Материалдар / "Жыл мезгілдері" ашық тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жыл мезгілдері" ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
жыл мезгілдері туралы бастауыш сынып оқушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2021
1317
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Cабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту,  табиғаттың  өзгеретіні  туралы  түсініктерін  қалыптастыруға 

жағдай  жасау. Табиғатқа  қамқорлықпен қарау қатынастарын тәрбиелеу. Сабақтың  көрнекілігі: жыл  мезгілі  суреттері, слайдтар, интерактивті тақта

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру  бөлімі.Табиғат ол-анамыз, Табиғатқа баламыз.

II. Шаттық шеңбері «Сыйқырлы таяқ» (Балаларға қолдарындағы таяқтың сыйқыры бар екенін, армандарын айтса орындалатынын айтамыз. Олар өздерінің армандарын айтады)

III. Кіріспе сөз

Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: күз, қыс, көктем, жаз. Әр мезгілдің өзіне тән белгілері бар. Күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Күздің басы жылы болса, аяғы суытады. Бұл қыс мезгілінің басталатынын білдіреді. Көктемде қар еріп, дала көкорай шалғынға оранады. Жазда шуақты күндер басталып, бақта жидектер пісіп жетіледі.  Балалар мен сендерге жыл мезгілдері туралы жұмбақ өлең оқимын, ал сендер өлеңде қай жыл мезгілі суреттелгенін тауып алыңдар.

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?(Қыс)


(Слайдтан қыс мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)Балаларға қыс туралы сұрақтар қою.- Қыста қандай өзгерістер болады?- Қыс мезгілі ұнай ма?- Сендер қандай ойын ойнайсыңдар?-Қыс айларын кім біледі?Желтоқсан,қаңтар,ақпан.- Қыс туралы кім тақпақ біледі?(1 - 2 бала тақпақ айтады) - Жақсы, енді келесі жұмбақ - өлеңді тыңдаңдар.


Бұлтты айдай желдеткен,

Нөсерлеткен, селдеткен,

Шалшық кешіп ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)


(Слайдтан көктем мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)- Көктем мезгілінің айларын кім атап береді? Наурыз,сәуір,мамыр- Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?- Көктемде қандай мерекелер бар?-

- Енді келесі өлеңді тыңдаймыз.


Қойының толы жеміске,

Көк майсалы егісте,

Көбелек қуып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)


(Слайдтан жаз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)- Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?- Жаз айларын кім біледі? Маусым,шілде,тамыз. \Балалардың жауаптары\


- Ал енді соңғы жұмбақ.

Жиып - теріп болатын,

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?(Күз)


(Слайдтан күз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)

- Ал күз айларын кім біледі? Қыркүйек, қазан, қараша.

 - Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

- Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.(Музыкамен сергіту жаттығу)

IV. Жұмбақты шеш

Гүл-гүл жайнап жер беті,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезең? (көктем)


Күннің көзі шуақты,

Балалар жүр шомылып.

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? ( жаз)


Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

Жапырақтар сарғайып,

Жер бетіне түсетін

Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз)


Шана зырғып желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс)


V. Суреттер сөйлейді

(Слайдттағы суретке қарап сөйлемдер құрастыру)


VI. Сергіту сәті

- Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.(Музыкамен сергіту жаттығу)





VII. Ойын « Кім жылдам және кім тапқыр»



VIII. «Суретті крассворд»




IX. «Сәлемдеме» 


Қорытынды.Мадақтау. 
Өлеңімен аяқтау

Көктемгі кез- көрікті.


Жазғы мезгіл- жаңаша.

Күзде бәрі-әдемі.

Қыста бәрі- тамаша. 





Өткізілген тәрбие іс-шаралардың қорытындысы


Тәрбиешінің аты -жөні

Сабақтың тақырыбы

Іс-шаралардың өтілу мақсаты

Айы, күні, жылы

Қатысушылардың пікірі

Тәрбие сағатына қатысқандар


Тәрбие сағатының өтілуіне

жауапты: Рысымбетова Н.М.


Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту, табиғаттың өзгеретіні туралы түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасау. Табиғаттқа қамқорлықпен қарау қатынастарына тәрбиелеу.

Осы тақырыпта төмендегі іс-шараларды өткізіп, жетістіктерге жетті:

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Шаттық шеңбер

«Періште арман»

2.Кіріспе сөз

3.Жұмбақтар

4.Слайдтан жыл мезгілдерінің ерекшеліктерімен таныстыру. Суретпен жұмыс.

5Суреттер сөйлейді.

6.Сергіту сәті.

7. «Кім жылдам және кім тапқыр» ойыны

8.Суретті крассворд

9.Сәлемдеме

10.Қортынды. Мадақтау.


28.01.2019 жыл

Тәрбие сағатына қатысушылар іс-шараны талдап пікірлерін айтты:

-ашық тәрбие сағаты кітапханада үлкен ауқымда өткізілді.

-әр баланың қабілетін анықтап бала деңгейімен жұмыстар жүргізілді.

-Әр баланы сурет арқылы сөйлеуге ынталаландырды.

-Балалардың сабаққа деген қызығушылығы артып, келесі тапсырмаларды жаңаша жаңалықтар тосып отырды.

-тәрбие сағатындағы көрнекіліктер мемлекеттік стандарт талаптарына сай меңгерілген.

-Жаңа технологияларды қолдана білді.

-Табиғаттқа қамқорлықпен қарауды балалардың көздерін жеткізіп, дәлелдей алды тәрбиеші.

- тапсырмалары сынып деңгейіне және тақырыптық жүйеге келтірілген.

Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.




«Жанұя» кешенінің

директоры

Кулсарина Л.А.

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары:

Шапиева Ж. Ш.

Директордың оқу ісінің

меңгерушісі:

Калиева А. С.

Тәрбиешілер:

Сейтбек Ұ

Иманбекова Р

Асильбекова А

Муратова А

Бектемирова Г

Ибраева Б

МулдалиеваЭ

Изгуттынова Б





Мектеп директоры: Кулсарина Л. А.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шапиева Ж. Ш.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!