Тақырыбы: Жүз жыл жырлаған жүрек (әдеби кеш)
Мақсаты: Жыр алыбы –Жамбылдың ақындық талантын оқырмандар жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жамбыл портреті, суреттер, тіл туралы қанатты сөздер, домбыра.
Барысы
1-жүргізуші
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі кеш, өзге кештерден өзгеше, өйткені қазақ «сөз қадірін — өз қадірім» деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де кемеңгерлігі мен көсемдігін, сөзге сыйғызған. Бітпес даудың, бәтуасыз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ. Сондай даралық сөз тудырған, суырып салма ақынымыз Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 170 жыл толады. Ақын, абыз, жырау, жыршы, суырыпсалма айтыс өнерінің жүйрігі Жамбыл ақынның мерейтойына байланысты ұйымдастырылған іс-шарамызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші
«Абайдың ақылынсыз, Жамбылдың жырынсыз өскен ұрпақ уызына жари қояр ма?» деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, айтулы датаға орай оқушылар арасында ұйымдастырылған әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер! Мұнда Жамбылдың жыр әлеміне шолу жасап, ақынның Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгерлерге рух берген жалынды жырлары, ақынға арнап арнаулар оқылмақ
1-жүргізуші
Болашақ ақын 1846 жылы ақпан айында казіргі
Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Ол
жайында ақынның өзі “Менің өмірім" – деген
өлеңінде:
Қақаған қар аралас соғып
боран,
Ел үрей — көк найзалы жау
торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен
туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан, – дейді.
Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Ел
ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты.
Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы
келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты
әнші екен. Жамбылдың аталарынан әріректе өнерпаз, сері, палуандар,
ділмар шешендер шыққан. Руы –
Екей.
2-жүргізуші:
Жамбыл медресе- мектептің
есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе, де
жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз
өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы
атанды.
1-оқушы: « Халық –менің шын атым.
Жамбыл деген – жай атым,
Халық – менің шын атым,
Жай –құйрығым, қанатым,
Қазақстан- Отаным.
Қалаған бақыт мұрасын.
Кеңес – менің мыңдап жыл.
Аңсап тапқан мұратым.
Жаңқамды жауға бермеске,
Отанға берген бар атым.
Миллион- миллион барлық жан ,
Арыстан жүрек ер балам,
Сарқылғанша талшы қан,
Қорған, шебін құратын,
Жау мойынан жұлатын-
Атым осы болатын...
2-оқушы:Балаларға.
Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп, тұра алмаймын,
Ішінен асып, кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді , міне , Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейіріне қанған,
Қуанып жастығына сендей, ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз- түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
1-жүргізуші
Түсінде «өлең аласың ба? Көген аласың ба?» дегенде «өлең алам» деген бала Жамбыл ғасыр жасайтынын білмесе де өзінің өлең үшін туған жан екенін сол балғын шақтан-ақ білген сыңайлы.
2-жүргізуші: Жамбылдың Сүйінбайдан бата сұраған, Сүйінбайдың бата берген оқиғалары екі ақынды зерттеу жұмыстарында көп айтылса да, ел аузынан естіген мына бір әңгімеден артық емес сияқты. Сүйінбай қартайған кезінде ет жеп отырып, тісі өтпей аузындағы бір кесекті жанындағы баласына берсе, жиіркеніп жемепті дейді. Сонда бала Жамбыл атып тұрып, ақын ата қолынан ет асаған екен. Сүйінбайдың ақындық өнері содан ұрпағына қонбай, Жамбылға дарыған деседі.
Нұрғиса дүниеден өтер алдында жыр алыбының жанына жерлеуін тілеген екен. Композитор дүние салғанда, ел болып аға тілегін орындаған. Жамбыл қартайғанда менің жолбарысым Тілендінің баласына барды», - депті. Сүйінбайдан Жамбылға, Жамбылдан Нұрғисаға қонған құт, қасиет көп ұзамай қазақтың тағы бір жас жолбарысына қонса екен деген тілек бар.
Жамбыл – Сүйінбай Аронұлының шәкірті. Менің пірім – Сүйінбай, сөз бастаман сыйынбай, -деп ұстаз өсиетіне адал болған.
Ендеше Жамбылдың балалық шағынан көрініс:
Жамбылдың балалық шағынан көрініс.
Нұрбол: Балам, сен барып молдадан білім ал.
Әділет: Жоқ, әке, бара алмаймын.
Нұрбол: Неге?
Әділет: Не оқытарын білмейтін молдадан құтқарыңыз. Мені қинамаңыз.
…Өлең мен сөзді дос қылып,
Құрамын ақын санатын…
Батаңды маған бер, әке.
Тіліме менің ер, әке,
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті дер, әке.
Домбыра алып сөйлеймін
Күнде жасап мереке.
Мерекелі болған соң
Елде болар береке.
Нұрбол: Жоқ, мұныңа мен келісе алмаймын!
«Екейде елу бақсы, сексен ақын
Жаратып мінеді екен ерттеп атын.
Қобызға домбырасы үнін қосып,
Гулейді жын қаққандай кешке жақын»,- деген сөз де жетер, сен сексен бірінші болмай-ақ қой. Ақынның түбі – қайыршылық, бақсының түбі – жын, жын жиып, бақсы болып ел кезгенше, мал бақ!"
Бірде 14-15 жастардағы Жамбыл
жарапазан айтуды сылтауратып, Сүйінбай ауылына келеді. Үйінің
сыртында ат үстінде тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең
шығарып, ұзақ жырлайды.
Әділет:
Ардақты үйдің иесі,
Бата бер менің жырыма.
Қуат бітіп үніме,
Көңілін тапсын елімнің.
Жар бол да, өзің жәрдем ет,
Жібер мені бір демеп, –
Нұрбек: Отыр, балам. Болашағыңнан үлкен үміт күтуге болады екен. Берейін батамды:
-Осы шабысыңнан тайма! Өлең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті жырла! Көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, даңғыл жолға түс! Өлеңің бүкіл халық сүйсініп, көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын! Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!
Түскен жолың даңғыл өмірің айдын болсын,
Домбыра- садақ, өлең -оқ орнымен жұмсай біл,
Шыншыл, әділ бол, көптің ойындағысын тап, сөзін сөйле.
Дүшпаныңа әрқашанда батыл бол,
Әрқашанда адал бол, жөн іске қамал бол,
Жаманға — қашық, жақсыға -асық бол.
Таусылмайтын — дәулет, тозбайтын сәулет берсін.
Сөзің- асыл, ғұмырың -ғасыр болсын,
Береке дарып, бақ қонсын, Әумин!
1 жүргізуші: Сүйінбайдан бата алған Жамбылдың ақындық өмірі көп шығармашылық адамдардың маңдайына бұйырмаған машақаты мен бақыты мол тағдыр жазуы екенін мойындайсыз.
2-жүргізуші: Осындай бата алған Жамбыл Жабаев ащы болса да әділдікті, төтелеп тіке айтуды өзінің осы ұстазынан үйренген, яғни, осы бата оның өмірлік ұстанымы болған.
1- жүргізуші. 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс кезінде Жамбыл халықпен бірге болып, көтеріліске белсенді қатысады. Ақын өз өлеңдерімен көтеріліске қатысушыларды патша режиміне қарсы тұруға шақырды. Осы жылдары Жамбыл «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» атты өлең-жырларын шығарды.
Жамбыл 1917 жылғы қазан төңкерісінен куәгері болып, қазақ халқы өмірінің барлық жағынан жаңаруын өз көзімен көрді.
1919 жылы Жамбыл Жетісу ақындарының слётына қатысты.
1934 жылы Жамбыл халық өнерпаздарының I республикалық съезіне қатысып, нағыз халық ақыны екендігін дәлелдейді.
1936 жылы Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігінде өз өнерін көрсетті.
Келесі сөзді оқушыларға берейік.
2-жүргізуші
1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер – зұламат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің “Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады. 1941 жылы Жамбыл Жабаев Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.
1-жүргізуші. Сол сұрапыл соғыста, Ленинград қаласын жаудан қорғаған ұрыс кезінде, Жамбылдың суреті басылып, «Ленинградтық өренім» өлеңі орыс тіліне аударылып, үлкен әріптермен жазылып, плакат болып қала көшелеріне, тақталарға, қабырғаларға жапсырылып, майданға жеткізілді.
Ж.Жабаев “Ленинградтық өренім”- оқитын сынып оқушысы
Ленинградтық өренім.
Ленинградтық өренім ,
Мақтанышым сен едің !
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағындай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін
Өркеш- өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім....
2-жүргізуші
Соғыс жылдарындағы аса бір қайғылы өлеңі – баласы Алғадай соғыста ерлікпен қаза болғанда айтқаны. Ақын өз қайғысы арқылы бүкіл ел қайғысын осы өлең арқылы танытып, жауға деген өшпенділікті күшейтіп, ерлікке жігерлендіре түсті.
оқушы: Алғадай баласына арналған өлеңдері. Аттандыру.
Атаңнан бата ал ,балам,
Арғымақ атқа мін, балам,
Ақ сақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда, құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған.
Алғадайым, арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған....
-оқушы: Балама хат.
Хатыңды, балам ,оқыдым,
Халіңді білдім сапардан.
Қуанып саған отырмын,
Гвардеец атанған.
Сұраншы, Саурық секілді,
Болыпсың , балам, қаһарман.
Қайтармай жаудан бетіңді,
Қаптаған қолға қасарған.
-оқушы:Алғадай туралы.
Түне күні кеткеннен,
Ғали, жаңа келдің бе?
Алғадайдың мүрдесін
Жол жөнекей көрдің бе?
«Топырағың торқа боп,
Тыныш ұйықта» дедің бе?
Қалай қиып қалдырдың
Қарт әкеңді еліңде?...
1-жүргізуші
Жамбылдың Отаншыл жырларының ішінде дастандары ерекше орын алады. Бұл қатарда оның «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Замана ағымы» , т.б. ұзақ жырлары бар.
2-жүргізуші: Жамбыл тек төкпе ақын ғана емес, сонымен бірге тамашы жыршы да күйші болған. Жамбыл қырғыздың әйгілі «Манас», түрікменнің «Көрұғлы», шығыстың «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп-Зылиха», т.б. жыр-қиссаларын жатқа білген, сағаттап, тіпті тәулік бойы талмай жырлайтын болған.
Күй: « » Орындайтын:
1-жүргізуші
Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алған. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен, Досмағамбетпен, Шашубаймен айтысы жақсы мәлім. Жамбыл – айтыстың асқан шебері. Ол өз кезеңінің көптеген атақты ақындармен айтысып, ешкімнен жеңілмеген.
Жамбыл мен Құлманбет айтысы – күрделі, мазмұны кең айтыс,. Айтыста Жамбыл жеңеді. Жамбылдың артықшылығы Құлманбетке: байлығыңмен мақтанба, ерлікті айт, татулықты айт, бірлікті айт,-деген сөздерінен көрінеді. Жамбыл Құлманбет сияқты бір жақты емес, ойлауы кең жан-жақты.
2-жүргізуші
Көрермендермен ойын. Сөзжұмбақ.
1.Жамбылдың әкесінің есімі.
2.Дүниеге келген айы.
3.1881жылы Жетісуде қай айтыскер ақынды жеңіп алды?
4.Жамбылдың ұстазы кім?
5.Жамбыл жас ұрпақты неге шақырады.
6. Жамбыл1938жылы қандай орденмен марапатталды?
7.Жамбыл қанша жасаған?
8.Жамбылдың ұлының аты кім?
9. Біреу сапар шегер алдында, үлкен іс бастарда оң тілек айту не деп аталады?
10.Екі ақынның бір- бірімен жарысар өлеңі.
11.Жамбылдың шәкірті кім?
12.Алматы қаласының патшалық кезеңдегі аты.
|
|
ж |
а |
п |
а |
|
||||||||||||||||||||||||
|
|
А |
қ |
п |
а |
н |
|
|||||||||||||||||||||||
|
қ |
ұ |
л |
м |
а |
м |
б |
е |
т |
|
||||||||||||||||||||
|
с |
ү |
й |
і |
н |
б |
а |
й |
|
|||||||||||||||||||||
|
|
ы |
н |
т |
ы |
м |
а |
қ |
қ |
а |
||||||||||||||||||||
|
|
л |
е |
н |
и |
н |
|
|||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
|
ж |
ү |
з |
|
|||||||||||||||||||||||||
|
|
А |
л |
ғ |
а |
д |
а |
й |
|
|||||||||||||||||||||
|
|
б |
а |
т |
а |
|
||||||||||||||||||||||||
|
|
а |
й |
т |
ы |
с |
|
|||||||||||||||||||||||
|
|
К |
е |
н |
е |
н |
|
|||||||||||||||||||||||
|
|
в |
е |
р |
н |
ы |
й |
|
||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1-жүргізуші
Ақынның өмірінің соңғы жылдарында тұрған үйі (1938-1945). Қазір мұнда Жамбылдың әдеби-мемориалдық мұражайы орналасқан. Бұл үйді Жамбылға 1938 жылы 92 жасында ақындық өмірінің 75 жылдығы тойланған уақытында Қазақстан өкіметі салып берілген екен. 12 бөлмеден тұратын Жамбыл атаның үйі көзі тірісіне қандай болса, қазіргі уақытта да дәл сол қалыпында сақтаулы тұр.
Слайд. «Жамбыл Жабаевтың әдеби-ескерткіш мұражайы»
2-жүргізуші
Өмірдің соңғы жылдарында жиі науқастанған Жамбыл атамыз 100 жасқа аяқ басқанда, 1945 жылы 22 маусымда дүниеден өтті. Жамбыл есімі қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін аса қымбат. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман-аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрстіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз»
Ендеше, оқушылардың Жамбылға арнаған жыр жолдарын тыңдайық
1-жүргізуші
Қалың жұртшылықтың ықыласына бөленген қазақ Гомерінің асыл мұрасы- қазақ тарихының да жетістігі. Жүз жасқа дейін сағы сынбаған бұл өміршең халық жыршысы қазақ қоғамында ешқашан өшпейді.
2-жүргізуші Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! қазақтың ұлы ақыны, жыршысы, жырауы Жамбыл Жабаев шығармашылығына арналған – «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты әдеби кешіміз аяқталды.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ж |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
А
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|
|
|
|
М
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|
|
|
|
Б
|
|
|
|
|||||||||||||
|
|
Ы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||
|
Л
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||
|
. |
Ж |
|
|
|
|||||||||||||||||
|
|
|
|
А |
|
|
|
|
||||||||||||||
|
|
Б |
|
|
|
|||||||||||||||||
|
А |
|
|
|
|
|
||||||||||||||||
|
|
|
|
Е |
|
|
||||||||||||||||
|
|
В |
|
|
|
|
|
|||||||||||||||

Оқушыларға сөз кезегін берейік.
Шын жүректен шыққан сөз. Ақын жазушылардың Жамбылға берген бағасы.
Жамбыл – ақыл ойдың алғыры , өзгеге ұқсамайтын дара , оқшау бет – бейнесін аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны.
М. Әуезов.
Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
С. Сейфуллин.
Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың.
І. Жансүгіров.
Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі.
С. Мұқанов.
Жамбыл дүниеге екі рет келеді: тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан, тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан туылды.
Ғ. Мүсірепов
Жамбылдың сүйікті шығармашылығы – айтыс. Жамбыл өз кезеңінің көптеген ақындарымен айтысып, біреуінен де жеңілмеген. Олардың ішінде Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет сияқты атақты айтыскер ақындар бар.
Бүгінгі айтыс өнерінде тыңдаушы жұртқа егеменді еліміздің тынысын еркін жырлап, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, шынайы өмір мысалдарын тапқырлықпен суреттеуімен ерешеленіп жүрген жетісулық ақындарымыз: Айтақын Бұлғақов, Балғынбек Имашев ағаларымызды, Қаныша апайымызды, жас дарын Жандарбек Бұлғақовты ерекше атап өтуімізге болады.
Бүгінде сөзге, ойға жүйрік, жаңа заманға лайықталған жыр жолдарымен, ерекше сөз саптауларымен, тосын теңеулерімен, жарасымды әзіл-қалжыңдарымен танылып жүрген жетісулық ақынымыз Айтақын Бұлғақов ағамызды шәкіртерімен сахна төріне шақырамыз. Аға сөз кезегі өзіңізде.
2-жүргізуші
Айтыс –халықтың көзі, айтыс – халықтың тілі. Айтысқа суырып салма, сөзге шешен, қиыннан қиыстырар, білімді, бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы бір сырлы адам қатыса алады. Міне, «сол ақындарға болмасаңда ұқсап бақ», -деп Абай данамыз айтқандай ақын айтыстарынан үзіндіге кезек берейік _ сынып оқушылары _________мен ________ ортаға шақырамыз.
Тіл – халықтың байлығы, қазынасы. Тілді таза ұстап, қастерлеп, құрметтеуіміз қажет. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік.
Алтын бесік – ағайын, жұрт, туғаным,
Дос бөліссе қыза түсер думаның.
Барлық ұлттың өкілдері жарасып,
Асырайық іс жүзіне Тіл Заңын!
Көріскенше қош, сау болыңыздар!
Ән: «Атамекен»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жүз жыл жырлаған жүрек (әдеби кеш)

шағым қалдыра аласыз