жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жүрегі жыр жырланған"
Жүрегі жүз жыл жырлаған
Менің пірім - Сүйінбай деп өле-өлгенше жырлап өткен, айтыстың дүлділі, қазақ поэзиясында өзіндік стилімен қалыптасқан жыр алыбы Жамбылдың биыл 175 жылдық мерейтойы. ХХ ғасырдың көрнекті өкілі, өз заманында байтақ даласын жырға кенелткен Жамбыл Жабаев дала жырауларының ең соңғы үздігі. Қазақ барда Жамбыл есімі де бірге жасамақ! Ол өз заманында таңды таңға ұрып жырлайтын жырау, суырыпсалма ақын, азулы айтыскер, эпик, ең бастысы «жауынгер» жыршы болған жан. Соғыстың сұрапыл тұстарында жауынгерлерге рух беріп, жігерлендіру өлеңдерін жолдап отырды. Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңі сол заманда майданда жүрген барша жауынгердің төс қалтасынан табылатын. Өзі де, баласы Алғадайды соғысқа жіберіп, ел үшін жан пидалық етуіне қарсылық танытпаған. Сүйікті ұлы да барша жауынгерлер сияқты ерлікпен, Днепрпетровск маңында көз жұмды. Ұлынан айырылып қабырғасы қайысып, күңіренсе де ел бүтіндігіне риза болып,сол сәтте халықты жұбататын жан керек екенін ескеріп елдің жанынан табылып, демеу болды. Ұлының қазасына арналған «Алғадайды жоқтау» атты өлеңі қалың қазақты күңірентті. Жамбыл жырлары арқылы халық өзі сөйледі. Бақилық болған барша жауынгерлердің басына құйылған құлпытас іспеттес, бұл өлең. Ақын шығармашылығы патриоттыққа, адамгершілікке, рухшылдыққа, отансүйгіштікке негізделген. Жас ұрпақтың бойына осынау асыл қасиеттерді жыр арқылы насихаттаған ұлы тұлғаның есімі ардақталып, құрметі артпаса, ұмытылмасы анық. Осыншама қарым қабілетті бір жанның бойына үйлестіріп сіңірген Алланың құдіреттілігі, қазақтың маңдай бағы деп білемін. «Өлең сөздің даңғылы» атанған жыр алыбының ақындар айтысында мүдірген, қалт кеткен сәттері болған емес. Үнемі дара шауып қанжығасын майлап отырды. Жамбыл шығармашылығында «айтыс» көлемді орын алады. Ал, Жамбыл айтыс тарихында. Яғни бүгінде Жамбыл есімі «айтыс» сөзімен синоним іспеттес. Ауыз әдебиеті мен халық эпосы Жамбылдың кемел ақындық өнерін қалыптастырды. Айтыс сахнасында қалдырған мақамдары, айтыс түрлері, ұйқас шеберліктері қазіргі айтыстың алтын діңгегі сыңайлы. Екі дәуірдің жыршысы болған Жамбыл бабамыз жайлы қанша жырласақ та тауыса алмаспыз. Бастысы, Сәкен Сейфуллин айтқандай: «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайссымыздың азаматтық борышымыз». Елімізде Жамбыл атында қала да, мектеп те, көше де, кітапхана да бар. Әрине, ол дегеніңіз бүгінгі ұрпақтарының ақын шығармашылығына, ерен еңбегіне қылған құрметтері деп білемін.Осы орайда «Өткенге құрмет қылмасаң, болашақ саған тас атады» деген дана халқымыздың кереметтей сөзі бар. Ұрпағының саналы да салиқалы болуын ақынның өзі де қалап кетті емес пе? Кезінде, Үндістанға сапарында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың өзі, өз ұлтын үнділерге таныстыру үшін: «Мен Жамбыл Жабаевтың ұлтынанмын деген екен». Қандай керемет десеңізші? Ақын өлеңдері мен жырлары тек қазақ поэзиясын дамытып қана қоймай ұлттар достығына жалғады. Қазақ ұлтын барша әлемге таныта білген ұлы тұлға Жамбылдың шығармашлығымен бүгінгі жастарымыз таныс болса, ел болашағы да жарқын болары хақ! Себебі ұлттың діңгегі: саналы, білімді және рухшыл, патриот жастар! Осы асыл қасиеттердің байыбына барып түсіну үшін Жамбыл шығармашылығы таптырмас қазына! «ХХ ғасырдың Гомері» атанған, жыраулардың үздік ізбасары болған Жыр алыбы, қазақ деген ұлт барда мәңгі өлмейді, бірге жасайды. Жетісудың төрінде өсіп, жырдың тұнығынан шөлін қандырған Жамбыл сынды дара тұлғалар қазақтың ғана емес, әлемнің маңдай бақтары. Биылғы жыл 175 жылдық мерейтой еліміздегі жағдайға қарамастан аталып өтіліп жатқандығы көңіл қуантады. Біз секілді жас өрендер үшін ақын шығармашылығының кең көлемді насихатталғандығы аса маңызды. Жүрегі жүз жыл жырлаған халық жыршысының есімі мәңгі ұмытылмақ емес.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген