|
Сабақтың
басы
10
минут
|
Дайындық бөлімі: Оқушыларды
қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық
киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен
таныстыру. Бағалау критерийлерін
анықтау. Техника қауіпсіздігін
ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау.
Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
|
Оқушылардың қатарда түзу
тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың
сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу
жаттығуларын ережеге сай орындалуын
қадағалау.
|
|
Ысқырық, секундомер, өлшегіш,
теннис доптары, құрсаулар, конустар, белгілеуші таңбалар,
бор
|
|
Сабақтың
ортасы
30
минут
|
Әр түрлі снарядтарды нысанаға
және алысқа серпу мен лақтыру
техникасы
(С, Т, К) Оқушылар жұптарда
теннис добымен жұмыс
істейді.
Жұптарда теннис добын
лақтыру
1. Білезікпен лақтыру, қол 45
градусқа бүгілген, шынтақ кеуде тұсында, тек білезікпен
лақтыру.
2. Орнында тұрып басынан асыра
лақтыру. 3 м
арақашықтықта.
3. Басынан асыра еденге
лақтыру.
4. 5 м арақашықтықта екі
қадамнан лақтыру.
5. Қиық қадамды
пысықтау.
6. Қиық қадамнан 7 метр
арақашықтықта
лақтыру.
7. Екпін алып
лақтыру.
|
Допты алақанға жабыстырмай,
лақтыратын қолдың саусақ ұштарымен ұстау қажет. Сұқ, ортаңғы пен
атаусыз саусақтар рычаг тәрізді доптың артында орталасқан, ал бас
бармақ пен шынашақ оны жанынан ұстап тұрады. Екпін алмас бұрын
лақтырушы снарядты бүгулі қолмен иығының үстінен
ұстайды.
Лақтыру кезінде лақтыратын
қолға қарама-қарсы аяқ алға шығуы керектігін оқушылардың есіне
салыңыз. Басынан асыра лақтыруды орындаған кезде қол төмен және
артқа кетеді (дайындық кезеңі), ал жамбас пен иық алға
тартылады.
|
|
(ЖЖ, К, Ф) Әріптестер бірге
жұмыс істейді және құрсауларды конустармен/белгілеуші таңбалармен
белгіленген лақтыру сызығынан берілген учаскеге лақтырады. Әрбір
оқушы үш рет лақтырады және әріптесі ұзындықты өлшеп, бормен
белгілейді.
|
Екпін алудың бірінші (алдын
ала) сатысы бастапқы күйден жеке таңдалатын бақылау белгісіне дейін
басталады. Бірлескен жұмыс барысында оқушыларды бақылаңыз және
олардың назарларын бірлескен жұмыс/жарыс дағдыларына, сондай-ақ
лақтыру кезіндегі жеке қабілеттерге
аударыңыз.
Сұрақ қойыңыз: Жаттығуды
қауіпсіз әрі әділ өту үшін сендерге қандай ережелер қажет?
Жаттығуды қалай барынша қызықты немесе өнертабысты етуге
болады?
|
|
Төменде берілген 150 гр кіші
допты лақтыру техникасының сипаттамасына сәйкес орындалуын
көрсетіңіз. Допты лақтыру кезінде жіберілген қателіктерді
талқылаңыз.
Дескриптор
- лақтыру бағытына қарап
лақтырады;
- оңға жартылай бұрылып
лақтырады;
- лақтыру бағытына бүйірін
қаратып тұрып лақтырады;
- лақтыру бағытына (бір
қырымен) тұрып, сол аяқтан оң аяққа жеңіл секіріп, ауысу арқылы
лақтырады;
- лақтыру кезеңдерінің
реттілігіне сәйкес лақтырады;
- жіберілген қателіктерін
талқылап айтады.
|
|
Сабақтың
соңы
5
минут
|
Сабақты
қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер
туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты
меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз
беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен
тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды,
оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап
арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр
оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен
үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын
ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған
немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік
нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы
мұғалім сұрағына жауап береді.
|