Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жұмыс зонасында шу деңгейін анықтау. Шаңның құрамын таразылау, седиментациялық есептеу әдістерімен анықтау
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ОҚО, Түркістан қаласы
«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі
Жалпы гигиена пәнінің оқытушысы
Розиева Ирода Акимжановна
Сабақтың тақырыбы: Жұмыс зонасында шу деңгейін анықтау. Шаңның құрамын таразылау, седиментациялық есептеу әдістерімен анықтау.
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
-
Шағын топпен оқыту (SGL ) ;
-
Ақпараттық оқыту технологиясы IT;
-
Дамыта оқыту технологиясы;
-
Құзыреттілікке негізделген оқыту(TBС) ;
-
Студенттердің тақырыпқа байланысты презентациясы (OR).
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
-
Түсіндіру
-
Сұхбаттасу
-
Тестілеу (MCQ),
-
Ауызша сұрау(OA)
-
Өзін-өзі бақылау, ынталандыру, көрнекі құралдарды қолдану арқылы түсіндіру
-
Пысықтау
-
Презентацияны бағалау (MSF- 3600).
С абақтың мақсаты:
Білімділік:
-
Шу және олардың организмге әсерімен танысу.
-
«Шумомер» аспабының құрылысын, жұмыс істеу тәртібін үйрету.
-
Шу деңгейін анықтауды игеру.
-
Өлшеу нәтижелерін гигиеналық баға беруді үйрету.
-
Шаңның құрамын таразылау, седиментациялық есептеу әдістерімен сандық анықтауды игерту.. Алынған нәтижелерді гигиеналық бағалау.
-
Ауадан сынама алу үшін электрлі аспиратордың құрылысы. Жұмыс істеу тәртібімен таныстыру.
Дамытушылық:
-
Шу және олардың организмге әсерін әсерімен таныса отырып, студенттердің логикалық ой өрісін дамыту.
-
«Шумомер аспабының» құрылысын, жұмыс істеу тәртібін
-
Өндірістік шаңның түрлерімен таныса отырып, студенттердің логикалық ой өрісін дамыту.
-
Өндірістік шаңның ағзаға әр түрлі әсер етуін үйретіп, өндірістік шаңның алдын алу шараларын игерте отырып, клиникалық ойлау қабілеттерін арттыру.
-
Ауадан сынама алу үшін электрлі аспиратор, сулы аспиратордың, жұтқыш приборлардың құрылысы. Жұмыс істеу тәртібімен таныстыра отырып, кәсіби қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
-
Студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру
-
Өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға
-
Мәдениеттілікке, адамгершілікке,шеберлікке, сабырлыққа тәрбиелеу
-
Студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру
-
Өз ойларын тиянақты айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды меңгеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу
-
Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту
-
Интернет сайттармен және қосымша білім көздерімен жұмыс істеуге баулу.
Пәнішілік байланыс:
Гигиена пәніне кіріспе- Жеке адам гигиенасы қоғам гигиенасының бір бөлігі. Гигиенаның, медицинаның кез келген жетістігі егер адам жеке бас гигиенасын сақтамай, өзінің денсаулығына немқұрайлы қараса, адам денсаулығын сақтай алмайды.
«Қазіргі кездегі адамдардың өмір сүру ұзақтығы 100 жылдан кем болмау керек, егер ондай болмаса, демек адамдар өздерінің денсаулығына дұрыс көңіл бөлмегенің - деп Физиолог Павлов И.П айтқан.
Салауатты өмір сүруге қазіргі кездегі ғылыми- техникалық жетістіктердің адам ағзасына теріс әсерін (гиподинамия, жүйке- психикасына күш түсіретін жұмыстар) жою және ағзаның жаңа факторлар мен қоршаған ортаның жаңа жағдайларына адамның бейімделуін жоғарылату жатады. Топырақ гигиенасы-Адамға әсер ететін қоршаған орта факторларының бірі – топырақ. Топырақ – жер қыртысының борпылдақ жоғарғы қабаты, ол минералды, органикалық, органикалық - минералды қосылыстардан және микроорганизмдердің көп мөлшерінен тұрады. Қоршаған ортаның бір элементі ретінде топырақ адамның денсаулығына және санитарлық жағдайына үлкен әсер етеді.
Пәндер аралық байланыс (қамтитын және қамтылатын пәндер)
Қамтитын:Валеология (Гигиена және денсаулық) .Валеология. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» Салауатты өмір салтының нормалары жеке бастың гигиенасы, жанұя гигиенасы. Адам денсаулығы үшін оның өмір сүру салты үлкен маңызға ие. Санитарлық-профилактикалық шараларды жүргізу жатады. Адам денсаулығы үшін оның өмір сүру салты үлкен маңызға ие. Өмір сүру салты- биоәлеуметгік категория, адамның еңбек етуімен, тұрмысымен, рухани және материалдык қажеттілігімен қанағаттандыру түрімен, жеке және қоғамдық тәртіптің ережелерімен сипатталады. Денсаулықгы сақтауға және нығайтуға дұрыс ұйымдастырылған еңбек пен демалыс, жеткілікті қимыл белсенділігі, дұрыс тамақгану, зиянды әдеттерден аулақ болу әсерін тигізеді.
Салауатты өмір салты тек қана ауруларды алдын алатын әдіс емес, ол аурудың бастапқы кезеңін нағыз пайда болу кезеңіне өткізбейтін әдіс. Ол созылмалы ауруларды ( гипертониялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы, асқазан және ұлтабар жарасы) емдейтін әдіс. Салауатты өмір салты қарттық жаста өмір сүру белсенділігін бір қалыпта сақтайтын және ең көп таралған аурулардан мезгілсіз өлуден алдын-алатын шара, Сонымен, қорыта айтқанда, салауатты өмір салты-адамның барлық өмір сүру кезеңдерінде (бала,жас,қарт) және ауру, сау кезінде • денсаулықты сақтайтын және нығайтатын әдіс.
Студент білуі тиіс:
-
Еңбек гигиенасының міндеттерін
-
Шу көзін, ағзаға әсерін, қорғану әдістерін
-
Өндірістік микроклимат, жіктелуін
-
Қолайсыз микроклимат әсерінен пайда болатын ауруларды
Студент игеруі тиіс:
-
Оқу бөлмесінде жарықтандыруды, шуды анықтай алуды
-
Шу деңгейін анықтауды игеру;
-
Өлшеу нәтижелерін гигиеналық баға беруді ;
-
Шаңның құрамын таразылау, седиментациялық есептеу әдістерімен сандық
анықтауды ;
-
Ауадан сынама алу үшін электрлі аспиратордың құрылысы. Жұмыс істеу тәртібімен танысу;
-
Өндірістік аурулар мен қажудың алдын алуды ұйымдастыруды
-
Қолайсыз микроклимат әсерінен пайда болатын аурулардың алдын алу шараларын ұйымдастыруды
Уақыты: 180 мин
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар:
-
Плакаттар,
-
Суреттер,
-
Кестелер.
Үлестірме материалдар:
-
Студентке арналған әдістемелік нұсқаулар
-
Тақырыпқа арналған карточкалар
-
Суреттер
-
Сөз жұмбақтар
-
Тест ІІІ нұсқада
Техникалық оқу құралдары:
-
Мультимедиалық кешен.
-
Электронды оқулық
Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:
Негізгі:
1. Бурак И.И. В.П. Филонов «Гигиена» Учебное пособие Минск «Высшая школа 2001
2. Большаков А.М, Маймулов В.Г. Общая гигиена, ГЭОТАР. 2006
3. Торғаутов.Б.К. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена. Оқу қуралы. 2009
4. Жалпы гигиена Дадашева М.Ж. 2011ж
Қосымша:
1.Жалпы гигиена(практикалық сабақтарға арналған) Сералива М.Ш. 2010ж
2.. Гигиена У.И.Кеңесариев. 2010ж
3. Жалпы гигиена Дадашева М.Ж. 2011ж
4. Гигиена Р.Д.Габович 1982,1977,1970
5. Общая гигиена А.Н.Большаков
WEB сайттар тізімі
5. www.med.ru
11. www.medmedia.kz
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі (3-5 минут):
Аудиторияның сабаққа дайындығын, студенттердің сыртқы көрінісін, сабаққа қатысуларын түгелдеу, журнал толтыру.
2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (3-5 мин):
№ |
Сабақ бөлімдерінің атауы |
Уақыты |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі (аудитория тазалығын, сабақтың жабдықталуын, топ түгелдігін тексеріп, журнал толтыру) |
3-5 минут |
2 |
Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау Оқытушының кіріспе сөзі (тақырыптың мотивациясына, маңыздылығына тоқталып, сабақтың жоспары мен мақсаттарын айқындау) |
3-5 минут |
3 |
Білім деңгейін бақылау |
25-30 минут |
4 |
Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау |
25 минут |
5 |
Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру |
3-5 минут |
6 |
Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы |
90 минут |
7 |
Сабақты қорытындылау |
10 минут |
8 |
Үйге тапсырма беру |
10 минут |
Оқытушының кіріспе сөзі:
Еңбек гигиенасы -гигиена бөлімінің бір бөлігі. Ол еңбек процестерінің және өндірістік ортаның адам организміне әсерін зерттейді және гигиеналық, емдік- профилактикалық шараларды дайындайды. Бұл шаралар жұмыс істейтін адамның денсаулығын жақсартуға, жұмыс қабілетін және еңбектің өнімділігін арттыруға бағытталады.
Еңбек гигиенасының міндеттері:
-
Еңбек етуге жақсы жағдай жасау.
-
Жалпы және кәсіптік ауруларды азайту.
-
Еңбек өнімділігін арттыру.
Еңбек процесінің механикаландырылуы және автоматтандырылуы жұмысты жеңілдетеді. Қол жұмысын азайтады, еңбектің сипаты өзгереді. Негізгі мамандар болып диспетчер, операторлар саналады. Еңбек өнімділігі артады.
Кемшілігі: Еңбектің жеңілденуі, адамның физикалық еңбектен босатылуы дене қимылын азайтады (гипокинезияға ұшыратады). Еңбек көбінесе бір сарында болып, тез шаршатуға әкеледі. Гипокинезия бұлшық еттердің жиырылуын төмендетеді, олардың физикалық- химиялық қасиеттерін өзгертеді, сүйек ұлпаларынан кальцийдің шығуы байқалады. Гипокинезия жүрек қан тамырларының жағдайына әсер етіп, тамырларының тонусын әлсіретеді. Миокард инфаркты ауруы қимылы аз адамдарда, белсенді физикалық еңбекпен шұғылданатын адамдарға қарағанда үш есе көп кездеседі.
Механикаландыру және автоматтандыру көбінесе адамның нерв жүйесіне, психикасына әсер етеді.
Өндіріске көптеген жаңа энергия түрлерін енгізу жаңа кәсіптік аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады (лазерлік және радиоактивтік сәуле алу) Химияның дамуына байланысты жұмысшылар көптеген жаңа улы заттармен жұмыс істейді. Ол заттар аллергендік, канцерогендік және ағзадағы улану жағынан әсер етеді.
3 Білім деңгейін бақылау (25-30 мин):
Бақылау сұрақтар:
Сұрақ 1: Еңбек гигиенасының міндеттерін атаңыз
Жауап: Еңбек гигиенасы гигиена бөлімінің бір бөлігі. Ол еңбек процестерінің және өндірістік ортаның адам организміне әсерін зерттейді және гигиеналық, емдік- профилактикалық шараларды дайындайды. Бұл шаралар жұмыс істейтін адамның денсаулығын жақсартуға, жұмыс қабілетін және еңбектің өнімділігін арттыруға бағытталады.
Еңбек гигиенасының міндеттері:
-
Еңбек етуге жақсы жағдай жасау.
-
Жалпы және кәсіптік ауруларды азайту.
-
Еңбек өнімділігін арттыру.
Сұрақ 2: Ғылыми техникалық прогресстің адам организміне әсері қандай?
Жауап: Артықшылығы: Еңбек процесінің механикаландырылуы және автоматтандырылуы жұмысты жеңілдетеді. Қол жұмысын азайтады, еңбектің сипаты өзгереді. Негізгі мамандар болып диспетчер, операторлар саналады. Еңбек өнімділігі артады.
Кемшілігі: Еңбектің жеңілденуі, адамның физикалық еңбектен босатылуы дене қимылын азайтады (гипокинезияға ұшыратады). Еңбек көбінесе бір сарында болып, тез шаршатуға әкеледі. Гипокинезия бұлшық еттердің жиырылуын төмендетеді, олардың физикалық- химиялық қасиеттерін өзгертеді, сүйек ұлпаларынан кальцийдің шығуы байқалады. Гипокинезия жүрек қан тамырларының жағдайына әсер етіп, тамырларының тонусын әлсіретеді. Миокард инфаркты ауруы қимылы аз адамдарда, белсенді физикалық еңбекпен шұғылданатын адамдарға қарағанда үш есе көп кездеседі.
Механикаландыру және автоматтандыру көбінесе адамның нерв жүйесіне, психикасына әсер етеді.
Өндіріске көптеген жаңа энергия түрлерін енгізу жаңа кәсіптік аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады (лазерлік және радиоактивтік сәуле алу) Химияның дамуына байланысты жұмысшылар көптеген жаңа улы заттармен жұмыс істейді. Ол заттар аллергендік, канцерогендік және ағзадағы улану жағынан әсер етеді.
Сұрақ 3: Еңбектің түрлері қандай?
Жауап: Еңбек негізінен 2 түрге бөлінеді:
-
Ой еңбегі.
-
Дене еңбегі.
Ой еңбегі кезінде негізгі ауыртпалық жүйке жүйесінің жоғарғы бөліміне яғни бас миының үлкен жарты шарының бөлігіне түседі, ал дене еңбегі кезінде негізгі ауыртпалық жүйке жүйесіне, бұлшық ет аппаратына жүрек, тыныс алу және жылу реттейтін жүйелерге бағытталарды.
Сұрақ 4: Жұмыс кезіндегі организмде қандай өзгерістер байқалады?
Жауап:
Орталық жүйке жүйесінде, ой және жұмыс еңбегі кезінде, жұмыс істеудің қозу процестері дамиды, яғни шартты рефлекторлық жұмыс жақсарады. Сезім мүшелерінің қабылдауы артады. Қозумен бір мезгілде тежелу процестері басталады, яғни осы 2 процесс арасында тепе –теңдік пайда болады. Жеңіл жұмыс кезінде бұл жағдай күні бойы сақталады, ал ауыр жұмыс түрінде шартты рефлекторлық қызмет төмендейді. Бас мида тежелу процестері орын ала бастайды. Шартты рефлекс төмендейді, көздің қимылдау реакциясының жылдамдығы азаяды.
Жүйке импульстарының әсерінен бұлшық етте биохимиялық және биофизикалық процестер жүреді. Олар бұлшық еттің жиырылуына әсер етеді. Бұлшық еттерге оттегі қажеттілігі көтеріліп, тағамдық заттарға талап артады. Бұл жағдай әсіресе жұмыс еңбегі кезінде байқалады. Мысалы, жүрек қан тамыры жүйесінде жұмыс кезінде жүректің соғуы жиілейді. Қанның минуттық көлемі 3-5 литрден 30-40 литрге дейін көбейеді. Артерия қысымы 5-30 мм. сынап бағанасына көтеріледі. Жұмыс біткеннен кейін ағзада болған өзгерістер бірте- бірте қалпына келе бастайды. Бұл уақыт қайта қалпына келу кезеңі деп аталады.
Сұрақ 5: Кәсіптік зияндылықтар мен кәсіптік аурулар туралы жалпы түсінік беріңіз
Жауап: Еңбек процесі кезінде және өндірістік жағдайда кейбір факторлар денсаулыққа зиянды әсер етеді. Мұндай факторларды кәсіби зияндылықтар деп атайды. Олар 3 топқа бөлінеді.
-
Дұрыс ұйымдастырылмаған еңбек процесімен байланысты болған зияндылықтарға еңбек режимінің бұзылуы, бұрыс жұмыс позасы, физикалық және жүйке- психикалық ауытқулар мен тағы басқалар жатады.
-
Өндірістік орынның және процестердің ерекшеліктеріне байланысты болған зияндылықтар:
-
қолайсыз микроклимат (ыстық және төменгі температура)
-
жоғарғы және төменгі атмосфералық қысым.
-
шамадан тыс шу және тербеліс.
-
әртүрлі электромагниттік сәулелердің (жылу, ультракүлгін және иондық) түрлері өндірістік улы заттар.
-
өндірістік шаң тозаңдар.
-
патогенді микроағзалар (мал шаруашылығындағы бруцеллез, тері өңдейтін кәсіпорындарындағы сібір жарасының қоздыр-ғыштары)
-
Жарақатқа соқтыратын механикалық факторлар.
-
Еңбектің жалпы санитарлық жағдайларына байла-нысты зияндылықтар жеткіліксіз жарықтану, цехтардың бір-бірімен дұрыс орналаспауы, тұрмыс-тық қызметтердің (душ, асхана т.б.) жеткіліксіз көрсетілуі.
Сұрақ 6: Шаршау және шалдығу дегеніміз не?
Жауап: Шаршау бұл- күрделі физиологиялық процесс, ұзақ ауыр жұмыстың салдарынан пайда болады және уақытша жұмыс қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Шаршау кезінде зейін аудару, жұмысқа қызығушылық төмендейді. Қимылдау координациясы және тепе-теңдігі бұзылады. Жүрек жиі соғады, ентігу, жұмыс жасаған бұлшық еттердің ауырсынуы байқалады. Шаршау жүйке жүйесінің жоғарғы бөлігінде басталып организмнің барлық жүйелеріне таралады. Жеткілікті дем алғаннан кейін жұмыс істеу қабілеті қайтадан қалпына келеді.
Шалдығу – патологиялық процесс. Ауыр және ұзақ жұмыс жасау кезінде, жеткіліксіз демалу салдарынан пайда болады. Шалдығудың шаршаудан айырмашылығы дем алғаннан кейін жұмыс істеу қабілеті қайта қалпына келмейді. Шалдығу кезінде орталық жүйке жүйесінде қозу процесі байқалады, яғни жұмысшының көңіл күйі нашарлайды, ашуланшақ болады, ұйқысы бұзылады. Шалдығу невроз, гипертония жүрек қан- тамырлар ауруы және асқазан жарасының асқынуына шалдықтырады. Адамның қорғаныс күштері азаяды. Шалдығуды жою үшін ұзақ уақыт бойы демалу керек және емдік шаралар қабылдау керек.
Гигиеналық зерттеулер негізінде еңбек жұмысы әртүрлі анықтауыштар бойынша 4 топқа бөлінеді.
1 топ жеңіл жұмыс еңбегі;
2 топ орташа жұмыс еңбегі;
3 топ ауыр жұмыс еңбегі;
4 топ өте ауыр жұмыс еңбегі;
Жұмыс еңбегінің ауырлығын анықтау үшін энергияның жұмсалуы, тамыр соғуының жиілігі, жұмыс дозасы және салмақ түсу мөлшері есепке алынады.
Сұрақ 7: Шаршау және шалдығумен күресу шаралары қандай?
Жауап: Оң эмоциялық жағдайға келу адамның жұмыс қабілетін арттырады. Оң эмоциялар өндірістік жұмысты дұрыс түсінумен, алдын- ала жоспардың құрылуымен, өндірістік процесті дұрыс ұйымдастырумен, жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті сақтаумен, өндірістік эстетика құралдарын қолданумен және музыка тыңдауды ұйымдастырумен пайда болады.
Адамның жұмыс қабілеті көбінесе оның өндірістік жұмысқа жаттықтырылуымен байланысты.
Шаршаудың алдын алудың ең негізгі шараларының бірі жұмыс күнінің ұзақтығын шектеу. Еңбек заңы бойынша жұмыс күнінің ұзақтығы 8 сағаттан аспау керек. Кейбір кәсіпорындарда, мысалы көмір өндіру өндірістерінде жұмыс күнінің ұзақтығы 6 сағаттан аспауы керек. Демалу 2 түрге бөлінеді.
-
Өндірісте демалу және жұмыстан кейін демалу.
Егер жұмыс күні тығыз болатын болса, онда әрбір 1-2 сағат сайын 5-10 минут демалу ұйымдастырылады. Мұндай демалулар гимнастикалық жаттығулармен айналысуды қажет етеді. Физкультпаузалар таза ауада немесе желдетілген бөлмеде өткізіледі.
Физкультпаузаларды түскі асқа дейін 2 сағат бұрын 2 рет жасалынады. Еңбек заңы бойынша жұмыс күнінің ортасында міндетті түрде түскі асқа үзіліс беріледі. Оның ұзақтығы бір сағатқа дейін созылады.
Осындай шаралармен қатар аптаның соңына қарай және жылына бір рет демалыс беріледі.
Сұрақ 8: Өндірістік шаң-тозаңдар. Олардың жіктелуі қандай?
Жауап: Кәсіби аурулардың ішінде шаң-тозаңның әсерінен пайда болатын аурулар жиі кездеседі. Шаң-тозаңның жоғары мөлшері көптеген өндірістік процестер кезінде (ұсақтау, бұрғылау, бөлшектеу, електен өткізу, электрлік дәнекерлеу және шаң басқан материалдарын тасымалдау, жарылыс жұмыстары кезінде) пайда болады.
Ауаның шаңмен ластануы шахталарда, ауыл шаруашылық жұмыстарында, руда өндірістерінде байқалады. Шаңдардың жоғары концентрациясы жұмыс-тардың дұрыс ұйымдастырылмауына, профилактикалық шаралардың орындалмауына байланысты болады.
Шаңдардың организмге әсері оның химиялық құрамына, ауаның шаңдану дәрежесіне, шаң бөлшектерінің мөлшеріне және пішініне байланысты.Таза ауаның 1 м3 мөлшерінде 0,1 мг шаң-тозаң кездеседі, ал жоғары ластанған бөлмеде 1 м3 ауада жүздеген, мыңдаған мг. Шаңмен ластанудың жоғарылауы шаңның организмге әсерін күшейтеді.
Жалпы қабылданған жіктелуге сәйкес барлық өндірістік шаңдар органикалық және органикалық емес болып ажыратылады.
Сұрақ 9: Шаң тозаңдардан дамитын ауруларға сипаттама беріңіз.
Жауап: Шаңның әсерінен бірте-бірте тұрақты өзгерістер пайда болады. Бұл өзгеріс бір жағынан өкпе ұлпаларының диффузды фиброзымен, ал 2-ші жағынан силикатты түйіндердің пайда болуымен сипатталады. Түйіндердің пайда болуы шаң клеткаларының топталуынан басталады. Олар альвеола қуысында орналасып, кейін лимфа жолдары арқылы плевраға және өкпе тамырына барады. Кейінен бұл силикатты түйіндер өзгерістерге ұшырап фибробласттарға айналады.
Силикоз баяу дамитын созылмалы процесс, ол бірнеше жыл кремний шаңымен ластанған ауада жұмыс істеген жұмысшыларда кездеседі.
Силикоздың клиникасы 3 белгімен көкірек қаңқасының ауырсынуымен,ентігумен, жөтелмен сипатталады. Ауру бастал-ғанда кеуде клеткаларындағы ауырсыну тұрақты болмайды, әртүрлі бөліктерінде байқалады. Кейінен көкірек клеткаларының барлық бөліктерінде тұрақты ауырсыну пайда болады. Силикоздың 1-ші сатысында жұмыс қабілеті төмендемейді, ал патологиялық процестің өршіп дамуында ентігу тұрақты байқалады.
Силикоздың ауыр түрінің клиникасында 3 фаза( кезең) байқалады.Бірінші фаза өте ұзақ болады. Патологиялық процестің ауыр дамуына сәйкес келмегендіктен, науқас қанағаттанарлық жағдайда сезінеді.
Екінші фазасында аурудың пневмония мен құрғақ плевритпен асқынуы байқалады.
Силикоздың 3- стадиясында инфекцияның арнайы түрі қосылып, силикотуберкулез дамиды. Мұнда туберкулез интоксикациясын сипаттайтын симптомдар пайда болады. Ондай кезде науқасты температурасы көтеріледі, дене салмағы төмендейді, жалпы әлсіздік, өте шаршау белгілері пайда болады.
Асбесттің шаң бөлшектері ағза үшін аса қауіпті. Асбестоз ауруын туындатады. Бұл өкпенің зақымдалуымен сипатталатын созылмалы ауру. Қақырықта, өкпе ұлпаларында және бронхыларда асбест бөлшектері кездеседі. Зерттеулер көрсеткендей асбестозда өкпе ісігінің қатерлі түрде дамуы байқалады.
Пневмокониоздың бір түрі антракоз ауруы. Оның дамуына ауаның көмір шаңымен ластануы себеп болады. Клиникалық картинасы жай және жеңіл түрде өтеді.
Шаңның организмге әсері әртүрлі болады. Ол кейде көздің шырышты қабығын зақымдап отырып конъюктивит, кератит ауруларын туындатады, ал тері жамылғысында фолликулит, терінің іріңді ауруларын шақырады.
Сұрақ 10: Өндірістік аурулардың алдын алу шаралары қандай?.
Жауап: Шаң-тозаңмен күресу үшін көптеген технологиялық процестер өзгеріске ұшырауы керек, яғни механикаландыру және автоматтандыру қажет. Керекті жабдықтарды тұйықтау керек. Мысалы: табиғи тастан жасалған шлифтелген дөңгелектерді жасанды ( карборунд) түрге ауыстыру керек. Шаң тозаңды азайту үшін құрғақ әдісті ылғалды әдіске алмастырылады. Бұл әдіс кезінде шаң тозаңмен ластану 10-50 есе кемиді және силикоз ауруы азаяды.
Өндірістік бөлмелерде ылғалды жинау немесе шаң сорғышпен тазалу әдісі қолданылады.
Еңбек орнын сауықтыру үшін дұрыс құрылған желдетулер маңызды роль атқарады. Шаң пайда болған жерден шаңды шығару үшін жергілікті желдеткіштер пайдаланылады.
Жоғарыдағы шаралардың тиімділігін бағалайтын негізгі көрсеткіштерге ауадағы шаңның құрамын шектеулі нормаға (ПДК) дейін төмендету жатады.
Егер жүргізілген технологиялық шаралар керекті нәтиже бермесе және жұмыс зонасында ауаның шаңмен ластануы жоғары дәрежеде қалса, онда жеке қорғаныс заттары қолданылады. Олардың қатарына көзді шаңнан сақтайтын көз- әйнектер, тыныс алу жолдарын сақтайтын мақта дәкелі таңба (респираторлар), теріні сақтайтын комбинезондар жатады.
Пневмокониоздың алдын алу үшін медициналық тексерілуден (рентгенография, флюрография) өтіп тұру керек.
Жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығының барьерды қызметін көтеру үшін минералды сулар, физиологиялық ерітінділер мен ингаляция қолданылады.
Сұрақ 11 : Шу мен тербеліс. Олардың ағзаға әсері қандай?
Жауап: Шу деп әртүрлі жылдамдықта және жоғарылықта естілетін механикалық тербелістердің жиынтығын айтамыз. Қалыпты есіту анализаторы 500гц деп 4000 герц жиіліктегі дыбыстарды қабылдайды. 16 гц-тен төмен және 20000 гц-тен жоғары болған дыбыстарды есту мүшесі қабылдамайды.
Өндірістік жағдайда 2 түрге бөлінеді:
-
Стабильді шу- дыбыстық қысымы тұрақты деңгейімен мінезделеді.
-
Импульсты шу – тұрақты емес, үзілісті шу.
Спектрлік құрамы бойынша:
төменгі (350 гц-ге дейін), жиілігі орташа жиілікті ( 350 –800 гц) және жиілігі жоғары (800 гц және одан жоғары) болып жіктеледі.
Шудың кері әсерін мінездегенде ең алдымен шуды адекватты қабылдайтын органдардың өзгеруіне тоқтау керек.
Алғашқы күзету кездерде есіту қабілетінің төмендеуі байқалады.
Шудың спецификалық әсер етуі нәтижесінде Шудан жарақаттау әсері (шумовая травма), есітудің төмендеуі, кәсіптік кереңдік байқалады. Шумен жарақаттану жоғары дәрежелі дыбыстық қысым әсерінен пайда болады.
Шумен жарақаттану жарылыс кезінде, қуатты двигателдерді тексеріп көргенде пайда болады. Құлақта ауыру сезіледі, бас айналады, есту жүйесі зақымдалады.
Шу тек қана есіту органдарын зақымдамай, орталық жүйке жүйесінің қызметіне әсер етеді, невроздық жағдай қалыптасады. Қан қысымы көтеріледі, жүрек айналасында ауыру байқалады, аритмия және тағы басқа қан тамырларының өзгерісі болады. Шу асқазан сөлінің аз бөлінуіне, көру органдарының, эндокрин аппараттарының өзгерісіне де әсер етеді. Сонымен қатар, шу организмдегі иммунобиологиялық күшті төмендетіп жалпы аурулардың өсуін күшейтеді.
Шу дәрежесінің өлшеу бірлігі децибел (ДБ). Өндірістік шумен күресу маңызды және күрделі мәселе. Мүмкіндігінше шу дәрежесін төмендету керек. Ой еңбегімен жұмыс жасайтын лабораторияларда дыбыстың деңгейі 50 ДБ-дан аспауы керек.
Басқару жұмыстарын атқаратын бөлімде 60 ДБ-дан, ал шу көздерінің өзі орналасқан бөлмеде 80-85 ДБ-дан аспау керек.
Шумен күресу үшін көптеген жеке және өндірістік шаралар қолданылады.Өндірісте шуды азайту үшін кейбір технологиялық процестер өзгертіледі. Мысалы: штамповкалаудың орнына қысыммен өңдеу, электрлі жалғау кәсіби кереңдікті жояды. Кейбір цехтарды бөлек ғимараттарға орналастырады. Шу бөлетін цехтардың қабырғалары дыбысты әлсірететін материалдан болуы керек. Мүмкін болса шуды аз өткізетін материалмен (негізі асбест немесе ағашпен) қаптау керек.
Жеке шара ретінде шуға қарсы құлаққа мақтадан жасалған тампондар, арнайы резиналық "втулкалар" қолданылады. Құлаққа кигізетін аппараттар гигиеналық жағынан қолайлы, шуды 20-25 ДБ-ге азайтады.
Шудың күштілігі 115 ДБ-нан асса шудан қорғайтын шлемдер қолданылады. Шудың кері әсерінің алдын алу үшін түскі үзілісте, пауза кездерінде тыныш жағдайда дем алу қажет.
Шу болатын өндірістерде жұмысшыларды кезеңдік медициналық қараудан өткізу керек. Мұнда міндетті түрде есту мүшесін тексеру керек. Шулы цехта гипертония, невроз және асқазан жарасымен ауырған ауруларға жұмыс істеуге болмайды.
Сұрақ 12 : Өндірістік тербеліс дегеніміз не?
Жауап: Тербеліс (вибрация) деп 1 гц-тен жоғары жиіліктегі серпілмелі заттардың механикалық тербелісін айтады.
Тербелістің әсеріне көбінесе тербелетін құралдармен жұмыс жасайтын мамандар ұшырайды. Қозғалыста жұмыс жасайтын балғалар, бұрғылар, пенвматикалық құралдар, сонымен қатар тракторлар, комбайндар, бульдозерлер тербеліс туындатады. Тербелістің әсері жиілігі мен тездігіне байланысты. Тербеліс жүйке жүйесіне және олардың әртүрлі бөліктеріне әсер етіп, тербеліс ауруын (вибрационная болезнь) шақырады.
Гигиеналық тәжірибеде тербелісті 3 түрге бөледі: жергілікті, жалпы, аралас.
Жергілікті тербеліс әсер еткенде ұлпада температуралық және сезімталдық әлсірейді.
Қан айналым жүйесінде аурудың бастапқы кезінде майда қан тамырларының, кейін ірі қан тамырларының спазмы байқалады.
Сүйек- буын аппаратында мысалы оң қолдың білек және иық буындарда қимылы икемге келмей қалады. Рентгеноскопиялық тексеруде остеопороз және басқа трофикалық бұзылыстар байқалады.
Асқазанның моторлық және секреторлық қызметінің, әйелдерде овариальды-менструалдық циклдың бұзылуы байқалады.
Қолдардың суықтауы вибрациондық фактордың әсер етуін күшейтеді, спастикалық жағдай тамырларда айқын және тез дамиды.
Сұрақ 13 : Виброциондық ауру . Алдын алу шаралары .
Жауап: Жергілікті тербелістің ұзақ созылмалы әсерінен вибрациондық ауру пайда болады. Ол 4 стадияға бөлінеді.
1-ші стадиясында қолдарында әлсіз ауырсыну, парастезия, вибрациялық сезімталдықтың төмендеуі және капиллярлардың спазмы байқалады.
2-ші стадиясында вазомоторлық бұзылуларға трофикалық белгілер қосылады, яғни бұлшық еттерде әлсіздік, пайда болып ауыру сезімі қолдың барлық жеріне таралады.
3-ші стадияда қантамырлардың айқын бұзылуы, яғни қантамырлардың спазмы және саусақтардың ағаруымен (өлі саусақтар белгісі) көрінеді. Кейіннен капиллярлардың парезі және көгеруі байқалады.Сонымен қатар, тері салқындап сезімталдық төмендейді.
4-ші стадиясында (өте сирек кездеседі) ми қантамырлары зақымдалып, тұрақты бас айналу, бас ауру болады.
Виброциондық аурудың 1-ші 2-ші стадиясы жеңіл түрде өтеді, 3-ші стадиясын емдеу қиын, ал 4-ші стадиясы тұрақты.
Жалпы тербелістің әсеріне механикаландырылған көліктің жүргізушілері, темір бетонды конструкциялы зауыттардың жұмысшылары, тігін фабрикасының адамдары шалдығады. Жалпы вибрацияның әсерінен ішкі ағзалардың, жатырдың ығысуы байқалады. Нәтижесінде асқазан-ішек жолының қызметі, әйелдерде овариалды-менструал цикл бұзылады.
Сонымен қатар аяқтарындағы өзгерістер тері сезімталдығы төмендетеді. Бұлшық еттерінде ауыру, капиллярлардың спазмы сезіледі. Өте ауыр жағдайда орталық жүйке жүйесінде вестибуляр аппаратында көру анализаторында өзгерістер дамиды. Бұл кезде науқастардың басы айналады, бас ауырады, астеникалық жағдай, невротикалық реакциялар байқалады. Артериал қысым кенеттен өзгереді қан тамырлары тартылады, жүрек етінің жұмысы әлсірейді, қан тамырларының тонусы төмендейді.
Сүйек-буын аппараттарының, әртүрлі бөлігінде дегенеративті - дистрофиялық өзгерістер дамиды.
Тербелісті болдырмау үшін ғимараттардың фундаменті арнайы тербелістен сақталатын фундаменттен жасалынуы керек. Тербеліс беретін құралдарды қолданатын жұмысшының жұмыс күні қысқартылады. Жұмыс уақытында 10-15 минуттық үзілістер жиі қолданылуы шарт.
Өндірістік жабдықтардың жұмыс істеуін және өз уақытысында жөндеуден өтуі бақыланады. Жұмысшылардың виброаймақтарда болуына жол бермеу керек, сондықтан дистанциондық басқару ендіріледі. Трактор,комбайндарда тербелісті төмендететін орындықтарды орналастыру көзделеді.
Жеке шара ретінде тербелісті азайту үшін арнайы қолғаптар қолданылады. Жұмыс біткеннен кейін қолға жылы ванна қабылдап, массаж жасалынады.
Сұрақ 15 : Өндірістік кәсіп орындарына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
Жауап: Кәсіптік зияндылықтармен күресу денсаулықты сақтаудың және еңбек өнімділігін арттырудың негізгі факторы.
Өндірістік кәсіпорындарының аймағы тегіс,құрғақ жерге орналасуы керек. Территориясында машина және адамдар үшін жолдар болуы керек. Ауласы таза және жасыл өсімдіктермен көгалдандырылады, жақсы жарық-танған болуы керек. Бөлмелердің бір-бірімен орналасуы өндірістік процестің ағымына сәйкес болуы керек. Өндірістік мақсатта “подвал„ дарды қолдануға рұқсат етілмейді.
Өндірістік процестер нәтижесінде жоғары деңгейде шу, шаң, газ, бу, ыстық шығатын болса, көрші бөлмелерді қалың қабырғамен немесе тамбурмен изоляциялау (бөлектеу) керек.
Бір бөлмеде бірнеше зиян келтіретін өндірістік процестерді орналастыруға болмайды. Мысалы: дәне-керлеу және балқыту.
Жұмыс жасайтын бөлме кең, жарық ,құрғақ және жылы болуы керек. Әрбір жұмысшыға 4,5 м2 аудан беріледі, биіктігі 3,2 м-ден кем болмауы керек.
Әрбір станоктың ара қашықтығы 0,8-1 м-ден кем болмау керек.
Сұрақ 16 : Өндірістік бөлмелердің желдету жүйесіyt қандай гигиеналық талаптар қойылады?
Жауап: Кәсіпорындарында еңбек жағдайын сауықтырудың ең керекті құралы желдету болып табылады. Тек тиімді желдету шаң ауамен,улы газбен, бумен,тұманмен, ыстықпен күресуге көмек береді.
Өндірістік кәсіпорындары табиғи және жасанды желдеткіштер мен қамтамасыз етілуі керек. Табиғи желдету форточка, фрамуга арқылы жүргізіледі. Бұдан басқа ғимараттардың аэрациясы да қолданылады. Аэрация дегеніміз- табиғи желдету. Бұл үшін ғимараттардың қабырғаларына ауа кіруі үшін 1-2 қатар терезе орналастырады. Қабырғалардың жоғары жағына бөлмедегі ластанған ауаны шығару үшін терезе қойылады. Аэрация терезелерді толық немесе жартылай ашып реттеледі. Цехтардың ауасы зиянды газдармен қатты ластан-ғанда аэрация әдісін қолдану тиімді емес, өйткені кәсіп-орындардың айналасына зиянды газдардың таралуы байқалады.
Өндірістік кәсіпорындарында жергілікті желдеткіш кеңінен қолданылады. Шаң, газ, бу шығатын жерлерге сорғыш шкаф, зонтар орналастырылады.
Сұрақ 17 : Өндірістік бөлмелердің жарықтануына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
Жауап: Өндірістік бөлмелерде жалпы немесе жергілікті жарықтану қолданылады. Тек жергілікті жарықтануды қолдануға рұқсат етілмейді.
Жалпы жарықтану жұмыс орны кез келген еденнің участігі болғанда немесе машиналарға жалпы бақылау жүргізгенде қолданылады. Жергілікті жарықтану жұмыс орнында жоғарғы деңгейдегі жарық қажет болғанда қолданылады. Жұмыс істейтін орынның жарықтығы люминесцентті лампалармен 150 люкс-тен кем болмау, ал қыздыру лампасымен 50 люкс.
Барлық өндірістік бөлмелердің күндізгі жарықтық коэффициенті 1:5-1:6 болғаны жөн.
4 Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау (25- мин)
4.1. Шуды өлшейтін аспаптардың құрылысымен таныстыру.
Шумомер №UT 352
1. Корпус
2. Желден қорғайтын колпачок
3. Микрофон
4. Сұйық кристалды дисплей
5. Функционалды кнопкалар
4.2 . Шудың және дірілдің деңгейін анықтау методикасымен таныстыру.
1. HOLD- приборды қосып, өшіретін кнопкасы. Қосу үшін кнопканы 1 рет басамыз, өшіру үшін қайтадан кнопканы басып 1 сек ұстап тұрамыз.
2. А/С- дыбысты өлшеуде А/С кнопканы басамыз, А кнопкасының жауабы адам құлағының реакциясына аналогты дыбыстарды қабылдайды. А кнопкасы сыртқы ортаның программасы үшін немесе есітуді сақтауда қолданылады. «С» кнопкасы машина, двигательдердің дыбыстарының деңгейіне анализ жасауда қолданылады. Көбінесе шуды өлшеуде «А» кнопкасы қолданылады. А/С кнопкасын басып және ұстап тұрсақ дисплейде соңғы сақталған көрсеткіштермен реттік нөмір көрсетіледі. «»
4.3. Цехты санитарлық тексеру картасымен танысу
1. Цехтің аты, қолданылуы.
2. Жұмысшы саны, жасы, жынысы.
3. Еңбек ету режимі (жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, пауза уақыты, түскі үзіліс).
4. Ғимараттың типі, этаждағы құрылыс материалы, цех қай этажда орналасқан.
5. Цехтың қабырғаларының (потолог) ішкі жағдайы, бояуы, еденнің жағдайы, қандай материалдан жасалынғаны. Жүретін жолдар, есіктері (лестница) размерлері, жағдайы.
6. Бөлмелердің размері: ұзындығы, ені, биіктігі, аймағы.
7. Өндірістік процестің қысқаша мінездемесі, жабдықтарының мінездемесі: жаңа ескі, олардың жағдайы.
8. Цехтың негізгі жұмыс орындарындағы метеорологиялық жағдай: температура, ылғалдылығы, ауа әрекетінің жылдамдылығы, ыстықтық сәулелену көздері. Жылыту жүйесін санитарлық гигиеналық бағалау және қолайсыз метеорологиялық жағдаймен күресу шаралары.
9. Негізгі жұмыс орындарының шаң мен ластануы: шаңның пайда болу көздері, шаңдарға мінездеме, шаң және оның зиянды әсерінің алдын алу шаралары.
10. Зиянды газ және парлардың бөлінуі: бөліну көздері,химиялық құрамы, концентрациясы. Зиянды газдардың әсер етуінің алдын алу шаралары.
11. Желдету( табиғы, механикалық, оның жүйесі,ауа алмасу жағдайы).
12. Өндірістік шу: шу көздері,дәрежесі. Діріл . Шу және дірілмен күресу шаралары , олардың эффектілігі.
13. Жарахаттың қауіптілігі: ауыр жұмыстардың механизациясы, цех ішіндегі шаралары және оның эффектілігі. Техника қауіпсіздігі бойынша инструктаж.
14. Жарықтық(табиғи, жасанды, жергілікті жұмыс орындарындағы және жалпы жарықтық).
15. Өндірістік бөлмелердің санитарлық жағдайы.
16. Өртке қарсы шаралар.
17. Жұмысшыларды ауыз сумен қамтамасыз етілуі және оның сапасы.
18. Жұмысшылырдың тамақтануы
19. Тұрмыстық бөлмелер, жеткілікті ма?
20. Физкультура жүргізіледі ма?
21. Санитарлық пост бар ма? Көмек көрсету шараларын біледі ма?
4.4 Шаңның құрамын таразылық және есептеу әдістерін қолданып анықтау
Өндірістік мекемені тексеру барысында шаңданудың көзін, пайда болу себебін, көлемін, мөлшерін анықтау үшін және желдету жүйесінің тиімділігін анықтау мақсатымен зертханалық тексеру қажет.
Ауадағы шаңның мөлшерлік құрамы ауа көлемінің бірлігіндегі шаңдар салмағы мен немесе 1 см3 ауадағы шаңдардың санымен бағаланады. Сондықтан шаңның құрамын анықтау үшін таразылық және есептеу әдістері қолданылады.
Бұл әдіс белгілі бір ауа көлемінің сүзгіден өтіп шаңдардың сүзгіде ұсталып қалуымен анықталады, яғни сүзгінің салмағын сынама алғанға дейін және одан кейін аналитикалық таразыда өлшеуге негізделген.
Қазіргі кезде көбінесе сүзгілік материал ретінде аналитикалық аэрозольді Петрянов – АФА сүзгілері қолданылады. Олар перхлорвинил матасынан тұратын дискілері болып тығыз қағаздан жасалған тіреуіш дөңгелектерге қойылады. АФА сүзгілері әр түрлі диаметрде болады. Әрбір сүзгі калькадан жасалған пакетке салынады. Бұл сүзгілер сапалы бағаларға ие:
а) ауа ағымына қарсы күштің аз кезінде де шаң ұстау тиімділігі жоғары. Сондықтан ауаны үлкен жылдамдықпен алуға болады (минутына 100л) және сынама алу уақытын қысқартуға болады;
б) сүзгінің салмағы жеңіл;
в) химиялық ортаға тұрақты, бірақ органикалық ерітінділерде тез ериді;
г) қосымша өңдеу жүргізбей сүзгілерді сынама алғанға дейін және алғаннан кейін таразыға тартуға болады.
АФА сүзгілеріне сынама алу үшін пластмасс немесе темір сүзгі ұстағыштар қолданылады. Сүзгі ұстағыштар «воронка» тәрізді, кең бөлігіне гайка көмегімен сүзгі орналастырылады.
Шаңның сынамасын алу үшін қолданылатын темір патрон
АФА сүзгісімен сынама алу кезінде қолданылатын кассета және сүзгі ұстағыштар
1- калькиден дайындалған пакеттегі сүзгілер; 2- сүзгі ұстағыш және сүзгі; 3- темір сүзгі ұстағыш; 4- кассетаның қаңқасы; 5- кассетаның гайкасы; 6 –кассетаға қойылатын дөңгелек прокладкілер.
Сынама алар алдын сүзгі таразыға тартылады, одан кейін қайтадан пакетке салынады, пакетке сүзгінің нөмірі жазылады, салмағы зертхана журналында белгіленеді.
Ауадан сынама алу үшін электрлі аспиратор қолданылады.
Элктрлі аспиратормен бір мезгілде төрт каналмен ауа сынамасын алуға болады және әр каналда ауа сору жылдамдығын реттеуге болады. Екеуі ауа жылдадығын 0,1-1 дм. куб / минутына , ал қалған екеуі 1-20 дм. куб/ минутына. Аспаптың шасссиында электрлі мотор орнатылған, ауа үрлегіштің ротационды түрі орнатылған, ол шлангілердің көмегімен ротаметрлермен жалғастырылған. № 61 суретте көрсетілген.
. Электрлі аспиратор
-
электр сымына жалғанатын колодка; 2- аспапты тоққа қосатын және ажырататын тумблер; 3-ротаметр вентилдерінің ұстағышы; 4 – резиналы трубканы жалғайтын штуцерлер; 5 – ротаметрлер; 6 – аспапты аз жылдамдықпен ауа сорған кезде қызып кетуден қорғайтын клапан; 7 –қорғағыш ұяшық; 8 – жерлейтін клемма; 9 – шлангы; 10 – сүзгі орнатылған патрон.
Аспапты жұмысқа қосу алдын оны жерлеу қажет. Аспапты тоққа қосқаннан кейін ротаметрлердің вентилдері ашылады. Тумблердің көмегімен электрлі мотор іске қосылады, сол кезде шкаланың шамдары жанады да, ротометрдің бетінде қалқып жүрген заттар ауа ағынымен жоғары көтеріледі де ауа ағынының жылдамдығын көрсетеді.Ротометрдің вентилдерін бұрау арқылы қажет ауа сору жылдамдығын реттеуге болады. Ауа сору жылдамдығын қалқып жүрген заттың жоғарғы нүктесінен санайды. Содан кейін штуцерге жұтқыш аспаптар жалғанып, қайтадан ауа сору жылдамдығы белгіленеді.
Аспап үздіксіз жоғары жылдамдықта 1 сағат жұмыс жасаса әр бір сағаттан кейін 10-15 минут уақыт үзіліс жасау керек. Егер ауа сынамасын 20 дм.куб / мин жылдамдықпен сору керек болса, онда ауа сору үшін шаңсорғыш қолданса да болады.
Шаңдануға ауадан сынама алу үшін сынама алатын нүктеге аллонжді көлденең ( горизонтальді ) етіп орналастырады. Сынама ала бастаға кезде уақыт белгіленеді. Ауаны тартып алу уақыты сүзгінің салмағы 3-5 мг болғанға дейін жалғасады.
Электрлі аспиратордың жұмысын тоқтатқаннан кейін, сүзгіні алып тең жартысынан шаң жұтылған бетін ішке қаратып бүктеледі де, калькадан жасалған пакетке салынады. Сүзгілер ауа сынамаларымен бірге зертханаға жіберіледі. Зертханада сүзгілер таразыға тартылады да, салмағы анықталады. Шаңның құрамы мынандай формуламен анықталады:
(m1-m0)
X = ------------------ 1000 мг/м3
V0
m0- сынама алғанға дейінгі сүзгінің салмағы
m1- сынама алғаннан кейінгі сүзгінің салмағы
V0- аспирацияланған ауаның көлемі
1000 мг/м3 –қа айналдырып есептейтін коэффициент
5 Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру (3-5 мин)
Оқу бөлмесіндегі микроклиматты, шу және діріл деңгейін анықтауға, цехты санитарлық тексеру жұмыстарына бағыт бағдар беру.
6 Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы (90 мин):
6.1 Тапсырма. Оқу бөлмесіндегі микроклиматты : ауаның температурасын, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын, ауа әрекетінің жылдамдылығын өлшеу. Алынған мәліметтерге гигиеналық баға беру.
6.2 Тапсырма. Шудың және дірілдің деңгейін анықтау. Анықтау методикасын дәптерге көшіру. Алынған мәліметтерге гигиеналық баға беру.
6.3 Тапсырма. Цехты санитарлық тексеру картасымен танысу. Дәптерге көшіру.
6.4 Тапсырма. Шаңның құрамын таразылық және есептеу әдістерін қолданып анықтау
6.5 Тапсырма. Есептерді шешу:
1. Цехта психрометрдің құрғақ термометрінің көрсеткіші 250С, ылғалдылығы 22%. Цехтағы температура. Ылғалдылық жағдайға гигиеналық баға беріңіз.
2. Цехтатардағы микроклиматқа баға беріңіз.
1-ші цехта ауаның температурасы 380С, ылғалдылығы 70%, ауа әрекетінің жылдамдылығы 0,3м/с. 2- ші цехта ауаның температурасы 390С, ылғалдылығы 35%, ауа әрекетінің жылдамдылығы 0,8 м/с.
3.Цехта орташа ауырлықта физикалық жұмыс орындалады. Қыста температура 18-19 0С, ылғалдылығы 35%, ауа әрекетінің жылдамдылығы 1,5 м/с, жазда цехта ауаның температурасы 270С, ылғалдылығы 40-45%, ауа әрекетінің жылдамдылығы 0,5 м/с. Қысқы және жазғы уақыттағы цехтың микроклиматына гигиеналық баға беріңіз.
6.5 Тапсырма
Тапсырма. Тест.
І- Вариант
1. Еңбек гигиенасы бұл: А
А Жұмысшылардың ағзасына жұмыс жағдайының, технологиялық процестің әсер
етуін зерттейтін ғылым
В Халықтың дұрыс тамақтану негіздерін зерттейтін ғылым
С Сыртқы орта факторларының бала ағзасына әсерін зерттейтін ғылым
Д Өсімдіктер мен жануарлар ағзасының сыртқы орта мен өзара қатынасын зерттейтін ғылым
Е Адам құрылысын және сыртқы орта факторларының әсерін зерттейтін ғылым
2. Еңбек гигиенасының міндеттеріне мынадан басқасы жатады Д
А Еңбек етуге жақсы жағдай жасау
В Жалпы және кәсіптік ауруларды азайту
С Еңбек өнімділігін арттыру
Д Халықты сапалы тағамдық азықтармен қамтамасыз ету
3. Еңбек жұмысы әр түрлі крийтерилер бойынша мына топтарға бөлінеді, тек біреуінен
басқасы: Е
А Жеңіл жұмыс еңбегі
В Орташа жұмыс еңбегі
С Ауыр жұмыс еңбегі
Д Өте ауыр жұмыс еңбегі
Е Жоғарғы жұмыс еңбегі
4. Ғылыми техникалық прогрестің артықшылығына жатады, тек біреуінен басқасы: Е
А Еңбек процесінің механизациялануы еңбек жағдайын жеңілдетеді
В Қол жұмысын азайтады
С Еңбектің сипаты өзгереді
Д Еңбек өнімділігін арттырады
Е Гипокинезияға ұшыратады
5. Ғылыми техникалық прогрестің кемшіліктеріне жатады, тек біреуінен басқасы: Е
А Гипокинезияға ұшыратады
В Еңбек бір сарынды болады
С Тез шаршауға шалдықтырады
Д Жаңа кәсіптік аурулар пайда болады
Е Еңбек жағдайы жеңілденіп, сипаты өзгереді, еңбек өнімділігі артады
6. Дұрыс ұйымдастырылмаған еңбек процесімен байланысты болған зияндылықтарға жатады: В
А Жеткіліксіз жарықтануы, цехтардың бір-бірімен дұрыс орналаспауы
В Еңбек режимінің бұзылуы, бұрыс жұмыс позасы, физикалық, нервпсихикалық ауытқулар
С Ыстық және төменгі температура, жоғарғы және төменгі атмосфералық қысым
Д Шамадан тыс шу және тербеліс
Е Өндірістік шаң -тозаңдар
7. Өндірістік процестердің ерекшеліктеріне байланысты болған зияндылықтарға жатады, тек біреуінен басқасы: Е
А Ыстық және төменгі температура
В Жоғарғы және төменгі атмосфералық қысым
С Өндірістік улы заттар, өндірістік шаң-тозаңдар
Д Шамадан тыс шу және тербеліс
Е Цехтардың бір –бірімен дұрыс орналаспауы
8.Еңбектің қолайсыз жалпы санитарлық жағдайларына байланысты болған зияндылықтарға жатады: А
А Жеткіліксіз жарықтануы, цехтардың бір-бірімен дұрыс орналаспауы
В Еңбек режимінің бұзылуы, бұрыс жұмыс позасы
С Ыстық және төменгі температура
Д Шамадан тыс шу және тербеліс
Е Өндірістік шаң- тозаңдар
9. Ой еңбегімен жұмыс жасағанда негізгі ауыртпалық төмендегі мүшеге түседі: А
А Жүйке -бұлшық ет аппаратына
В Тыныс алу жүйесіне
С Жүйке жүйесінің жоғарғы бөлігіне
Д Жылу реттейтін жүйеге
Е Ас қорыту жүйесіне
10. Шу бұл: С
А 1 гц-тен жоғары жиіліктегі серпілмелі заттардың механикалық тербелісі
В 10 гц-тен жоғары жиіліктегі тербеліс
С Әр түрлі тездікте және жоғарылықта естілетін механикалық тербелістердің
жиынтығы
Д 500 гц-тен 4000 гц-ге дейінгі дыбыстар
ІІ Вариант
1. Өндірістік жағдайда шудың жіктелуі: А
А Қалыпты шу, импульсті шу
В Төменгі, орташа жиіліктегі
С Жоғарғы, орташа жиіліктегі
Д Жергілікті, жалпы, коминирленген
Е Жеңіл, ауыр
2. Спектрлі құрамы бойынша шудың жіктелуі: С
А Жергілікті, жалпы
В Қалыпты шу, импульсті шу
С Төменгі, орташа, жоғары жиілікті
Д Жеңіл, ауыр
Е Ауық-ауық, импульсты
3. Шуды азайту үшін қолданылатын өндірістік шараларға жатады, тек біреуінен
басқасы: Д
А Технологиялық процестердің өзгертілуі
В Цехтардың қабырғалары дыбысты жұтатын материалдан болуы керек
С Шу көздерін шуды изоляциялайтын кабинаға орналастыру керек
Д Шудан қорғайтын шлемдер
4. Шумен күресетін жеке шараларға жатады, тек біреуінен басқасы: Е
А Мақтадан жасалған тампон
В Резеңкеден жасалған қаптама
С Шлем
Д Медициналық қараудан өту
Е Штамповкалаудың орнына қысыммен өңдеу
5. Тербеліс бұл: А
А 1 гц-тен жоғары жиіліктегі серпілмелі заттардың механикалық тербелісі
В 10 гц-ден жоғары жиіліктегі тербеліс
С Әр түрлі тездікте және жоғарылықта естілетін механикалық тербелістің жиынтығы
Д 500 гц-ден 400 гц-ге дейінгі дыбыстар
6. Тербеліс әрекетін шақыратын құралдарға жатады, тек біреуінен басқасы: Е
А Тракторлар
В Комбайындар
С Бұрғылар
Д Пневматикалық құралдар
Е Жеңіл автокөліктер
7. Гигиеналық тәжірибеде тербеліс төмендегілерге бөлінеді: В
А Қалыпты шу, импульсті шу
В Жергілікті, жалпы, комбирленген
С Төменгі, орташа, жоғары жиілікті
Д Жеңіл, ауыр
Е Ауық-ауық импульсты
8. Жергілікті тербелістің ұзақ созылмалы әсерінен пайда болатын ауру: В
А Жарақат
В Вибрациондық ауру
С Гипертония
Д Кәсіптік кереңдік
Е Сіріспе
9. Тербеліске қарсы күресу үшін қолданылатын технологиялық шараларға жатады, тек біреуінен басқасы: Е
А Ғимараттардың фундаменті арнайы тербелістен сақтайтын фундаменттен жасалынуы керек
В Жұмыс күні қысқа болуы керек
С Дистанциондық басқару
Д Трактор, комбайындарда тербелісті сөндіретін орындықтар орналастыру
Е Қолға жылы ванна қабылдап, массаж жасау
10. Тербелісті азайту үшін жеке шара ретінде қолданылады, тек біреуінен басқасы: Е
А Қолға қолғаптар
В) Қолға жылы ванна қабылдау, массаж жасау
С Ультра күлгін сәулемен сәулелендіру
Д Қосымша В,С, витаминдерін, никотин қышқылын қабылдау керек
Е Дистанциондық басқару
ІІІ Вариант
1 Шу және тербеліс дәрежесін анықтайтын прибор: А
А Октава 110 А
В УГ-2, ГХ-4
С Электорлы аспиратор
Д Анемометр
Е Психрометр
2 Шаршау дегеніміз бұл: С
А Ауыр жұмыстан кейін ағза жүйелі түрде жеткіліксіз тынығудан пайда
болатын және жұмыс қабілеті қайта қалпына келмейтін патологиялық жағдай
В Неврозға асқазан жарасына соқтыратын патологиялық процесс
С Уақытша жұмыс қабілетінің төмендеуімен сипатталатын физиологиялық
процесс
Д Гипертонияға, неврозға соқтыратын патологиялық процесс
Е Перифериялық нервтер зақымдалатын созылмалы ауру
3 Шалдығу дегеніміз- бұл: В
А Перифериялық нервтер зақымдалатын созылмалы ауру
В Ауыр жұмыстан кейін ағза жүйелі түрде жеткіліксіз тынығудан пайда
болатын және жұмыс қабілеті қайта қалпына келмейтін патологиялық жағдай
С Уақытша жұмыс қабілетінің төмендеуімен сипатталатын физиологиялық
процесс
Д Жұмыс істеу нәтижесінде пайда болатын ауру
Е Ағза тынығуынан кейін қалпына қайта келетін физиологиялық процесс
4. Өндірістік бөлме ауасындағы шаң-тозаң мөлшері: В
А 12 мг/ м3
В 10 мг/ м3
С 20 мг/ м3
Д 15 мг/ м3
Е 25 мг/ м3
5. Өндірістік шаң-тозаңдарды жұту нәтижесінде мынадан басқа кәсіптік аурулар пайда
болады: Д
А Антракоз
В Асбестоз
С Сидероз
Д Бруцеллез
Е Силикоз
6. Шаршаудың алдын алу шараларына мынадан басқасы жатады: Е
А Жұмыс күнінің ұзақтығын шектеу
В Жұмыс пен тынығуды алмастыру
С Міндетті түрде түскі асқа үзіліс жасау
Д Реал жоспардың болуы
Е Жұмыс күнін ұзарту
7. Шаң – тозаңның жоғары мөлшері мына өндірістік процестер кезінде байқалады, тек біреуінен басқасы: Е
А Ұқсату
В Бұрғылау
С Бөлшектеу
Д Електен өткізу
Е Дыбыстық қысым
8. Өндірістік шаңдар бөлінеді: А
А Органикалық, органикалық емес
В Сұйық шаң тәріздес, газ түрінде
С Төменгі желікті, орташа жиілікті
Д Жергілікті, жалпы
Е Комбинирленген, табиғи
9 Тас көмір шаңы мен ластанған ауада жұмыс істеген жұмысшыларда мына ауру кездеседі: А
А Антрокоз
В Силикоз
С Асбестоз
Д Сидероз
Е Бруцеллез
10. Асбест шаң бөлшектерінің ағзаға түсуі нәтижесінде пайда болатын ауру: С
А Антрокоз
В Силикоз
С Сібір жарасы
Д Бруцеллез
Е Асбестоз
7 Сабақты қортындылау (10 мин):
Студенттердің медициналық формасы |
Ауызша сұрау |
СӨЖ ді орындауы |
Тест жауаптары |
Тапсырмаларды орындауы |
Жалпы бағасы |
|
|
|
|
|
|
8 Жалпы пәнді қорытындылау (10 мин) :
Студенттердің үлгерімділігіне қарай қорытынды баға қою (сынақтау).