Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүзім құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсат-міндеттері: * Қағазбен жұмыс жасауға үйрету. *Қағазды умаждау арқылы жүзімді жасай алуға дағдыландыру. *Ұқыпты жұмыс істей білуге және ұқыптылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, жұмбақ жасыру,умаждау әдісі, сұрақ-жауап, логикалық ойын. Қажетті құрал жабдықтар: Түрлі түсті қағаздар, ПВА желімі, қылқалам, үлгі суреттер мен таратып беретін бұтақтардың суреттері. Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:Балаларға жұмсақ қол суртетін қағаздардан жүзімді әр түрлі тәсілдерге байланысты жасай білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру

Тақырыбы: Жүзім

Мақсат-міндеттері:

* Қағазбен жұмыс жасауға үйрету.

*Қағазды умаждау арқылы жүзімді жасай алуға дағдыландыру.

*Ұқыпты жұмыс істей білуге және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, жұмбақ жасыру,умаждау әдісі, сұрақ-жауап, логикалық ойын.

Қажетті құрал жабдықтар: Түрлі түсті қағаздар, ПВА желімі, қылқалам, үлгі суреттер мен таратып беретін бұтақтардың суреттері.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:Балаларға жұмсақ қол суртетін қағаздардан жүзімді әр түрлі тәсілдерге байланысты жасай білуге үйрету.

Полингвизм: Жүзім-виноград-graps; Жеміс-фруты-fruit; Дәрумен-витамин-vitamin

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың

іс-әрекеті

Мотивация

лық қозғаушылық

-Балалар, шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық!

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

-Барлығымызды жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!


Балалар шеңберге тұрып, шаттық шеңберін орындады.



Бір-біріне күлімсірей қарады.

Іздену- ұйымдастырушы

Жұмбақ жасыру: Желiлерi жайылып,

Жол-жол болып жатады.

Күн нұрына бой ұрып,

Жердiң нәрiн татады,

Жасыл шатыр астында,

Кететiндей үзiлiп,

Тұр көп маржан тасындай,

Мойыл моншақ тiзiлiп.(Жүзiм)

Үлгі арқылы жүзімнің жасалу жолдарын түсіндіреді.

Балаларға жүзімнің жапырақтарымен салынған суретті таратады.

Жұмсақ қол суретін қағаздарды алып оны бірнеше бөліктерге бөледі.

Қағазды бөліп алады, умаждап жаттығу жасап көрсетеді.

Сергіту сәті: Гүлдер, гүлдер . шоқ гүлдер,

Қызыл , жасыл, көп гүлдер

Тұра берші жайқалып,

Тұра берші нұрланып

Қағаздардың түсін балалармен бірге таңдайды, қағазды алақан арасына салып умаждауды көрсетіп, түсіндіреді. Оның жұмсақ болуын, домалақ пішінге келтіруге болатынын көрсетеді.

«Домалақ» жүзімдер дайындап болған соң, оның алдарындағы жүзімнің суреті салынған қағазға орналастырады, жүзімнің сабағына, жапырақтарынан назар аударады, оның әдемі болып жасалуына бағыт береді, басшылық жасайды.

Логикалық ойын:

«Жемістер мен көкөністер»

Шарты:Үлестірмелі материалда берілген жемістер мен көкөністерді ажыратып екі себетке сал. Олардың пайдасы туралы айта отырып, жемістер мен көкөністердің атауларын үш тілде айтып бер.




Балалар ойланып жауап берді.




-Жүзім




Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдады. Жүзімді құрастыру жолдарына қызығушылық білдірді.


Барлығы сергіту сәтін қайталап, қимылмен орындады.



Балалар қағаздарды бірнеше бөлікке бөліп алып, уысына салып умаждады.

Дайын болған жүзімдерді белгіленген орындарға орналастырды.





Ойынға қызыға қатысады. Белсенділік таныта білді.

Рефлексивті коррекциялау

шы

Балалардың жұмыстарына талдау жасалады ең жақсы жұмыстар таңдалады.


-Балалар бүгін не жасадық?

-Жүзімді неден жасадық?

Полингвизм: Жүзім-виноград-graps; Жеміс-фруты-fruit; Дәрумен-витамин-vitamin

-Балалар, қане жүзім туралы тақпақ айтайықшы.

Өседі екен топтанып,

Өседі екен шоқтанып.

Жүр оңтүстік қазағы

Жүзімімен мақтанып.

Депті жүзім бұрында:

«Ексең жетем Қырымға.

Балалар өздерінің жасаған жұмыстарын тамашалады.

-Жүзім

-қағаздан


Сөздердің баламасын үш тілде айтты.



Балалар тақпақты жатқа айтты.

Күтілетін нәтижелер:

Нені біледі: Қағазды бірнеше бөліктерге бөліп, оны умаждау арқылы жүзім жасауды білді;

Қандай түсініктерді игереді: Жүзім туралы жұмбақты шешуді және тақпақты жатқа айтуды түсініп игерді;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Қағазбен жұмыс жасау дағдысын меңгерді.

3.Вариативтік компонент: «We can speak English» (пән мұғалімінің жоспары бойынша)

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2019
4470
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі