіріп жылдамдық алады. Мұндағы жүгіру адымдық жүгіру деп аталады. Секіруші өзінің әр жүгіру адымын, қозғалысын қадағалау керек және жүіріп келе жатып оң, солға қозғалмай түзу жүгіру керек, адымы өте кең болу керек.
Итерілу. Итерілуге жақындағанда секіруші соңғы 3-4 адымдық жылдамдығын көбейту керек. Белгіленген сызыққа келгенде секіруші сызықтан аспай бар екпінмен жерге түсу үшін ұшады.
Ұшу. Секіруші белгіленген сызықтан екпін алып секіргеннен кейін ұшу кезеңі басталады. Ұшу кезінде секіруші өзін бір қалыпта ұстап, мүмкіндігінше алысқа жерге түсудің тәсілдерін орындайды. Ұшу кезеңінде тәсілдерді үш түрге бөліп қарауға болады: 1)ұшу кезінде бір аяқты бүгу; 2) ұшу кезінде екі аяқты бүгу; 3) ұшу кезінде екі аяқты қайшыландыру, яғни ұшып бара жатқанда екі аяқты ауада кезек-кезек сермеу. Ұшу кезіндегі тәсілдер -секірушінің қаншалықты ұзындыққа секіретінін көрсететін шешуші тәсілдер.
Жерге түсу. Бұл секірудегі соңғы тәсіл, секірушінің қанша ұзындыққа секіргенін көрсетеді. Жерге түсу кезінде екі аяқтың тізесін жазады, иықты, кеудені алдыға қарай бүгіп, екі қолды төмен немесе алға жібереді.
Эстафета. «Кім алысқа секіреді?»
Шарты: 2 топ оқушылары кезекпе-кезек бір орында тұрып, ұзындыққа секіреді. Әр оқушының секірген ұзындықтарын бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргеннен кейін әр топтағы барлық оқушының ұзындыққа секірген өлшемдері қосылады. Қай топтың ұзындыққа секірген өлшемі көп, сол топ жеңіске жетеді.
А. Секіру техникаларын қолданып, ретімен орындады. Жүгіріп келіп секірудің сатыларын орындау барысында қателеспейді. Ұзындыққа секіру әдіс - тәсілдерін толық меңгеріп, тапсырманы жоғары деңгейде орындады. В.Қашықтыққа секіру әдістерін толық орындай алмайды. Тапсырма орындау барысында жақсы нәтиже көрсетуге ұмтылады. Оқушының дене қозғалысы орта деңгейде. С.Оқушының физикалық деңгейі төмен. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін жұмыстануды қажет етеді. Икемділік қабілеті әлсіз. 1.Ұзындыққа секіру техникаларын қолданып, ретімен орындай ала алды. Жүгіріп келіп секірудің 4 фазасын меңгере білді. Өз қабілетін жоғары деңгейде көрсетті. 2. Жүгіріп келіп, бір орында тұрып секіру техникасын түсінді. Жаттығу барысында ретімен қолдана алды. Секіруді жақсы орындай білді. 3. Ұзындыққа секіру түрлерін біліп, ажырата алды. Секіру техникасымен танысып, қолдануы туралы айтты. Жүгіріп келіп секіруді, бір орында тұрып секіруді орындауға тырысты. Оқушылар жаңа тақырыпты практика жүзінде көрсетеді. |
https://www.youtube.com/ watch?v=S0792zB7f8E Техника прыжка в длину с места.mp4 Прыжок в длину с разбега ГТО.mp4 Метрлік, ысқырық, бор. Топқа бөлу үшін 3 түрлі секіртпе пайдаланылады. |
|||||||||||||
|
Сабақтың соңы: Қалыптастырушы бағалау: Кері байланыс: |
Тапсырма Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің 4 сатысын қолданып, 3 рет секіріңдер.
«БББ» әдісі
|
|
|||||||||||||







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген