Материалдар / Жүрек – қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүрек – қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс»

Материал туралы қысқаша түсінік
Медициналық колледж студенттері, мейіргер ісі пәні оқытушылары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2020
17759
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң ШЖҚ

«Талғар медициналық колледжі»

МКК


ГКП на ПХВ

«Талгарский медицинский колледж»

ГУ «Управление здравоохранения Алматинской области»

Сапа менеджменті жүйесі

Ф ТМК ПП/09-10

Тақырыптық оқу - әдістемелік құрал



Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________А.А. Отарбаева

«______ » __________ 2020 ж





ТАҚЫРЫПТЫҚ Оқу- әдістемелік құрал



Пәні: «Мейіргер ісі негіздері»

Тақырыбы: «Жүрек – қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс»

Мамандығы: 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»

Құрастырған: пән-мұғалімі Әділбек М.Е.

























Талғар, 2020


Келісілді

Әдістемелік бөлімнің меңгерушісі №3 Арнайы пәндер

________________ Серікбаева А.А. ӘЦК-ның отырысында қаралды

«__» _______________ 2020 ж. Хаттама №

«__» _______________ 2020 ж.

ӘЦК төрайымы

___________ Кулмырзаева Э.С.

Тексерілді

Стратегия бөлімінің меңгерушісі,

Ішкі аудит __________ Шериязданова Г.С.

«__» _______________ 2020 ж.




















Тақырыптық оқу- әдістемелік құралдың мазмұны

  1. Жұмыс оқу бағдарламасынан үзінді ...........................................................................4 бет

  2. Тәжірибелік сабақтың сабақ жоспары........................................................................ 5 бет

  3. Тақырыптың негізгі сұрақтары, дәрістің мазмұны ,дәріс.........................................8 бет

  4. Стандартты операциялық рәсімдер, стандарттар......................................................23 бет

  5. Терминологиялық сөздік.............................................................................................32 бет

  6. Жағдаяттық тапсырмалар ...........................................................................................35 бет

  7. Тест тапсырмалар..........................................................................................................36 бет

  8. Тест жауаптары............................................................................................................. 39 бет

  9. Қолданылған әдебиеттер..............................................................................................39 бет

  10. Сөзжұмбақ.....................................................................................................................40 бет

  11. Ребус................................................................................................................................44 бет

  12. Кластер............................................................................................................................45 бет

  13. Тақырыптық тізім .........................................................................................................46 бет Презентация, бейнетаспа (диск) қосымша папкада.



































Жұмыс бағдарламаСЫнАН үзінді

Тақырыптың аты

Барлық

сағат

саны

Білуі тиіс

Істей білуі

тиіс

Қорлар


Қолданылған

әдебиеттер

19

Тақырып 4.3

Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс


6




Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуының көрінісі: ентігу, демікпе, жүрек түсының ауруы, жүрек соғысы, жүрек жұмысы кезіндегі іркіліс, перифериялық ісіктер, асцит, АҚ күрт көтерілуі және төмен-деуі, талып қалу.

БҚ-2.2; БҚ-3.1;




-Ауруханадағы мейіргерлердің лауазымды міндеттерін стандартқа сәйкес: «науқастардың АҚҚ тексеру, ТС тексеру, ТАЖ санау, температура өлшеу техникаларын» бұлжытпай орындау.

-Ентігу, демікпе, жүрек түсының ауруы, жүрек соғысы, жүрек жұмысы кезіндегі іркіліс, перифериялық ісіктер, асцит, АҚҚ күрт көтерілуі және төмендеуі, талып қалу кезіндегі дәрігерге дейінгі көмекті стандартқа сәйкес бұлжытпай орындау.

- ҚР ДС 23.04.2013ж. № 111

-ҚР ДС 31..05.2017ж.№357

КҚ-2.3; КҚ-3.1;КҚ-3.3

Тақырып-тық

тізім №15.

Оқулықтар: «Мейірбикелік іс негіздері»

С.А. Мухина

И.И. Тарновская

2014 ж.87-95 бет;

«Мейіргердің манипуляциялық әрекетінің алгоритм-дері» Л.М.Адилова

2016 ж.

49-51 бет;









Тәжірибелік сабақтың сабақ жоспары № 19- 270 мин

Пәні:АП 01 Мейіргер ісі негіздері

Мамандығы: 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»

Күні: Тобы:

_______________ ________________

_______________ ________________

_______________ ________________


Сабақтың тақырыбы: «Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс»

Сабақтың түрі: тәжірибелік аралас сабақ

А) оқыту түрі : топтық, ұжымдық, жекелік

Ә) оқыту әдісі: көрнекілік және репродуктивті,дидактикалық және ойын түрінде оқыту, «Миға шабуыл», «ашық микрофон»;

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуының клиникалық көріністерін: еңтігу, демікпе, жүрек тұсының ауырсынуы, жүрек соғысы, жүрек жұмысы кезіндегі іркіліс, перифериялық ісіктер, асцит, гипо- және гипертония түсініктерін меңгеру. АҚ күрт көтерілуі мен төмендеуідің сипаттамасын білу. Артериалды қысымды өлшеу және пульсты анықтау техникаларын білу. Стенокардия ұстамасы кезінде, талып қалғанда, талықсу болғанда, гипертониялық кризде көмек көрсете білу. Ағзаның түрлі функцияларының бұзылуы кезінде пациентке күтім жасаудың ерекшеліктері. Халі нашар науқастарды тамақтандыру. Науқастың функциональді жағдайын бағалау. Халі нашар науқастарға гигиеналық емшараларды жүргізу. Науқастардан толық ақпарат жинауды білу: субъективті (анамнез, аллергологиялық анамнез, жалпы биографиялық мәліметтер, еңбек жағдайы, зиянды әдеттері ), объектівті қарау кезіндегі мәліметтер: жалпы жағдайы, есі, науқастың төсектегі қалпы,терісі, шырышты қабаттары, сана сезімі, жалпы дене бетімі; содан кейін қазіргі, приоритетті, потенциалды қажеттіліктерін анықтауды, мейіргерлік болжамды диагноз және ұзақ, қысқа мерзімді мақсатқа сай тәуелді, тәуелсіз, аралас көмек бойынша жоспарды құрастырып науқастарға сапалы күтім жүргізуді үйрету. Оқу - машықтану дағдыларын қалыптастыру, алған ақпараттарды нақтылау, студенттің жаңа білімді игеру, қабылдау жолдарын жетілдіру және т.б. алынған білімді практикада қолдана білу; БҚ- 1;

Дамытушылық: КҚ-3.3;

Тәрбиелік: БҚ- 3.1;

Пәнаралық байланыс: «Латын тілі», «Фармакология негіздері», «Қалыпты анатомия», «Қалыпты физиология», «Ішкі аурулар пропедевтикасы», «Психология негіздері», «Жұқпалы аурулары», «Микробиология», «Жалпы хирургия»; «Ішкі аурулар»;

Пәнішілік байланыс: өтілген тақырыптармен:«Тыныс алу қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс. Оксигенотерапия»

Сабақтың жабдықталуы: тақырыптық тізімі №15

Сабақ өтілетін орын: оқу бөлмесі.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырушылық кезең 5 минут: Сәлемдесу. Білім алушылардың сабаққа дайындығын, медициналық халаттары мен қалпақтарының бар жоқтығын тексеру. Журналға сабақта жоқ білім алушыларды белгілеу. Білім алушыларды сабақтың мақсаттарымен және жоспарларымен таныстыру. Студенттерге осы оқыйтын тақырыптың маңызды екендігін ескертіп, олардың назарын аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру – 40 мин. « Ашық микрофон»

-Тыныс алу функциясының бұзылуының клиникалық көріністері қандай?

-Тыныс алу функциясының бұзылуы кезінде пациенттке күтім көрсету ерекшеліктерін айтып беріңіз.

-Оксигенотерапия дегеніміз не? Көрсеткіштері қандай?

-Оттегін берудің қандай әдістері бар? Атап беріңіз.

-Оттегі жастықшасымен оттегіні беру техникасын көрсетіңіз.

-Бабров аппаратымен оттегін беру техникасын көрсетіңіз.

-Оксигенотерапия өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы қандай?

-Постдуральді дренаж дегеніміз не? Оның мақсаты және көрсеткіштері қандай?


3. Тәжірибелік іс-әрекеттердің орындалу техникасын түсіндіру және көрсету - 45 мин.

Оқытушы білім алушыларға тақырыпты түсіндіреді және көрсетеді:

-Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуының көріністері: еңтігу, демікпе, жүрек түсының ауруы, жүрек соғысы, жүрек жұмысы кезіндегі іркіліс, перифериялық ісіктер, асцит.

-АҚ күрт көтерілуі және төмендеуі, талып қалуда, гипертониялық краизде, стенокардия ұстамасында шұғыл көмек.

-Пациенттін халін жеңілдететін жағдай жасау.

-Артериалды қысымды өлшеу, пульсты анықтау техникалары.

-Су баланысын анықтау және күндізгі диурезді санау техникасы.


4. Студенттің өзіндік жұмысы өткізу бойынша нұсқау беру - 5 мин.

Білім алушыларға жұмыс орнын, күтім заттарын және медициналық құралдарды даярлау, қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін түсіндіреді;

  • әрбір білім алушының меңгеретін тапсырма тізімдерімен таныстырады;

  • манипуляцияны орындау іс-әрекеттері бойынша әрбір білім алушыларды стандарттармен қамтамасыз етеді;

  • әрбір білім алушыға берілген практикалық стандартқа сәйкес, барлық практикалық дағдыларды автоматтандыруға дейін жұмыс істеуге білім алушының көңілін аударады;

  • орындалатын жұмысқа олардың байсалды көз қараспен қарауын талап етеді;

  • күнделікпен жұмыс істеуге кепілдеме береді;

  • білім алушыларға өз бетімен орындайтын жұмыс істеу уақытын және көлемін мәлімдейді.


5. Өз бетімен жұмыс істеу– 120 минут

(Күнделік толтыру)

Оқытушының жетекшілігімен білім алушылар аз топтарға бөлініп келесі тапсырмаларды орындайды:

  • стандарт бойынша практикалық дағдыларды автоматтандыруға дейін бірнеші рет қайталап, дәлме-дәл, істін реттілігін есептей отырып істейді және үйренген іс- әрекеттерді қолдана отырып жүрек- қантамыр жүйесінің мейіргерлік үрдістің 5 кезең бойынша: дәрігер- мейіргер-пациент рольдік ойын түрде білім алушылар берілген уақытты өткізеді,күнделікттерін толтырады.

Оқытушы:

  • білім алушылардың жұмысын бақылайды, өз уақытымен қателіктерін жояды;

  • білім алушының жіберген қателерін дұрыстап, оларды дұрыс әдіске үйретіп, оқу процесін басқарып отырады;

  • манипуляцияның орындалу дұрыстығын бақылап, нашар білім алушыны жеке үйретіп, әрбір білім алушының дағдыларды дұрыс орындауына жеткізеді;

6.Сабақты бекіту- 40 минут. «Миға шабуыл»

Сұрақтар:

1.Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуының клиникалық көріністері қандай?

2.АҚ күрт көтерілуі және төмендеуі, талып қалуда алғашқы көмек қалай көрсетіледі?

3.Стенокардия ұстамасы кезіндегі шұғыл көмекті айтып беріңіз.

4.Жүрек демікпесі кезінде көмек қалай көрсетіледі?

5.Пульсті, артериалық қан қысымды өлшеу техникасын көрсетіңіз.

6. Су баланысын анықтау және күндізгі диурезді санау техникасын көрсетіңіз.

Тақырыпқа сай және өтілген тақырыптар бойынша жағдаяттық тапсырмаларды орындау

7. Сабаққа қорытындылауды өткізу<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!