Жүзден жүйрік... Интеллектуалды сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүзден жүйрік... Интеллектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта
1. Ұйымдастыру.
Марал:
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы атсалысайық.
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.
Марал:
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр бойында – дей келе, топтарымызды ортаға шақырайық.
Топтарымызды таныстырып өтейік.
І топ «Алғырлар» ІІ топ «Білімділер»
Топтар өздерін таныстырады, яғни топтың атын қорғау.
1топ «Алғырлар»
Ұраны:
Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі:
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

2 - топ. «Білімділер»
Ұраны:
Білікті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І. Ой жүгірту.
ІІ. Көсемдікке ұмтылу.
ІІІ. Ғажайып сурет.
ІҮ. Шешімін тап!
Ү. Полиглот.
Ү І. Кім тапқыр?
Ү І І. Білеміңді шыңда.
Марал:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Бағалайды әділқазы сіздерді.
Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па? – деп, осы сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.

Марал:
Ал келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Саудаласып көріңдер.
Сырлары көп білімнің
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне.

І кезең «Ой жүгірту»
Мұнда оқушылар пәндер бойынша сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап береді.
1топ «Алғырлар»

1. Бір айда неше апта бар? (4 апта)
2. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
3. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)
4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)
5. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
6. Қосуға кері амалды ата. (азайту)
7. Бір жылда неше күн бар? (365 – 366)
8. Есту мүшесі не? (құлақ)
9. Көру мүшесі. (көз)
10. Иіс сезу мүшесі? (мұрын)
11. Дәм сезу мүшесі. (тіл)
12. «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
13. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білеміз? (Ғылым таппай мақтан ба?, Жазғытұры. Т. б)
14. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
15. Төрт бұрышта төрт мысық отыр, әрқайсысының алдында үш мысықтан отыр.
Бөлмеде неше мысық отыр? (4)
16. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
17. Ұлыстың ұлы күні. (22 – наурыз)
18. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км)
19. 12 – сәуір қандай мейрам? (ұшқыштар күні)
2 - топ. «Білімділер»

1. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік)
2. Тау жыныстары дегеніміз не? (Жер қыртысын толтырып жатқан денелер жер қыр - ы деп аталады
3. Көптік жалғауларын ата. (- лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер)
4. 720 – ны 9 есе кеміт. (80)
5. Бөлудің компоненттерін ата. (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)
6. Бос тау жыныстарын ата. (құм, саз)
7. Сөз құрамы неден тұрады? (түбір мен қосымшадан)
8. Көлемнің өлшем бірлігі және неше өлшемі бар? (куб см, үш өлшемі бар. Ұзындық, ені, биіктік)
9. Пайдалы қазбалар дегеніміз не? (Жерден қазып алып, қажетіне жұмсалатын тау жыныстары п/қ д. а.
10. Судың неше күйі бар? Ата (бу, сұйық, мұз)
11. Кез келген сан мен 0 – дің көбейтіндісінің мәні неге тең? (0 - ге)
12. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз. (туынды сөз)
13. Кез келген санды нөлге бөлгенде неше шығады? (сол санның өзі)
14. Сөйлем түрлерін ата. (сұраулы, лепті, хабарлы сөйлем)
15. Бөлу мен көбейту қандай амалдар? (өзара кері амалдар)
16. Екі шахматшы 2 сағат шахмат ойнады.
Бір шахматшы неше сағат ойнады? (2 сағат)
17. Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді? (тазы)
18. Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді? ата. (жанғыш, кенді, кенге жатпайтын)
19. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (газ, мұнай)

ІІ кезең «Көсемдікке ұмтылу»
«Мақал – сөз мәйегі» дегендей, бұл кезеңде оқушылар берілген тақырыпта мақал – мәтел жарыстырады. Қане, қай топ көп мақал біледі екен. Берілетін тақырыптар:
Отан, туған жер, туған ел, атамекен.
Оқу, білім.
Ерлік, батырлық.
Достық, жолдастық.

ІІІ кезең «Ғажайып сурет»
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Бұл кезеңді ғажайыпқа берелік.
Арамызда тапқыр достар көп екен,
Соларды енді жарыстырып көрелік! – деп, мұнда оқушылар беті жабық тұрған суреттің бір бөлігін ашып, қалағанын табу керек.
Бәйтерек. Мемлекеттік ту.

Марал:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым соған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
ІҮ кезең «Шешімін тап!»
Мұнда оқушыларға кесте беріледі, сол кестені орындайды. Қай топ тез әрі қатесіз орындаса, сол топ жеңімпаз болады.
Ү кезең «Полиглот»
«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл!» дегендей, мұнда оқушылар жасырылған жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс тілінде айтады.
Жұмбақтар:
1). Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап – книга)
2). Падишадай жатысы бар,
Жолбарыспен шатысы бар. (мысық – кошка)
3). Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр – шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка)
4). Жылт – жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су – вода)
5) Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады. (Есік - двер)
6) Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте. (ұшақ – самолет).

Марал:
Ендігі кезекті «Кім тапқыр?» берейік! Әр топтың жанкүйер оқушылары берілген мақалдарды шапшаң жалғастырады.
1). Еңбектің наны тәтті, 2). Кітап – білім бұлағы, ………Батыр бір өледі, 4). Бірлік болмай, ……
5). Әдепті бала – арлы бала, ……6). Қына тасқа бітеді, …7). Жүз теңгең болғанша,
8). Ашу дұшпан, ……………………..

VII - кезең: «Біліміңді шында»
Әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет.
1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
6. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
7. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
8. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
Марал:
Ашық – жарқын жүзді,
Әділқазы біздің.
Таңдап баға беруге
Шақырайық төрге – деп, сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділқазыларға сөз кезегін берейік! Әділқазылар жеңімпаз топты марапаттайды, қалған топтарға ынталандыру сыйлықтары тапсырылады.

Марал:
Алдыңызда әлі талай асу бар,
Асулардан қиналмай – ақ асыңдар.
Тек сәттілік тілеймін бәріңізге,
Болашаққа батыл қадам басыңдар! – дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тамашалағандарыңызға рахмет!

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының
бастауыш сынып мұғалімі 
Искакова Гүлзада Ибадуллақызы

Кері қайту

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық сайысы



Қатысушылар: 9-сыныптар

Пән мұғалімдері: Бимұратова Ж

Нұрсейітова М

Сейтбекова Ф



Сарыағаш 2013-14



Сайыстың тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, сөз құдіретін терең түсінуге, тапқырлыққа, ұшқырлыққа , байқампаздыққа баулу.

Көрнекілігі: Тіл туралы ұлылар ойлары

Сайыстың барысы: Жоспар

1.Ұйымдастыру

2. Ойлы болсаң,озып көр

3. Мықты болсаң,тауып көр

4. Жүйрік болсаң, шауып көр

5. Зерек болсаң, шешіп көр



«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық сайысы

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты 9- сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Ақыл –тон, аңдығанға тозбайтұғын,

Білім –кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскертоптарымызды таныстырып өтейін:

9 « а» сынып оқушысы –

9 «ә» сынып оқушысы –

9 «б» сынып оқушысы -

9 «в» сынып оқушысы -

Сайыскерлеріміздің біліміне, тапқырлығына әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:

1. қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

2. қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

3.қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырып өтейін.

Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:

1 кезең «Ойлы болсаң,озып көр»

2 кезең «Мықты болсаң,тауып көр»

3 кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»

4 кезең «Зерек болсаң, шешіп көр»

Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.

Тапқыр, білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Өз тіліңді сүйсең сен

Ортаға сал барыңды- деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастасақ. 1 кезең «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде миларыңды дамытып, ойларыңды сергітетін «Мақал жауап» атты ойын ойнайық. (берілген сұрақтарға мақалмен жауап беру, бірінші болып қол көтерген оқушы жауап бере алады).

1.Өнер алды не?

2.Қар жана ма?

3.Қандай кілт аспанда болады?

4.Уайым түбі не?

5.Тәуекел түбі не?

6.Адамның қай жеріне нан піседі?

7.Ұрлық түбі не?

8.Қаһарлы сөз не бұзады?

9.Еңбек түбі не?

10.Әдепті бала қандай бала?

11.Аңдамай сөйлеген қалай өледі?

12.Айтылған сөз немен тең?

13.Таяқ неден өтеді?

14.Тіл нені жарады?

15.Су анасы не?

16.Не білім бұлағы?



Ал, құрметті сайыскерлер, сайыстың тапқырлықпен қатар жылдамдықты да қажет ететін «Мықты болсаң,тауып көр» кезеңіне де келіп жеттік. Мұнда берілген жұмбақтың шешімін тауып, сол сөзді үш тілде айтуларың керек.

1.Тілі бар, үні жоқ,

Өзіне адам түсінген.

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған үні жоқ. (кітап, книга, )



2.Біз, біз едік, біз едік,

Біз жылтыраған қыз едік,

Таң атқанша жайылдық,

Таң атқан соң жойылдық. (жұлдыз, звезда, )



3.Ти десем, тимейді,

Тиме десем, тиеді. (ерін, губы, )



4.Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні. (сәбіз, морковь, )



5.Қарап тұрсаң өзіне,

Сурет түсер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды,

Дәл қазіргі өзіңе. (айна, зеркало, )



6.Қашсам – құтылмадым,

Ұстасам – қолыма тұрмады. (көлеңке, тень, )



7.Мұрты бар, сақалы жоқ,

Тоны бар, шапаны жоқ. (мысық, кошка, )



8.Бес ін,

Бес іннің аузы бір ін. (қолғап, перчатка, ).









Ана тілін білмеген –

Ақылы жоқ желік бас.

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас, - деп қырғыз ақыны Байділда Сарноғаев айтса, «Егер, - деп жазады Дағыстанның әйгілі ақыны Расул Ғамзатов, - ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге бармын». Бұл ойлары тілдің қай елде, қай ұлтта болса да қастерлі, қасиетті екенін дәлелдейді.

Біздің ана тіліміз- қазақ тілінің әлемдегі ең бай, ең көркем тіл екеніне ешкімнің таласы болмаса керек. Қазақ тілінің көркемдігін бір қырынан толықтырып тұратын тұрақты тіркестермен де біз бұрыннан таныспыз. Сайыстың үшінші кезеңінде бірнеше тірек сөздер айтылады. Сол сөздерге қатысты тұрақты тіркестерді тауып, мағынасын ашасыздар.

Жүрек. Жүрегі аузына тығылу.

Ит. Ит терісін басына қаптау.

Ит. Ит арқасы қиянда.

Ит. Ит өлген жер.

Ит. Ит тұмсығы батпау.

Ат. Ат ізін салмау.

Ат. Ат құйрығын кесу.

Құлақ. Құлаққа ұрған танадай.

Шаш. Төбе шашы тік тұру.

Көз. Көзі алақандай болу.

Ауыз. Аузына құм құйылу.

Ауыз. Аузы- аузына жұқпау.

Ата-бабаларымыздың «оқу инемен құдық қазғандай» дегеніндей сайыстың соңғы, шешуші кезеңі «Зерек болсаң, шешіп көр » бөлімі. Мұнда әр оқушы берілетін зымыран сұрақтарға жауап берулері тиіс.

1-оқушыға: 1)Ал екінші бақытым... (тілім менің)

2) «Қызыл» сөзі қай сөз табына жатады? (сын есім)

3) Ең тәтті, ең ащы не? (тіл)

4) Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997ж. 11шілде)

5) Қазақтың үш биі (Төле, Қазыбек, Әйтеке билер)

6) Іс-әрекетті білдіретін сөз табы (етістік)

7) «Сағындым» өлеңінің авторы (М. Жұмабаев)

8) Табиғат көрінісі (пейзаж)

9) «Көксерек»әңгімесіндегі баланың есімі (Құрмаш)

10) «Аяз әліңді біл,

Құмырсқа жолыңды біл» кімнің сөзі? (Аяз би)

2-оқушыға: 1) Лексика нені зерттейді? (сөз мағыналарын)

2) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні (мақал)

3) Батырлар жырының негізгі тақырыбы (Отанды қорғау)

4) «Балықшылардың»сөзінің түбірі (балық)

5) «Ыстық»сөзінің антонимі (суық)

6) «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы (Абай)

7) Үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ)

8) Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42)

9) 22 қыркүйек қандай мереке? (тіл мерекесі)

10) Мұсылман дінінің қасиетті кітабы (құран кәрім)

3-оқушыға: 1) Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)

2) Үш жүздің басын қосқан қазақ ханы (Абылай хан)

3) Қазақ әліпбиінің атасы (А. Байтұрсынұлы)

4) Диалект сөз деген не? (бір аймаққа ғана тән сөздер)

5) Бала жүре бастағанда жасалатын той (тұсаукесер)

6) Абайдың анасы (Ұлжан)

7) Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

8) Сапарға кеткендерге сақталатын тамақ (сыбаға)

9) Сын есімнің сұрақтары (қандай? қай?)

10) Қазақ халқының жазғы қонысы (жайлау)

4-оқушыға: 1) Ашық буын деген не? (дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады)

2) Жер ұйықты іздеген кім? (Асан қайғы)

3) Кірме сөз деген не? (басқа тілден енген сөз)

4) Бір топ аттылар тартыспағы (көкпар)

5) Жаңа туған нәрестеге арналған жиын (бесіксалар)

6) Үш жұрт (нағашы, қайын, өз жұртың)

7) Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Т. Әубәкіров)

8) Балалар әдебиетінің атасы (Ы. Алтынсарин)

9) Зат есімнің сұрақтары (кім? не?)

10) Мұсылмандардың діні (ислам)

Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта,

Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!

Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел

Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса!-

деген А Байтұрсынұлының сөзімен сайысымызды қорытындылаймыз. Әрқашан өз тілдеріңнің жанашыры болуларыңа тілеулеспіз. Қатысқандарыңа, сіздердің келіп, көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет. Сөз кезегін ____________________________________________________________береміз.



V. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.



Әр топтың жетекшілірі шығын белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды. Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс. Бұл кезеңде мышықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.















Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» (сайыс сабақ)

Мақсаты: Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, сөз құдіретін терең түсінуге, тапқырлыққа, ұшқырлыққа, байқампаздыққа баулу. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты 6- сыныптар арасында өткізілгелі отырған сайыс сабағымызға қош келіпсіздер! Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы атсалысайық.

Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты сайыс сабағымызды бастаймыз.

Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бойыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр бойында – дей келе, сайысқа қатысушыларымызды ортаға шақырайық.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



Жүргізуші:

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!

Бағалайды әділқазы сіздерді.

Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па? – деп, осы сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі:



Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оқушыларды анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен оқушылар жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:

1 кезең «Жедел жауап»

2 кезең «Тіл-өнер»

3 кезең «Бәрін білгім келеді»

4 кезең Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.

Тапқыр, білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Өз тіліңді сүйсең сен

Ортаға сал барыңды -деп, сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастасақ.

1-кезең «Жедел жауап». Әр оқушыға 5 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.Оқушы жауап бере алмаса келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі бар.

Ел басқару саласындағы ең жоғары лауазым(президент)

Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Ю.Гагарин)

Қазақтың атақты күрес шебері (Қажымұқан)

ҰОС-на қатысқан қазақтың батыр қыздары? (Ә.Молдағұлова, М.Мәметова)

Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма (күй)

Абайдың шын есімі (Ибрагим)

Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Т.Әубәкіров)

Қазақтың 3 биін ата (Төле, Қазыбек, Әйтеке)

Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілқан Қастеев)

Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы (Ы.Алтынсарин)

Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Т. Әубәкіров)

Балалар әдебиетінің атасы (Ы. Алтынсарин)

Лексика нені зерттейді? (сөз мағыналарын)

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні (мақал)

Батырлар жырының негізгі тақырыбы (Отанды қорғау)

«Балықшылардың»сөзінің түбірі (балық)

«Ыстық»сөзінің антонимі (суық)

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы (Абай)

Үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ)

Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42)

22 қыркүйек қандай мереке? (тіл мерекесі)

Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)

Үш жүздің басын қосқан қазақ ханы (Абылай хан)



2-бөлім. «ТІЛ – ӨНЕР»



Мақалды жалғастыру, әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.



Ең тәтті де,................. (ең ащы да тіл)



Оқу – білім бұлағы, ..........(білім өмір шырағы)



Жүз сом ақшаң болғанша,........ (жүз досың болсын)



Білім таппай мақтанба........... (өнер таппай баптанба)



Тіл қылыштан .......... ( да өткір)



Отан............. (оттан да ыстық)

Шебердің қолы ортақ..... (шешеннің сөзі ортақ)



Отансыз адам......... (ормансыз бұлбұл)



Ер жігіт елі үшін туады..... (елі үшін болады)



Мектеп кеме........... (білім – кеме)



Жақсы жолдас – жанға серік, .......жаман жолдас малға серік)



Өнер алды - .(қызыл тіл)



3-бөлім. Тақырыптар ұяшығы. 5 тақырып бойынша берілген ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру

Қазақ тілі



10.Фонетика нені зерттейді (дыбыс)



20.Қазақ тілінде неше септік бар? (7)



30.Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді? Ата. (2, дара, күрделі)



40.Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер (есімдік)



Әдебиет



10.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері (ертегі, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, аңыз-әңгімелер)



20. «Менің атым – Қожа» повесінің авторы (Б.соқпақпаев)



30. «Ақ киімді денелі ақ сақалды...» деп басталатын өлең авторы (А.Құнанбаев)



40. «Бауыр» әңгімесінің авторы (М.Қабанбай)



«Грамматикалық ереже»



10 ұпай:Адамдардың есімдері қандай әріппен жазылады?(бас әріп)



20ұпай: Көптік жалғауларын ата(-лар, -лер т.б)



30 ұпай: заттың атын білдіретін сөз табы( зат есім)



40 ұпай: Қарама-қарсы мағыналы сөздер (антоним)



«Ұлы адамдар»



10 ұпай: Ұлы жүздің биі (Төле)



20 ұпай: Қазақтың саяхатшысы, ғалымы (Шоқан)



30 ұпай «Қазақ» газетінің редакторы (А.Байтұрсынов)



40 ұпай: Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)



«Телехабарлар»



10 ұпай: Тек қазақ тіліндегі телеарна (Қазақстан)



20 ұпай: балалар ән-би байқауы? (АЙгөлек)



30 ұпай: «Жұлдыздар ән байқауы? (Екі жұлдыз)



40 ұпай: «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? (Ш.Айманов)







ҮІ.Өлең-сөздің патшасы

Оқушылар ортаға шығып, мәнерлеп өлеңдер оқиды. Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады

Жүргізуші:

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шыңдарына.

Бүгінгі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасында! (Жеңімпаздарды марапаттау).

Жүргізуші:

Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта,

Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!

Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел

Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса!-деген А Байтұрсынұлының сөзімен сайысымызды қорытындылаймыз..

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңілістер қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңізге тілектеспін! Білімдеріңізді жетілдіріп, биік белестерден көріне беріңіздер!!!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2019
3192
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі