жүздіктерді қосу және азайту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

жүздіктерді қосу және азайту

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ математика пәнінен 2 сынып жаңартылған бағдарлама бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 2

Қатысқан оқушылар:3

Қатыспағаны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.4.3.1 1000-ға дейін жүздіктер тізбегіндегі заңдылықты анықтау

2.1.1.4 есептің ірілендірілген бірлігін – жүздік түзу; 1000-ге дейін санау, жазу және салыстыру

2.4.3.2 берілген заңдылық бойынша тізбек құру, заңдылықтың бұзылуын анықтау

Сабақтын тақырыбы : Жүздіктерді қосу және азайту

Сабақ мақсаты

1000-ға дейінгі жүздіктер тізбегіндегі заңдылықты анықтайды

Оқушылардың көпшілігі:

1000-ға дейінгі жүздіктер тізбегіндегі заңдылықты анықтайды, 1000-га дейінгі сандарды жазады, амалдарды орындайды.

Кейбір оқушылар:

1000-ға дейінгі жүздіктер тізбегіндегі заңдылықты анықтайды, 1000-га дейінгі сандарды жазады, жүздіктерді жылдам қосып және азайта алады.

Жетістік критерийлері:

1000 көлеміндегі сандарды атайды, жазады, жүздіктерді қосу және азайтуды меңгереді.

Тілдік мақсаттар

жүздіктердің атауы (жүз, екі жүз, үш жүз, және т.б)

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

АКТ пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім:

100-ге дейін санауды, сандар атауларын, толық ондықтарды біледі

Сабақ барысы

Белгіленген

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздер

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

7 минут

«Психологиялық ахуал қалыптастыру»

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Ұстаздарды көргенде,

Достарымды көргенде,

Қуана қуана амандасамыз,

Сәлеметсіздер ме ұстаздар! Здравствуйте, учителя Гудмонинг тичес

Сәлеметсіз бе, мұғалім! Здравствуйте, учитель Гудмонинг тиче

Сәлем, сәлем, сәлем! Привет,привет,привет Хэллоу,хэллоу,

Қол.Бас.Жүрек.

-Балалар, бүгінгі сабақта бізге Шульманның 3 көмекшісі қажет болады.

Олар: бас, қол, жүрек.

-Біз бүгінгі сабағымызда миымызбен жақсы ойланып, ойлағанымызды қолымызбен іске асырып, мейірімді жүрегімізбен сезіну керекпіз.

Сабағымызды жалғастыру үшін біз топқа бөлініп алайық ,ол үшін менің қолымдағы 3 түсті қағаздан әр қайсын 1 түсті алып сол түсті шары бар партаға отырасындар.Біздің топтарымыз «математикалық банкир» деген ойынға сәйкес болады .Әр қайсын 1 топ боласындар .Топтардың атаулары: «Халық Банк», «Каспи Банк», «Нұр Банк»

Смайликтер таратылып отырады

Жүздіктер туралы білімін қайталау.

Алдымен оқушыларға қағаз ,маркер таратылып беріледі.

Оқушылар мұғалім сұрағына жауаптарын қолдарындағы қағазға жазып көрсетеді.Слайдта көрсетілген дұрыс жауаптармен тексеріледі.

10 бірл. = 1 онд. смайлик

1 онд. = 10 бірл. смайлик

10 онд. = 1 жүзд. смайлик

1 жүзд. = 10 онд. смайлик

1 м = 100 см смайлик

1 ц = 100 кг смайлик

(Ұ) Оқушылармен диалог құру

(Оқушыларға кәмпиттерді көрсетіп, 1 кәмпит-1 бірлікке тең екенін айту. 1 қалтаға 10 кәмпиттен салдырып, бұл 1 қалта 1 ондықты құрайтынын айтамын.Ал 10 қалта 1 жүздікті,яғни 10 қалтада барлығы 100 кәмпит бар екенін айтамын.)

-Балалар, біз 100-ге дейін санап үйрендік және санауды түрлі «қадамдармен» (бірліктермен, ондықтармен) жүргіздік. /оқушылардың жауабын тыңдау/

100-ге дейін өсу және кему ретімен санату.

10 ,20, 30, 40 ,50 ,60 ,70, 80 ,90, 100 смайлик

100, 90, 80, 70, 60, 50, 40, 30, 20, 10 смайлик

(Ұ) Оқушылардың өздеріне таныс сан түзуін қарастыру.

-100-ге дейін қалай тез санауға болатындығын білесіздер ме?- проблемалық сұрақ қойып, оқушылардың пікірлерін анықтау.

100-ге дейін ондықтармен өсу және кему ретімен санату.

-100-ден кейін қандай сан келеді?» 200 смайлик

-Одан кейін ше? 300 смайлик

100-ден 1000-ға дейін жүздіктермен өсу және кему ретімен санату.

100, 200 ,300, 400, 500, 600, 700, 800, 900, 1000 смайлик

-Ендеше, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай болмақ?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Жүздіктерді қосу және азайту

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

2 минут

2 минут

5 минут

6 минут

Ұ,Ж)Жазуларға қарап, толық жүздіктерді қалай қосуға және азайтуға болатынын түсіндір.

Оқушылар тапсырманы ауызша түсіндіре отырып орындайды, толық жүздіктерді бір таңбалы сандар сияқты қосып, екі нөлден қоса жазып отырады. Санау тəсілдері натурал сандар қатарының қасиеттерін, сондай-ақ сандардың ондық құрамын білуге негізделеді.

2+1 20+10 200+100

3-1 30-10 300-100



) Жұмыс дәптері.

Жұмыс дәптеріндегі №1 тапсырманың

1 бағанын Халық Банк,

2 бағанын Каспи Банк ,

3 бағанын Нұр Банк орындайды.

Ұжымда дұрыс жауаптары тексеріледі.

Сергіту сәті «Көңілді жаттығу»

(Ө, Ж) Жұмыс дәптері.

Тапсырманы орындамас бұрын,таразының суреттерін көрсету. Таразымен нені өлшейміз?(масса)

Массаның қандай өлшем бірліктерімен таныстық? (кг, ц)

1 ц – де неше кг бар? (100 кг)

100 кг – да неше ц бар? (1 ц)

Жұмыс дәптеріндегі №2 тапсырманы әр оқушы өзі орындайды.

Тақтада орындайды

Содан кейін ұжымда дұрыс жауабы тексеріледі.

) Жұмыс дәптері. №3 тапсырма

Теңдіктер тура болатындай жақшалар қой.

(70 – 30) + 10 = 50

70 – (30 + 10) = 30

60 –( 20 + 10) = 30

60 + 20 + 10 = 90

(70 + 20) – 10 = 80

70 + 30 + 10 = 100

60 –( 40 + 20) = 0

(Т) Таратпа материал

1-топ: 700 + 200 = 900 2-топ: 600 + 200 = 800

800 – 300 = 500 400 +(600 – 200) =800

3-топ: 200 + 300 = 500

500 – 300 = 200

Слайд

Жұмыс дәптері

Видео –сергіту сәті

Таратпа материал

Сабақтың соңы

1минут

Әр тапсырманы орындаған кездерінде оқушыларды смайликтер арқылы бағалап отырамын.

Кері байланыс

«Блоб сыныбы»» әдісі

Рефлексия

«Табыс сатысы» әдісімен сатының

1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*,

2 - ші баспалдағы *мен.................. ТҮСІНЕМІН*,

3 - ші баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН*

Оқушылар қолдарындағы суреттен өздерін тауып бояп көрсетеді.

Смайликтер Қима қағаздар























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
3084
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі