Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жыл мезгілдері туралы тақпақтар жинағы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күз
Далада егін орылды,
Жел тондырды қолымды.
Ол да жаурап қалған-ау,
Дірілдейді тобылғы.
****
Майтабанға сыз өтіп,
Киіп алдық біз етік.
Бара жатыр енді бұл
Қара суық күз өтіп.
****
Сарғайыпты атырап,
Қыс күні де жақын-ақ.
Түсіп жатыр секіріп,
Ағаштардан жапырақ.
****
Келді міне
күз,
Айнала сары
түс.
Керемет,
тамаша,
Қандай әсем
күз.
****
Жеміс - жидек
пісті,
Қамбаға астық
түсті.
Қызу жұмыс
басталып,
Жинап алды жан
салып.
****
Көктен көзін
бір алмай,
Қызғылт тартты
кәрі құз...
Жер қызығын қия
алмай,
Маужырап тұр
сары күз.
****
Алтын, сары,
қызыл, көк,
Алуан – алуан
жапырақ.
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
Жеміс- жидектер мен көкөністер туралы тақпақтар
Алма
Мен - алмамын, алмамын
Таңдай татар бал дәмім
Мына тәтті бал-дәмді
Дастарқандарыңа
арнадым.
****
Ауладағы бау-бақшада,
Алма ағашын баптадым.
Майдандағы ағама,
Сегіз алма сақтадым.
****
Алма баққа
барайық
Алма теріп
алайық
Ең үлкенін
дәмдісін
Анамызға
сыйлайық
****
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты
иемін.
****
Жүзім пісті
бір-бірлеп,
Үзіп мәзбіз біз енді.
Қоңырауы күмбірлеп,
Қыркүйекте күз
келді.
***
Жапырақта тасалап,
Өскен жері бақша – бақ.
Күрең қызыл шіркін –ай,
Оның аты-
құлпынай.
Қыс
Аяз
Мұз қатыра аласың,
Сен сурет те саласың.
Бәрі мұның жақсы ғой,
Неге тентек боласың?!
Баламысың кішкене,
Сен тентектік істеме!
Сүйсең мейлі, сүйе бер,
Бетімізден тістеме!
****
Қыс келерде
Айналаға қараңыз,
Аппақ бопты даламыз.
Жүр, сырғанақ тебейік,
Қайда екен шанамыз?!
Қар жауып тұр себелеп,
Бейне ұшқан көбелек.
Көл тезірек қатса екен,
Мұзда коньки тебер ек.
****
Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
* * *
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса жаусын ақша қар.
* * *
Жауды,міне қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Жасырыпты жолдарды,
Тегістепті оларды.
Үстін жауып көлдердің,
Бетін бүркіп белдердің.
Жастық етіп тауды асқақ,
Жантайыпты жамбастап.
* * *
Уақыт мол бөлеміз,
Қыс қызығын көреміз.
Сары аязға шыңдалып,
Шымыр болар денеміз.
Жылда осылай келеді,
Көп қуаныш береді.
Шашу етіп біздерге,
Ақ күмісін төгеді.
Жаңа жыл туралы өлеңдер
Аппақ, аппақ, жапалақтап
Қар жауады тынбастан
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.
Қайырмасы:
Кел билейік, үйренейік
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл.
Кең пейілді, мол мейірлі
Сағынышпен табысқан
О алақай Аяз ата
Келе жатыр алыстан
Қайырмасы.
*****
Жаңа жыл
Көк шыршамыз ырғалып, ♫
Жатыр дала- қыр нағып
Жылым келді аппақ жүзі нұрланып !
Жарасатын еліме,
Төрлет жылым төріме !
Бейбіт жатқан қазағымның жеріне !
Қайырмасы :
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !
Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр .
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !
Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр.
Шыршамызға шам жағып,
Қараймыз ғой тамсанып,
Би билейік, ал кәнекей ән салып !
Аяз ата әніміз,
Ақшақарың сәніміз,
Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз ! 3
Күлімдесін күніміз,
Жалындасын жүзіміз,
Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз !
Жаңа жылым шаттығым,
Арайланып атты күн,
Тілейікші елімізге сәтті күн .!
Мыстан кемпір
Қалың орман арасында,
Теріс қарап үйшік тұр.
Сол үйшіктің ортасында,
Мыстан кемпір билеп жүр.
Қыран құстың ұрыны бар,
Көзі оттай жайнаған.
Жез тырнағын іске салып,
Дудар шашын тараған.
Қорқып кеттік жалмауыздан,
Жүрегіміз дүрсілдеп.
Түрін сенің қандай жаман,
Ағаш аяқ дүрсілдеп.
Көктем
Ауа қандай, дала, қандай әдемі,
Көктем – көктем болармысың кәделі
Сенің мынау ұлан ғайыр сыйыңнан
Туған жердің жасыруда беделі.
****
Көктем-көктем
көктемде
Күн күркіреп өткенде
Нұр жаңбырды тосамыз
Көктемді әнге қосамыз
Шомылып нұрға атырап
Ағаштар жайды жапырақ
Далаға бірден жаралды
Көктеммен жұпар шашырап.
****
Көктем келді табиғатты
оятып,
Күн күркірі, нөсерімен тоя түп.
Ағаштардың тамырына қан жүрді,
Жапырағын жасыл түске боятып.
****
Ару көктем армысың
Көкке біткен әнбісің
Жерге біткен сәнбісің
Алтын арай таңбысын
Жырың шашақан күнбісің
Жайнап өскен гүлмісің
Тербетілген талмысың
Хош, келіпсің армысың!
****
Күн боп күліп балаға
Ой жіберген санаға
Мың бір сәлем жолдаймын
Ардақты абзал анаға
Көктем келіп далама
Жырын сыйлап баршаға
Алғыстарды сыйлаймны
Аяулы, абзал анаға.
Өмірге бізді келтіріп,
Жарық дүние сыйлаған.
Жамандыққа баласын,
ешқашанда қиймаған.
Көрмесін қайғы балалар,
Аман болсын аналар!
****
Той тойлап дала мен қалаларым
Мерекең құтты болсын аналарым
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін
Құттықтауға келе жатыр ұл
қыздарың
****
Боламын алаң
Узіңнен барам
Күн жетпейді алаң боп
Кітап оқи бастасам
Шаруам көп, шамам жоқ
Демеді анам ешқашан
Бізді бағып қағады
Қайдан мұрша
табады?
****
8 Наурыз жаңа жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
Көктемде көңілді
Құстар кеп жатқанда,
Құлпыртып өңірді
Гүл ектік бақтарға.
****
Көктем көгін молайтып, Ақбота
Қырды гүлге бөледі
Қуанышты ән айтып
Құстар қайтып келеді.
****
Аймалап күн бау-бақты, Алан
Арай шуақ төгеді
Аңсап біздің аймақты
Құстар қайтып келеді
****
Түрлі гүлін сыйлаған, Тамерлан
Дала неткен кең еді.
Туған жерін қимаған
Құстар қайтып келеді.
****
Құстар-біздің досымыз
Шырқап әнге қосыныз
Құстар-біздің досымыз,
Көктем сайын тосамыз.
Көктем келді
қуантып,
Сай – салаға су
толды.
Құстар ұшып
келгенде,
Барлық бала мәз
болды.
****
Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер
толады.
****
Бақшаларға гүл егіп,
Жемістерді тереміз.
Дала жасыл түске еніп,
Көктем мезгілі келіпті.
****
Кун шуағын
шашады,
Жауын да жауып алады.
Көктем келіп жеткенде,
Ағаштар бүршік
жарады
****
Бақшаларға гүл
егіп,
Жемістерді тереміз.
Дала жасыл түске еніп,
Көктем мезгілі
келіпті
****
Көктем келіп қуандым,
Құрал-сайман қолға алдым.
Ұямды мен салайын,
Ұрпағымды
жалғайын
Жаз
Достар бірге
жүреміз,
Бірге
ойнаймыз,күлеміз.
Бірге балық
аулаймыз
Міне,біздер
қандаймыз!
****
Жаз келді жарқырап
Мәз болды атырап
Жасылға боялып
Жайлайды жапырақ
Күлімдеп күн жырлап
Бұлақтар былдырлап
Жас талға құс қонып
әндетті жыр-жырлап.
****
Жаздың айы нағыз,
Тамылжыған тамыз!
Бақты күткен ағам
Қарбыз тілді маған.
Жеміс- жидек – дәрумен,
Ең пайдалы тағам.
****
Ара,ара,аралар,
Гүл қауызын жағалар.
Оны күткен ағалар,
Шелек-шелек бал алар.
****
Көріпжаздың қызығын,
Гүлден гүлге самғаймын
Гүлдің ерке қызымын
Гүлден өзім аумаймын
Шаршағанда ырғалып
Гүл үстіде дем алам.
****
Гүлдер
Гүлім, гүлім, өсе
бер,
Әдемі боп, асыл
боп.
Күндей жайнап
кете бер,
Қызыл, сары,
жасыл боп.
****
Жаз келді
алақай,
Ойнаймыз
далаға-ай.
Қамалып
отырмай
Жүріңдер,
балақай
****
Жаз келіпті дегенше
Алма пісті дегейсің
Бақшамызда ендеше
Алма теру көбейсін
Жаз келіпті , қарандар
Көлге үйрек , қаз қонды
Асыр салып балалар
Суға түсіп мәз болар
****
Жаз келіпті дегенше
Қауын пісті дегейсін
Бақшамызда ендеше
Қауын – қарбыз көбейсін.
Әуен естіліп , Жаз мезгілі келеді.
Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақ.
****
Жаз келді далама,
Түсті кілем төседі
Бақшамызда, аулада,
Гүлдер жайнап өседі.
****
Күлімде күн күлімдеп,
Жер жасарып көгерсін
Жаз келді деп, қуанып,
Шаттанады бүлдіршін.
Бәрі-бәрі тамаша,
Бәрі түгел жаңаша
Табиғатпен бірлесіп
Қуанамыз балаша.
****
Күтіп ем сені көптен көп,
Жазира жарқын жаз айы.
Ұшып жүр, міне көбелек,
Жақсы деп, ол да жаз айы.
****
Қызыл қанат көбелек,
Жасыл қанат көбелек.
Гүлден гүлге қонасың
Ұстатпайсың не керек.
****
Мен тимеймін жасқан ба!
Дос болайық көбелек.
Жайнап тұрған бақшада,
Гүлдерімді көре кет.
****
Өзім еккен гүлдерім.
Мен сенімен біргемін
Көрік берді аулауға,
Қызыл, жасыл түрлерін
Жаз келіпті
дегенше
Қауын пісті
дегейсін
Бақшамызда
ендеше
Қауын – қарбыз
көбейсін.
Құлпырып қызғалдақ.
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақты
Жаз – ең ыстық жыл мезгілі
****
Жазды ыстық сүйемін,
Сайраңдап жүремін.
Суына шомылам,
Күніне күйемін.
****
Жаз келді жадырап,
Ойын-сауық құратын.
Далаларға,тауларға,
Саяхатқа
шығатын.
****
Жаз да келді
жадырап,
Құшағыма гүл шоқтарын сыйлаған.
Аспанымда күнім шығып жайнаған,
Жерімізді жасыл кілем
бойлаған.
****
Жаз келіп жадырап,
Балалар ойнайды.
Далада асыр сап,
Ойынға тоймайды
Жазда жетті асығып
Балаларды қуантып
Жаз келді деп еліміз
Қуанды байтақ жеріміз
Жаз келді деп балалар
Ойындарын қоймайды
Қап-қара боп балалар
Күн ұзағы ойнайды
Жаз келді деп балалар
Бұзықтығын қоймайды
Дүкендерге барып ап
Тәттілерін
сұрайды
****
Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ.
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақты.
Жаз келді алақай,
Ойнаймыз далаға-ай.
Қамалып отырмай