400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жұмбақ есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Түрлі жұмбақ есептер бар.Қажетті материалға жаратуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ есептер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жұмбақ есептерге түсінік беру, оларға есептер шығарту

Дамытушылық: ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын ояту.

Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, шапшаңдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың түрі: білімге қалыптастыру

Сабақтың әдісі: түсіндіріу, есеп шығарту

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

IV. Есептер шығарту

V. Үйге тапсырма беру

VI. Сабақты бекіту

VII. Оқушыларды бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі :

- Оқушының әзірлігін тексеру.

- Керекті құралдарын даярлау .

- Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Сұрақ –жауап.

  • Үйге берілген тапсырманы тексеру (есептерін тексеріп шығу).

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жұмбақ есептерді шешіп, оқушылардың шапшаңдығын тексеріп, оларды ұшқыр да ұшымды шешім қабылдай білетінін көру, кей есептердің шешіміне қатысты өз ойларын тыңдау.

Мысалы:Қандай үш санның қосындысы, көбейтіндісіне тең болады?

Шешуі:1*2*3=6 1+2+3=6

Жауабы: 1, 2, 3

IV. Есептер шығарту (дәптермен жұмыс)

№ 1 есеп:

Көкалда қаздар мен қойлар жайылып жүр. Олардың басы 35, аяғы 94 болса неше қаз, неше қой болады?

Жауабы: 23қаз, 12 қой.

№ 2 есеп

Арыстан қойды жеке өзі 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ит 6 сағатта жеп тауысады. Егер үшеуі бірігіп жесе, бір қойды неше сағатта тауысады?

Жауабы: Бір сағатта.

№3 есеп

Қорада қояндар мен тауықтар бар. Олардың жалпы саны 49, аяқтарының саны 100. Қоянмен тауықтың әр қайсысы нешеу болған?

Жауабы:бір қоян, 48 тауық.

№ 4 есеп

Бір топ торғай бірнеше бұтаққа келіп қонды. Үш-үштен қонса 3 бұтақ артық қалады. Екі-екіден қонса 2 бұтақ жетпей қалады. Ағаштың неше бұтағы бар?

Жауабы: 5 бұтақ бар.

№5 есеп

Жеті тау бар. Әр тауда 7 ағаш бар, әр ағашта 7 үлкен бұтақ бар, әр бұтақта 7 кішкене бұтақ бар. Әр бұтақта 7 ұя, әр ұяда жеті жұмыртқа болса, барлығы неше жұмыртқа болғаны?

Жауабы:1402 жұмыртқа

№6 есеп

Екіге бөлсе 1, үшке бөлсе 2, төртке бөлсе 3, беске бөлсе 4, алтыға бөлсе 5, жетіге бөлсе 6 қалдық қалатын қандай санды білесіз?

Шешуі:

419:2=209 (1)

419:3=139 (2)

419:4=106 (3)

419:5=83 (4)

419:6= 69 (5)

419:7=59 (6)

Жауабы: 419

V. Сабақты қорытындылау: Жұмбақ есептердің мәні неде?

VI .Үйге тапсырма беру. Жұмбақ есептер құрасытыры келу.

VII. Оқушыларды бағалау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
3424
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі