«Жұлдызды түлек -2018» мектеп бітірушілер кеші.
Ұлдардың орындауында Флэшмоб
1-жүргізуші:Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!Бүгінгі «Жұлдызды түлек -2017» мектеп бітірушілер кешіне қош келдіңіздер
2-жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып- толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.
1-жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!
2-жүргізуші:
Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері.-дей келе алғашқы сөз кезегі метебіміздің басшысы Серкенов Жомарт Амантайұлына беріледі.
1-жүргізуші:
Әр пенденің өмірі-жұлдыздар өмірімен пара-пар. Ал сол жарқыл жеке тұлғаның жарқырауы іспеттес.Сондықтан бүгінгі алтын ұя мектебінен ұшқалы отырған түлектерімізді «Жұлдызды түлек -2018» деп атасақ артық болмас.
2-жүргізуші:
Әр жыл сайын қаруланып біліммен,
Алға дәйім мені бастап өсірдің.
Нәр аламын аяулы ұстаз үніңнен,
Ардақтысың, мектеп – алтын бесігім!- дей отырып, 9 жыл бойы біліммен, өнерімен талай-талай жеңістерді қанжығасына байлаған жарық жұлдыздарымыз- мектебіміздің мақтанышы.
1-жүргізуші:Бүгінгі «Жұлдызды түлек -2018» мерекелік кешіміз ерекше болғалы тұр. Себебі бүгін біз Әр номинация бойынша біздің түлектерімізді марапаттаймыз.Ендеше «Жұлдызды түлек -2018» «Шыншыл дос» номинациясын табыс ету үшін өз қызмет саласындағы білгір маман, жігерлі адам, мықты көшбасшы өз достарына деген адал дос, сенімді тұлға мектеп басшысы Серкенов Жомарт Амантайұлын ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:Ортаға Қасымбекова Оразгүл мен Сатмағамбет Қарақатты «Мектебім сағынышым» әнімен ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: «Жұлдызды түлек -2018» кешіндегі «Жомарт жүрек!» номинациясын табыс ету үшін ерекше бір адам шақырылады. Бұндай адамдарға баршамыз бас иеміз. Өйткені мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге өмірдің «жақсысы» мен «жаманын» танытатын, адамгершілік қасиеттерін бойға сіңіруде елеулі роль атқаратын –алғашқы ұстаз. Олай болса, «Жомарт жүрек» номинациясын табыс етуге бүгінгі түлектерімізді тұңғыш рет білім нәрімен сусындатқан алғашқы ұстаз Жакупова Роза Зиядинқызын ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Оқушыларына деген ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын асыл да мейірімді ұстаздарымызға арналған «Ұстазым» әнімен ортаға түлегіміз Таңат Даниярдың інісі Таңат Ерұланды шақырамыз. Қабыл алыңыздар аяулы ұстаздар.
1-жүргізуші:Келесі сахнаға шығатын түлегіміз өзінің біліктілігімен, қайраттылығымен ерекшеленеді.Осыған орай «Жұлдызды түлек -2018» «Жайсаң жан!» номинациясын табыстайтын өз қызметіндегі білгір маман, әр баланың тілін таба алатын, жүрегі жылуға толы, сезімтал, сыйлы ұстаз мектеп психологы Омарова Алмагүл Қайыпқызын ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Ортаға мектебіміздің биші қыздары, «Би аймағы 2017» жүлделі орын иегерлері Қасымбекова Оразгүл мен Сатмағамбет Қарақатты шақырамыз.
2-жүргізуші:
«Жұлдызды түлек -2018» кешіндегі «Сынып күні!» номинациясын табыс ету үшін сахнаға Жігерлі де табынды, сыйлы да сүйікті сынып жетекшісі Ергельдина Зульфия Жеңісқызын шақырамыз.
1-жүргізуші:Бүгінгі кешіміздің түлектеріне өзінің жылы лебізін түлегіміздің қарындасы биылғы жылдың 4 сынып түлегі Алтынды шақырамыз.
2-жүргізуші: Сахнаға мектеп бітіруші тұлектерімен мектебіміздің мың бұралып билейтін биші қыздарымызды шақырамыз. «Флэшмоб»
2-жүргізуші: Қайратты, икемді, батыл, әрдайым көмекке әзір тұратын, өз мектебінің намысы үшін күресе білетін мектебіміздің мақтанышы.
Спортты сүйеді.
Мектеп үшін намысты бермей күйеді.
Бірақ оның қай жерде жүретінің
Тек бір өзі ғана біледі.Өздерініз түсінгендей бұл номинация спортпен байланысты ендеше «Жұлдызды түлек -2018» кешіндегі «Олимп!» номинациясын табыс ету үшін мектебіміздің ұлағатты, сыйлы ұстазымыз Калиева Балаш Калимханқызына беріледі.
1-жүргізуші: Сахна төңіріне біздің әзілқой, биші жігіттерімізді шақырамыз.Мұханбет Қуаныш, Бияхметов Әділет, Амантай Нұрсұлтан. Поппури
2-жүргізуші:
1-жүргізуші: 2-жүргізуші: «Жұлдызды түлек -2018» кешіндегі «Жасай бер, Қазақстан қарулы күштері!» номинациясын табыс ету үшін әдемі, әсерлі ер адамды ортаға шақырамыз.Өр мінезді, салмақты да батыл әскери адам. Оның бойындағы бұл қасиеттері болашақ ізбасарына өнеге болатындай. «Жасай бер, Қазақстан қарулы күштері!» номинациясын табыстау үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исмагулов Ерболат Керейұлына беріледі.
1-жүргізуші: Сахнаға мектеп бітіруші тұлектерімен мектебіміздің мың бұралып билейтін биші қыздарымызды «Мектеп вальсі» биімен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: «Жұлдызды түлек -2018» кешіндегі «Үміт пен Тірек» номинациясын табыс ету үшін өз ісінің білгір маманы, жауапты тұлға, ісіне деген, оқушыларына деген ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын асыл да мейірімді, сонымен қатар қатаң да талапты математика пәнінің мұғалімі Кабылова Алия Кенжебайқызын ортаға шақырамыз.
Оқушылар ұстаздармен ата-аналарды вальске шақырады.
1-жүргізуші:Аяулы түлектер!
Сіздер дәл осы сәттен бастап өміріңізге жаңа бағыт, жолдама алып отырсыздар.Ендеше жұлдыздарыңыздың жануы, сәуле шашуы өз қолдарыңызда!Тылсым өмірдің сындарлы сәттері ертеңгі күнге сенімдеріңізді бекітсін! Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші.
Жолдарыңыз болсын түлектер!
2-жүргізуші:
Шәкірт шықса өмірге
Жолын болсын дейміз біз
Қоштасарда біз бүгін
Сізге ақ жол тілейміз
1-жүргізуші:
Үлкенге де кішіге
Сыйлы болшы дейміз бізЖолың болсын, жас түлек
Болашаққа сәт сапар!
2-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар мен аяулы шәкірттер! Бүгінгі мерекелерініз құтты болсын, өмірлерініз нұрға толсын. Сәт сапар, ақ жол тілейміз!
Өлеңді орта мектебі

Биология пән мұғалімі: Буханова Г.Б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз