Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүйелі мониторинг бастауыш мектепте тиімді оқыту құралдар негіздері ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Мониторинг дегенiмiз - латын тiлiнен аударғанда (еске түсiрушi, қадағалаушы) қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамдау деген мағынаны бiлдiредi
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүйелі мониторинг бастауыш мектепте тиімді оқыту құралдар негіздері ретінде

І.Жалпы мониторинг туралы

Мониторинг дегенiмiз - латын тiлiнен аударғанда (еске түсiрушi, қадағалаушы) қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамдау деген мағынаны бiлдiредi.

Жалпы мониторинг дегеніміз

-         Белгілі бір саладағы маңызды  мәселелер бойынша жүйелі және үздіксіз ақпарат жинақтау әрекет

-         Белгілі бір жүйе, оның элементтері жайлы сараптама жасауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі.

-         Нақтылау және түзету енгізу үшін жүзеге асырылатын процесс жағдайы, дамуы туралы ғылыми негізде үздіксіз қадағалау жүйесі.

Мониторинг – пән мазмұнына, ғылыми мамандығына байланыссыз ойлау қызметiнiң әмбебап (универсальды) типi.

Мониторингтiң атқаратын қызметi

1.      Әрекет барысына түзетулер енгiзу.

2.    Елеулi проблемаларды, олардың себептерiн анықтау, оларды шешуге ықпал ету.

3.      Аралық мiндеттерiн  орындалу сапасын анықтау, түпкiлiктi нәтиженi болжау.

4.      Сауатты түрде басқарушылық шешiмдер қабылдау.

Мониторингтiң түрлерi:

        Педагогикалық, әлеуметтанымдық,  психологиялық,  медициналық;

        экономикалық, демографиялық.

Мониторинг – ұзақ уақыт белгiлi бiр мақсат негiзiнде жинақталған, сақталған ақпараттарды өңдеу, субъектiлердi ақпарат нәтижесiмен қамтамасыз ететiн керi байланыс.

Мониторинг қызметi:

-         Мақсат.

-         Ұйымдастыру.

-         Ақпарат өңдеу.

-         Шешiм қабылдау.

-         Болжам жасау.

Мониторингтiң негiзгi мiндетi – мақсат пен нәтиже арасындағы айырманы азайту.

Мониторинг тиiмдiлiгiн арттырудағы маңызды талаптар

-         Ақпараттың толықтылығы.

-         Нақтылығы.

-         Объективтiлiгi.

-         Үздiксiздiгi.

-         Уақытында орындалуы.

-         Құрылымдылығы, үздiксiздiгi.

-         Мониторингтiң әр түрiне арнайы жасалуы.



ІІ.Педагогикалық мониторинг туралы

Педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.

Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттардан жүзеге асырылады: 1)ақпараттың мазмұны. 2)ақпараттың сапасы. 3)ақпаратты басқаруда пайдалану.

Ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары.

Объективтiлiгі. – Нақтылығы. – Толыққандылығы. – Жеткiлiктiлiгi. – Оңтайлылығы.

Жүйелендiрiлгендiгi. – Оперативтiлiгi. – Түсiнiктiлiгi.

Мониторинг жалпы педагогикалық ғылыми түсiнiктерге  сәйкес керi байланыс, рефлексия деген ұғымды бiлдiредi. Педагогикалық мониторинг - қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау. Ең кең тараған анықтама: педагогикалық жүйе қызметiнiң даму мақсатындағы ақпараттарды жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату.

Г.А.Стефановскаяның анықтамасы бойынша “Педагогикалық мониторинг, бұл – диагностика, баға және педагогикалық үрдiстi жобалау, оның жүрiс барысын, даму перспективаларын қадағалау”.

Педагогикалық мониторингке әсер етуші факторлар:

Мониторингтiң педагогика теориясына және практикасына енуiне әсер етушi факторлар мыналар болып табылады:

-Педагогикалық жүйедегi инновациялық процестер.

-Педагогикалық менеджмент.

-Педагогикалық диагностика.

-Педагогикалық тестiлер.

-Бiлiмдегi, тәрбиедегi, дамудағы  жеткен жетiстiктер.

-Шығармашылық қабiлет.

Мониторингтiң негiзгi объектiсi – бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк. Мониторингтiң педагогикалық нәтижесi болып, бiлiм құрылымындағы, оқу дағдысындағы, тәртiбiндегi, қатынас жүйесiндегi тұлғаның бағытталуы болып табылады.

Педагогикалық – психологиялық нәтиженiң сандық, сапалық бағалау өлшемi болып, оқу процесiндегi күтiлетiн нәтиже мен қызмет шарты белгiленген норм, эталон қабылданады.

Норма мониторинг үшiн ең негiзгi шарт, өйткенi нәтиже осы нормамен салыстырылады.

Педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады.

Педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi оқу-тәрбие үрдiсiнде үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтан да педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады.

Педагогикалық мониторинг – педагогикалық жүйе қызметiнiң нақты нәтижесi мен мақсат арасындағы нормадан ауытқуды ғана бақылаушы емес, мақсатта, нормада, стандартта кеткен кемшiлiктердi анықтаушы, жетiстiктерге жету жолдарын түзетушi мәлiметтермен қамтамасыз ететiн керi байланыс.

1. Педагогикалық мониторинг — жасалған жұмыс нәтижесі және баспа құралдары монографиялар, диссертациялар, журналдағы мақала және жарияланымдар арқылы педагогикалық объектінің, құбылыстың күй жайын зерттеу.
Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап білім деңгейін оқушы өзі бақылап отырады. Бағалаудағы әділетсіздік мәселесі шешіледі.
Мониторингінің ерекшеліктері:
1. Оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенің, аздау алғанын байқап, білімдегі олқылықтарды жою мақсатында тапсырмалар жүйесі ұсынылады.
2
. Шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз қатарласынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады.
3. Өз зейінін тәрбиелейді.

4. Білім ж
үйелігі мен тізбекті байқайды.
5. Ойланып оқуға дағдыланады.

Білімділік мониторинг көп деңгейлі жүйе.
1 - деңгей (жеке, дара және дербес) оны мұғалім жүзеге асырады.
2 - деңгей – мектепішілік. Мұнда оқушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады. Сыныптардың даму динамикасы бақыланады. Тоқсан, жартыжылдық, жыл бойында анықталған критерий бойынша бақылау жүргізіледі.
3 - деңгей. Білім мекемесінің даму динамикасын байқау.
Мұғалімнің педагогикалық іс - әрекетінің мониторингі оқу процесінің негізі болып табылады.
Мұғалімнің іс - әрекетін бағалаудағы мониторингінің негізгі мақсаты: педагог кадрлард
ың шеберлік біліктілігінің артуы, инновациялық тапсырмаларды іске асыру жолдарын меңгеру көрсеткіштері..
Педагогикалық іс - әрекетті бағалаудағы мониторингтің 3 кезеңі бар:
1 - кезең. Дайындық кезең..
Мақсат қойылады. Бақылау объектісі таңдап алынады. Бақылау жоспарланады.
2 - кезең. Практикалық кезең. Ақпараттар жинақталады:
- нормативті құжаттар таңдау;.
- сабаққа қатысу;.
- білім, білік дағдыларын бақылау;.
- сауалнама жүргізу;.
- тест алу;.
- өзін - өзі бағалау..
3 - кезең – талдау, яғни алынған мәліметтерді өңдеу:.
- ақпараттарды талдау, жинау;.
- бақылаудың қорытындысын шығару, ұсыныстар енгізу..
Мониторинг жүргізу не береді?.
- Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін нақтылайды..
- Мұғалімнің педагогикалық мүмкіндігін анықтайды..
- Мұғалімге нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді..
- Мектепішілік басқару процесін жүзеге асырады..
Қорытынды: сонымен, әр жұмыс дұрыс жоспарланып, қадағаланып, болжам жасалып, сарапталып отырса, жүйелі мониторинг жасалса, білім сапасының артуына ықпал етуі әбден мүмкін. Бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашылық адамы. Ол өздігінен қаншалықты ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалімнің күш - қуаты, көңіл - күйі жоғары болуы керек, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.Осы оқу жылында еңбектерінің жанып, шығармашылық табыстарыңыз мол болсын.





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2018
2027
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12