Тақырып: Жұлынның құрылысы мен
қызметі.
Лекция мәтіні
Ағзадағы мүшелер мен мүшелер жүйелерінің
қызметтерін реттеп үйлестіріп, басқарып, сыртқы ортамен
байланыстырып отыратын арнаулы жүйе жүйке жүйесі деп
аталады Ағзаны сыртқы ортамен байланыстырып, оған бейімдеп отыратын
жүйке жүйесінің әрекеті жүйке жүйесінің жоғарғы дәрежелі қызметі
болып табылады. Ал тек қана денедегі мүшелердің қызметін ғана
реттеп, келістіретін және басқаратын жүйке жүйесінің әрекеті жүйке
жүйесінің төменгі дәрежелі қызметі болып табылады. Жүйке жүйесі
морфологиялық құрылымдары мен қызметтеріне қарай 3 бөлімге
бөлінеді. 1.Орталық жүйке жүйесі: ОЖЖ ,бұл бөлімге жұлын мен
ми жатады
2.Қиян(перифериялық) немесе шеткі жүйке жүйесі:бұл
бөлімге мидан шыққан 12 жұп және жұлыннан шыққан 31 жұп жүйкелер
жатады.
3.Ерекшеленген (вегетативті) жүйке жүйесі:
ВЖЖ.
Жұлыннан немесе мидан шыққан бірнеше бірнеше
жүйке талшықтары бірігеді де, сыртын талшық қаптайды.
Оны жүйке тамыры
деп атайды. Орталық жүйке жүйесіне
филогенетикалық жағынан өте әріден басталған
жұлын және ең жас,біртіндеп дамып келе
жатқан ми жатады. Бұл екі бөлімнің генетикалық,
морфологиялық құрылысы мен қызметі бір-бірімен тығыз байланыстыжәне
біртұтас құрылым.
Жұлын мен миды 3 қабатты қабықша қаптайды:
1. Жұмсақ немесе қан тамырлы қабық ,ең ішкі қан
тамырларына бай жұлын мен мидың үстіңгі бетімен бірігіп жататын
қабық
2. Торлы қабық өте жұқа қантамырсыз
қабық
3. Қатты қабық ең сыртқы дәнекер ұлпалы
қабық
Жұлын тек омыртқа жотасының ішіндегі ұңғылда
орналасады. Ересек адамдарда оның ұзындығы 45 см,ені 15 мм,салмағы
36 гр.Жұлын жоғарғы жағынан ауыз омыртқаның тұсында сопақша миға
жалғасады, ал оның төменгі жағы 2-ші бел омыртқадан төмен қарай ат
құйрықтанып,,негізгі жіпшесі 2-ші құйымшақ омыртқаға дейін жетеді
де сол жерге бекиді Жұлынның ұзына бойында оның жуандығы біркелкі
болмайды;бас жағы 8 жуан, құйрық жағы жіңішке болады. Жұлынның 2 жері
жуандау ; мойын буылтығы және бел-сегізкөз буылтығы болады.
Жұлынның алдыңғы және артыңғы жағында екі жүлге :
алдыңғы орталық сай және артыңғы орталық 8жүлгесі
болады, және
бүйірлерінде оң бүйір және сол бүйір жүлгелері болады Жұлынның
ортасында өте тар тесігі болады.Олор тақ
өзек деп аталады. Жұлынның көлденең кесіндісінен оның ақ зат пен
сұр заттан тұратыны байқалады. Сұр заты қанатын жазған көбелекке
ұқсас , алға шығып тұрған бөлігі алдыңғы аша , артқы бөлігі артқы
аша деп аталады. Ақ зат жұлынның сұр затын
қоршап жатады, ол жүйке талшықтарынан және аксондардан
түзілген. Жұлынның әртүрлі деңгейлеріндегі ақ заты мен сұр
затының пішіндері және қатынасы әр түрлі болады
Ми.
Ми бас сүйегінің ми сауыты ішінде орналасқан. Мидың үлкен екі
бөлімі бар: ми бағаны және үлкен жарты шарлар.
Мидың ең үлкен бөлімі үлкен
жарты шарлар, мұнан кейін мөлшері бойынша мишық, ал қалған
салыстырмалы түрде онша үлкен емес бөлімін ми бағаны
түзеді. Мидың негізгі бөлімінен 12 жұп нерв шығады. Мидың
баған бөлімі. Оған сопақша ми, көпір, мишық, ми сабақтары мен төрт
төмпешік жатады. Бұлар мидың тарихи ерте дамыған бөлімдері болап
саналады. Олар ми сыңарларына қарағанда жай құрылысты, көлемдері де
кіші келеді. Сопақша ми- жұлынның тікелей жалғасы, сондықтан да
жұлын құрылысына өте ұқсас келеді. Кейде қосымша ми деп те атайды.
Жұлын бетімен өтетін сайлар сопақша ми бетіне жалғасып оның ақ
затын алдыңғы, ортаңғы және артқы үш жұп бағандарға бөледі. Алдыңғы
баған алдыңғы ұзынша сайдың екі жағында орналасады. Оны сопақша ми
пирамидасы деп атайды. Ол ұзынша келген ақ дөңес ұзына бой жүріп
жатқан нерв талшықтарынан түзілген. Олар мидың орталықтан тепкіш
қозғалтқыш жолдарын түзеді. Бұл талшықтардың кейбіреулері оңнан
солға, солдан оңға ауысып пирамида айқасын жасайды. Бұл айқасқан
талшықтар жұлынның бүйір бағанымен төмен түседі. Бұны бүйір
пирамида жолы деп атайды. Сопақша мидың ішкі жағындағы ссұр заты
сементтер түзбей, бөлшектене жатқан нерв ядроларын түзеді. Олардың
сопақша мидың сыртына тебетін нерв түбіршектері шығады. Сопақша ми
пирамидасының екі жағында жатқан ұзынша ақ дөңесті олива деп
атайды. Оның ішінде нейрондар жиынтығынан түзілген тісті ядро
жатады.. Бұл нейрондар адам денесінің тік ұстап тұруына себепші
болады. Сол себептен олива дөңесі денесін тік ұстап жүретін маймыл
тектстер мен адамда ғана кездеседі. Олива мишықпен тығыз байланысты
болады. Қорытып айтқанда, сопақша ми жұлын сияқты өткізгіш және
рефлекторлы маңыз атқарады Сопақша ми мен варолий көпіршігі.
Сопақша ми мен көпірді артқы ми деп те атайды. Сопақша ми ұзынша
бадам тәрізді және жұлынның ми бағанындағы тікелей жалғасы болып
есептеледі. Оның ұзындығы 28мм. Сопақша ми тонустық, статикалық
және статокинетикалық рефлекстердің орындалуына қатысады.
Статистикалық рефлекстер адамның белгілі бір қалпын сақтауды
қамтамасыз етеді, ал статокинетикалық –кеңістіктегі қозғалысты
қамтамасыз етеді. Сопақша мидың ядролары ас қорыту, сөл
бөлу,шайнау,ему,жұту, түшкіру сияқты рефлекстік қызметтердің
орындалуына қатысады. Варолий көпірі-сопақша мидың алдындағы
көлденең білеуленген құрылым. Көпірдің функциясы онда орналасқан
5-7 жұп ми нервтерінің ядроларына байланысты. Мишық. Сопақша ми мен
варолий көпірінің прт жағында мишық орналасады. Бұл екі шардан және
оларды қосып тұрған құртшадан тұрады. Сұр заттар мишықтың бетінде
орналасқан мишықтың қыртысн түзеді. Ортаңғы ми. Ортаңғы ми4
төмпешіктеен және үлкен ми аяқшаларынан тұрады. Ортаңғы мидың қуысы
тар. Ортаңғы ми арқылы үлкен шарты шарлар қыртысына және мишыққа
баратын өрлеме жолдар мен сопақша ми мен жұлынға импульс беретін
құлама жолдардың барлығы өтеді. Аралық ми адамда 3-ші қарынша
қуысын қоршай жататын төрт бөлімнен тұратын құрылым. Аралық мидың
негізгі бөлімі- таламус. Мидың алдыңғы бөлімін үлкен екі жарты шар
түзеді.Әрбір жарты шарлар құрамына қыртыс,иіс миы және базальді
ганглиялар кіреді. Ересек адамдарда үлкен шарты шарлардың салмағы
ми массасының 80 пайызына жуық. Базальді ганлиялар. Үлкен жарты
шардың ішінде,маңдай бөлігі мен аралық ми арасында сұр заттардың
жиынтықтары орналасқан. Бұлар базальды немесе қыртысасты
ганглиялар. Бұлардың үш жұп құрылымын ажыратады: құйрықты ядро,
қабық, солғын шар. Базальды ганглиялар өткізгіш жолдары арқылы ми
қыртысымен,мишықпен,таламуспен байланысады. Базальды ганглиялар дың
функциясы нашар зерттелген, оның себебі,1-н, оған жету қиын,2-н бұл
құрылым жануарлардың әр түрлерінде әртүрлі функция атқарады. Мидың
үлкен жарты шарларының қыртысы орталық нерв жүйесінің ең жоғарғы,
филогенездік ең жас құрылымы.