Жұрнақ пен жалғаудың бір-бірінен өзгешелігі. (қазақ тілі пәнінен ашық сабақ)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жұрнақ пен жалғаудың бір-бірінен өзгешелігі. (қазақ тілі пәнінен ашық сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұрнақ пен жалғаудың бір-бірінен өзгешелігі. (қазақ тілі пәнінен ашық сабақ) Сабақтың мақсаты:Сөз құрамын анықтау, яғни түбір сөзден туынды сөзді ажырата білуді үйрету; туынды сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру.Қисынды ойлау, алған білім, білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту. Сөз,сөздердің жазылу емлесі туралы алған білімдерін дамыту. Күтілетін нәтиже:Сөз құрамын анықтау барысында түбір сөзден туынды сөзді ажырата біледі;туынды сөздердің жасалу жолдарын түсінеді. Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, семантикалық кесте,үлестірмелі қима қағаз, слайдтар, бағалау кестесі. Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері:Бір қадам артқа ,«Дұрыс, бұрыс»,сұрақ-жауап, жеке, жұптық жұмыстар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі.

Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғаудың бір-бірінен өзгешелігі.

(қазақ тілі пәнінен ашық сабақ)


Сабақтың мақсаты:Сөз құрамын анықтау, яғни түбір сөзден туынды сөзді ажырата білуді үйрету; туынды сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру.Қисынды ойлау, алған білім, білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту. Сөз,сөздердің жазылу емлесі туралы алған білімдерін дамыту.

Күтілетін нәтиже:Сөз құрамын анықтау барысында түбір сөзден туынды сөзді ажырата біледі;туынды сөздердің жасалу жолдарын түсінеді.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, семантикалық кесте,үлестірмелі қима қағаз, слайдтар, бағалау кестесі.

Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері:Бір қадам артқа ,«Дұрыс, бұрыс»,сұрақ-жауап, жеке, жұптық жұмыстар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

-Қарашы, досым

Дайын ба, оқу құралың?

Орында ма,

Дәптер, кітап, қаламың?

Басталды міне сабағың.


Үй тапсырмасын тексеру.

Ребусты шеш. Шешудегі сөзді қатыстырып, сөйлем құра.

Жауабы: Балықшы. Балықшылар балық аулады.


Қызығушылықты ояту

Сабақта сендер түбір мен қосымша туралы білімдеріңді тапсырмалар арқылы одан әрі жетілдіре түсесіңдер.

«Ойлан,тап» ойыны.

Шарты: Тақтадағы берілген түбір сөздерге тиісті қосымшаны іліп жабыстыру. Содан соң ол қандай қосымша жұрнақ па, әлде жалғау ма?

Түбір сөздер: Жұмыс, сый, біл, құй, ұш, күрек, ойын.

Қосымшалар:-шы,-лық, -шық, -қыш, -ім, -ті, мақ


Жаңа білімді игеру кезеңі:

Қадам, қадамдан . Түбір, қосымша туралы білетіндерін айту.

(Түбір - сөз бола алады, қосымшалар жалғанады, сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін айтамыз; қосымша - түбірге қосылған бөлшек, жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді, жұрнақ сөз мағынасын өзгертеді, жалғау сөз бен сөзді байланыстырады).






Түбір сөздер мен тиісті қосымшаларды тап.

Семантикалық картаны толтыру.Үлестірмелі қима қағазбен жұмыс.



Сөздер

жұрнақ

жалғау

әнші



гүлдер



домбырашы



балалық



мектепте



достар



суретті



Көршілерін тексеріп, бағалау.

ОPicture 4 й қозғау


+ шы =



+ хана=


Ереже:

Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.

Мысалы: орындық, сусын, жұмысшы.


Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық.


Бүгінгі күнді жазу.

Көркем жазуминуты
Жж
жұрнақ жалғау

Сөздік диктант жазғызу. Сөздердің түбірін тауып, тиісті белгімен көрсет.
Сызғыш, үйректер, оқыды, домбырашылар, гүлдер, астық.

Оқулықпен жұмыс: Өзіндік жұмыс

304-жаттығу, 109-бет.

Сөздерге тиісті жалғау жалғап, сөйлем құрап жаз. Жалғаулардың сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндір.

Баян, сабақ, әзірлен. Мұғалім, сынып, кір. Аула, қар, күре. Серік, доп, сат, ал. Әлия, шеше, сатушы, бол, істе.


Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі.


Шығармашылық тапсырма

Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді мәнерлеп оқы.

Еңбек сүйгіш ...

Ерте шығып ... , (құмырсқа,жұмысқа)

Жазда астық ... ,

Толтыратын ас ... . (тасиды, үйді)

Қыстай тыныш ... ,

Рақатқа ... . (жатады, батады.)


Сөз дыбыстардан құралады. Мысалы: құмырсқа, кітап, оқу. Бірақ бұл сөздер сөйлеу барысында үнемі осылай өзгеріссіз қолданыла бермейді.

Мысалы:

Кітап – өте қажетті құрал. Кітапты күтіп ұстау керек. Кітаптан көп мағлұмат алуға болады. Әр оқушы кітаппен дос болуы тиіс.

Осы сөйлемдерде кітап сөзі бірнеше рет кездеседі және өзгереді.


Тілімізде бір түбірден жасалған сөздер де бар.Мысалы: біл, білім, білімді, білгір, білімпаз. Осындай бір түбірден өрбіген сөздер түбірлес сөздер деп аталады.

«Кім шапшаң?»Түбірлес сөздерді тауып,оқы.
Ойыншы, жұмыскер, балақан, жұмысшы, балақай, ойыншық, балалық, әдеп, бала, көзілдірік, балалы, әдептілік, көз, әдепті.


«Жалғастыр» ойыны.
Бір оқушы түбір сөз айтады, екінші оқушы жұрнақ,үшінші оқушы жалғау айтады,төртінші оқушы тақтаға жазып, сөз құрамына талдайды.

Ұшқышпен, сусындар, білімді.


Қорытындылау.

Дұрыс па, бұрыс па? Дұрыс жауапты дәлелдеу.

1.Мағыналары қарама-қарсы сөздер синонимдердеп аталады. (антонимдер)

2. Жұрнақ сөз бен сөзді байланыстырады. (жалғау)

3.Сөздің одан әрі бөлінетін мағынасы бар бөлігін түбір сөз дейміз.(бөлінбейтін)

4.Түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз.

5.Қосымша 3-ке бөлінеді.(екіге)

6.Түбірдің белгісі – доғал

7. Жұрнақтың белгісі –төртбұрыш(үшбұрыш)

8. Айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей мағыналары әр түрлі сөздер омонимдер деп аталады.

9. Мағыналары бір-біріне жақын, жуық сөздер синонимдер деп аталады.

10. Бір түбірден өрбіген сөздер туынды сөздер деп аталады. (түбірлес)

Үйге тапсырма

306-жаттығу, 110-бет. Білім баспалдағы арқылы бағалау, мақтау, күнделікпен жұмыс.


Білім баспалдағы

А - түсінбедім, маған көмек керек

Б - түсіндім, әлі де қайталауым керек

В - толық түсіндім, өзгелерге көмектесе аламын.
































2 Аманқарағай орта мектебі














Тақырыбы:

Жұрнақ пен жалғаудың бір-бірінен өзгешелігі.

(қазақ тілі пәнінен ашық сабақ)











Сынып жетекшісі:Рахметова Г.К

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.06.2018
879
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі