400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жыл мезгілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбына Дене шынықтыру пәні бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:Дене шынықтыру

Бөлім: Менің айналамды не қоршап тұр?

Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жыл мезгілдері

Оқу мақсаты

0.1.1.1. Заттармен және заттарсыз жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

0.2.1.2. Жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды алмастыру, қарапайым дене жаттығуларымен ұштастыру.

0.2.1.4. Секірудің алуан түрлерін орындау, өзгермелі жағдайларда секіру.

0.2.1.6. Қашықтыққа, көлденең және тік нысанаға лақтыру.

0.2.2.1. Дене қуаты қасиеттерін көрсету: әртүрлі дене әрекеті түрлеріндегі

ептілік, жылдамдық пен реакция.

Сабақ мақсаты

Барлық балалар орындай алады:

Спортзалда жеке және топпен қауіпсіз жұмыс жүргізу.

Тізені көтеріп жүгіру, аяқ ұшымен, өкшемен жүру.

Кедергілерден өтіп ирелеңдеп жүгіру.

Мимикалық жаттығу орындау.

Балалардың көпшілігі орындай алады:

Кедергіден өте отырып «жыланша» ирелеңдеп жүгіру кезінде дене мен

нысанды бақылауды көрсету.

Қолды өз өсінен айналдыра сермеп алға-артқа белсенді қимыл жасау.

Кейбір балалар орындай алады:

Аяқтың ұшына сүйеніп серпілу арқылы бір аяқтап және екі аяқтап секіруді

ырғақпен алма-кезек орындау.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындау кезінде дене мен тыныс алуды

бақылау дағдыларын пайдалану.

Салқын тиюдің алдын алу үшін массаж қабылдау.

Бағалау критерийлері

  • Қашықтыққа, көлденең және тік нысанаға лақтыру.

  • Секіудің алуан түрлерін орындау

  • Ойын ережелерін сақтау

Тірек сөздер

Пәндік лексика және терминология:

Жыл мезгілдері, доп соғу, оң және сол қол

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жыл мезгілдерінің ең қатты ұнайтыны қайсы? Көктемде (қыста, жазда,

күзде) қандай ойындар ойнайсыңдар? Достарыңа классиктердің қайсысын

ұсынасыңдар?

Неге екенін айта аласыңдар ма?

Неліктен ойындар жыл мезгіліне байланысты болады? Неліктен массаж

денсаулықты күтуге көмектесетінін айта аласыңдар ма?

Құндылықтарды дарыту

Балалар қозғалыстың бастапқы дұрыс тізбегін құрайтын бастапқы қалыпты

дұрыс қабылдауды; өз іс-әрекетін басқа балалардың қозғалысымен

үйлестіру дағдыларын көрсетеді.

Пәнаралық байланыстар

Секіртпе ат пен жұмыс жасағанда қоршаған ортамен танысу , санау арқылы лақытыруда қарапайым математикалық ұғымдармен байланыс болды

АКТ қолдану дағдылары

Доп,секіртпе ат

Алдыңғы білімді игерулері

Бір-біріне доп лақтыру – 3 метр қашықтықтан қос қолмен бастан асыра лақтыру тәсілі.

Тепе-теңдік – баланың бір адымы болатындай қашықтықта орналастырылған іздермен залдың қарсы бетіне жүру.

Бөрене үстімен алақан мен табанға сүйене отырып төрттағандап еңбектеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0–4мин.


(Ұ) Жыл мезгілдеріне саяхат жасау ұсынылады.

(Ұ) «Күзгі орман»

Бір қатар сапқа тұру. Жай адыммен жүру. Тізені көтеріп

жүгіру. Аяқ ұшымен, өкшемен жүру. Томар арасымен

кедергіден өтіп «жыланша» ирелеңдеп жүгіру.

Кең, бос кеңістік.

Биіктігі 20 см

заттар (текшелер).

Сабақтың ортасы

6-27


(Ұ) «Көктемге саяхат»

4 қатар сапқа тұру

1. «Жылы жаңбыр» (топырақты дымқылдандырады, шөп

пен жапырақтарды шаң-тозаңнан арылтады, жаңбыр

тамшыларымен ойнау).

Жаңбырдан соң ауа тазарды.

Осы таза ауамен тыныстау ұсынылады.

2. «Әдемі кемпірқосақ» (алуан түрлі түске еніп, ғаламшарикті түрлендірді).

3. «Өсімдіктерге жан бітті» (ағаш, шөп, гүлдер күнге

қарай созылды).

4. «Құстардың аспанда қалықтау» (ғажайып құстар

қанаттарын самғап бірде көкке, бірде жер бауырлай ұшып жүр).

5. «Аңдар ұйқыдан оянды» (ұзақ ұйқыдан кейін керіліп- созылады).

6. «Көбелектер» (гүлді айнала ұшып, гүлге қонады, нәрін сорып, гүлден-гүлге қонады).

7. «Шөпте жатамыз» (көгорай шалғын шөпте жатып, айналамыздағы көркем табиғатты тамашалаймыз).

(Т, ПК) «Қыс»

5 метр қашықтықтан тік нысанаға қар лақтыру.

Нұсқау – қолды өз өсінен айналдыра сермеп алға-артқа белсенді қимыл жасау. Жұмыр қарды қалай ұстайтындарына көңіл бөлінеді: үш

саусақ доптың артында, бас бармақ пен шынашақ бүйіріне келеді.

«Ақ диірмен»

Массаж – салқын тиюдің алдын алу.

Ақ диірмен бұлтты ерттеп мінді –

маңдайдың ортасынан самайға қарай сипалау.

Қаптан аппақ ұн төгілді. Екі ұртты саусақ ұштарымен

жеңіл ұрғылау. Балалар қуанып, бауырсақ жасайды.

Жұдырық түйіп, бас бармақты шошайтып, мұрын ұшын тез ысқылау.

Шана, шаңғы мен коньки зулады.

Сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтың арасын ашып, құлақ

алды мен артындағы нүктелерді уқалау.

(Т, ПК) «Жаз», «Классиктер» – шеңберлермен

(1-2-1-2-1)

Бір аяқтап және екі аяқтап ырғақпен алма-кезек секіру.

Нұсқау – шеңбер ортасына түсу.

Түгел табанмен тұрмай, аяқ ұшына сүйене отырып серпілу.

Тік нысана – 4 дана,

домалақ қарлар.



(Диаметрі 8 см,

іші толтырылған

доптар).


Сабақтың соңы

28-30


(Ұ) Мимикалық жаттығу

«Күзгі сұр бұлт секілді қабағын түю;

– күн секілді, самал жел секілді күлімдеу;

– найзағай, құйын, боран секілді ашулану;

– найзағайды көрген адамша шошу;

– боранға қарсы жүріп келе жатқан адамша шаршау;

– бұтақтағы құс, толқын үстіндегі кеме секілді тынығу».



Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Ойындар бойынша саралау» ой қозғау , жұмбақтап айту, сипаттау ,сұрақтарға жауап беру,бір ізбен жүру,қақпадан шығу қимыл – қозғалыстар болды.


Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы

Дескриптор:


Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.


Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
1236
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі