Материалдар / «Жылдам оқу – білім сапасын арттырудың кепілі» коучинг сабақтың әзірлемесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жылдам оқу – білім сапасын арттырудың кепілі» коучинг сабақтың әзірлемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары жалпы орта білім беретін мектептердегі білім беретін ұстаздарға қажет. Қысқа мерзімді жоспар. Өз сабағыммен бөліссем деймін, тәжірибе алмасқым келеді. Ізденгенді жақсы көремін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2019
692
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ораз Жандосов атындағы № 30 жалпы

орта білім беретін мектеп







« Жылдам оқу – білім сапасын арттырудың кепілі »

коучинг сабақтың әзірлемесі







Дайындаған мұғалімдер : Керимбекова Г.Т.

Ильясова А.Ж.







Шымкент 2018-2019 оқу жылы





«Жылдам оқу – білім сапасын арттырудың кепілі» коучинг сабақтың әзірлемесі

«Кітап оқырмандары теледидар көрушілерді басқаратын болады»

Авторы белгісіз

Жалпы мақсаттар:

Коуч - сессияға қатысушыларды жылдам оқу бойынша жұмыс тәсілдерімен таныстыру, осы тәсілдерді оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында қолдану біліктіліктерін нығайтуда қолдау көрсету.

Міндеттер:

1. Мұғалімдердің аталған мәселе бойынша білім және практикалық іскерлік деңгейін анықтау;

2. Аталған мәселенің өзектілігін көрсету;

3. Мұғалімдерге оқушы жетістігінің негізінде мәтінмен дұрыс жұмыс жасай алу іскерлігі жататынын түсіндіру;

4. Педагогтардың коммуникативтік дағдыларының дамуына және кәсіби деңгейлерінің артуына ықпал ету.

Күтілетін нәтиже:

Коуч - сессияға қатысушылар оқу процесінің нәтижесіне ықпал ететін оқу техникасын жетілдіру әдістерінің элементтерін қолдана алады, осы элементтерді оқушыларға өздігінен қолдануға үйрете алады.

Көрнекі құралдар мен жабдықтар:

Компьютер, проектор, экран, тұсаукесер, флипчарттар, маркерлер, стикерлер, А4 парақтары, кері байланысқа арналған үлестірмелі материал (стикерлер)

Сабақтың барысы:

Коучинг-сессияны өткізу кезеңдері

Уақыты

Мұғалім мен коучингке қатысушылардың

іс-әрекеттері

Коучингке қатысушылармен сәлемдесу.

Жағымды ахуалды орнату.

«Кәне, күлімсірейік!» жаттығуы

3 мин

- Жағымды жұмысқа бет бұрайық. Егер, бүгін қайсы біріңіз үйден шығар алдында айнаға қараған болсаңыздар, қолдарыңызды көтеріңіздерші.

- Енді айнаға қарап, күлімсірегендер қол көтерсін.

Байқауымша, олай жасамағандар да бар екен. Оқасы жоқ, кім таңертең күлімсіремеген болса, қазір жасауға болады.

Кәнеки, бір-бірімізге қарап, күлімсірейікші! Рахмет! Жұмысты бастауға енді дайынбыз!

«Геометриялық пішіндер» әдісі бойынша топтарға бірігу

5 мин

«Ассорти» геометриялық пішіндер арқылы топтарға бірігеді:

«Шаршы»- адамдар көбінесе шыдамды, жігерлі және өте ыждаһатты болып келеді.

«Шаршылар» белгілеген мақсатына асфальт төсеуші машина сияқты қадамдап, жүйелеп, жетпейінше, тоқтамай қозғала береді. Осы мінездеріне қарай олардан күшті кәсіби мамандар шығады.

«Үшбұрыш»- адамдар нағыз «энерджайзерлер» сияқты, бірақ батарейкаларға қарағанда, атаққұмарлық пен қажеттік тұрғысындағы мүдделерді көздейтін мінез-құлыққа ие болады. «Үшбұрыштар» жиі тек екі ғана көзқарас бар деп сенеді: бұрыс және олардың өздерінікі. «Үшбұрыштар» мықты тұлғалар және қауіпті бәсекелес.

«Шеңбер»- адамдар мейірімді және қайырымды, олар тек өздерінің ғана емес, айналадағы барлық жақын адамдардың жағдайы жақсы болғанда ғана өздерін жақсы сезінеді. «Шеңберлер» айналадағы адамдармен жанжалдаспауға тырысады, керісінше болған шиеленісті басады.

Сонымен бізде үш топ құрылды.

Стадия вызова

7 мин

Бейнеролик. «Сабақ орындап отырған бала...»..

-Қалай ойлайсыздар бұл баланың проблемасы неде?(сабақ орындағысы келмейді,оқығанды ұнатпайды т.б.)

Бүгінгі біздің коучингіміздің тақырыбы да осыған байланысты « Жылдам оқу – білім сапасын арттырудың кепілі».

Белгісіз автор айтқандай

«Кітап оқырмандары теледидар көрушілерді басқаратын болады»(1 слайд)




«Миға шабуыл»

Топтық жұмыс

7 мин

«Миға шабуыл»:

1. Жылдам оқу не үшін керек?

2. Балаларды кітап оқытуға қалай тартуға болады?

Кластер:

«Жылдам оқыту бойынша жұмыста қандай негізгі сәттерді белгілейтін едіңіз?» (Мұғалімдер кластер жасайды, оны қорғайды).

Жылдам оқуды жетілдіру үшін нені дамыту керек?

- ми жұмысын сәйкестендіру;

- көру бұрышын ұлғайту;

- қатаң бекітілген уақыт шеңберінде жүйелі түрде жаттығу;

- ата-ананың қызығушылығы;

- сөздік қордың артуы.


Жаңа материалды меңгерту. Топтық жұмыс

25 мин

- Бүгін біз жылдам оқыту бойынша жұмыстың негізгі бағыттарын қарастырамыз. (2 слайд)

1) Ынталандыру;

2) Жадыны жаттықтыру;

3) ми жұмысын сәйкестендіру;

Жылдам оқуды жетілдіру үшін не істеуіміз керек? (3 слайд)

1.Ата-ананың қызығушылығын арттыру

(Тегін оқытатын курстарға шақыру)

2.Сөздік қорды арттыру

( «Жаңа сөзді тап» ) әдісі

3. Қатаң бекітілген уақыт шеңберінде жүйелі түрде жаттығу;

-Біз бүгін жылдам оқыту бойынша жұмыстардың негізгі бағыттарын қарастырамыз және оны орынды қолдануды үйренеміз.


1) Ынталандыру; (4 слайд)


-Балаларға әр жаттығудың мақсатын жете түсіндіреміз.

Моторчикпен оқу».

Мақсаты: оқылған сөздердің санын көбейту.

Іскерлік жұмыс моторчикпен уақытқа оқу.(дайын мәтін және үлестірмелі материалдар)



2) Жадыны жаттықтыру; (5 слайд)

Изографпен немесе сөздер топтамасымен жұмыс.

Мақсаты: бейне мен сөздерді есте сақтауға үйренеміз.

Іскерлік жұмыс . Изографпен немесе сөздер топтамасымен жұмыс.

( үлестірмелі материалдар)







СЕРГІТУ СӘТІ-"Сурдо-аудармашы"

«Шалқан» ; (6 слайд)


3) Ми жұмысын сәйкестендіру; (7 слайд)


Оң қолмен де, сол қолмен де жұмыс жасату.

Мақсаты :ми жұмысын сәйкестендіру

Іскерлік жұмыс ( үлестірмелі материалдар)



Қорытынды рефлексия «Синквейн»

5 мин

« Жылдам оқу » сөзіне ; (8 слайд)


Кері байланыс «Тазалық»

Чемодан,қоқыс жәшігі,ет тартқыш

3 мин

Шағын сауалнама,кері байланысқа арналған үлестірмелі материал стикерлер (9 слайд)





Уақыты : 55 минут





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!