жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жүсіпбек Арыстанбеков туралы ғылыми-зерттеу жұмысы.
Қармақшы ауданы, Ақай ауылы
№ 99 жалпы білім беру мектебі

Тартысқа толы тағдыры бар, қаламгер
(Жүсіпбек Арыстановтың рухани ерліктері туралы)
Орындаған: 7а сынып оқушысы
Алдоңғар Дінмұхамед
Жауапты мұғалім:
қазақ тілі пәнінің мұғалімі, М. Айбекова
Тартысқа толы тағдыры бар, қаламгер
(Жүсіпбек Арыстановтың рухани ерліктері туралы)
Жоспар:
-
Кіріспе бөлім: Жүсіпбек Арыстановтың өмір жолы
-
Негізгі бөлім: Ар алдындағы тайталас
-
Қорытынды бөлім: «Бұл өмір, өмір болмады». Ғалым Қ. Ергөбектің қаламгер атамен кездесуі жайында
Жүсіпбек Арыстанов 1904 жылы 1-шілдеде Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында кедей отбасында дүниеге келген.
Сол жылдары Қазақстанда аштық жайлап, халық қырылып, миллионға жуық балалар ата-анасыз қалады. Талайлардың бағына жұлдыз болып жанған, шығыстың жарық жұлдызы Алаш жастарының көшбасшысы Ғани Мұратбаев бір топ жасөспірімдерді Қызылордадан Ташкенттегі № 4 жетім балаларға арналған мектеп интернатқа орналастырады.
Балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдер кейін елімізге белгілі азамат, ұлы қаламгер, жазушы болып қалыптасады. Олар: Ө.Тұрманжанов.,
Б. Кенжебаев., Ж. Арыстанов сияқты азаматтар ұлт мақтанышына айналады. Халық оларды «Ғани жұлдыздары» деп атаған, үшеуінің өмірлік сапары балалық жастан бірге сабақтасады. Олар алаштың ардақтыларын ардақ тұтты, ағаларының өсиетіне адал, азаматтық құндылықтарды қастерлей білді.
Сол кездегі үздік оқыған оқушыларды Күншығыс еңбекшілер комунистік университетіне оқуға жіберіп отырған. Жасынан алғыр Жүсіпбек ата үздік оқуының арқасында осы оқу орнына қабылданып, білімге құштар жастардың санасын оята білді.
Жүсіпбек ата Мәскеуде оқып жүріп алғашқы дипломат Нәзір Төреқұлов деген кісінің ақыл кеңесін алады. Қазақ газеттеріне әр түрлі саяси идеялық мақалалар жазып шыңдала түседі. Оқуын ойдағыдай тәмамдап, Қазақстанға қайта оралып, әр түрлі совет-партия қызметтерін белсенді атқарады.
1930-1933 жылдар аралығында білімін әрі жетілдіру мақсатында Мәскеуге барып, Қызыл профессура институтында оқып жүріп, сабақ бере бастайды. Өйткені, сол кездегі уақыт талабы сондай ауыр болатын.
Жүсіпбек ата партия-совет саласында, Қазақстан комунисі журналының бас редакторы, Социалистік Қазақстан газетінің бас редакторы болып қызметтер атқарады.
Сондай-ақ, 1937 жылы Қазақстан компартиясының 1-ші съездінде Орталық комитетінің бюро мүшелігіне кандидат болып сайланады.
1937 жылы Сталинді қуғын-сүргін оқиғасы басталып, Жүсіпбек атаны жай қалдырмады. Осы жылы Есмағамбет Исмайлов деген қазақ әдебиетін жазған жас жігіттің шығармасына сын айтқандықтан, Е. Исмайлов, Жүсіпбек атаны халық жауы деп ұстап береді.
Осыдан бастап қаламгер атамыздың тозаққа толы өмірі басталады. Жаламен талай боздақ аталарымыз қапасқа қамалып, жер аударылды, ату жазасына кесілді.
Бізге әдебиеттен белгілі қазақтың үш арысы Сәкен, Бейімбет, Ілияс сынды жазушыларымыз халық жауы деген жаламен азапталып өлтірілсе,
Жүсіпбек атаны да дәл осындай айыппен ұлтшыл, алашордашыл, фашист деген жаламен 17 ай бойы азаптап, зорлық-зомбылық жасап, жасамаған қылмысын ақыры мойындатып сегіз жылға соттайды. Жылын өтеп болған соң, екі жылға жер аударылады. Кейін, Орталық коммитетке өзінің жазықсыз жаламен сотталғаны туралы хат жолдайды нәтижесінде ақталып шығады.
Түрмедегі көрген зорлық-зомбылығы атаның денсаулығының ауырлауына әкеп соғады. Өкпе ауруына шалдығып, құлағы ауыр еститін, көзі нашар көретін халге жетеді. Жағдайының нашарлығына қарамастан қаламгер ата шығармашылық жұмысын қайта жалғастырып, естеліктер жазуды бастайды.
Ғ. Мұратбаевтай ардақты алаш арысының өмірдеректерін зерттеп, «Таң жұлдызы» атты деректі повесь жазып шығады және Ғ. Мұратбаев жерленген Ваганков зиратына белгі қойылуына мұрындық болады.
Атаның көркем әдебиет саласында «Жерұйық-Жетісу» /1984ж./, «Сұңқарда жерді мекендейді» /1966ж/, «Жетісу» т.б. еңбектері жарық көреді. Жүсіпбек атаның еңбектері еленіп, Ленин орденімен және медальдармен марапатталады. Сонымен қатар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген атақ беріледі.
Іздену жұмысым барысында сыншы, ғалым Құлбек Ергөбек деген журналист ағаның қаламгер атамен кезекті бір кездесуі туралы жазылған мақаланы оқыған болатынмын, сол кездесу барысынан үзінді келтіргенді жөн көріп отырмын.
Қаламгер ата інісін жолықтырған сайын өткен өмірі көз алдына елестеп, көзіне ерік береді екен. Кездескен сайын мұңаяды.
«Өмір, өмір болмады»,-деп бастайды ол.
-
Бала шақта қиындық көріп өстік, жігіт шақта қиянатқа тап болдық.
-
Енді, міне «жариялылық» дей ме, «қайта құру» дей ме, әйтеуір дүние астаң-кестең.
Кісі түсініп болмайды «Жариялылық» - деп бастан кешкен қиянатты жазайын десем шамам келмейді. Енді қолым босамас. Бейсекең де аттанып кетті, о дүниеге!
Мен жалғыз қалдым...
«Жүсіпбек ағаммен тағы бір кезекті кездесуде ...»-деп жазады, ғалым Құлбек Ергөбек.
Ұзақ отырып әңгімелестік.
-
Естелік жазуға кірістіңіз бе?-дедім қарт қаламгерді әңгімеге тартып.
-
Қайдан?
-
Е, неге?
-
Әй, бізге енді өлуден басқа бұйыратын ештеме де жоқ.
-
Сіздің өміріңіз өнегелі, күрделі, қиын. Енді жақсылық көріңіз. Өлмеңіз.
-
Құрысын. Мен баяғыда өлген кісі!
1904 жылы орыс-жапон соғысы болды. Сонда өмірге келдік. 12 жасқа келгенімде 1916 жылдың оқиғасы бұрқ етті. Есімде білемін.
14 жасқа толғанымда Қазан төңкерісі басталды. 72 жыл Кеңес үкіметі тұсында өмір сүріппін. Осының бәрі үлкен оқиға шығар шынында. Өткен өмірді көзге елестету қайдан оңай болсын?! Жүсекең тағы босады...
Қайран қарттарым-ай, көрмегендерің жоқ-ау...
Сонау, қиындығы мол, тартысты өмірді бастан кешкен қаламгер ата тоқсанға қараған шағында дүниеден озады.
Жүсіпбектей атамыздың әдеби мұрада өзіндік орны бар – рухани ой-толғаныстары, жүріп өткен жолдары бүгінгі егемендік елде өмір сүріп жатқан жас ұрпақ, біз үшін үлгі-өнеге болып табылады.
Өмірі мен қызметі, арының тазалығы, білімге құштарлығы, табандылығы мен қайсарлығы мен үшін және жас жеткеншек ұрпақ үшін үлгі болары сөзсіз.
Жүсіпбек ата, талай қиындықты жеңе білді және ар намысына шаң жұқтырмады.
Қаламгердің артында өшпес мол мұра қалды. Біз сонымен мақтанамыз. Өмірге азық аламыз.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» ретінде, Жүсіпбек атаға арнайы өз жанымнан шыққан өлең шумақтарын арнағым келеді.
Әруағына тағзым етеміз!
Кедей отбасында туып өсті
Көрмеген жоқшылығы жоқ болыпты
Шыдамай қиындыққа бастан кешкен
Әкесі істепті бір жаман істі.
Балалар үйі күтіп он төрт жаста,
Жетімдіктің тоқырауымен ол алысты.
Өскенде жазушы болып шығатынын
Әкесі қайдан білсін бұл алыптың.
Өседі балалардың ол қасында
Жетілдірді бұл баланы Ғани ата
Ыммен айтқан істі қағып алып,
Ақылды, зерек болып Жүкең өсті.
Ер жетті жазушы, ақын арасында
Топқа түсті тарландар мен ол жарыса
Советтік үкіметті құрушы боп,
Міржақып Дулатовпен қатарласа.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген