Жүргізуші: Наурыз тойы
береке
Наурыз тойы жыр
аңыз
Қызып дулы
мереке
Қызық думан
құрамыз.
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың
ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге
қазақ даласына жаңа-жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай
отырып, дендеріңізге саулық, жаңұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге
табыс тілейміз-деп №2 «Бәйтерек»ересек тобының наурызға арналған
той думанына қош келдіңіздер.
Той думан сюжеттік биімен
басталады.
4 қыз музыка әуенімен залға
билеп кіреді,
Ата
сөйлейді
4 қыз кесемен билеп
шығады,
Жаршы
келеді
4 ұлдар билеп
шығады
Ұлдар мен қыздар қаражорға
билейді
4 қыз билеп шығып ақ мата
төсейді
Әжелер ән айтып ,немересін
жетектеп келеді
Екі қыз тұсау кесушіні алып
келеді
Тұсауын кесіп,немересін
алып кетеді.
Әжелер артынан екі қыз шашу
шашады
Екі жігіт ортаға шығып
күреседі.
Барлығы орындарына
тұрып,аталар келіп қослып бас иіп сәлем
береді.
Ақтөре:Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мұнда
біз бар,
Естімеген
естіңіздер!
Наурыз тойы
басталды.
Көргендер де
арманда,
Көрмеген де
арманда.
Қызықтан тыс
қалмаңыздар
Аделя: Көріп жұрт көңілін
тастағалы,
Шалқысын балалардың асқақ
әні.
Ұлыстың ұлы күні құтты
болсын!
Біз тұрмыз наурыз тойын
бастағалы.
Наурыз келсе құт келеді
қалайық!
Берекелі ұлыстың ұлы
күнін
Шашу шашып қуанышпен қарсы
алайық!
Жүргізуші : Балалардың
орындауында мерекеге арналған тамаша ән
тамашалаңыздар.
Ән:
«Қош келдің төрлет
Наурызым!»
Амир: Көктем келді,Наурыз
келді,
Жел көгерді, ел
көгерді.
Дастарханнан жайып
дархан
Жақсылық пен бақыт
шашқан.
Наурыз келді тойға
ұласқан
Наурыз тойы құтты
болсын,
Ырыс тасып
берекелі
Өмір сүрсін бақытты
елім.
Исаева
М:Салтымен ата –бабамның
Жаңғырды қайта заманым
Жаңа –жыл басы –бұл Наурыз
Қайырлы болсын қадамың!
Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады.
Жанали: Наурыз айы –гүл айы
Наурыз айы – нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы
Нұрмұхаммед
: Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық!
Мақсұт
І: Армысыздар
халайық
Әркез аман
болайық,
Наурыз тойын
қуанып.
Жылда қарсы
алайық!
Наурыз келді құт
болып
Мына бізге нұр болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық
болады
Жүргізуші :Шалқытып мерекеде ән
салайық
Өнерпаз өрендерге
тамсанайық
Аңыз бен ертегіден бізге
жеткен.
Наурыздың қонақтарын қарсы
алайық
Алдар
көсе: Мен Алдармын,Алдармын деп
кіреді
Бай :Әй Алдар сен де келіп
қалдыңба?
Алдар:
Ия,байеке
Бай:Бұл жерде қайдан, неғып
жүрсің?
Алдар: Мына жердің шетін таба алмай
жүрмін
Бай: Ей, Алдар,есіңнен адасқансың
ба,жердің шеті бола ма?
Алдар :Ия, байеке соны да білмейсің
бе? Анау жақты қараңызшы,көрінбей ме?
Бай: Жоқ
,көрінбейді
Жүргізуші: Байеке,Алдар мерекеге қош
келдіңіздер.Біздің балалардың өнерін
тамашалаңыздар.
Наурыз шаттық
әніміз
Салтанатты
сәніміз
Ән салып жас
кәріміз
Би билейік бәріміз-деп
балалардың орындауында би тамашалаңыздар.
Би: «Күн мен
түн»
Тақпақтар:Мирас,Ханшайым,Ернұр,Кәусар,Аброр,
Жүргізуші: Жаңа жылды шаттықпен қарсы
алайық,
Мерейі деп Наурыздың жар
салайық.
Қызықты кеш дүбірі қырдан
асып
Жырлар төгіп,күй шертіп ән
салайық-деп балалардың орындауында ән
тамашаласақ.
Ән
:
«Наурыз-көктем»
Жүр: Әр адам келер жылдан үлкен
үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ
кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай, әжеміз
наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз!
Балалармен амандасады.
Әже: (қолында
тостаған)
Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш
әкелсін!
Ұлыс бақты болсын, әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт
–түлігі ақты болсын, қайда барса жол болсын! Ал, қонақтар, балалар
жыл бойы тоқшылық болсын, қазанымыз оттан түспесін, дастарханымыз
кең жайылсын деген, ақ тілекпен наурыз көжеден дәм
татыңыздар!
Альтайр: Әже наурыз көжені өте дәмді
дейді,оны қалай дайындайды?
Әже
: Қарақтарым Наурыз көжеге жеті
түрлі тағам қосылады,жеті саны өте киелі сан қазақта.Наурыз көже
тоқшылықтың белгісі,оның құрамына бидай,қыстан қалған сүр
ет,айран,тұз,құрт,тары қосылады.
Жүргізуші:Әже отырып немерелеріңіздің
өнерін тамашалаңыз
Домбыра мұнша шешен болдың
неге
Күй толған көкірегің шежіре
ме.
Сыр қозғап ғасырлардан
жөнелесің
Саусағым тиіп кетсе тиегіңе
–деп қыздардың орындауында қасиетті домбыра әнін
тамашалаңыздар
Ән
:«Қасиетті
домбыра»
Жүргізуші : Балалардың мерекеге арнаған
жыр шумақтарын тыңдасақ
Тақпақтар: Бибарыс,Аман
Меруерт,Сымбат,Марат Інжу
Балалар көңіл күйімізді бір
көтеріп ойын ойнап алсақ.
Ойын : «Күш
сынаспақ»
Жүргізуші : Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық
ойындар мен айтыс өнерін тамашалаған. Біздің де балалардың арасында
суырып салма ақындар бар қане сол айтыскерлерімізді ортаға
шақырамыз ( Аделя мен Альтайр )
Жүргізуші: Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам,апам той тойлап
Қуанып жүр балаша
Би билейміз тамаша-деп ендігі кезекті биге берсек қыздардың
орындауында қызғалдақтар биі
Би: «Қызғалдақтар
биі»
Жүргізуші:
Уа,ағайын! Бәрімізді көруге ақ
батасын беруге.
Ақ көңіл адал
ниетпен,
Кең пейіл асыл
жүрекпен.
Бабаны қарсы
алайық,
Жарқын ой жаңа
тілекпен.
Қызыр
баба:
Уа, халқым, ай мен күнің
теңескен,көктемің шығып белескен,жүздерің шуақтанатын,көңілдерің
қуаттанатын,Наурызым келіп жатырмысың?Баршаға батамды
берейін,қолыңды жай халқым.
Тәуба дейік аллаға,аман –есен
сақтаған
Ит жылы құтты болсын босағаны
аттаған.
Ұлыс оң
болсын,
Ақ мол
болсын,
Қайда барсаң жолың
болсын!
Ұлыс бақты
болсын,
Төрт түлік ақты
болсын.
Ұлыс береке
берсін,
Бәле –жала жерге
енсін
Жаңа жыл қайырлы
болсын!
Жаңа бақыт нәсіп
болсын!
Бақытты ас
берсін,
Ұлыстың ұлы
күнінде.
Ұлдарың оңға
қонсын,
Қыздарың қырға
қонсын,
Қыруар малың өріске
толсын!
Дәулеттеріңді
асырсын,
Дұшпандарың
басылсын.
Жылдарың құтты
болсын!
Өмір жастарың ұзақ
болсын!
Әумин!
Барлығы: Айтқаныңыз келсін!
Рахмет!
Жүргізуші мен балалар
:Наурыз құтты болсын
Еліміз тыныш болсын
Ерекше заман болсын
Келер Наурыз тойына
Аман –есен жетейік-деп тамаша ән
тамашалаңыздар
Ән : «Қош келдің наурызым
қазағыма!»
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Осымен №2 «Бәйтерек»ересек тобының дайындаған ертеңгілігі
аяқталды.Қош сау болыңыздар!