"Жыл мезгілі апта күндері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жыл мезгілі апта күндері"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық сыныбына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Күні:------------------

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі: «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.»

Тақырыбы: ««Жыл мезгілі. Апта күндері.» қайталау.

Мақсаты: апта күндерін бекіту; жыл мезгілдерінің қайталанып келуі туралы

білімдерін қалыптастыру;онға дейін тура және кері санау, жазып үйрену;

балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: жыл мезгілдерінің суреттері, жұмыс дәптері,қарындаштар

Кезеңдер



Тәрбиешінің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті



1.

Дәлелдеу,ояту

Балалар, біз қандай сандармен және цифрлар-мен таныстық? Онға дейін тура және кері кім санап береді?Тақтада 1-10 –ға дейін цифрлардың карточкалары.Мен санды айтып берем, сендер цифрды көрсетесіңдер.

Тақтаға жыл мезгілдерінің суреттері (сұрақ)

Жұмбақтар:

Астық пісіп, орақ түсіп, қырман дәнге толады,Бөбектерім, айтыңдаршы бұл қай кезде болады? (күз)

-Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Балдырғандар ойнайды.

Бөбектерім , айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

-Қой маңырап, төл жамырап,

жайлау малға толады.

Қар, мұз еріп, су көбейіп,

сай-салаға ағады,

бүршік шашып, жапырақ ашып,

жер гүл-шашақ тағады.

Айтшы , балам, бұл қай кезде болады?

Балалар жауап береді.


Балалар санайды.

Балалар тақтаның алдына шығып цифрды көрсетеді.


Балалар суреттерді көріп, сұрақтарға жауап беріп және жұмбақтарды шешеді.


(күз)


(көктем)









(қыс)

2

ұймдастыру,

іздену

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?

Бір жылда неше мезгіл бар?

Жыл мезгілдерін ретімен жаздан бастап атап шық. (қыстан, көктемнен, күзден)

Қыс мезгілінің бірінші айы қай ай?

Екінші айы ше? Үшінші ше?

Д/о «Суретші қай жерде қателесті?» Мақсаты:балалардың ойлау қабілетін дамыту,

суреттегі сәйкессіздікті таба алуға үйрету.

-Ал енді, балалар мен сендерге бір еріншек баланың олеңін оқып берейін: (суретті көреді)

Еріншектің аптасы.

Дүйсенбіде –доп тептім,

Сейсенбіде –сурет салдым,

Сәрсенбіде –саябақта қыдырдым.

Бейсенбіде –хоккей ойнап,

Жұмада аз оқып,

Сенбіде –мысығыммен жүгірдім.

Жексенбіде –демалып,

Өте қатты шаршадым.

Бір аптада неше күн бар?Аптаның бірінші күнін ата.Соңғы күнін ата.

Балалар, қалай ойлайсыңдар мынау екі күн неге бөлек салынған? Дұрыс алдағы 5күн жұмыс күндері, ал мынау 2күн демалыс күндері. Балалар, енді тура және кері жетіге дейін санайык

Сергіту сәті. «Еріншіктің аптасы»

Содан кейін барлығы орындарына отырады.

Үлестірмелі құралдармен жұмыс:

1. қызыл жолға 3сопақша,

ақ жолға сонша үшбұрыш.

2. қыз./жолға 5шаршы,

Ақ жолға 4 дөңгелек.

Дәптермен жұмыс

Сөздік ойын : Балалар,мен сөйлемді бастап берем, сендер жалғастырыңдар:

Күзде жаңбыр жауады, ал қыста.....

Көктемде ағаштар бүршік жарады, ал күзде....

(көлем туралы)

Бұта аласа, ал ағаш...

Бұлақ тар,өзен....

(тәулік туралы)

Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал....түскі ас ішеміз.

Біз кешке кешкі тамақ ішеміз,ал...жаттығу жасаймыз.

Түнде біз ұйықтаймыз, ал....серуендейміз.

Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал.... ұйықтаймыз.

Күнді күнде көреміз,ал жұлдыздарды...көреміз.

Балалар сұрақтарға жауап беріп отырады.

Төрт жыл мезгілі бар



Балалардың жауабы.

Балалар суретті қарап бәрін дұрыс салғандығын тексере- ді.Балалар қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тау- ып алады және қай мезгілде болатынын айтады.










Балалардың жауабы.



Бұл демалыс күндері.

Балалар тура және кері санайды.


«Еріншіктің аптасы» өлеңін қайталап,сәйкес қимылдарды жасайды.

Балалар тапсырмаларды орындайды.


4-4.2 тапсырманы орындайды.



Балалардың жауабы.

..қар жауады.

...жапырақтар түседі.



..биік.

...кең.


...түсте


..таңертең.


....күндіз


.....түнде.


...түнде.

3.

Рефлекті түзету

Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Кім тез атап береді.

Балалар, бір аптада неше күн бар?

Балалар жауабы.


Күтілетін нәтиже:

1. Жыл мезгілдерінің қайталанып келуі тура білімдері болу.

2.Жетіге дейін тура және кері санау білу

3.Аптада 7 күн екенін және 5күні жұмыс 2күні демалыс күні екенін білу


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2018
656
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі