Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Жылдамдық және оны дамыту әдістері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ерекшеліктері қозғалыс жылдамдығының даму мүмкіндіктерін біршама шектейді. Аса қолайлы болып қыз балаларда 11-12 жас, ер балаларда 12-13 жас болып есептеледі. Балаларда қозғалу жылдамдығын дамыту кезінде табиғи қозғалыс түрлеріне және олардың орындауына стереотиптен тыс әдістерге сүйенген жөн.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жылдамдық қабілеттері және олардың бағытты даму әдістемесі»

Орындаған: Қызылорда облысы Қазалы ауданы №216 Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Игликов Бакытжан Сабитович









ЖОСПАРЫ



І. КІРІСПЕ


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Жылдамдық және оны дамыту әдістері

  2. Қарапайым реакция жылдамдығын дамыту әдістемесі

  3. Күрделі реакция жылдамдығын дамыту әдістемесі  

  4. Жеке қозғалыс жылдамдығын дамыту әдістемесі  

  5. Қозғалыс қарқынында байқалатын жылдамдықты дамыту  
    әдістемесі  

  6. Жылдамдықты дамыту жаттығулары



ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ


































«Жылдамдық қабілеттері және олардың бағытты даму әдістемесі»



І. КІРІСПЕ

Денені тәрбиелеу жүйесі қоғамдағы әр адамның денесін тәрбилеуде жеке басының дарынын, қабілетін арттыруды көздейді. Әсіресе өмірде керекті жылдамдық, күш, ептілік, төзімділік және басқа да дене сапасын арттыруға күш салады. Адамның осы қабілеттері негізгі қимыл мүмкіншілігі болып табылады. Осы қимылдар арқылы адамның дене дайындығын едәуір жақсартуға болады.

Дене қуатының қасиетінің әрекетті даму және тәрбиелеу деген терминдер қолданылады. Даму термині дене қуатының қасиетінің табиғи өзгеру сипатының, ал тәрбиелеу қозғалыс қасиетінің көрсеткіштерін белсенді өсіру бағытын білдіреді. Дененің сапалық қасиетіне - күш, төзімділік, жылдамдық, иілгіштік, ептілік жатады.

Күш дегеніміз – спортшының сыртқы карсылықтарды жеңуі кабілеттілігі немесе оған бұлшық ет күшінің қарсы тұруы.

Жылдамдық дегеніміз - спортшының ойындағы әл-қуаттан туатын қозғағалыстың аз уақыт ішінде атқаратын қызметін айтамыз.

Спорттық төзімділік дегеніміз - организмнің ұзақ уақыт жұмыс істеген кезінде пайда болған шаршауға қарсы тұру қасиеті.

Ептілік қозғалыс қабілеті дегеніміз - шапшаң, дәл, нақтылы мақсатқа сәйкес, үнеммен өзгермелі жағдайда қозғалыс міндеттерін шешуі болып табылады.

Иілгіштік - шұғылданушының қозғалысты үлкен амплитудамен (теңселу шегі, арасы) орындау қабілеті болып табылады.


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ


  1. Жылдамдық және оны дамыту әдістері


Қозғалыстардың және қимылдардың жылдамдық сипаты шапшаңдық деген жалпы бір атпен біріккен. Қозғалыс әрекетінің жылдамдық сипатына келесі қозғалыс түрлері жатады:

 1) жеке қозғалу жылдамдығы(сыртқы қарсылықтың аз мөлшерде болуы);

2) қозғалу жиілігі;

3) қозғалу реакциясының жылдамдығы. 

Өз бетінше жеке дара қозғалысты дамыту құралдары мен әдістері туралы тек шартты түрде айтуға болады.Спорттық жаттығулардың кейбір түрлерінде (мысалы, лақтыруда) қозғалыс жылдамдығы бұлшықет күшімен бірігіп, кешенді жылдамдық ерекшелігін – қозғалыс кенеттілігін құрайды. Сондықтан, жылдамдық-күш-жігер сипаты бар спорт түрлерінде қозғалыс жылдамдығының дамуына бұлшықет күшін дамытатын құралдар әсер етеді (әсіресе үлкен сыртқы қарсылықтың болуы кезінде лақтыру түрлеріне тән). Бұлшықеттің тез арада жиырылуын дамыту үшін күш жаттығуларының құндылығын өсіретін, жылдамдық жаттығуларының санын арттыру, сонымен қатар күш мүмкіндіктерін жоғарлату қажет. Қозғалу жиілігі циклдік қозғалыстармен сипатталады. Қозғалу жиілігінің өзгеруі қысқа уақыт аралығында жүреді. Мысалы, 100 м жүгіретін спринтерлердің орташа жүгіру жиілігі 1 с бір қадамға тең.

Жас ерекшеліктері қозғалыс жылдамдығының даму мүмкіндіктерін біршама шектейді. Аса қолайлы болып қыз балаларда 11-12 жас, ер балаларда 12-13 жас болып есептеледі. Балаларда қозғалу жылдамдығын дамыту кезінде табиғи қозғалыс түрлеріне және олардың орындауына стереотиптен тыс әдістерге сүйенген жөн.

Жылдамдықты барынша пайдаланумен стандарттық жаттығуларды қайталау бала кезінен бастап жылдамдық тосқауылын қалыптастыруға әкеліп соғуы мүмкін. Кіші мектеп жасындағы қозғалмалы ойындар мен орта және жоғары мектеп жасындағы спорттық ойындар жылдамдыққа бағытталған стандарттық жүгірістер алдында үлкен артықшылыққа ие болады. 

Кіші мектеп жасында тез арада қысқа мерзімді орын ауыстыру мен оқшауланған қозғалыстарды қажет ететін әр түрлі жаттығуларды қолданады. Оған қысқа және ұзын секіргішпен жаттығулар (кіру және шығу), жүгіріспен эстафета, допты лақтыру және ұстап алу және т.б. жаттығулары жатады. 

Орта мектеп жасында күш-жігерлік жаттығулар барынша көп орын алу керек: секірулер, жылдамдықпен секіріп түсу және секіріп міну, жүгірістегі шапшаңдықпен орын ауыстыру, лақтыру. Сонымен қатар қысқа дистанцияларды (30-дан 60 м-ге дейін) барынша жылдамдықпен қайталап өтуді енгізген жөн.

Жоғары мектеп жасында жылдамдық шыдамдылығын арттыратын жылдамдық, күш-жігерлі жаттығулар кешенін қолдану керек. Спорттық ойындар мен эстафеталар да қолданыста болуы тиіс. Жылдамдықты дамытуға бағытталған жүгіру 80-100 м дейін артады. Қозғалу реакциясының жылдамдығы, яғни кез келген дабылға (жарықтық, дыбыстық, тактилды) адамның жауап қайтару жылдамдығы сенсомоторлық реакцияға жатады. Қарапайым реакция әр түрлі жылдамдық жаттығуларын жасау барысында жақсы дамиды. Алайда, кері бағытта өту байқалмайды, яғни реакция жылдамдығын арттыра келе қозғалыс жылдамдығын арттыру мүмкін емес. Реакция жылдамдығын дамыту үшін әр түрлі қозғалмалы және спорттық ойындар аса құнды, бұл жерде баскетбол ойыны көш бастауда.

Мектептегі дене тәрбиесінің сабақтарында реакцияны алдын ала белгіленген дабылдар (мысалы, тоқтаумен бірге еркін жүгіру немесе мұғалімнің белгісі бойынша бағытты өзгерту) көмегімен дамытады. Реакция қайтару жылдамдығын дамытудың жақсы құралына спорттық ойындар жатады.


  1. Қарапайым реакция жылдамдығын дамыту әдістемесі


Қарапайым реакция жылдамдығы латенттік және моторлық уақыт 
шамасымен өлшенеді.Қарапайым реакция жылдамдығын дамыту үдерісінде педагогика
лық мәні бар міндеттер:

– әрекет етудің моторлық уақытының шамасын қысқарту;

– уақыттың микраралықтарын айыра білу қабілетін дамыту болып  табылады

Бұл міндеттерді шешу деңгейі көп жағдайда спортшылардың қарапайым реакцияларының жылдамдығын дамыту ісіндегі соңғы жетістіктерді анықтайды.  Оларды шешу үшін мынадай құралдар жиі қолданылады:

– старттық сипаттағы қозғалыс;

– шабуылдаушы немесе қорғану сипатындағы қозғалыс;

– ойын әрекеттерінің элементтері;

– жылдамдық қабілеттерінің қарапайым түрде байқалуын талап ететін қозғалыс.

Жоғарыда көрсетілген құралдар төмендегі нұсқаларда қолданылады: 
– орындау
 шарттарын  жеңілдету  арқылы  (мысалы,  жаттығу  басталатын бастапқы  жағдайды өзгерту);

– жаттығуды орындау техникасының негізгі сипаттары өзгерту 
арқылы (мысалы, жаттығуды орындау күшін, уақытын өзгерту);

– жаттығуларды орындауды сайыс шарттарына қарай максималды жақындату арқылы.

  
Қарапайым реакция жылдамдығын дамыту әдістері

Жылдамдықты дамыту әдістері:  
– қайталама;  
– аналитикалық;  
– сенсомоторлық;  
– жаттықтыру әдістері.  
– кино-фотоматериалдар бойынша қозғалыс мәнерлерін, 
қимылдарды талдау;  
– әртүрлі ситуациялық тапсырмаларды  қайталап орындау.  
– антиципилеуші 
реакцияны дамытатын  қайталау әдісі;  
– ойын әдісі;  
– жаттықтыру әдістері;  
– сайыс әдістері.  
– қайталау әдісі  (салмақты өзгерту);  
– соғу  әдісі  
– сайыс әдісі;  
– ойын әдісі;  
– әдістемелік тәсілдер.  
Қарапайым  реакциялар  
Таңдау   реакциясы 
Қозғалмалы  нысанға деген  реакция  
Дара   қозғалыс  
Қозғалыс  қарқынында  
– қайталау әдісі;   
– жоғары жылдамдықпен;  
– шектеуліге 
жуық әдіс;  
– кедергілерді азайту арқылы;  
– кеңістікті және уақытша параметрлерді өзгерту арқылы еңкейіс жолақша бойынша.  
Аналитикалық  әдіс  қарапайым  реакция  жылдамдығын  жеке  құрайтындарды  бөлек  жетілдіру  түрінде  кездеседі.  Мысалы,  жеңіл  атлетикада  қысқа  қашықтыққа  жүгіруде  «төменгі  старт»  жағдайынан  қолды үзу техникасын жеке жетілдіру мәні бола алады.   
Сенсомоторлық әдіс. Әдісті алғаш рет Геллерштейн әзірледі және  «уақыт  сезімі»  деп  аталатын  әдісті  дамытуды  қарастырады.  Мысалы,  жеңіл  атлетикада  қысқа  қашықтыққа  жүгіруде  ол  үш  кезеңде  орындалады:  бірінші  кезекте  спортшы  дабыл  бойынша  жүгіреді  және  жаттықтырушыдан  старттың  уақыты  туралы  ақпарат  алады;  ал  екінші  
кезеңде  старт  уақытын  өздігінен  бағалау  элементі  шығарылады,  ол  жаттықтырушы   бақылайтын  старттың  шынайы  көрсеткіштерімен  салыстырылады,  үшінші  кезеңде  тапсырма  старт  уақытын  белгілі  бір  құбылту  жолымен  орындалады,  бұл  старт  уақытын басқаруға  және  «уақыт  сезімі»  деп  аталатын  мамандандырылған  сезімді  тәрбиелеуге  ықпал етеді.  
Жаттықтыру  әдістері.  Спорттың әр түрлерінде орындалатын тапсырмалардың 

сипатына қарай жаттығу құрылғыларының әр түрі мен типтері қолданылуы мүмкін. Мысалы,  жеңіл атлетикада  старт жылдамдығын  жетілдіру  практикасында  старт  қалыбында  көрсетілетін  күштің  шамасын  тіркейтін  «старттық  жаттығу»  деп  аталатын  әдіс  аса тиімділікпен қолданылуы мүмкін.  Сондай-ақ аяқтың старттық күшін ғана тіркемейтін,  бірақ олардың дыбыстық  картинасы  жасайтын  старттық  жаттығу  да  қолданылуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  старт  тиімділігін  бағалау  жылдамдығы  тек  спортшының  өз  тарапынан  ғана  

емес, сондай-ақ жаттықтырушы  тарапынан да шапшаңдатылады.  Бірақ, бұндай бағалау нақтылығы үнемі жоғары бола  бермейді,  себебі  ол  қабылдаудың  субъективтік  факторларына тәуелді.  
Әр  қозғалыстың  нақтылығы  мен  жылдамдығын  тіркейтін,  зақымдалған  учаскені  бағдарламалауды  қарастыратын жаттығу  да  жоғары  тиімділікпен  қолданылуы  мүмкін.  Әсіресе,  мұндай  жаттығу  фехтованда, бокста, қол добында және басқа да спорт түрлерінде кеңінен  қолданылады.   
Сайыс  және  ойын  әдістері.  Қарапайым  реакция  жылдамдығын  
дамытуда  бұл  әдістер  тапсырмаларды  орындаудың  әрбір  жағдайында  
жеңімпаздарды анықтауда аса жоғары тиімділікпен қолданылуы мүмкін.  
Қарапайым  реакция  жылдамдығын  дамыту  әдістемесінің  
талаптары:  
– спортшыны  даярлаудың  әртүрлі  кезеңдерінде  соған  орай  әрекет  
ету  жылдамдығын  жетілдіру  мүмкіндігінің  дәрежесі  туралы  есте  ұстау  
қажет (бастапқыда бұл диапазон кең, ал кейін келе біршама төмендейді);  
– дене  тәрбиесінің  дәстүрлі  емес  құралдары  мен  әдістерін  кеңінен  
қолдануға ұмтылу қажет (үнемі жаттыққаннан кейін бірнеше жыл ішінде  
қарапайым  реакцияның  жылдамдық  көрсеткіштері  бар  болғаны  0,1 сек.  
артуы  мүмкін.  Осыған  байланысты  жаттығу  үдерісінде  қолданылатын,    
«шапшаңдық  барьері»  деп  аталатынның  пай  болуын  ескертетін  
әдістердің әртүрлілігі маңызды);  
– қозғалыстарды орындаудың табиғи шарттарын орындауға ұмтылу  
қажет.  
  
  
3. Күрделі реакция жылдамдығын дамыту әдістемесі  
  
Күрделі реакция жылдамдығы екі түрден тұрады:   
– таңдау реакциясының жылдамдығынан;  
– қозғалушы нысанға деген реакция жылдамдығынан.  
Оларды жетілдіру әдістемесінің өзіндік ерекшелігі бар. 
  
А) Таңдау реакцияларын дамыту әдістемесі  
Спортшының  туындаған  жайттарды  ескере  отырып,  тітіркендіргіштің ықпалына орай бара-бар әрекет ету қабілеті таңдау реакциясының  негізін  құрайды.  Бұл  жылдамдықтың  әртүрлілігі  бокста,  фехтованда  
және  басқа  да  жекпе-жек  түрлерінде  неғұрлым  жиі  кездеседі.  Оны  
дамыту практикасында неғұрлым маңызды педагогикалық міндеттер:  
– «жасырын  ақпаратты»  танып  білуді  және  қолдануды  қалыптас-  
тыру;  
– әрекет  ету  уақытының  моторлық,  сондай-ақ  латенттік  уақытын  
қысқартуға ұмтылу;  
– әртүрлі жағдайларды моделдеуге ұмтылу болып табылады.  
Таңдаудың дамушы реакциясының неғұрлым тиімді құралдары мен  
әдістері:  
– дайындық қозғалыстарының қимыл ерекшеліктерін, кино-, фото-,  
бейне-  және  басқа  материалдар  бойынша  ымдау  және  қарсыластар  
тарапынан сайыс әрекетін жүргізу мәнерлерін талдау;  
– ойын,  кейде  сайыстық  орындау  түрінде  әртүрлі  жағдаят  
тапсырмаларын қайталап орындау болып табылады.  
Таңдау  реакцияларын  дамытуға  бағытталған  педагогикалық  
үдерісте төмендегі талаптарды сақтау маңызды:  
– бақылағыштықты  дамытуға  тырысу  қажет  (мұндайда  спорттық  
сайыстарға қатысу барысында арнайы нұсқаулар мен тапсырмалар беру  керек);  
– спортшының бір мезетте техникалық және тактикалық дайындыққа 
ұмтылуы қажет;  
– спортшының  үйлестірушілік  қабілеттерін  жетілдіруге  ұмтылуы қажет;  
– серіктестің  бұзатын,  жауап  беру  әрекеттері  нұсқалары  ретінде  
біртіндеп  арттыруға  ұмтылу  қажет.  Бұл  талаптарды  сақтау  кезінде  
спортшының  4-6  тактикалық  түйіндерден  артық  есте сақтауға  қабілетті  
емес екенін ескеру қажет (А. Родионов).  
Б) Қозғалушы нысанға реакцияларды дамыту әдістемесі  
Бұл  спортшының  қозғалушы  нысанға  орай  уақытында  айрықша  
нақтылықпен  және  кеңістікте  әрекет  ету  қабілеті.  Мұндай  қабілет  
футболдағы,  хоккейдегі,  қол  добындағы  қақпашылардың  әрекеттерінде  
неғұрлым жиі кездеседі.   
Қозғалушы  нысанға  деген  реакцияларды  дамытуға  бағытталған  
педагогикалық үдерістің неғұрлым 
маңызды міндеттері:  
– нысанды үнемі көз алдында «ұстау» іскерлігін қалыптастыру;  
– уақыт пен кеңістікті сезуді дамыту болып табылады.  
Жоғарыда  көрсетілген  міндеттерді  шешу  мақсатында  нысанды  
назарда, оған деген реакцияға сәйкес келетіндей көз жетер жерде ұстау  
үшін  әртүрлі  тапсырмалармен  орындалатын  әртүрлі  қозғалыс  және  
спорттық  ойындар,  арнайы  дайындалған  жаттығулар  сияқты  
құралдар  
кеңінен  қолданылады.  Қозғалушы  нысанға  деген  реакциялар  
жылдамдығын  дамыту  практикасында  қолданылатын  
әдістерге  келсек,  неғұрлым тиімді болып табылатындар:  
– антиципирлеуші реакцияларға бағытталған қайталау әдісі;  
– доптар,  ойыншылар  мен  басқа  да  ойын  нысанын  кеңейту
элементін енгізетін және спортшының ісрекетін бақылайтын құрамдас  бөліктер санын арттыруды қарастыратын ойын әдісі;  
– бағдарламалаушы  құрылғыларды  пайдалануды  қарастыратын  жаттықтыру әдісі;  
– жеңімпаздарды анықтауға бағытталған сайыс әдісі.  
Маңызды  мәні  бар  әдістемелер  талаптары  қатарына  мыналар  жатады:  
– байқағыштықты және көру шегін дамытуға 
ұмтылу қажет;  
– қосымша  сыртқы  факторларды  енгізу  жолымен  қабылдау  жылдамдығына деген талап етушілікті арттыруға ұмтылу қажет;  
– спортшылардың  техника-тактикалық  шебер-ліктерін  жетілдіруге  тырысу қажет;  
– сайыс жағдаятын максимальды қайта жаңғыртуға тырысу қажет.  
  
  
4. Жеке қозғалыс жылдамдығын дамыту әдістемесі  
  
Жылдамдықты  байқатудың  бұл  түрі  ациклдік  жеке  қозғалыстарда  
кездеседі  және  ең  аз  уақыт  аралығында  жоғары  жылдамдықпен  
орындауды талап етеді. Педагогикалық үдеріс 
міндеттері:  
– жеке  қозғалыс  жылдамдығының  көрсеткіштерін  жақсартуға  
ұмтылу;  
– бұлшық еттің жетекші топтарының күшін дамытуға тырысу;  
– спортшының  техника-тактикалық  дайын  дығын  жетілдіруге  
ұмтылу болып табылады.  
Жеке  қозғалыс  жылдамдығын  дамыту  үдерісінде  қолда

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2020
6860
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12