2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Жыл басына таласқан жануарлар

Жыл басына таласқан жануарлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпқа арналған.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Білім беру саласы: «Қатынас».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «
Көркем әдебиет».
Тақырыбы: «Жыл басына таласқан жануарлар».
Мақсаты: Шағын ертегілердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. Кейіпкерлердің қылығы туралы пікірін айту. Өзінің ұсынымдарын сурет арқылы безендіру.
Шаттық шенбері.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күн сәулесін салайық,
Таза ауадан алайық.
Жылуын жүрек сыйлайық,
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
- Балалар өткен сабағымызды еске түсірейік. Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою.
- Өлең қалай аталады?
- Өлең «Айтшы әжетай» деп аталады.
- Ия Жақан Смақов ағамыздың өлеңі. Өлеңде отбасындағы адамдардың атқаратын қызметі туралы айтылған.
- Атасы кім болып жұмыс істейді?
- Атасы - жылқышы, жылқы бағады.
- Ағасы кім болып жұмыс істейді?
- Ағасы – комбайншы, бидай жинайды.
- Апасы кім болып жұмыс істейді?
- Апасы – тәрбиеші , балабақшада жұмыс істейді.
- Нағашысы кім болып жұмыс істейді?
-Нағашысы – бақташы, мал бағады.


-Ендеше бүгінгі жаңа тақырымыз ,
«Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі.
- Сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
Балаларға ертегіні слайд арқылы көрсету.

(Балалар ертегіні тамашалайды).


Сөздік жұмысы:
Ертегіде кездесетін жусан, жабағы, өркеш, бақташы сөздеріне түсінік беру.
Жусан – дәмі ащы, көкшіл бозғылт түсті аласа шөп.
Өркеш – түйенің арқасында бір немесе екі айыр болып тік шаншылған қомы.
Жабағы – деп жылқының бір түрін айтады.
Бақташы – мал бағатын адамды айтамыз.


Ертегінің мазмұнына сәйкес сұрақтар:
-Жануарлар жылдың басы болуға неге таласты?
- Жылқы не айтты?
-Түйе не деді?
- Сиыр несімен мақтанды?
- Қой өзінің қандай пайдасы бар екенін айтты?
- Ит не деді?
-Тауық өзін қалай айтып жеткізді?
- Тышқан қандай қулық жасады?
- Түйе неге сенді?
- Жылды бірінші болып не көрді?



Әліппе-дәптермен жұмыс.
1- Тапсыпма:
- Суретте «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісінің қай сәті бейнеленген? Ертегі мазмұнын есіңе түсір.
- Суреттен түйенің өркешін көрсет.
-Ең үлкен жануар қайсысы?
- Ең кішкентай қайсысы?


2- тапсырма:
- Суреттегі жануарларды жылдары бойынша ретімен атап үйренейік.
Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.


Көптілділік: Түйе – верблюд-camel тышқан – мышь – mouse
Жылқы – лощадь – horse ит – собака - dog
Сиыр – корова - cow


Сергіту сәті:
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Талма, именіп ділмардан.
(Балалар өленді қимылмен айтып, бойларын сергітеді).


Ғажайып сәт:
Сергіту сәтіндегі өлеңнің мән мағанасын түсіндіру.
- «Жатқа біл» өлеңін Сәбит Мұқанов ағамыз жазған. Бұл өлеңдегі сөздердің бірінші әріптері жануарлардың аттарымен сәйкес және ретімен орналасуын сақтайды. Өлеңді білген бала жыл атауларын ұмытпай ретімен айта алады. Балаларға жыл атанған жануарларды санату.
- Жыл атанған жануарлар саны он екі.


3- тапсырма: Суреттегі жануарларды ата. Ертегіге қатысты кейіпкерлерге сипаттама бер.
Құлын мен бұзауды бастырып сыз, боя.


Дидактикалық ойын: «Жануарларды жылдары бойынша ретімен орналастыр».
Мақсаты:
Балалар алдын ала қиып дайындалған жануарларды жылдары бойынша сандық ретімен алаңқайға орналастырады.


Рефлексия:
- Ертегі қалай аталады?

-Сендерге ұнады ма?
- Қандай кейіпкерлер кездесті?
- Түйе неге жыл басы бола алмады?
Өз жұмысын бағалап қорыту.
Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.


05 Желтоқсан 2018
684
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі