жылдам оқу2

Тақырып бойынша 21 материал табылды

жылдам оқу2

Материал туралы қысқаша түсінік
жылдам оқу2
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тілек айтқанда «Оқуың жемісті болсын» дейді.
Баланың өмірде тез және сәтті қадам басуына дәл осындай
жемісті оқу білімі керек. Баланың оқу жылдамдығын ең аз
дегенде 2-3 есе арттырып қана қоймай, оқығанын түсініп,
талдау жасап, ауқымды ақпараттармен жұмыс жасай алуына
біздің мұғалімдердің дайындаған жүйелі сабақтары және ТМД
елдерінде нәтижелі қолданылып жүрген ұтқыр жаттығулар
көмек береді.
Біздің оқыту тәсіліміз – кешенді оқыту жүйесі, 20 дан астам
қарапайым және мазмұнды жаттығуларды бала бар ынтасымен
қызыға орындайтын болады. Дайындалған жүйелі сабақтар
жылдам оқу дағдысын алу үшін қызықты, көңілді өтеді.
Берілген кітап үш кезеңнің екінші бөлімі болып саналады.
Кітапта берілген жаттығулар мен тапсырмаларды орындай
отырып баланың тіл байлығы молаяды. Оқыған мәтіндерді
меңгеріп, оқу жылдамдығы артады. Ораторлық шеберлікті
меңгереді.
Кітапта 16 сабақ және әр күнге арналған үй тапсырмалары
бар. Бұл кітап мұғалімнің көмегімен 7 жастан 12 жасқа дейінгі
балалардың жұмыс істеуіне арналған.

АТА-АНАЛАР ҮШІН АЛҒЫСӨЗ
ЖЫЛДАМ ОҚУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Жылдам оқу – оқудың ерекше тәсілін қолданып, мәтінді
ақпарттарды тез қабылдау қабілеті. Оқытудың арқауы – оқу
дағдысын қолдана отырып, барлық жаттығуларды өз кезегімен
анықтап орындау. Оқу әдісіне қолданылып отырған арнайы
жаттығулар баланың мидағы есте сақтау қабілеттерін (көру
арқылы, есту арқылы, сипап сезу арқылы т.б), зейін қоюды
және оқу жылдамдығын арттырады.
Кітаппен қалай жұмыс істеу керек?
Сіздің қолыңызда «Жылдам оқуға дайындық» оқулығы
(жылдам оқу дағдысы)
7 мен 12 жас аралығындағы балаларға арнап арнайы
дайындалған. Кітап автордың арнайы өзіндік оқу тәсілімен
дайындалған.
• Сызғышпен оқу – назарды ұстауға және оқудағы сөз санын
көбейтеді;
• Мәтінді арнай жақтаумен оқу – оқыған мәтінді түсінуін
жақ-сартып, зейінді дамытады;
• Есте сақтау қабілетін арттыруға арналған жаттығулар;
• Сөз қорын байытуға арналған тапсырмалар;
Ойлау қабілетінің жан-жақты дамуына, әріптерді кез-келген
бағытта дұрыс тани алу, мәтіннің құрылымдық ерекшеліктерін
анықтау қабілетін арттыруға ықпал етеді.
Нәтижеге жету үшін оқыту әдісін білетін мұғаліммен бірге
оқып, үй тапсырмасын үзбей, күнделікті орындап отырған
дұрыс.

1.1-тапсырма

Шульте кестесімен жұмыс.

12

15

3

6

1

8

16

4

2

14

9

10

11

5

13

7

13

6

11

9

7

15

3

12

2

8

4

14

16

1

10

5
Уақыты _________

1.2-тапсырма

Антиципация.
Сөйлемді аяқтаңдар.
Балалар алаңда фу…....….... ойнап…....…....
Аспанды бұл…....….... жауып, жаң…....….... …....…....
Қоңырау соғылып са…....….... бас…....…....
Күз келіп, жапы…....….... …....…....
Біз әкем еке…....….... балық аула…....….... бар…....…....
Циркте акроба…....….... өн…....….... көр…....…....
Әсия үшбұ…....….... сыз…....….....
Ғарышкер ғар…....….... ұ…....…....
Бүгін Азаматтың туғ…....….... .…....….....
Баяғы за…....….... ата ме…....….... .…....….... бо…....…....

1.3-тапсырма
Сөздер арасынан
16 құстың атын табыңдар.

Долана, домбыра, дуадақ, шағала, дауылпаз, қолшатыр,
сырқа, сауысқан, цирк, үстел, қарлығаш, хабар, көрпе,
жапалақ, қамшы, аққу, жолбарыс, түлкі, қаз, үйрек, тас, тау,
бүркіт, қаршыға, үтік, үкі, қияр, қызынақ, қарға, арыстан,
кептер, жылқы, өзен, көкек, шар, моншақ, маймыл,
бірқазан, тауыс, форма, қайық, бұғы, тиін, пирамида,
жалау, отырыс, келешек, айна.
Уақыты _________

1.4-тапсырма
«Пирамида». Көзбен тек (+) белгісіне қарап тұрып,
көздің қиығымен буындарды қосып оқимыз. Қандай
сөз?
ҚАҢ + ТАР
СА
ШАЛ
+
БАР
АС
КЕП
+
ТЕР
ҚАС
ҚАЙ
+
МАҚ
ДҮЙ
ЖАҢ
+
БЫР
ЖАЙ
ДОС
+
ТЫҚ
ШАХ

+
+
+
+
+

РЫ
ПАН
ҚЫР
СЕНБІ
ЛАУ
МАТ

1.5-тапсырма
Мәтінді мөлдір емес сызғышпен регрессиясыз
оқы.

БІР ҮЗІМ НАН
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті.
Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен.
Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған алтын мен күміс.
Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан
қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін
егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болады. Бай алтынын
көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір
көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына
көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күн қарны
ашқан бай кедейге:

Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған
бір үзім нан бер, – дейді.

Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, – деп жауап
бере-ді кедей.
Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.


Алтынымның жартысын берейін, – дейді ол бұл жолы.

Жоқ, бере алмаймын, – деп бұл жолы да кедей
келіспейді.
Ақыры аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім
нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей
бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға
құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан
түседі. Халықтың: «Алтын, күміс – тас екен. Арпа, бидай – ас
екен» дейтіні осыған орай айтылғаны екен.
200 сөз
Уақыты _________
Мәтін бойынша 5 сұрақ құраңдар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

1.6-тапсырма
Ертегіні әр көзбен кезек оқып шық.
Бұл ертегінің тақырыбы қандай?
Мазмұнда.
Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы
қызыл
екен.
Құйрық жүні ұзын екен.
Қырғауылы қырқылдап,
Жалтыр мұзға сыртылдап,

Алшая келіп қоныпты,
Шаты айрылып қалыпты.
Қисая жатып қырғауыл
Сонда мұздан сұрапты:
– Мұз, мұз, сен неден күшті болдың?
– Мен күшті болсам, бауырымды жаңбырға тестірмес
едім.
– Жаңбыр, жаңбыр, сен неден күшті болдың?
– Мен күшті болсам, жерге жұтқызар ма едім.
– Жер, жер, сен неден күшті болдың?
– Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды
жардырмас едім.
– Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың?
– Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлқымас
еді.
– Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың?
– Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды
жұл-қытпас едім.
– Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?
– Мен күшті болсам, көк мылтыққа құйрығымды
ойдырмас едім.
– Көк мылтық, көк мылтық, сен неден күшті болдың?
– Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді
қидыр-мас едім.
– Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың?
– Мен күшті болсам, құмырсқаға інімді алдырмас едім.
– Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?
– Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан
ауыр-ды желкелеген күштімін, – деген екен құмырсқа.

1.7- тапсырма
Жылдам!
Тек алғашқы сөзді оқып, сөздер арасынан сол сөзді
қоршап шығыңдар.
болашақ арба жаңбыр долана болашақ парта мақта сағат
пирамида желкен табиғат желтоқсан болашақ серік маймыл
хабарлама болашақ ыдыс театр цирк айман болашақ жасыл
темір мереке болашақ кеме самаурын сиыр болашақ балық
дүкен тамыр болашақ чемпион найзағай болашақ жапалақ
балдырған болашақ ғаламат радио болашақ орындық
дөңгелек болашақ сандуғаш ферма болашақ айнала дала
байтақ болашақ жолбарыс сілеусін моншақ болашақ болашақ
арба жаңбыр долана болашақ парта мақта сағат пирамида
желкен табиғат желтоқсан болашақ серік маймыл хабарлама
болашақ ыдыс театр цирк айман болашақ жасыл темір мереке
болашақ кеме самаурын сиыр болашақ балық дүкен тамыр
болашақ чемпион
Уақыты _________

1.8 тапсырма
Жылдам оқу. Бірнеше рет қайталанған сөздерді
табыңдар.

ТАЗАЛЫҚ
Ішкен тамақтарымызбен бірге асқазан, ішектерімізге
микроб түсуі де мүмкін. Олай болса, тамақ дайындағанда, оны
ішкенде, тазалық сақтаудың маңызы өте зор.
Тамақ ішер алдында қол жууды ұмытпаңдар, оны әдетке
айналдырыңдар.

Шыбын, тарақан, тышқан сияқты жәндіктер де өте қауіпті.
Шыбын ұшып жүріп кез келген жерге қонады. Шыбын қоқыс
салынған, тамақтың қалдығы жиналған жәшіктер, мал
қораларының маңайында жүреді. Шыбын қонған жерлерінен
қанатына, бауырына лас микробтарды жұққызады да, екінші
бір жерге қонғанда, микробтарды сонда тастап, жүрген
жерлерін ластап, ауру туғызады. Шыбын – зиянды жәндік. Сол
сияқты тарақан, тышқандар да шаң-тозаң, лас жиналған
жерлерде болады. Олар да аяқтарына жабысқан микробтарды
тасымалдаушылар деп есептеледі. Сондықтан үйде шыбын,
тарақан, тышқан, түрлі ұсақ жәндіктердің болмауы үшін күрес
жүргізіңдер. Үсті-бастарыңды таза ұстап, беті-қолдарыңды
уақтылы жуып, үнемі қол орамал ұстап журуді әдетке
айналдырыңдар. Тамақ ішкен ыдыс-аяқтарды дереу жуып қою
керек. Азық-түлік және ыдыс-аяқтар жабық ұсталуы тиіс.
«Денсаулық» журналынан. (135 сөз.)

Үйге тапсырма

1-тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұнын айт.

ОРМАН «САНИТАРЫ»
Тоқылдақ – орманның қанатты достарының бірі. Бұл құс
ағашқа өрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Тұмсығы қашау
сияқты, табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай кіріп, ал
сыртқы саусағы арт жағына қарай қайырылып тұрады. Қашау
рөлін атқаратын тұмсығының жәрдемімен олар ағаштарды
ойып, ұя жасайды және ағаш қабығының астындағы ұсақ

жәндік, шыбын-шіркейлерді теріп жейді. Күз бен қыста оларға
қылқан жапырақты ағаштардың жаңғағы, бүрі жем болады.
Орманшылар тоқылдақты орман «санитары» деп атайды.
Өйткені, олардың біреуі тәулігіне 700-ге жуық зиянкестерді
құртады. Сонымен қатар тоқылдақтар тек зиянкес жәндіктері
бар ағаштардың діңін ғана ойып, сонда ұя салады. Мұның өзі
орманшыға қандай ағаштың зақымданғанын және оларды
сақтап қалуға дереу шара қолдану керектігін дер кезінде
ескертеді.
Халық айтатын: «Ит – аңшы үшін, тоқылдақ – орман үшін»
деген сөздің мәні осыдан шықса керек. Алматы қорығында бұл
құстың саны жылдан-жылға артып келеді. Табиғат
байлықтарын қорғауға алудың нәтижесі деп осыны айтуға
болады.
«Зерде» журналынан. (134 сөз).

2-тапсырма
Струп тест. Сөздерді оқымай тек түсітерін айтып
шық!

ҚАРА
ҚЫЗЫЛ
ЖАСЫЛ
КӨК

ЖАСЫЛ
ҚЫЗЫЛ
КӨК АҚ
КӨК
САРЫ ҚОҢЫР АЛА
КҮЛГІН
АҚ ҚАРА
КӨК

САРЫ

ҚЫЗЫЛ

ЖАСЫЛ

ҚАРА

ҚЫЗЫЛ

КӨК

САРЫ ҚОҢЫР

АЛА

ҚЫЗЫЛ

КӨК

САРЫ ҚОҢЫР

АЛА

ЖАСЫЛ

КҮЛГІН

АҚ

ҚАРА

КӨК

Уақыты _________

ҚЫЗЫЛ

КӨК

ЖАСЫЛ
ҚАРА

КҮЛГІН
ЖАСЫЛ

ЖАСЫЛ

КҮЛГІН

САРЫҚОҢЫР

АЛА

АҚ ҚАРА
КӨК
ҚЫЗЫЛ
КӨК АҚ
АҚ

ҚАРА

КӨК

КӨК САРЫ ҚЫЗЫЛ ЖАСЫЛ ҚАРА ҚЫЗЫЛ
КӨК
ҚАРА

САРЫ
ЖАСЫЛ

ҚОҢЫР
ҚЫЗЫЛ

АЛА
КӨК

АҚ

Уақыты _________
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
02.03.2024
123
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі