жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жүрегімнің бөлшегі - тілім менің
Жүрегімнің бөлшегі тілім менің
Буыны бекімеген икемсіз саусақтарын ананың жылы төсіне жүгіртіп, ана сүтін қылқ – қылқ жұтып жатқан нәрестенің құлағына алдымен ана сөзі естіледі. Ана сүті баланың қанына тарап, ана сөзі баланың сезімін оятады. Бара – бара баланың тілі шығып, ата – ананың, отбасының, бүкіл халықтың дәстүрімен емен еркін сөйлейтін болады. Сөйтіп еніп миға сіңген сол тіл есейген адамның саналы өміріндегі аса керекті рухани байлығы, адамның адамдық белгілерінің бірі болып табылады.
Адам тәлім – тәрбиесіз, білімсіз, іс – әрекетсіз өмір сүрмек емес. Сол өмірде өзін қоғамнан тыс жүрген жанмын демей, ата – ананың ұл – қызы болғандықтан, Отанның ұл – қызымын деп есептейді. Адамды сондай саналы ойға баулитын еңбек үрдісіне белдесе қатысуға мүмкіншілік тудыратын қарым – қатынас құралы –ұлы мәртебелі ана тілі. Адам білімді тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды тіл арқылы меңгереді. Тіл ұлт ерекшеліктерінің бірі. Сондықтан, онда әрбір халықтың сондай ерекшеліктері, мәдениеттері, әдет-ғұрыптары, әдеби мұралары ұрпаққа ауысады. Тілді сіресіп қалған қалпында емес, даму, жетілу үрдісінде меңгерген дұрыс. Сондықтан, тіл байлықтарын түгел меңгердім, мен білмейтін ештеңе қалған жоқ, тіл өнерінің шыңына жеттім, болды деп ешкім айта алмайды.
Қазақ халқы да ежелден шешендікке әуес, тіл өнерін басқа өнерден кем санамаған. Қазақ халқында мақал – мәтел, нақыл сөздер, қанатты сөздер, шешендік сөздер бар. Соларды игеру, халықтың тіл байлығына мұрагер болу. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті мен болмысы. Тіл байлығы – әрбір елдің мақтанышы. Демек әрбір адам тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиістіміз. Біздің ана тіліміз шексіз бай, тегеуріні мықты тіл. Біздің басқа тілді меңгеруімізге ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетпейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын тұсіне білуіңе басты себепкер – ол ана тілің. Ана тілінің бүге – шігесіне, терең ирімдеріне болмай білу – саналы азамат болатын адамның бірінші парызы. Ол туған елді, Отанды сүйе білу деген сөз.
Ана тіл барша адамзаттың арасындағы қарым – қатынасдесек, қазақ тілі біздің мемлекетіміздің өз ара қарым – қатынас тілі болып отыр. Қасиетті қазақ тілінің мәртебесін көкке жеткізе білетін адамның жүрегінде зор мақтанышы болады. Өкінішке орай қазіргі таңда қазақ тілінің мәртебесі үйдің ауласынан аспай тұрған шағында әр қазақтың жүрегі жаралы болып тұрғандай. Ана тілім асқақтасын дегенадамның тілге сүйіспеншілігі мен тілге деген құрметі Тәуелсіздік монументінен де биік тұруы керек.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытудың нәтежесіз болуының негізгі факторы мынау деп ойлаймын. Ол қазақ тіліне сүраныстың жоқтығы. Қазақ тілін біле тұра орысша сөйлесе, одан қандай нәтиже болмақ. Сондықтан, мемлекеттік тілді меңгеру керек. Барлық ұжымдар мен мемлекеттік мекемелерге қатал талап қойылса ғана біз қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесіне жеткізе аламыз. Егемендігіміздің тұғыры қашанда қазақ тілімен бай. Тіл – халықтың жаны да, сәні де, ары. Ана тілі мен қазақ тілінің топырағында көктеп, ауасынан тыныс алмаған қнер де, білім де өміршең емес. Халық өзінің ғасырлар бойғы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан, ана тілін білмей ұлттық мідениетті жете меңгеру мүмкін емес. Олай болса ата өсиетіне құлақ асып, қазақтың үні, ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал болайық.
ШҚО. Ұлан ауданы. Мамай –Батыр ауылы
«М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Далел К.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген