Жүгіру және жүру

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жүгіру және жүру

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 8 сабақ

Тақырыбы: Жүгіру және жүру

Мектеп:№

Уақыты:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақты меңгеруге көмектесетін оқу мақсаттары

1.1.2.2. Негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын білу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Екі сапты қайта құру.

Түзету жаттығуларын жасаған кезде аяқ және қол қимылдарын үйлестіру.

«Тым - тырақай» жүру және жүгіру.

Кең және қысқа адыммен жүгіру.

Ұжым болып зал ішінде қауіпсіз жұмыс істеу.

Алақан мен тізеге сүйеніп гимнастикалық орындық үстінде еңбектеу.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Ұжым болып зал ішінде қауіпсіз жұмыс істеу.

Өлең мәтініне сәйкес қимылдарды үйлесімді және ырғақты орындау.

«Тым - тырақай» жүру және жүгіру кезінде сапта өз орнын жылдам табу.

Допты басының артынан қос қолдап үйлестіру. Тапсырма орындаған кезде өзінің іс – қимылдарын басқа оқушылардың іс – қимылдарымен үйлестіру.

Оқушылардың кейбірі орындай алады:

Лақтыру күшін саралау және допты серіктесінің қолына дәл лақтыру. Жүгірумен ойнаған кезде өз эмоцияларын бақылау.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар жүру мен жүгіру кезінде аяқ пен қолдың үйлесімді жұмысын, тапсырма орындалған кезде өзінің іс – қимылын басқа оқушылардың іс – қимылдарымен үйлестіру білігін көрсете алады.

Пәндік лексика және терминология:

Гимнастикалық орындықтар кең және қысқа адыммен жүгіру, тізелер мен алақандарға тірелуі, доп лақтыру тәсілі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Денсаулықты нығайту үшін тағы қандай жүру түрлерін орындауға болады?

Доп лақтыру күші мен қимылдарының өзара байланысы қандай?

Биік зат үстінде тапсырма орындаған кезде қандай қозғалыс тірек дағдыларын пайдаландыңдар?

Жүгіру мен ойнау кезінде тәуекелдерді қалай барынша азайтуға болады?

Неге екенін айта аласыңдарма?

Түзету жаттығуларын не үшін орындау керек.

Неліктен жүгірген кезде аяқ және қол қимылын үйлестіру керек екенін айта аласыңдар ма?

Неліктен жүрген кезде денені түзу ұстау керек екенін айта аласыңдар ма?

Алдын – ала оқыту

Тепе – теңдік - орындық үстімен жүру ортасында керілген жіптің асытмен өту.

Алға қозғала отырып, оң және сол бүйірмен арқан арқылы секіру.

Бір – бірінен 1 м қашықтықта қойылған бес зат арасында зат домалату.

Жоспар:

Уақыт шеңбері

Жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар

0-3 минут
















4-6

















7 – 15


(Ұ, К) оқушыларға еркін, бірақ бір – біріне кедергі жасамайтындай етіп тұруды және мәтінге сәйкес қарқынды жылдамдата отырып қимылдар жасауды ұсынады. Мәтін сөздерін анық айтады. Қимылдардың үйлесімді және ырғақты орындалуына назар аударады.

Үш рет аяқ тебінеміз – бір,екі,үш!

Үш рет шапалақ соғамыз – бір,екі,үш!

Бас шайқаймыз – бір,екі,үш!

Және қайталаймыз – бір,екі,үш!

(Ұ,Ө) Шашыраңқы жүру және жүгіру; белгі бойынша бір – бірден қатарға тұру; кең және кішкентай адыммен жүгіру; аяқтың ұшымен, өкшемен жүру; ішкі және сыртқы табанның қырымен жүру.

Нұсқау: бойды тік ұстау, бір – бірімен соқтығыспау және «шашыраңқы» жүру және жүгіру кезінде қатардағы өз орнын тез табу.

Түзету жаттығуларын орындау кезінде қол мен аяқтың үйлесімді жұмысына назар аудару керек (Ұ,К) Екеуден сапөа қайта тұру. Қайта сапқа тұруды орындаған кезде белгіленген арақашықтықты сақтауға назар аудартады.

Орындықты пайдаланып, жалпы дамыту жаттығулары орындау.

(Т) Гимнастикалық орындықта алақан мен тізені тірек ете отырып еңбектеу. Көтеріңкі тірекпен тапсырмаларды орындау кезінде қауіп – қатерді барынша қалай азайтуға болатынын оқушылармен талқылайды ( тепе – теңдікті сақтау, орындықта байқап жүру).


Кең, бос кеңістік.





«Баста тоқта» белгісі ретінде пайдалануға арналған ысқырық.

























Кең , таза кеңістік.

Оқушылар саны бойынша доптар ( диаметрі 8-10 см)


16 – 24





























25 – 30























31-35

(Ж,К) Допты бастан асыру тәсілімен қос қолдан лақтыру.

Оқушыларға доп лақтыру үшін өзіне жұп таңдауды және бір – бірінен 3 м қашықтықта тұруды ұсынады. Лақтыру күшін саралау және допты серіктесінің қолвна дәл лақтыру бірлігіне назар аудартады. Нұсқау: лақтыру бағытын сақтап, лақтырған кезде қолдарды екпінмен түзету керек. Допты қабылдайтын оқушы доптың ұшу траектроиясына қарай сәйкес қимыл – қозғалыс - алға немесе артқа қадам жасауы тиіс.

(Ұ) «Қаршығарлар мен қарлығаштар» қимыл - қозғалыс ойын. Қалауы бойынша «Қаршығарлар» және «Қарлығаштар» тобына бөлінуді ұсынады. Ойыншылар зал ортасында бір – біріне теріс қарап тұрады. Бұйрық бойынша «Қаршығарлар» «қарлығаштарды» ұстайды және керісінше. Ойыншылары көбірек команда жеңімпаз атанады. Әр топтан бір оқушыға ойыншылар санын есептеуді ұсынады.

(Ұ) Құлақ қалқанын уқалау

1. Біртіндеп жағымды жылу туындағанға дейін құлақ қалқанының арты мен алдын, жоғарыдан төмен қарай сипалаймыз. Бұл ретте психикалық ширығуы жоғары балалар терінің жоғары езімталдылығының төменірек балалар терісінің жоғары сезімталдығын сезінеді, ал эмоциялық сезімталдығы төменірек балалар терісінің болар – болмас басылғанын сезініп, бұл процедураны байсалды қабылдайды.

2. Одан кейін 1,3 және 4 – саусақтардың ұшымен құлақ жарғағын екі жақтан ұстап, шымшылау әдісімен жеңіл уқалаймыз.

3. Құлақ терісі сәл қызарып бала жылуды сезінгенге дейін құлақты уқалауды жалғастырамыз.

(Ұ) «Сәттілік сатысы» рефлексиясы

Магниттерді тиісті сатыға орналастырып, оқушылармен бірге нәтижені талдауды ұсынады. Жетістікке жету стратегиясын айқындайды.

Менің қолымнан келеді

Мен тырысамын

Мен қалаймын

Гимнастикалық орындықтар (ені 20 см, биіктігі 40 см)











Диаметрі 20 см доптар, доптарға арналған себеттер.







































Магнитті тақта, магниттер.

«Сәттілік сатысы» макеті.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары балалардың алдына қандай міндет қоюды көздейсіз?

Бағалау – балалардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

АТК – мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

Допты қабылдайтын оқушы доп қозғалысы траекториясына сәйкес қимыл – қозғалыс - алға немесе артқа қадам жасауы тиіс. Денсаулықты нығайтуға арналған жүріс түрлерін атау. Жетістікке жетудің жеке стратегиясын құру.

Өлең айту қарқыны артқан кезде қимылдардың үйлесімділігі мен ырғақтылығы.

Лақтыру күшін саралау және допты серіктесінің қолына дәл лақтыру білігі. Биіктетілген тіректе тепе – теңдік сақтайды.


«Өзін – өзі тану» пәнімен байланысы.

АКТ – «сәттілік сатысы.»



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2025
23
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі