-
Балалардың жоғарғы жүйке қызметтерінің
типтері.
Балалардың 1-ші сигнал жүйесі тусымен дами
бастайды, ал 2-ші сигнал жүйесі кейінірек қалыптасады.
Баланың мінез-құлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму
дәрежесі, жоғары жүйке өрекетінің типтері ықпал етеді. Көптеген
зерттеулердің нәтижесінде жоғары жүйке әрекетінін типтері
балалардың темпераменті мен мінез-құлықтарының физиологиялық негізі
екені дәлелденді. Баланың темпераменті мен мінез-құлықтарының
калыптасуы екі түрлі әсерге байланысты:
1)
ата-анасынан тұқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми
қыртысындағы генотиптік қасиеттері;
2)
сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі, дос-жолдастарының ықпалы,
әлеуметтік қоғам орындарының әсері - балалар
бақшасындағы, мектептегі, көшедегі тәрбие, т.б.) болатын фенотиптік
қасиеттер. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз
байланысты.
Жоғары жүйке әрекетінің және ми қыртысындагы қозу
мен тежелудің қасиеттерінің қалыптасуы жалпы жүйке жүйесінің
дамуына сәйкес, ягни жалпы организмнің даму зандылықтары жоғары
жүйке әрекетінің типтерінің қалып-тасуына да әсер етеді. Баланың
жоғары жүйке әрекетінің типтері ересек адамның типтеріне үқсастау
болғанымен, жа-сына лайық ерекшеліктері болады. Мектепке дейінгі
жастағы балалардың жүйке жүйесіндегі қозуы мен тежелуі әлсіз
келеді. Оған қоса қозуы басымырақ болады. Осыған байланысты жоғары
жүйке әрекетінің күшті типтерінде олар әлсіз болады, бірақ әлсіз
типпен салыстырғанда - жоғарырақ. Нерв құбылыстарының негізгі
қасиеттері тек 20-22 жаста ғана толық жетіледі. Сондықтан баланың
жоғары жүйке әрекетінің типтері тұрақсыз, сыртқы ортаның
жағдайларына өте тәуелді болады. Баланың
өсіп,
дамуы барысында ми қыртыстары мен қыртысасты құрылымдарының
бір-біріне ара қатынасы өзгереді де, жоғары жүйке жүйесі оның
мінезінің типтерінің қалыптасуына әсер
етеді.
Н-
Н. Красногорский балалардын ми қыртысындағы қозуын және тежелуін
зерттей келе, олардың жоғары жүйке әрекетінің 4 тибін
ұсынды:
1
Күшті тең жылдам типтің шартты рефлекстері тез пайда болып, оңай
тежеледі, бірақ пайда болған рефлекстері берік, әрі жақсы
сақталады. Бүл типтегі балалардың тілі
жақтысөз
қоры мол, мінезі үстамды.
Күшті тең баяу типтегі балалардың шартты
рефлекстері бірнеше рет қайталағанда ғана баяу туады. Оның тежелуі
де акырын, үзақ уақытты қажет етеді. Бүл типтегі балалар ерте,
бірақ баяу сөйлейді. Мінезі - өте шыдамды,
үстамды.
-
Күшті қозғыш үстамсыз типтегі балалардың шартты
рефлекстері өте жылдам пайда
болғанымен, тез
жойылады, түрақсыз болады. Мінезі үстамсыз, шыдамсыз,
көңіл -күйінің жетегіндегі бала. Сөйлегенде біресе жылдам-қатты,
біресе баяу-ақырын дауыспен сылбыр
сөйлейді.
-
Әлсіз типтегі балалардың шартты рефлекстері үзақ
көп қайталағаннан кейін өте баяу туады. Нервтік байланысы әлсіз,
нашар, шартты рефлекстері тез тежеледі, тілі нашар
дамыған, баяу
сөйлейді, сөз қоры аз, сөйлегенде дауысы ақырын шығады.
Ондай балалар жаңа жағдайға үзақ бейім-деледі. Мінезі жасқаншақтау.
Жүмыс істегенде көпшілігі тез шаршайды.
Балалардың жоғары жүйке әрекетінің типтік
ерекшеліктері олардың оқуға бейімділігінің бір көрсеткіші болып
есептеледі. Сондықтан мүғалімдер оқу-тәрбие жүмы-старын, әр баланың
типтік ерекшелігін ескере отырып, үйым-дастыруы
қажет.
Балаларда 6 – 7 жастан бастап сөзбен тәрбиелеуге
көне бастайды. Оларды бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қарым
– қатынасы сипаты өзгереді. Ал 3 – 4 жасар балалардың бірінші
сигнал жүйесі екіншісінен басым болады да, екіншісін тежеп отырады.
Ал ол 6-7 жаста керісінше болады. Балаларда екінші сигнал жүйесінің
дамуы олардың мектеп тәрбиесіне дайындығын көрсетеді.
Бастауыш мектеп жасында ми қыртысының қарқынды дамуы жүйке
жұмыстарының қалыпты, салмақты, жылдам жүруін қамтамасыз етеді. Ми
қыртысында тежеу процестерінің дамуы шартты байланыстардың
қалыптасуын жылдамдатады. Жоғарғы жүйке жүйесінің бөлімдерінің
арасындағы байланыстардың қалыптаусы-ми қыртыстары ішіндегі
ассоциативті жүйке жолдарының пайда болуына байланысты. Балаларды
оқу мен жазуға үйретуге байланысты сөздің байланыстырушы қызметі
арта түседі.
Бірқатар шартты –рефлекс қызметінің өзгеруі
жасөспірімдік кезеңде байқалады. Организмде жыныстық жетілудің
басталуы гипоталамус активтілігі артуына сәйкес келеді. Бұл
қыртыс-қыртысасты арақатынасы баласының өзгеруіне әкеп соқтырады.
Осыған орай жасөспірімдер шауланшақ
болып,
салмақтылықтарын жоғалта бастайды. Осы кезеңде алдыңғы кезеңмен
салыстырғанда уақытша ішкі байланыстар түзу қиындайды. Бірінші
сигналға болсын, екінші сигналға болсын шартты рефлекстер түзілу
жылдамдығы баяулайды. Жасөспірімдердің жоғарғы жүйке жүйесі
қызметінің ерекшеліктері оларға айрықша назар аударуды талап етеді.
Оқу-тәрбие жұмыстарын осыған сәйкес жүүргізу
керек.
Балалардың жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің
типологиялық
ерекшеліктері. Красногорский балалардың жоғарғы жүйке жүйесін
зерттей оттырып, балалық шақта оның 4 типі болатынын
анықтады:
1.Күшті, салмақты, елгезектігі орташа, жылдам
тип. Бұл типтегі балалар тәрбиеге оңай көнеді, алғыр болып келеді.
Оларда шартсыз рефлекстер ми қыртыстары қызметімен жақсы бақылауға
қойылған. Бұл типтегі балалар жақсы
сөйлейді, сөз қоры да жетерлік
болады.
2.Күшті, салмақты, баяулау тип. Мұндай балалардың
шартты байланыстары баяулау орнығады. Ұмытылған рефлекстерде
баяулау қалпына келеді. Олардың шартсыз рефлекстер мен эмоцияларын
бақылауы алдыңғы типтен де жоғарылау болып келеді. Олар сөйлеуге
оңай үйренгенмен, алдыңғыларымен салыстырғанда баяулау сөйлейді.
Күрделі тапсырмаларды орындағанда активті, және
шыдамды.
3.
Күшті, ұшқалақ, елгезектігі жоғары, тежелуі қиын тип. Олардың
тежелу процесі жеткіліксіз. Қыртысасты қызметі жоғары, ми
қыртыстарымен барлық уақытта бақыланбайды. Мұндай балаларда шартты
рефлекс жылдам жойылып, ал пайда болғандары
тұрақсыз. Бұндай типті балалар
ашуланшақ, қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды қалт
жібермейді, бірден араласып кетеді. Олар жылдам, кейде қатты
сөйлегенін де байқамай қалады.
4. Әлсіз тип, елгезектігі төмен. Шартты рефлекстер баяу
қалыптасады, тұрақсыз, көбіне баяу сөйлейді. Жеңіл тежелуші тип.
Сырт тежелуі оңай болғанмен ішкі тежелуі әлсіз болады. Оны мұндай
типтегі балалардың жаңа жағдайға қиын үйренуінен байқауға болады.
Мұндай типтегі балалар күшті, ұзақ тітіркеністерге
шыдамайды, тез шаршап қалады.
Жоғарыда айтылғандай балалардың жүйке типтерінің әртүрлі болуы
олардың оқу-тәрбие жұмыстарын қабылдау мүмкіндіктерінің де әр түрлі
екендігін көрсетеді. Педагогикалық жұмыстарды әр оқушымен жеке
–жеке жүргізуді талап ететіндігі сондықтан. Осылай еткенде ғана
жақсы жетістіктерге жетуге болады. Сөйте тұра, біз жоғарыда жоғарғы
жүйке жүйесі қызметінің иілімділігін де атап көрсеткенбіз. Ми
қыртыстары клеткаларының иілімділігін жүйке типтерін
морфофункционалдық өзгертудің негізі болып табылады. Десекте,
типтерді нерв құрылымдарының иілімділігін пайдаланып қарқынды даму
кезеңінде, әсіресе балалық шақта тәрбиелеу арқылы типтік
ерекшеліктеріне коррекция жасауға болады. Оны атақты Иван Павлов
та: тип иімділігіне байланысты тәрбие, шынықтыру арқылы адамдар
сипатын өзгертуге болатындығын атап
көрсеткен.