жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жүгіру, секіру реттілігі.
Ұзақ мерзімді жоспардың 1-бөлім: Жүгіру, секіру,лақтыру дағдыларын қалыптастыру. |
Мектеп: «Ынтымақ» жалпы орта мектебі |
|||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалім аты-жөні: Юнусов Н. |
|||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 «А» |
қатысқандар саны: |
қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Жүгіру, секіру реттілігі |
|||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдар. сілтеме) |
6.3.3.1 - түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету 6.3.2.1 - дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және оларды орындау |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру тәсілін үйрету, көрсеткіштерімен таныстыру; Аяқ бұлшық еттерінің, буындарының секіруде атқаратын жұмыстарын түсіндіру. Жүгіру техникасы. Бір орыннан секіру техникасы. Ұшу және орнығу |
|||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Оқушы жүгіру алдын дайындықты дұрыс орындай біледі Жүгіру барысында қол-аяқ қозғалысын үйлесімділігін қадағалайды Бір орыннан секіру фазаларын біледі Жүгіріп барып секіріп түсу фазасын біледі Ұшу және орнығу әдіс-тәсілдерін біледі |
|||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Негізгі сөздер мен фразалар: секіру, жүгіру, ұшу, орнығу. |
|||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Жеңіл атлетика сабағы барысында бір-біріне деген құрмет көрсетуі және ынтымақтастық артады. |
|||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Сабақ барысында қозғалыс кезінде кететін күш - қуат физика пәнімен, дұрыс тыныс алу және қалыпқа келу биология пәнімен байланысты. |
|||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім
|
4-сынып Жеңіл атлетика. |
|||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
Сапқа тұрғызу.Сәлемдесу .Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Оқушыларды түгелдеу.Спорт киімдерін тексеру. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсаты мен мазмұнын түсіндіру. Сапта орындалатын жаттығулар. Жалпы дамыту жаттығулары: Жүру бағытында орындалатын жаттығулар: 1.Екі қолды жоғары,аяқтың ұшымен жүру. 2.Екі қол белде,өкшемен жүру. 3.Қол желкеде,жартылай отырып жүру. 4.Қол тізеде,толық отырып жүру. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар: 1.Тізені жоғары көтеріп жүгіру. 2. Өкшені жамбасқа лақтырып жүгіру. 3.Аяқтың басын алға сілти жүгіру. 5.Сол қапталмен қолды артқа айналдыра жүгіру.. 6.Оң қапталмен қолды алға айналдыра жүгіру.
|
Қауіпсіздік ережелері. |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Негізгі бөлім. (Ұзындыққа екпіндеп секіру төрт сатыға бөлінеді:
Ұшу кезеңінде тәсілдерді үш түрге бөліп қарауға болады:
2) ұшу кезінде екі аяқты бүгу 3) ұшу кезінде екі аяқты қайшыландыру, яғни ұшып бара жатқанда екі аяқты ауада кезек-кезек сермеу Ұшу кезіндегі тәсілдер - секірушінің қаншалықты ұзындыққа секіретінін
көрсететін шешуші тәсілдер.
Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің көрсеткіштері: ұлдар – 2,60м. («3») 3,00м. («4») 2,60м. («4») 2,80м. («5»)
2. Оқушылар жаңа тақырыпты практика жүзінде көрсетеді. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топқа футболшылар мен олимпиада чемпиондарының суреттерін топтастыру арқылы бөлінеді. 1-топ ұзындыққа секіру тәсілдерін үйреніп жатқанда, 2-топ секіртпе жіппен секіреді.
3. Эстафета. «Кім алысқа секіреді?» Шарты: 2 топ оқушылары кезекпе-кезек бір орында тұрып, ұзындыққа секіреді. Әр оқушының секірген ұзындықтарын бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргеннен кейін әр топтағы барлық оқушының ұзындыққа секірген өлшемдері қосылады. Қай топтың ұзындыққа секірген өлшемі көп, сол топ жеңіске жетеді.
4. Диалогтік әдіс. «Жетістікке қалай жетті? Әр топқа үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың суреті жабыстырылған плакат беріледі. Белгіленген уақытта плакатқа Ольга Рыпакова жетістікке қалай жеткендігі туралы өз ойларын сатылап жазып шығады.
Мұғалім оқушыларды өзінің төмендегі бағалау парақшасына бағалайды. Секіру техникасын бағалау
|
Ысқырық, секундомер
|
||||||||||||||||||||||
Сабақтың аяғы |
Бой жазу, тыныс алу жаттығулары. Бас бармақ, бағдаршам әдісі арқылы бағалау Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Ойын соңында өздерінің көңі-күйлерін, эмоциясын білдіре алады. |
|
||||||||||||||||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау |
||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар; Жүгіріп келіп, ұзындыққа секірудің әдістерін біледі. Оқушылардың көбісі; ұзындыққа секірудің әдістерін практикада қолдана алады. Оқушылардың кейбірі: Өздерінің және өзгелердің орындаған жаттығуларын бағалайды, дамыту үшін ақыл кеңес береді |
бақылау, тыңдау, сұрақтар беру, постермен жұмыс, бағалау парағы арқылы
|
Сабақ барысында қозғалыс кезінде кететін күш - қуат физика пәнімен, дұрыс тыныс алу және қалыпқа келу биология пәнімен байланысты. |
||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? |
Өз сабағыңызды талдау.
|
|||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуді) 1: 2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйретуді)? 1: 2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?
|
||||||||||||||||||||||||
терілу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген