400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүгіру төзімділік дағдысын жақсарту 200 м -ге жүгіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру пән мұғалімдеріне көмек сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 5


Мектеп

Масақ орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні

Мамбеткалимова Руслана Жанатовна

Сынып

9 «Ә»

Күні

12.09.2024 жыл

Қатысушылар саны:

18

Қатыспағандар саны:

0

Бөлім

1-бөлім. Жүгіру, секіру, лақтыру техникасын жетілдіру

Сабақ тақырыбы

Жүгіру төзімділік дағдысын жақсарту 200 м -ге жүгіру

Оқу мақсаттары

9.3.2.1 нақты дене шынықтыру сабақтарына арналған дене қыздыру жаттығуларын құру, түсіндіру және өткізу, олардың ағзаны қалпына келтіру тиімділігін бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушылар денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кешенін құрады.

Көбі: Білім алушылар денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кешенін құрады және көрсетеді.

Кейбірі: Білім алушылар денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кешенін құрады және көрсетеді, оның маңыздылығын көрсетеді

Бағалау критерийі

Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: жеңіл атлетикадағы қозғалыс дағдылары туралы түсініктерін талқылайды және көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды:

- қауіпсіздік техникасы

- спринтерлік жүгіру, сөре, арақашықтықта жүгіру, мәреге жету

- стайерлік жүгіру

- секірулер, жылдамдық алу, итерілу, ұшу, қону

- күш, жылдамдық, төзімділік, иілгіштік дене қасиеттері

- лақтыру, лақтыру түрлері

- эстафета, эстафеталық жүгіріс, демді қалыпқа келтіру

- командалық жұмыс

Талқылауға арналған сұрақтар:

- ұсынылған қозғалыс әрекеттерінің орындалуын сіз қалай бағалайсыз?

- берілген тапсырма нені көбірек дамытады, төзімділікті ме немесе жылдамдықты ма?

- бұл тапсырма үшін оқушы қандай қыздырыну жаттығуын жасау керек?

- сіз қандай демді қалыпқа келтіру жаттығуларын білесіз?

- эстафеталық жүгірісте қандай дене қасиеттері дамиды?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

10 минут

Сабаққа спорттық киіммен келу. Қатарға тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыру. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысу. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін сақтау. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Кері байланыс арқылы бағалау

Ысқырғыш, секундомерлер, жалаушалар, бор. http://www.everlive.ru/running-exercises-for-endurance/

http://fizkultura-na5.ru/legkaya-otletika/razvitiya-obshchej-i-skorostnoj-vynoslivosti-na-urokakh-legkoj-atletiki-10-11-klass.html

http://festival.1september.ru/articles/504677/


Сабақтың ортасы

30 минут

(С, Т, ҚБ) «Менің артымнан қайтала». Ойында төзімділікпен қатар жүгіру екпінін өзгерте білу дағдысы қалыптастырылады. 5 – 10 оқушыдан жасақталған топта «капитан» тағайындалады. Оқушылар «капитан» ұсынған екпінмен жүгіреді (стадион жолында немесе қиылысқан жерлерде). Жүгіруші оны озық кете алмайды, жүгіру екпіні мен ырғағын дәл өзгерту арқылы қатаң түрде ілесіп отырады. Жүгіру екпініндегі өзгерістер жиі немесе ұзақ болмауы керек.

Оқушылардың дене дайындығына байланысты жүгіру уақыты мұғалім анықтайды. Егер жалпы жүгіру екпіні артық көтеріңкі болса, мұғалім дереу қажетті екпін қояды. «Капитан» ретінде әлсіз оқушыларды дайындау пайдалы. Бұл оларға сенімділік беріп жүгіру екпінін барлық топқа жағымды етеді. Бұл жүгірудің ұзақтығы жүгіру қарқыны мен оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты. Сұраңыз: бұл тапсырма үшін оқушы қандай қыздырыну жаттығуын жасау керек?


(С, Т, ҚБ) Оқушылар екі командаға бөлініп спорттық залдың аумағында жүгіру эстафетасын орындайды. Мұғалімнің белгісімен екі команданың да бірінші нөмірлері шеңбермен жүгіруді бастайды, 4 бағананы айналып өтіп эстафетаны екінші нөмірлерге жалғап өздері лектің соңына келіп тұрады. Ал, екінші нөмірлер 4 бағананы айналып өтіп эстафетаны өз командасының үшінші нөмірлерге жалғайды және т.с.с. жеңімпаз команданы мәредегі соңғы қатысушымен анықтайды.

Сыныпты топтарға бөлу кезде, күші жағынан пара-пар болатындай оқушылардан жасақтауға талпыну қажет. Ойын нұсқалары: әрбір қатысушы 2 айналым қатарынан жүгіреді, одан соң – 3 айналым және соңында – 4 айналым қатарынан жүгіреді. Егер команданың 5 адамында түрлі дене дайындығы болса, онда келесі кестені қолдануға болады: 1-ші оқушы 5 айналым қатарынан айналып жүгіреді, 2-ші – 4, 3-ші – 3, 4-ші – 2, 5-ші – 1 айналым. 2 – 3 минут демалыстан соң ойыншылар нөмірлерімен ауысады да эстафета қайталанады. Сұраңыз: сіз қандай демді қалыпқа келтіру жаттығуларын білесіз?


Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылар тыныс жолдарын қалпына келтіреді. Қиындық тудырған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Бір-біріне кері байланыс жүргізеді.

Мүғалім оқушыларға кері байланыс жүргізеді. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктер мен нәтижелерді талқылайды.


Үй тапсырмасы: жалпы дамыту және бой жазу жаттығуларын орындау

Оқушылардың үй тапсырмасын мұқият тындауын қадағалау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30.01.2025
198
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12