Материалдар / Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері. Жүрек циклі, фазалары

Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері. Жүрек циклі, фазалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі» Біліктілігі: 03010113 «Фельдшер» Пәні: Анатомия, физиология Курс, тобы: I Сабақтың тақырыбы: Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері. Жүрек циклі, фазалары. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың мақсаты: Білімділік:жүрек соғуының орнын анықтау, жүрек ұшы соғуын өзінде және жолдастарында анықтау, жүрек дыбысын тыныштық кезінде және жүктемеден кейін тексеру, жүректің дағдылы әрекетін зерттеу тәжірибесін орындау дағдыларын қалыптастыра отырып меңгерту. Тәрбиелік: студенттерді мейірімділікке,ұқыптылық пен нақтылыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу өз мамандықтарына деген сүйіспеншілікті арттыру. Дамытушылық: жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырыпстуденттердің бойында еріктілік пен белсенділікті, медиициналық құзыреттіліктерін қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысуды дамыту.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақ жоспары

Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 03010113 «Фельдшер»

Пәні: Анатомия, физиология

Курс, тобы: I

Сабақтың тақырыбы: Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері. Жүрек циклі, фазалары.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жүрек соғуының орнын анықтау, жүрек ұшы соғуын өзінде және жолдастарында анықтау, жүрек дыбысын тыныштық кезінде және жүктемеден кейін тексеру, жүректің дағдылы әрекетін зерттеу тәжірибесін орындау дағдыларын қалыптастыра отырып меңгерту.

Тәрбиелік: студенттерді мейірімділікке, ұқыптылық пен нақтылыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу өз мамандықтарына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Дамытушылық: жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып студенттердің

бойында еріктілік пен белсенділікті, медиициналық құзыреттіліктерін

қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту, танымдық

қиыншылықты жеңуге тырысуды дамыту.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: тренинг, «гормошка», «кезбе тілші», «көршіңе әңгімелеп бер», «Де Бононың қалпақтары», «Сократтың қос шеңбері» әдісі, рефлексия, түсіндірмелі - иллюстративті, іс-әрекет көрсету, тәжірибе жасау.

Сабақтың көрнектілігі: тақырыпқа сай презентация, «Жүрек-қан тамырлар» жүйесі бойынша барельефті планшеттер, іс-әрекеттер, үлестірмелі ресурстар, өткізгіш жүйесі бар жүрек үлгісі \стенд\, бақа, препарат жасайтын құралдар жиынтығы, металдан жасалған шпатель немесе пинцет, секундомер, стерильді дәкелер, қарындаш, фонендоскоп.



Пәнаралық байланыс: Анатомия, патологиялық физиология, паталогиялық анатомия, ішкі аурулар, ішкі аурулар пропедевтикасы, неврология, хирургиялық аурулар.











Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: \3 мин\

Студенттермен сәлемдесу, топтың сабаққа қатысын тексеру, аудиторияның сабаққа дайындығын қарау, тренинг жүргізіп, сабақ жоспарымен таныстыру.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі: \15 мин\

Жаңа тақырыпты презентацияны, бейнефильмді, жүректің макетін пайдалана отырып, көрсету арқылы түсіндіру.

Жоспары:

1. Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері

2. Жүрек циклі, фазалары

3. Тамыр соғысын анықтау

3. Жүрек түрткісін табу

4. Данини – Ашнер тәжірибесі

5. Гольц рефлексі.

ІІІ. Студенттердің өз бетімен жұмысы кезеңі - 25мин

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі бойынша жүргізіледі.

Тақырыпқа байланысты таратылған ресурстар бойынша өз беттерімен жұмыс жасайды. Әрбір іс-әрекеттің қажетті құрал - жабдықтарын бөліп алады. Ресурстарды оқып, талқылап, бір – біріне әңгімелейді. Оқытушы қателері болса түзетіп, студенттерге бағыт – бағдар беріп тұрады.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі– 40 мин

1. «Қос шеңбер» әдісі арқылы «Гольц» тәжірибесін жүргізеді. Ой түйеді. Студенттің өзіне деген сенімі қалыптасады. Бақа союға арналған үстелді қос шеңбер жасап тұрады. Ішкі шеңбердегі студенттер \атқарушы топ\ бақаға тәжірибе жасайды, ал сыртқы шеңбердегілер \бақылаушы топ\ тәжірибені бақылап тұрады.

2. «Гормошка» әдісі. Қағаз гормошкаға студенттер есімдерін жазып, астына сұрағын жазады. Жауап жазу үшін орын қалдырады да, келесі топқа береді. Жауап жазған студенттер де есімдерін көрсетуі тиіс. Жауап жазылып болған соң, сұрақ иелері гормошкаларын алып, жауаптарын тексереді. Дұрыс емес жауап болса түзетіледі.

3. «Кезбе тілші». Студент өз көзқарасын, пікірін білдіре алады, жаңа қырынан көрінеді.

Айтылым дағдысы қалыптасады. Студенттер ішінен өздерінің қалауынша 3-4 тілші шығып, телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды, телестудиядағы диктор болып, жиынтық ақпарат береді. Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады. Тілші - сұхбат алатын куәгер.

Ү. Қорытынды кезең:

Бағалау - \5 мин\

ҮІ. Үй тапсырмасы - \2 мин\

Р Е Ф Л Е К С И Я

Жүрек – қан тамырлар жүйесінің

анатомиялық сипаттамасы


Жүрек — өзіне құятын вена сабауларынан қанды жинап, және оны артерия жүйесі арқылы айдайтын бұлшықетті-қуыс мүше. Жүрек қуысы 4 камераға бөлінеді: 2 жүрекше, 2 қарынша. Сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша өзіндегі қанның қасиетіне қарай сол жақ немесе артериялық жүректі құрайды; оң жақ жүрекше мен оң жақ қарынша оң жақ немесе веналық жүректі құрайды.

Ж үрек кеуде аралығында ассиметриялы орналасқан.

Оның көп бөлігі ортаңғы сызықтан солға қарай жайғасқан, оң жағында тек оң жақ жүрекше, қуыс веналар қалады. Жүректің ұзын білігі жоғарыдан төмен, оңнан солға, артынан алға қарай қиғаш орналасып, бүкіл дене білігімен шамамен 40 oc бұрыш түзеді. Сондықтан жүректің оң жақ веналық бөлімі алға таман, сол жақ артериялды

бөлімі артқа таман бұрыла орналасқан сияқты.




Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері


Қозғыштық, қозуды өткізу, жиырылу – жүрек етінің негізгі қасиеттері. Бұл қасиеттер қанқа еттеріне де тән. Жүрек етінің ерекшелігі – оның автоматиялық қасиеті.

Жүрек автоматиясы

Көлбақаның жүрегін денесінен бөліп алып, физиологиялық ерітіндіге салып қойса, жүрек өзінің табиғи ырғағымен көпке дейін тоқтамай жиырыла береді. Оның өзінен өзі жиырылуы автоматиялық қасиетіне(сурет 3.1.), яғни өз тканінде туатын қозу процесіне байланысты.












Жүрек циклі, фазалары


Рисунок 4 Рисунок 5 Рисунок 2



І кезең ІІ кезең ІІІ кезең























Артериялық пульс (тамыр соғысы) пальпациясы


Рисунок 2 Артериялық пульс – жүрек систоласы мен

диастоласына сәйкес қысымдық өзгерістер

салдарының туатын артерия қабырғаларының ырғақты қозғалысы.Систола кезінде қан тамырлары қанға толып,олардың қабырғасы кеңиді,диастола кезінде-қалпына келеді.Оны зерттеу әдісі-пальпация.

Жұмыстың мақсаты: Пальпация әдісімен артериялық тамыр соғысын зерттеу.

Жұмыс барысы: Тамыр соғысын білезік артериясынан анықтайды, білезік тәрізді біз тәрізді өсіндісін білезік бұлшық етінің сіңірінің ортасында, теріні басып зерттейді. Білезік артериясының топографиялық ерекшелігін еске ала отырып,қан тамырды сүйекке тақап, оның сипаттамасын анықтайды. Қалыпты жағдайда тамырдың соғуы екі қолда бірдей. Бұл үшін адам қолын білезіктің сырт жағынан қапсыра, бас бармақпен зерттелуші қолының шынтақ жағынан 2, 3, 4 саусақтармен білек жағынан ұстап, білек артериясын тауып, сұқ және ортаңғы саусақтармен артерияны сүйекке басып, толқындық өзгерістерді анықтайды. Оған сипаттама беру үшін, қан тамырларының жағдайын саусақпен тамырдың бойымен және көлденең басып сипап анықтайды. Тамыр соғысы өткенде, қан тамыры қабырғасы бірде кеңіп, бірде бәсеңсіп тұрады. Осы өзгерістер саусаққа білінеді. Бұл толқындар тамырлар соғысы. Оның өзіне тән жиелігі бар. Қалыпты жағдайда тамыр соғысының бір минуттағы саны 60 – 80тең.

Жұмыс нәтижесі және оны өңдеуге нұсқау: 1минут ішіндегі жүрек соғуы жиілігін бірнеше қайтара санап, оның көрсеткіштеріне баға беру.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Жүрек түрткісін табу


Picture 1 Пальпация - қолмен сипап сезу арқылы ұлпалар мен дене мүшелерінің физикалық қасиеттерін,олардың топографиялық өзара орналуысын, сезімталдығын және ағза қызметіне байланысты құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін клиникалық әдіс.

Пальпация әдісінің көмегімен жүрек түрткісінің нақтылы орнын және оның жиырылуының салыстырмалы күшін анықтауға болады. Жүрек қарыншалары жиырылған кезде оның пішіні өзгереді. Жалпы ұзындық қысқарып, көлденеңі өсіп – шар тәрізденеді. Тығыздығы артып қатайған қарыншалар жүрек ұшын көтеріп, көкіректің алдыңғы қабырғасына соғады. Жүрек ұшы тиген жер жүрек түрткісін көрсетеді.

Жұмыстың мақсаты: Пальпация әдісін игеру, жүректің соғу күшін анықтау.

Жұмысқа қажетті құрал – жабдықтар: Қарындаш. Зерттеу обьектісі – адам.

Жұмыс барысы: Пальпация арқылы жүрек ұшының түрткісін анықтауға болады. Жүрек түрткісін анықтау үшін оң қолдың алақаннын кеуденің жүрек орналасқан тұсына қоямыз, саусақтар қолтыққа бағытталып үшінші,төртінші қабырғалар артында жатуы тиіс. Алақан жүрек ұшын басып жатуы шарт. Пальпация жасағанда жүрек ұшының ұрған жерін оның аумағын, жүрек жиырылу күшін, амплитудасын, серпінділігін зерттей білуге болады. Жүректің бұл механикалық көрсеткіші қалыпты жағдайда сол жақ бесінші және алтыншы қабырға аралық кеңестікте бұғана ортасынан жүргізілген сызықтың бесінші қабырғамен түйіскен жерінен 1 см оңға қарай орналасқан.

Жұмыс нәтижесі және оны өңдеуге нұсқау: Жүрек жұмысының механикалық белгісінің бірі – жүрек түрткісінің орнын анықтап, дәптерге түсіріңіздер. Бірнеше адам жүрегі түрткісі күшін салыстырыңыздар.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



Данини – Ашнер тәжірибесі


Адамның көз алмасына басатын болса, жүрек соғу жиілігі әдетте баяулайды. Бұл құбылыс кезбе жүйке ядроларының рефлексті қозуымен түсіндіріледі. Рефлекстің доғасы көз қозғалтқыш жүйкенің афференттік талшықтарынан, сопақша ми нейрондары мен кезбе жүйкеден құралған, қозған кезде жүрекке тежегіш әсер тудырады.

Жұмыстың мақсаты: Жүректің жанама рефлексін бақылау.

Жұмысқа қажетті құрал – жабдықтар: Секундомер,стерильді сүлгілер. Зерттеу обьектісі-адам.

Жұмыс барысы: Зерттелушінің жүрегінің соғу жиілігі (пульс бойынша) анықтайды. Эксперимент жүргізуші қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарымен стерильді дәкелі сүлгі арқылы 10 секунд бойы көз алмасын ақырындап басады. Көз алмасын басқаннан кейін, тез арада жүрек соғуын қайтадан санайды. Әдетте бұл жағдайда пульстің соғуы шамамен 10 – ға азаяды.

Жұмыс нәтижесі және оны өңдеуге нұсқау: Зерттелушінің көз алмасын басқанға дейінгі және басқаннан кейінгі пульстік жиілікті хаттамаға тіркеңіздер. Рефлексті доғаның схемасын салыңыздар.


--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Гольц тәжірибесі


Кез келген сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіру арқылы жүрек соғысы жиілігін рефлексті түрде өзгертуге, ал ішек рецепторларын қоздыру арқылы жүректі тоқтатуға болады. Бұл рефлекс - Гольц рефлексі.Оның практикалық мәні бар, себебі кейде іштен тиген соққыдан жүрек тоқтап, өлім қаупі туады.

Жұмыстың мақсаты: Бақа жүрегін Гольц рефлексін бақылау.

Жұмысқа қажетті құрал – жабдықтар: Препарат жасайтын құралдар жиынтығы, металдан жасалған шпатель немесе пинцет. Зерттеу обьектісі – бақа.

Жұмыс барысы: Бақаның бас миының көзден жоғары орналасқан бөліктерін алып тастайды да, шалқасынан препараттаушы тақтайшаға жатқызып бекітеді. Әдеттегі әдіспен жүрегін жалаңаштайды, жүректің жиырылуын санайды. Бақаның ішегін шығарады да оған сәл дегдуге мүмкіндік береді. Одан кейін шпательмен немесе пинцетпен бақаның ішегінің қабырғасына 2 - 3 рет ұрады, және қайтадан жүректің жиырлу жиілігін санайды. Бұл жағдайда жүрек баяу жиырыла бастайды немесе тоқтап қалады. Тәжірибені бірнеше рет қайталау керек.

Жұмыс нәтижесі және оны өңдеуге нұсқау: Дене мүшелерін тітіркендірге дейінгі және тітіркендіргеннен кейінгі жүректің жиырылуын бағалаңыздар. Байқалған рефлекстің рефлекстік доғасының схемасын хаттамаға тіркеңіздер.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

06 Қазан 2021
1584
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі