Мерзімі:
Сабақтың түрі: математикадан сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың типі: математикалық жарыс
Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Сынып: 5,7,8,9
Көрнекілік: плакат, слайд
Мақсаты:
Білімділік мақсаты:оқушылардың жан-жақты білімдерін қалыптастыру және
математиканың басқа пәндерімен байланысын көрсету.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде дұрыс жеткізе білуін
қалыптастыру , логикалық ойлауын дамыту және есептерді жылдам , әрі
қатесіз шығаруға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты:оқушыларды табандылыққа , шапшандылққа , ұқыптылыққа ,
адамгершілікке , сыйластыққа үйрету.
Ойынның барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен сәлемдесіп
оларды түгендеп, қатысушыларды нөмер бойынша шақырып,
таныстыру.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика жайында
Кешімізді бастаймыз.
Жас
достарым,
Мұны
жақсы ұғайық.
Математика құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін
емес математикасыз түсіну,
Математика дүние кілті бүгінде.
Математика еді өмірдің,
Асыл
бір үлкен саласы.
Жаңарды
сол математикамен,
Елімнің
өзен даласы.
Түсіріп
аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Математика кереметті көрсетті елге.
Бірі
өшіп, кітаптардың бірі тозған,
Қай
жүйрік Архимедті басып озған.
Жалынды
патриот, батыр ғалым.
Ғасырлар түкпірінен басып озған.
Математика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,
Көз
тартар табиғаттың сыры екен ғой.
Аттасаң
аяғыңды алдыңа орап
Артыңнан қалмайды екен тіріде ол.
Салған
ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Бәрінің
бағынары математика ғой.
Сондықтан табиғаттың сырын терең,
Деушіге
оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең
болсын егер еңбегімен,
Әуелі
математиканы оқы дер ем.
Негізі
бар ғылымның математика,
Жалықпай оқып үйрен тек қана.
Білімнің есегін ашты көзін тауып,
Декарт,
Эйлер, Фальстер.
Бүгінде
математика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның үйретіңдер,
Шәкірттер, зерделікпен үйреніңдер.
Білім
деген биік шың,
Бақытқа
сені жеткізер.
Білім
деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызға
қош келдіңіздер.
Бүгінгі
кеш – қызықты кеш,
Көрермендер, халайық.
Ой –
түйсікті қозғап қазір,
Биік
қанат қағайық.
Математика салтанаты,
Осы
жерде құруын,
Белсендірек көрсетейік,
Бар
ықылас құрулы.
Мәңгілікке есте қалар,
Қызықты
бұл жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын.
Әділ –
қазы алқасына бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік
озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше
біл.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпаз болу шарт сол.
Еңбек
етіп жалықпай,
Сәтті
сапар тілеумен.
Сайысты біздер бастайық,
Көрсетіңдер өнерді,
Қарап
қалма жасқанып.
Ал,
оқушы, ұстаздар
Ортаға
назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ сайысқа,
Қол
соғып қарсы алайық, - деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді
ортаға шақырамыз:
1
нөмірдегі сайыскеріміз ....
2
нөмірдегі сайыскеріміз ....
3
нөмірдегі сайыскеріміз ....
4
нөмірдегі сайыскеріміз ....
5
нөмірдегі сайыскеріміз ....
6
нөмірдегі сайыскеріміз ....
2.Ойынның кезеңдері:
a) І – тур.
Бәйге. (Жүргізуші математикалық
анықтама оқиды.)
Қарап
тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден
жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге,
бәйге, бәйгені бір көріңіз.
Сайысымыздың І – кезеңі – «Бәйге». Бұл кезеңде сайыскерлеріміз
математикалық анықтамаларға қол көтеру арқылы жауап беруі тиіс.
Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар сайысымызды
бастаймыз. Ал, мұқият болыңыздар.
1.Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені
центрімен қосатын кесінді?(радиус)
2. Жүзден бір үлесті қалай
атайды?(процент)
3.Екі санның бөліндісі қалай
аталады?(қатынас)
4.Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған
фигураны қалай атайды?(бұрыш)
5.Бұрыштың неше түрі бар?(4-жазыңқы, тік, сүйір, доғал)
6.Екі теріс санның қосындысы қандай
сан?(теріс сан)
7.1 кг-да қанша гр бар?(1000 гр)
8. Картадағы кесіндінің ұзындығының оған сәйкес
жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын не деп атайды?(
Масштаб)
9. Екі
қатынастың теңдігін не деп атайды? (Пропорция)
10. Белгілі бір ортақ қасиеттерге ие болып,
белгілі бір заңдылықпен бірікккен нәрселер, объектілер не құрайды?
(Жиын)
11. Қай
сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?( 0 (нөл))
12. Санақ басы болатын О нүктесі және бірлік
кесіндісі таңдап алынған, оң бағытта көрсетілген түзу?
(Координаталық түзу)
13. Бір
– бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар?(
Қарама – қарсы)
14. Координаталық түзудегі санды кескіндейтін
нүктенің санақ басынан қашықтығы санның несі деп аталады?
(Модулі)
15.
Натурал сандардың әрқайсысын белгілеу үшін жасалған таңбалар?
(Цифрлар)
16. түріндегі теңдеу (мұндағы х
айнымалы, а және b қандай да бір сандар) қалай аталады?
(Бір айнымалысы бар сызықтық
теңдеу)
17.
Жолда екі баласы, екі әкесі келе жатыр. Жолда қанша адам келе
жатыр?( 3)
18. Жанұяда 7 қыз бар. Әрқайсысының бір інісі бар. Жанұяда
қанша бала бар? (8)
b) ІІ– тур.
Көкпар. (Берілген ұлы математиктердің
есімдерін табу)
Адам
алып таңғажайып ісімен,
«Көкпар» - ойын ой тастаған түсімен.
Зерделілер заманды алға жылжытсақ.
Математикалық заңдылықтар күшімен.
Бұл
адамдар ардақтаған халықтар,
Математикада даңқы шыққан алыптар.
Қара,
ойлан, зерек болсаң сайыскер,
Алыптарды әрқашан да танып қал.
1.Математикада ХІХ ғасырдың ІІ жартысында жиын
ұғымы пайда болды.Жиын ұғымының математикаға енуі жиын теориясын
негізін қалаушы неміс математигі? (Георг Кантор)
2.1637 жылы координаттық түзуді енгізіп, теріс
және оң сандарға түсінік берген кім?(Рене Декарт)
3.Математика ғылымының дамуына көп еңбек
сіңірген ғалым.ҚР-ның Ұлттық ғылым академиясының академигі. Алғашқы
ұлттық жоғары математика оқушылығының авторы кім?(Жәутіков Орынбек Ахметұлы)
4.Пропорцияны қазірше жазуды 1693 жылы енгізген
неміс физигі, өнертапқыш, әрі математик?(Г.В.Лейбниц)
5.Кімнің “Бастамалар”кітабында қатынастар мен
пропорциялар теориясы баяндаған?(Евклидтің)
6.Б.з.б.287-212 жж. өмір сүрген Ежелгі Грецияның
ұлы ғалымы, математигі, механигі?(Архимед)
7.Жай бөлшектер туралы толық мәліметтерді
арифметика кітабына кім енгізген?(Әл-Хорезми)
c) ІІІ – тур.
Полиглот.(10 жұмбақтың шешімін тауып,
орыс, ағылшын тілінде айту)
Келді
кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға 3
тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды
білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт, саған
несібе.
Жұмбақтар:
1.Айдалада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау.(жұмыртқа,
яйцо, an egg)
2.Жылт-жылт етеді,
Жылғалардан өтеді.(су, вода,
water)
3.Ақ сандығым ашылды,
Ішінен
жібек шашылды.(күн, солнце, the
sun)
4.Асты тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас.(нан,
хлеб, bread)
5.Қабат-қабат қаптама,
Ақылың
болса аттама.(кітап, книга, a
book)
6.Ти десе, тимейді
Тиме
десең, тиеді.(ерін, губы, a
lip)
7.Келді үлкен алып аузын
ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам
басып.
Әр бірінде отыздан бармағы
бар,
Құтылмас
ешбір адам одан қашып.(жыл, год, an
year)
8.Екі аяқты бір ізді,
Адам
мінгізіп жүргізді.(велосипед,
bysicle)
9.Белі
бүкір, алысқа түкір.(мылтық , ружье, a
gun)
10.Сырты
қатты, іші тәтті.(қарбыз,
арбыз, )
d) ІҮ– тур. «Ғажайып
жетілік» (Жеті пән бойынша тестке
жауап беру)
Жетіліктің сұрағы көп сабақтан,
Шәкірттердің білері алға
шығады.
Асықпаңдар ойланыңдар
жақсылап,
Үш жауап бар біреуі оның
шырағы.
1.Неше үшбұрыш көріп
тұрсын?
a)5; b)4 c)6
2.“ ” таңбасы нені
білдіреді?
a)қиылысу b)бірігу c)бос
жиын
3.Болымсыз етістіктің жұрнағы?
a)-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе b)-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер
c)-нің,-ның,-дің,-дың,-тің,-тың
4.Жансызды жандандыру
арқылы суреттеуді қалай атайды?
a)гипербола b)суреттеу c)кейіптеу
5.В
каком времени стоит глагол “писал”?
a)в
будущем b)в прошедшем
c)в настоящем
6.Жер қыртысын қалай
атайды?
a)гидросфера b)атмосфера c)литосфера
7.Эхолот нені өлшейді?
a)таудың
биіктігін b)теңіздің
тереңігін c)температураны
8.Жібек неден жасалған?
a)
жіптен b)құрттан
c)мақтадан
9.Қазақстан Республикасының
халыққа жолдауын кім жолдайды?
a)Парламент b)Президент c)Премьер-министр
10.“Биология”сөзі нені
білдіреді?
a)тірі табиғат b)өлі
табиғат c)жануар әлемі
e)Ү – тур.
Жорға(Әр оқушыға он бес – он бестен
сұрақтар оқылады )
Ең қиын
жарыстың «Жорға» келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін
енді.
Тез тауып бер ойланып тұрып
қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен
ерді.
Сайысымыздың соңғы кезеңі
«Жорға». Бұл кезеңде 15 сұрақ. Осы сұрақтарға 1 минуттың ішінде
шапшаңдықпен жауап беру керек.
1-ші оқушыға:
1.
Қандай сандар нөлден үлкен? Оң
2. Жылда
неше ай бар? 12
3.
900 – тан кіші бұрыш? сүйір
4. Тік
бұрыш неше градус? 900
5. Бұрыш
өлшейтін құрал? Транспортир
6. 2
саны жұп па, тақ па? Жұп
7. Тауық
бір аяқпен тұрса 3 кг, ал екі аяқпен тұрса неше кг?
3 кг
8. Қазақ
тілінде неше сөз табы бар? 9
9. 2+2*2
неше? 6
10.
Аптаның бесінші күні? Жұма
11. Бір
жұмыртқа 4 минут піседі, 4 жұмыртқа неше минут піседі?
4 мин
12. 16
желтоқсан қандай мереке? Тәуелсіздік
күні
13.
«Көзді ашып жұмғанша» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы ?
Жылдам, тез
14.
Дүние жүзінде неше мұхит бар? 4
15. Бір
сағатта неше минут бар? 60
минут
2 –ші
оқушыға:
1.
Қандай сандар нөлден кіші? Теріс
2. Бір
ғасырда неше жыл бар? 100
жыл
3.
900 – тан үлкен бұрыш? Доғал
4.
900 болатын бұрыш қандай бұрыш? Тік
5.
Транспортир нені өлшейді? Бұрышты
6. 3
саны жұп па, тақ па? Тақ
7. Тауық
екі аяқпен тұрса 3 кг, ал бір аяқпен тұрса неше кг?
3
8. Қазақ
тілінде неше септік бар? 7
9. 3+3*3
неше? 12
10.
Сәрсенбі аптаның нешінші күні? Үшінші
11. Бір
кг тұз ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма? Тең
12.
Тәуелсіздік күні қашан болады? 16
желтоқсан
13. «Ит
өлген жер» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы? Алыс, қашық
14.
Дүние жүзінде неше материк бар? 6
15. Бір
минутта неше секунд бар? 60
секунд
3.Қорытынды. Қорытынды сөзді
пән мұғалімі, жюри мүшелері сөйлеп,оқушыларға тиісті орындарын
береді. Жүргізушілер ойынды аяқтайды.
«№40 негізгі мектебі»
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан
тұлпар»
Абитаева Еркегуль
Кыдырбаевна
Қарағанды