Жүрекке жол тапқан – мейірімді Сара Алпысқызы!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүрекке жол тапқан – мейірімді Сара Алпысқызы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Жүрекке жол тапқан – мейірімді Сара Алпысқызы! Мақсаты: Оқушыларға 12 ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып,бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С.А.Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру. Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпасқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіру. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекіліктері: нақыл сөздер, интерактивтік тақта, слайдтар, плакаттар, шарлар. Кіріспе: Тренинг: Мектеп психологы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жүрекке жол тапқан – мейірімді Сара Алпысқызы!


Мақсаты: Оқушыларға 12 ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып,бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С.А.Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру. Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпасқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіру. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекіліктері: нақыл сөздер, интерактивтік тақта, слайдтар, плакаттар, шарлар.

Кіріспе:

Тренинг: Мектеп психологы.

Мұғалім: Армысыздар қымбатты ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Өзін- өзі тану» пәнінің негізгі авторы С.А.Назарбаеваның туған күніне арналған «Жүрекке жол тапқан мейірімді Сара Алпысқызы!» атты сабымызға қош келдіңіздер!

«Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек», - деп Сара Алпысқызы айтқан екен.

(Сара Назарбаеваның өмірбаяны, өміржолы слайд, видеоролик көрсету)

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағаңды облысы, Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист. Қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы. Қарағанды металлургия комбинатанда, «Қарағанды көмір» ӨБ-де жұмыс істеді. 1992 жылдан «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті, негізін қалаушы. Қор ауруы асқынған балаларды Қазақстан мен шетел клиникаларында емдейтін балалар мекемелері мен ұйымдарына қамқорлық көрсетеді. Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт» жасөскіндер үйлері ашылуда. Республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындарында және училищелерде білім алып жүрген жетім балалардың жағдайларын да ерекше назарда ұстап, «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді.

Ол «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1ші қыркүйегі «Өзін өзі тану» пәні Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізілді.

1994 жылдан «505 — Қазақстанның балалар деревнясы» (Австрияның «Киндердорф Интернационал» қорының филиалы) қорының президенті. 1999 жылдан «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы.

С.А. Назарбаева қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І  дәрежелі алтын медальмен, «Юнити» халықаралық сыйлығымен, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалімен, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалімен, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығымен, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған

«Педагогические проблемы укрепления и развития здоровья учащихся, их нравственного воспитания с использованием системы «Детка» Порфирия Корнеевича Иванова» (1999 ж.), «Здоровье человека и система П.К. Иванова «Детка» (1999 ж., қосалқы авторлармен бірге), «Этика жизни» (2001 ж.); «С любовью» (2001 ж.) кітаптарының авторы.



Флешмоб 8 «А» сыныбы.



Ән: Бала тілегі

Өлеңін жазған Сержан Молдасынұлы

Әнін жазған Фарида Жолдасова

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жарлған

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет

Гүлденсін деп атмекен-қара орман.



Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.



Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мүңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін, 2рет

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.



Ел баласын мәпелеп саялаған
Әр баланы жан тәнімен аялаған
Біледі үлкен кіші бар еңбегін
Бала үшін күш  жігерін аямаған.
Жайсаң жанды кең пейіл, асыл ана
Нәзік тұлға шуақ шашқан бар балаға
Елбасына тірек болып қолдап жүрген
Аман саулық тілейміз, Сара анаға - деп бүгінгі «Өзін өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты он күндігіміздің көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін бір бірімізге көтеріңкі көңіл күй тілейік!

Ойын: «Күн шуағы.... тілейді»

(оқушылар 4 топқа бөлінеді 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б», 9 «А» әр сыныптан бір – бір топбасшы шығып ойынды басқарады, тілек тілейді, қалған оқушылар жауаптарға сай орын ауыстырады.)

  1. Күн нұры өз шуағын маусым айында дүниеге келгендерге шашады.

  2. Күн нұры өз шуағын үйдің кенжелеріне шашады.

  3. Күн нұры өз шуағын Астана қаласында болғандарға шашады.

  4. Күн нұры өз шуағын ақпан айында дүниеге келгендерге шашады.

  5. Күн нұры өз шуағын қарны ашқандарға шашады.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2018
1205
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі