«Жүзден жүйрік» интеллектуалдық сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жүзден жүйрік» интеллектуалдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 5-сынып мұғалімдері үшін пайдалы.Әдіс-тәсілдер қолданылған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті.

Сыныбы: 5 «а,з» сыныптары.

Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік»

Сыныбы:Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлтты өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрлері, діні тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүние танымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, плакаттар, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер.

Сабақ түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі қазақ тілі мен әдебиеті пәніне арналған«Жүзден жүйрік» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Тәрбие сағатымыз оқушылардың ана тіліне деген құрметін, Отанымызға деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында екі топтың жарысы түрінде өтпек.Ендеше, сайысымыздың кезеңдерімен танысайық.

I.Таныстыру (әр топ өздерін таныстырады)

II.Сиқырлы ұяшықтар (әр топ ұяшық таңдау арқылы, сұрақтарға жауап береді)

III.Мақал-сөздің мәйегі(мақалдың жалғасын табу)

IV.Жорға (капитандар сайысы)

Мұғалім: Шын жүйрік шабысынан танылады

Қатты білім, терең ой саналады

Баға берер әділ қазы ортамызда

Сіздерге қошеметпен қол соғады.

Әділдікті қақ жарар әділ қазылар алқасымен таныс болайық.

(Әділ қазы мүшелерін таныстырып өту.)

Мұғалім: Беташарын сайысымыздан бастайық

Көрерменді бір сәт серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып алайық,-дей келе сайыскерлеріміздің «Таныстыру» сәтін бастауға рұқсат етіңіздер.

I топ: «Жасқыран»

Қалықтап көкте жас қыран

Халықпыз сөзге тоқтаған

Тілімен топты жаратын

Тобымыз біздің « Жасқыран»

II топ: «Топжарған»

Шығарар намысты топты алдан

Дуалы ауыз тілге арман

Сайысқа келдік біліммен

Тобымыз біздің «Топжарған»

II.«Сиқырлы ұяшықтар»кезеңі.

«Салт-дәстүр» : 10 ұпай:Наурыз көжеге неше тағам түрі қосылып жасалады? (7 түрлі тағамнан жасалады)

20 ұпай: Қуанышты хабар жеткізген адамға қандай кәде жасалады? (сүйінші)

30 ұпай: «Бесік тойы» дәстүрі кімге жасалады? «Бесік тойын» кім және қашан жасайды? (жаңа туған нәрестені 5 күннен кейін ауылдың сыйлы әжелері мен аналарын жинап солардың ішінен бірі кішкентай нәрестені бесікке салады)

«Сен білесің бе?»:10 ұпай: 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше?(12минутта)

20 ұпай: Қабат – қабат қаптама

Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)

30 ұпай: Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)

«Тәуелсіздік»:10 ұпай:

20 ұпай:

30 ұпай:

III.«Мақал- сөздің мәйегі»(мақалдың жалғасын табу) Әрбір тілде сөйле әлемді таңдандырып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Ал ендігі кезекті «Мақал сөздің мәйегі» атты сайысымызды бастайық. Бұл сайыста «Сиқырлы қалпақтың» көмегімен мұғалім мақалдың басын айтады да, топтың ішіндегі бір сайыскердің басына бас киімді кигізе қояды. Басына «сиқырлы қалпақ» киген сайыскер ол мақалды аяқтайды. Мақалды дұрыс аяқтаса, сол топқа 5 ұпай беріледі, ал мақалды жалғастырып айта алмаса, жауап беру құқығы екінші топқа беріледі. I топ:

1. Отан (отбасынан басталады)

2. Оқу білім бұлағы, (білім өмір шырағы)

3. Жеті жұрттың тілін біл, жеті (түрлі ілім біл)

4. Ас атасы - (нан)

5. Айтылған сөз (атылған оқ)

II топ:

1. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

2. Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті.)

3. Қына тасқа бітеді, (білім басқа бітеді)

4. Жақсыдан үйрен, (жаманнан жирен)

5. Көре – көре көсем боласың, сөйлей – сөйлей (шешен боларсың)

IV.«Жорға» сайысы.

Мұғалім: Шабыт тасып шалқысын,

Көңілді кеш жасайық.

Мұнда қызық табылар,

Жұмбақ, сұрақ бәрі бар,

Білімдіні сынайық.

I топ сұрақтары:

1. ҚР өз тәуелсіздігін қашан жариялады? ( 1991 ж 16 желтоқсан)

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

3. Ы. Алтынсариннің балаларды оқуға шақырған өлеңі қалай аталады? (Кел, балалар, оқылық)

4. Әнұранның авторлары кімдер? (сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев.

әні: Ш. Қалдаяқов)

5. Күй атасы кім? (Құрманғазы)

6. Орнынан қозғалмайды, бірақ жүреді. (сағат)

7. Қазақстанның елбасы кім?(Н.Ә.Назарбаев)

8. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)

9.Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)

10. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)

II топ сұрақтары:

1. ҚР Рәміздерін атаңдар (Мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту, Әнұран )

2. Қазақтың жүз жас жасаған ақыны кім? (Жамбыл Жабаев)

3. Елтаңбаның авторы кім? (Шот - Аман Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков)

4. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

5. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген? (1845 ж)

6. Қазақтың атақты үш биін атаңдар? (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)

7. Аяғын жаңа басып жүрген балаға жасалатын қазақ халқының салт – дәстүрі (тұсау кесу)

8. Қазақстанның астанасы қай қала?(Астана)

9. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)

10. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)

Қорытынды

Мұғалім: Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау – дей келе сайысымыздың қорытындысын жариялап, жеңімпаз топты анықтау үшін әділ - қазыларға сөз кезегін береміз.

Сонымен бүгінгі сайысымыз аяқталды, жақсы күндерде жолыққанша күн жақсы болсын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2018
954
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі