Жұлдызды сәт

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жұлдызды сәт

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып белсенділерін сайыстыру, білім деңгейлерін саралау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жұлдызды сәт

Мақсаты:

1.Баланың алған білімдерін тексеру,қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау.

2.Есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту,білімге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Жер үстінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер

Бар ізгілік тек білімнен алынар

Білімменен аспанға жол салынар.









Мұғалім:

Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,
  Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
 Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
 Білімменен сусындатқан біздерді.
Мұғалім :

Армысыздар, оқушылар, балғындар,
 Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамған.
 Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
 1-ші сынып оқушыларын қарсы алыңдар
Сіздер 1 сынып оқушыларының «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынын тамашағалы отырсыздар.

Ал оқушы,ұстаздар,

Ортаға назар салайық

Білімділер шықпақ ортаға

Қол соғып қарсы алайық!-деп ду қол шапалақпен сайыскерлерді ортаға шақырайық.

1.Нұрбек –сыныптың үздігі, білімді, жауапкершілікті сезінеді, анасының жанашыры, қимылы көп, бір күнде туылған Азаматпен бәсекелес оқушы.

2. Толғанай-сынып үздігі, кітаптан тыс білімге ие, жанашыр,тіл алғыш, қимылы көп,әнді ұнатады, айтады.

3.Асел- сынып үздігі, салмақты, мейірімді, жауапкершілікті сезінеді, өз айыбын біледі, оны түзетуге ұмтылады, биші, бәсекелесі Назым.

4.Нұржамал- ән айтуды ,билегенді ұнатады, қайсар, ертегі тыңдағанды ұнатады, білімге құштар,ойындағысын айтып салады, бәсекелесі Ұлдана.

5.Жадыра –Білімді, салмақты, баяу, білім алуға құштар, бәсекелесі Ақмаржан

6.Ұлдана- салмақты, сыпайы, баяу сөйлейді, талапты бұлжытпай орындауға тырысады, бәсекелесі Нұржамал.

Ал енді номерлермен орындарын анықтаймыз. 1,2,3,4,5,6.

Ашық жарқын жүзді,

Әділ қазылар біздің

Таңдап баға беруге

Шақырайық төрге-деп әділ қазылармен танысайық. Бағалау 3,4,5 ұпаймен.

 Ал келіңдер, келіңдер,
      Біріңе - бірің еріңдер.
      Біліміңді тексеріп,
      Ойынға қатысып көріңдер.  

Сонымен, оқушылар іске сәт! Жұлдыздарың жансын!

Жоспары:

1.Кім көп біледі? ----- Әр оқушыға жеке-жеке сұрақтар қойылады

2.Тіл өнері ------ мақалды жалғастырады

3.Жұмбақ шешу

4. Жекпе-жек (математикалық диктант жазып орындайды)

5. Тапқырлық ----- әр оқушыға бір-бір сөз беріледі,сол сөздерден жаңа мағыналы сөз құрастыру керек

6. Сыр сандық ( ана тілінен өтілген тақырыптарда кездескен жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп береді)

7.Қорытынды.

Ана тілім арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте- деп бірінші шартымыз анатілі пәнінен

Кім көп біледі?

І-оқушы

1.Сурет көрсету қандай көңіл күй?

2.Сөйлеу не үшін керек? Адамдармен қарым қатынас жасау үшін

3.Сөз неден құралады? Дыбыстан құралады.

2-оқушы

1.Қандай көңіл күй?

2.Адамдар қалай,не арқылы сөйлеседі?(тіл арқылы,тілдердегі сөздер мен сөйлем арқылы)

3.Көреміз,жазамыз бұл не?





3 оқушы

  1. Сурет көрсету қандай көңіл күй?

  2. Дыбыс деген не,әріп деген не?

  3. Дауыссыз дыбыстарды ата.

4 оқушы

1.Сурет көрсету қандай көңіл күй?

2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.Жуан дауысты дыбыстарды ата.





5 оқушы

  1. Сурет көрсету (Ы.Алтынсарин)

  2. Дауысты дыбыстарды ата

  3. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.



6 оқушы

  1. Сурет көрсету (Қ.Мырзалиев)

  2. Жұп дауыстыларды ата.

  3. Сөйлем неден құралады? Сөздерден құралады

 

ІІ Тіл өнері

1 оқушы

1.Тіл тас жарады,тас жармаса... (бас жарады)

2.Бал тамған тілден... (у да тамады)

3.Тіл қаруы- сөз, (сөз қаруы- ой)

2 оқушы

  1. Елін сүйген- (ер болар)

  2. Өнер алды- (қызыл тіл)

  3. Еңбек етсең- (емерсің)

3 оқушы

1.Сөз тапқанға --(қолқа жоқ)

2.Тауды,тасты жел бұзар, адамзатты (сөз бұзар)

3.Кітап алтын (қазына)

4 оқушы

1.Жақсы сөз (жарым ырыс)

2. Шебердің қолы ортақ, шешеннің (сөзі ортақ)

3.Ер қанаты- (ат)

5 оқушы

1.Еңбек ер – (атандырады)

2.Досы көпті жау алмайды,

Ақылы (көпті дау алмайды?)

3.Әлсіз денеге (ауру үйір)

6 оқушы

1.Сөз сөзден туады,

Сөйлемесе( неден туады)

2.Оқу түбі- (тоқу)

3. Оқу инемен (құдық қазғандай)

Ұшқыр ойға серік болып шеберлік,

Сөз кезегін бөлімдерге берейік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың енді жауаптарын көрелік!-

деп жұмбаққа кезек береміз

ІІІ. Жұмбақ шешу

1 оқушы

  1. Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама (кітап)

  2. Қардай аппақ,балдай тәтті-ақ. (қант)

  3. Тілден ұшып,құлаққа қонады. (сөз)



2 оқушы

1.Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат

Байлауынан бір босамас қызыл ат. (тіс,тіл)

2. Шеңбер жасап өседі,желмен бірге көшеді. (қаңбақ)

3.Ұша алмайтын құс. (пингвин)

3 оқушы

1.Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады. (аю)

2.Жазу жазып жалықпаған,жаза-жаза арықтаған. (бор)

3.Болса дағы инесі, іс тікпейді бұл несі? (кірпі)

4 оқушы

1.Тықылдатып таңдайын, тәулік бойы қағады. (сағат)

2.Әрбір таңды көк орманда атырған,өмір бойы өзін-өзі шақырған.

3.Қолыңмен тиме, үсті толған ине. (кірпі)

5 оқушы

1.Өшірді де суретті,өзін де құртты, өзгені де құртты. (өшіргіш)

2.Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)

3.Аспанда алып доп, жарқырайды жарық боп. (күн)

6 оқушы

1.Аяғы түйеге ұқсайды,құс болса да ұшпайды. (түйеқұс)

2.Күндіз бәрі қашады,түнде аспанды басады. (жұлдыз)

3.Ақ сандығым ашылды,ішінен жібек шашылды. (күн сәулесі)

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін математикаға берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың енді жауаптарын көрелік!                                                                  

ІҮ. Жекпе-жек

3+2= 6+0= 7+3= 9-6 = 8-5 = 10-2=

10-3= 8-3= 4+4= 2+7= 9+1= 3+3=

9-5= 2+8= 6-3= 3+1= 3+0= 6+4=

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба,орта жолда қалыспа.

Әділқазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?



Ү.Тапқырлық

1. Жолбарыс 2. Қызылша 3. Өрмекші 4. Торғай 5.Қарлығаш 6.Қаратау.



Балалар тапсырманы орындап жатқанда көрермендерге сұрақ,жұмбақ қойылады.



Ана тілсіз іс өрге баса алмайды,

Ана тілсіз тарих та жасалмайды,-деп келесі кезекті «Сыр сандыққа» береміз.

ҮІ. Сыр сандық

1.Себелеп. (жоғарыдан төмен қарай тоқтаусыз жауу)

2. Мамық . (құстың үлпілдеген жұмсақ жүні)

3.Таңғажайып. (керемет, ғажап)

4. Тымақ. (аң терісінен тігілген қысқы баскиім)

5. Саптама. (қонышы ұзын етік)

6.Қылаулатқан. (қардың ұшқындап жаууы).

Әділ қазылардың есептеу нәтижесінде Бексұлтан Толғанай жеңімпаз болды.

Сырлары көп ғылымның,

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне,--деп Фариза Оңғарсынова апамыз айтқандай, өмір жолымыздағы шамшырақ-білім болмақ. Сондықтан да талаптарың артып,білім шыңына жете беріңдер. Келесі кездескенше сау болыңдар!

























«Қ.Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Shape1

Жұлдызды сәт







Сыныптан тыс іс-шара























Оңғарбаева В

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2018
530
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі