Juz40–мүмкіндіктерге
толы мекен
Қазақстандағы білім
беру нарығы соңғы жылдары қарқынды дамып,
оқушыларға
сапалы білім беру
мәселесі басты назарға алынды. Сол өзгерістердің
көшбасшысы
ретінде танылған
компаниялардың бірі–Juz40. Бұл білім беру орталығының
басты
миссиясы–оқушыларға тек
академиялық білім беріп қана қоймай, олардың
болашақ
кәсіби және жеке
дамуына жағдай жасау.
Juz40 оқыту процесінде
заманауи әдістемелерді қолданып, теориялық
материалды
практикалық
тапсырмалар, жобалық жұмыстар және интерактивті тестілеу
арқылы
ұштастырады. «Біз әр
сабақта онлайн платформаларды, симуляциялар мен
практикалық жобаларды
қолданамыз, бұл оқушыларға білімді нақты өмірде
қолдануға үйретеді»,–
дейді Juz40 білім беру орталығының директоры. Мұндай
тәсіл
оқушылардың сыни ойлау
қабілетін, шығармашылық пен уақытты тиімді
басқару
дағдыларын дамытып, оқу
процесін тек қызықты қана емес, нәтижелі етеді.
Juz40
компаниясының
жетістіктері нақты көрсеткіштермен дәлелденеді. 2025
жылы
орталықта дайындалған
50 оқушының 80%-ы ҰБТ-дан 120 баллдан жоғары
нәтиже
көрсетті. Солардың
ішінде Мақсат Қуанышбек пен Аружан Шазат 130 баллдан
асып,
мемлекеттік грантқа ие
болды. Сонымен қатар, Жаннұр Еңсебек 2024 жылғы
ҰБТ-да
140 балл жинап,
елімізде осы көрсеткішке қол жеткізген үш оқушының бірі
атанды.
Оның жетістігі–Juz40
орталығының оқыту әдістемесінің тиімділігін айқын
көрсететін нақты мысал
болып табылады. Жаннұрдың айтуынша, ол дайындықты
10-
сыныптан бастап, күн
сайын математика мен информатика пәндеріне 6–8 сағат
уақыт
бөлген, үйде онлайн
платформалар арқылы дайындалған, ал орталық
ұсынған
мотивациялық сыйлық
Hyundai Sonata автокөлігі– оның табандылығын
арттырған
басты факторлардың бірі
болды.
Компанияның ерекшелігі
– тек оқушыларға ғана емес, қызметкерлерге де
ерекше
көңіл бөлуінде. Ұйым өз
командалық мәдениетін дамытып, әр маманның кәсіби
өсуіне жағдай жасайды.
Мұғалімдер мен тренерлер өз ісінде жауапкершілікті
сезініп,
үздік нәтижеге
ұмтылады. Жұлдызай Мусаева-«Juz40» білім беру
орталығының
негізін қалаушы.Оның
кәсіби тәжірибесі мен оқушыларға деген шынайы
қызығушылығы
«JUZ40»жетістігіне тікелей ықпал етеді. Осындай ашық
қарым-
қатынас, ынтымақтастық
және кәсіби қолдау ортасы қызметкерлердің өз ісіне
деген
жауапкершілігін
арттырып, оқушыларға сапалы білім беруге мүмкіндік
жасайды
Juz40 білім беру
процесінде заманауи технологияларды кеңінен қолданады,
соның
ішінде онлайн сабақтар,
интерактивті тестілеу және цифрлық платформалар
арқылы
оқушылардың оқу үрдісі
жеңіл әрі тиімді болады. Сонымен қатар,
оқушылардың
нәтижелері жүйелі түрде
бақыланып, кері байланыс арқылы оқу жоспарлары
түзетіледі. Осылайша әр
оқушы жеке қабілеттеріне сай білім алып, өз
потенциалын
толық ашуға мүмкіндік
алады.Жалпы алғанда, Juz40 – Қазақстандағы білім
беру
саласында сапалы білім
мен жан-жақты дамуды үйлестіретін жетекші
компания.
Оның кәсіби командасы,
инновациялық әдістемелері және нақты нәтижелері
білім
беру саласында үлгі
боларлық. Компания алдағы жылдары жаңа қалаларда
филиал
ашып, оқушылардың
сапалы білім алу мүмкіндігін кеңейтуді жоспарлап отыр, ал
әр
оқушының жетістігі –
бұл орталықтың кәсіби біліктілігі мен оқушыларға деген
жан-
жақты қолдауының айқын
дәлелі.
М.Ауезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан зерттеу
университетінің
2 курс студенті
Абдигаппар Асылзат