Жүзден жүйрік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүзден жүйрік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне тәрбие сағатын өткізуде әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік


Сабақтың мақсаты:

1) Оқушылардың білімге деген құштарлығын , ізденісін, қызығушылығын

арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

2) Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен

еңбек етуге дағдыландыру.

3) Өзін - өзі басқаруға , ұйымшылдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа

баулу.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» деп аталады. Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Алдымен жарыстың шартымен таныстырайын. Сынып оқушылары өздерінің қабілеттері мен бейімділіктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Әр топтың өздерінің ерекшеліктеріне қарай ұрандары бар.

1– топ. Ойшылдар.

Ұраны:

Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске

2– топ. Тапқырлар.

Ұраны:

Білікті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

3– топ. Алғырлар.

Ұраны:

Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста,

Алғырлықпен аламыз

ІІ.Негізгі бөлім.

1 бөлім. Анаграмма шешу.

Бәйгеге түсіп жарыспай ,

Жүйріктің бағы жанар ма ?

Біліммен өнер жарасып,

Тәрбие – тәлім табар мән.

Бұл бәйге – ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда.

Әр топқа анаграмма шешуге 1 минут уақыт беріледі.

1 топқа:

Қыста суды қаптаймын,

Бірақ жазда жатпаймын.

Алғашқы әріп ауысса,

Онсыз тамақ татпаймын. (Мұз – Тұз)

2 топқа:

«Т» - дан бастап оқысаң,

Төлі болам пырақтын.

«Т» – ны сызып тастасаң,

Көкте қалған орақпын. ( Тай – Ай )

3 топқа:

«Қ» - әрпінен бастасаң,

Көмірге ұқсас түрім бар.

«Қ»-ны сызып тастасаң,

Жасаймын шөп гүлін бал. (Қара – Ара)


2 бөлім. Мақал – мәтел жарысы.

Сырлары көп білімнің,

Шешілмеген әлі де.

Терендігі білімнің

Керек екен бәріне, -деп , сайыскер топтарды суретке қарап, кез келген тақырыпқа мақал-мәтел құрастыру арқылы тапқырлық танытуға шақырамыз. (Суреттер мына тақырыптар мазмұнына сай бейнеленген: туған жер, әдептілік, білім, еңбек).

3 бөлім. Ұйқасын тап.

Әр топтан екі оқушыдан шығып үстелден жабулы карточканы алып, өз тобында әр сөздін ұйқасын табады .

1.Өзінше ноян , 2.Бата алмас түлкі

Қорқақ кім ?.... (Қоян) Үсті тікен ...... (Кірпі)

3.Кезіп жүрген шандақты 4. Аппақ доп тауып ,

Көрдім жаңа ... (Қанбақты) Шақырады ақ ... (Тауық)

5.Жағасында бұлақ. 6. Дамыл таппай бір мезет,

Жайылып жүр... (Лақ) Жортумен жүр сұр... (Көжек)

4 бөлім. «Қайырымдылық» сөзінен бірнеше сөз тудыру.

-Қазір мен тақтаға «Қайырымдылық» сөзін ілемін. Қай топ осы сөзден бірнеше басқа сөздерді көп құраса, сол топта көп ұпай болады. 2 минут уақыт беріледі .


Қалам, Қайыр, айыр, май, ай, лай, дара, ара, ылай, дала, қара, қала , қайық , ырым, қылық.

5 бөлім. Суреттегі сөздің бірінші әрпінен ғана келетін сөздерден сөйлем құрау .

Әр топтан бір-бір оқушы келіп, мына шарды жару арқылы ішіндегі әріпті алып сол әріпке байланысты сөйлемдер құрайды.

(А, Б, С) 2 минут .


6 бөлім. Өнер көрсету

Домбырам екі шекті қолға алайын,

Қайырып, он екі алуан ән салайын.

Нұр жауар талапты ерге деген сөз бар

Мен неге бұл өнерден құр қалайын, - деп әр топ өз өнерін ортаға салады .


Қорытынды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.12.2018
567
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі