Жұлдызгүл – мектеп гүлі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жұлдызгүл – мектеп гүлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Түрлі сызықтарды (түзу, қисық, ирек, т.б.) пайдаланып, қарапайым заттар мен күрделі емес сұлбаларды салу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жұлдызгүл –

мектеп гүлі

(пәндік)

Мектеп/МҰ:

Күні: Педагогтің аты-жөні:

Сынып/ топ: Қатысқандардың саны: Қатыспағандардың саны:

ҰОҚ-нің оқу

мақсаттары

0.1.1.1 .Түрлі сызықтарды (түзу, қисық, ирек, т.б.) пайдаланып, қарапайым

заттар мен күрделі емес сұлбаларды салу.

0.2.1.1. Саусақтарға күш түсірмей, қарындашпен, түсті бормен сурет

салу, қарындашты (борды) көлбеу ұстау, бір бағытта жеңіл қимылдармен,

штрихтарды бірқалыпты, сурет сызығынан сыртқа шығармай салу.

Күтілетін

нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

түрлі сызықтарды пайдаланып, қарапайым заттарды салады;

затқа қарап салады, заттардың сипатты ерекшеліктерін байқайды;

штрихтарды бір бағытта сала отырып, балауыз борлармен сурет салады,

борды көлбеу ұстайды.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

натюрморт салады;

сызықтардың бірқалыптылығын, бірігуін, олардың жіңішкелігін жеткізеді;

материалдарды тиімді жұмсайды.

Кейбір тәрбиеленушілер:

суретке толықтыру енгізеді, дербес ерекшелік береді;

борды басуды реттейді, біркелкі бояуға қол жеткізеді.

Тілдік мақсаттар Дағдыларды дамыту.

Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:

сұрақтарға жауап береді, бұрын игерілген іскерліктерді еске түсіреді;

орыс, ағылшын тілдеріндегі таныс сөздерді тыңдап таниды;

оқу міндетін түсінеді және оны орындауға ұмтылады;

түс ерекшелігін, пропорциялық қатынастарды ауызша формада

айқындайды;

альбомда дұрыс жауап нұсқасын белгілейді, өз таңдауын негіздейді.

Көптілділік: гүлдер – цветы – flowers.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

натюрморт, затқа қарап салу, қашқаргүл – мектеп гүлі, мектепке жиналу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Натюрморт дегеніміз не?

«Затқа қарап салу» сөзін қалай түсінесіңдер?

Қашқаргүлдер қандай түсті болады?

Неліктен оларды мектеп гүлдері деп атайды?

Бастапқы білім Затты, оның нышандары мен түсін дұрыс жеткізу дағдысына ие.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

I. Оң көңіл күй

қалыптастыру.

0–1минут

(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру

Педагог пен балалар шеңбер жасап тұрады.

Педагог жаңылтпашты оқиды:

Өрмек-торды құр тездеп,

Қазір ұшып құр келмек.

Құр жоқ,

Нұрбек зыр қағып,

Құр бекерге жүр терлеп.

Ө. Ақыпбеков

Балалар қолдарын жоғары қарай созады,

алақандарын ашады, аяқтарының ұшына тартып

созылады, бірін-бірі құшақтайды және жымияды.

Музыкалық сүйемелдеу.

htt://xmusik.me/

s/3816699-Muzyka dlya

dushi – Melodiya dlya

dushi…

30

II. Өмірлік

тәжірибені

жандандыру.

Мақсатты

тұжырымдау.

2–5 минут

(Ұ) Педагог Қуаныштың мектепке жиналуы

туралы әңгімелейді. Балаларға жиналып, бар

қажетті заттарды алуға көмектесуді ұсынады.

Педагог балаларға мектепке баратын балалар

туралы бейнематериал тамашалауды ұсынады.

Соданкейін кейін әңгіме жүргізеді: Оқушылар

дегеніміз кімдер? (Бұлар – мектепте оқитын, білім

алатын балалар.) Сендер Білім күні туралы не

білесіңдер? (Білім күні – бұл балалардың жазғы

демалыстан кейін мектепке баратын мерекесі,

жаңа оқу жылының басы.) Оқушы мектепке

дейінгі баладан несімен ерекшеленеді? (Оқушы

мектепте оқиды, форма киеді, т.б.) Ол Білім

күнінде не апарады? (Мектеп сөмкесі, гүлдер.)

Ол гүлшоқтарын кімге сыйлайды? (Мұғалімге.)

Әдетте балалар мектепке қандай гүл апарады?

(Жұлдызгүл.) Білім күнінде неге қашқаргүл

шоғырларын апарады? (Өйткені, олар күзге қарай

гүлдейді, олар әдемі.)

Қуаныштың бейнесі

бар сурет.

1 қыркүйек туралы

бейнематериал үзіндісі.

https://www.youtube.

com/

watch?v=xvC4YgyxPOc

III. ҰОҚ-нің

тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 25 минут

(Ұ, Ө) Әліппе-альбомдағы материалмен

жұмыс.

Педагог әліппе-альбомдағы тапсырманы орындап,

Қуанышқа сөмкесін жинауға көмектесуді

ұсынады.

Педагог әңгімені мерекелік Білім күнінде

барлығының жақсы көңіл күйде болатындығына

және Қуаныштың өз мұғаліміне гүлшоқтарын

сыйлауды шешкендігіне әкеліп бұрады.

Қуанышқа қалай көмектесуге болатынын сұрайды

(Жұлдызгүл гүлшоғын салу.)

Педагог «Гүлсауыттағы жұлдызгүлдер»

композициясын қарастыруды ұсынады.

Натюрморттың жансыз заттардың (гүлдер,

көкөністер, жемістер, т.б.) ірі пландағы бейнесі

екендігін еске салады.

Натюрморттарды зерде бойынша және затқа

қарап салады. Натюрмортты натурадан, яғни оған

қарап отырып салуды ұсынады.

(Ұ) Сергіту сәті

(Отырамыз)

Біз гүлзарларда өсетін

Гүлдерміз, гүлдерміз, гүлдерміз.(қолдарын

жоғары көтеріп, баяу тұрады)

Біз өскенде бәрі

Қуанады, қуанады,қуанады. (қол ұстасып,

шеңбермен жүреді)

Біз күзде гүлдейміз, гүлдейміз. (қолдарын алға-

артқа қарай бұлғайды).

Әліппе-альбом.

Мультфильм –

Натюрморт

https://www.youtube.

com/watch?v=Yqfjh_

yUGXM

Түрлі

натюрморттардың

3-4 иллюстрациясы,

композиция:

гүлсауыттағы

жұлдызгүл, үстел,

дастарқан.

31

(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасаудың ережесі

Педагог борды қолда қалай дұрыс ұстауды еске

салады. Қауіпсіздік ережесін сақтауды сұрайды.

(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы

(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.)

Педагогтің бейнені көрсетуі әңгімемен және

балалардың жұмысымен сүйемелденеді.

Әліппе-альбоммен жұмыс

Парақтың жоғарғы бөлігінде сары бормен

сопақша саламыз – бұл жұлдызгүлдің ортасы.

Сосын борды бастырмай, жайлап жапырақтарын

саламыз. Жұлдызгүл жапырақтарын көптеген

сызықтар түрінде бейнелеуге болады.

Сызықтарды күн сәулелері секілді орналастырып,

көлеміне қарай бірдей етіп салу керек. Оларды

бос орын қалдырмастан жиі салу қажет.

Басқа түсті бор алып, анағұрлым көлемді әрі

тірі гүл жасау үшін үстінен бірнеше сызық

қосуға болады. Тағы да бірнеше гүл қосыңдар.

Композицияға назар аударыңдар. Тағы не

салуымыз керек? (Жапырақтар, сабақ.) Гүлдердің

астына гүлсауыт салу қажет. Оны тым үлкен не

тым кішкентай жасамаңдар. Жұмысқа кірісіңдер,

жас суретшілер!

Әліппе-альбом.

Түсті балауыз

борлар.

IV. ҰОҚ-нің

қорытындысы.

Рефлексия.

26–30 минут

(Ұ, Ө) Сурет галереясы ұйымдастырылады.

Балалар өздері талдау жүргізеді. Талдау

барысында педагог сұрақтар қояды:

Қай жұмыс ең көп ұнады?

Неліктен?

Сурет заттың өзіне ұқсай ма?

Өз шоғырыңды кімге сыйлар едің?

Балалардың назарын гүлсауыт пен гүлдердің

құрылымы дұрыс берілген суреттерге аударады.

Балаларға хабарлайды: Сендердің суреттеріңнің

арқасында айналадағы бәрі жанданды, мерекеге

айналды.

Педагог балалардан кемпірқосақ түстерінің

жолақтарын көрсетуін ұсынады: сары түс –

өте тартымды, қызықтырарлық; күлгін түс –

тартымды емес, жабырқанқы.

Балалардың

жұмыстарын

орналастыруға

арналған стенд, әліппе-

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
1513
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі