"Жүзім бұтағы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жүзім бұтағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жүзім бұтағы»

Тапсырмалар:

Суретте бейнелеудің тәсілдерін көрсетпей-ақ жүзім бұтағының пішінін көрсете білуге үйрету; Жүзім жидектерінің (ашық жасыл немесе күлгін) түсін өз бетімен таңдауға үйрету; суреттеу тәсілдерін дамыту.

Құрал – жабдықтар:

Тәрбиешіде шадыра бұтағы және жүзім бұтағы бейнеленген суреттер, К.Брюлловтың «Жүзім жинап жүрген қыз» атты және Мурильоның «Қауыны мен жүзімі бар балалар» атты қайта жаңғыртылған суреттері бар.

Ал балаларда реңі бар қағаз беттері, гуашь бояуы және жұмсақ қылқаламдар.

Барысы:

Балаларға: «Балалар, мен екі сурет көрсетемін, ал сендер болсаңдар бүгін біз қандай сурет салатынымызды табасыңдар». Балалардың алдына К.Брюлловтың «Жүзім жинап жүрген қыз» атты суретін қоямыз. Әңгімелейміз: «Суретші өз шығармасында аяқ ұшымен тұрып, қою көк жүзім бұтағын жұлып жатқан қыздың бейнесін суреттеген». Екінші қолымен ол бұтақтан ұстап тұр. Қыздың иық тұсында жүзімге толы кең себет ілініп тұр».


Балалардың алдына Мурильоның «Қауыны мен жүзімі бар балалар» атты суретін қоямыз да, әңгімелейміз: «Суретші өз шығармасында екі жалаң аяқты баланың қауын мен жүзім жеп отырғанын бейнелеген. Бір баланың қасында жүзімге толы себет тұр. Онда қара және ашық жасыл сары түстес жүзім бұтағы бар. Әлгі бала жүзім бұтағынан ернімен піскен жидектерін үзіп жеп тұр». Егер де балалардың қояр сұрақтары немесе айтатындары болса, оларды қолдау қажет. Содан соң сұрауға болады: «Біздер бүгін қандай сурет салатынымызды таптыңдар ма?»

Балалардың алдынан қайта жаңғыртылған суреттерді алып тастап, алдарына шадыра бұтағы және жүзім бұтағы бейнеленген суреттерді қойып, оларды пішіні, көлемі, жидектерінің түсі бойынша, содан соң бұтағының пішінін салыстыру қажет. Шадыра бұтағының белгілі бір пішіні болатынын түсіндіріп кеткен жөн. Саусағымызбен айналдырып көрсету керек. Жүзім бұтағының үшбұрышқа ұқсайтынына балалардың назарын аудару қажет. Жүзім жидектері жоғарғы жағында көбірек болады, ал төменгі жағында аз болғандықтан ол үшбұрышқа ұқсайды. Қолымызбен айналдыра көрсету керек.


Балалар бірі бүгін жүзім бұтағының суретін салатынын айтып кеткен жөн. Жүзімнің түсін олар өздері таңдайды. Кім жүзімді ашық жасыл түспен, кім күлгін немесе қою көк түспен бояса өз еріктері. Кей балаларда бұтадағы жидектер пішіні домалақ болып келсе, кейбіреулерінде овал болып келеді.


Балалардан жүзім бұтағы үшбұрышқа ұқсау үшін олар қалай орналасуы керек екенін және қандай түсті болатынын сұраған жөн. Сабақ үдерісінде балаларға жидектерді бір-біріне өте жақын, тығыз орналастырып салу керек екендігі туралы ақыл беріп жіберу қажет. Суреттің қағаз ортасында орналасуын және қағаз шеттерінен шықпау керектігін бала бақылап отыруы керек.

Қызыл шиені салу үшін балаларға қара немесе қоңыр түсті қарындаштар қажет. Кім де кім жапырақтың сурет саламын десе, салсын. Жүзімнің жапырақтары кең, ұшты қарақат жапырағына ұқсайды.

Сабақ аяғында балалардың жұмыстарын стендке үліп қоямыз. Түрлі құрал-жабдықтармен белгілі бір затты жасап шығаруға болатынын айтамыз. Ол затты суреттеуге, қиюға және жапсыруға болады. Балаларға жүзім бұтағының пісіп және ол әлі талда өсіп тұрғанын елестетуді ұсынамыз. Қайсысын олар жұлып алар еді? Ұнаған суретті таңдау үшін бірнеше адам шақырылып, одан осы таңдалған бұта қай жерімен жақсы екенін баяндап беруді сұраймыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2018
551
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі