Жамбыл жалпы орта білім
беретін мектеп-балабақшасы
Қайырымдылық
концертінің сценариі
Мектеп тәлімгері: Г.Мұхатова
Әлеуметтік мұғалім: Л.Жолжанова
2016-2017 оқу
жылы
Ә: Ризамын
бүгінге,
Б: Ризамын бүгінге,
Ә: Ризамын бүгінге,
Б: Ризамын қазірге!
Ә: Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Б: Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Қайырлы кеш, қадірлі қауым, ел тірегі,
ертеңіміздің кепілі болған жас
ұрпақ!
Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел
ағалары, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата – аналар 1-наурыз «Алғыс
айту» күніне орай ұйымдасытырылып
отырған «Жылы жүрек, жомарт
қол» атты мерекелік
кешімізге қош
келдіңіздер!
- Алғыс – адамның
адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі,
сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары
баға беруі.
Анама алғыс!
Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде.
Еңсесі түзу жан болар ма едім?
Құба талды бесігін тербетпегенде.
Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа
Қуанышы тасыған еңбектегенде.
Әкеме алғыс!
Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей.
Өмірімде бөрідей болуға баулып
Қойынына басатын бөлтірігіндей.
Бақытым болар жырымды жария етсем
Әуелеген әкемнің еркін үніндей.
Алғашқы құттықтау сөз кезегі
ауыл әкімі Талап Айтмұханбетұлына
беріледі.
«Ананың тілі» әнімен Бейсенбі Наргиз
Рүстемқызын қарсы
алыңыздар.
2-ж«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің
көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең
ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей кемтар,
жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып,
аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу
әрбір адамның азаматтық
парызы.
1-ж.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі –
мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық,
мейірімділік таныту арқылы жақсылық
жасайды.
Сөз кезегі мектеп директоры Исатай Исламұлына
беріледі.
« Ақбұлақ» әнімен Орынғалиев Нұртілеуді қарсы
алыңыздар
1-ж.
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске
ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына
қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді
аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам
жасайық.
2-ж.
Жақсылықты ақ жүрекпен
қабылдап,
Самға биік, жалын атып жүр
алда.
Жігерің мен сеніміңді оттық
қып,
Жас қырандай қанат қағып
қиянға.
2. Ән «Қыз сыны» Орындайтын: Сакенова Аяжан
Асанқызы
. 2-ж.
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан
анам,
Бар шуағын баласына
арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып
өмірде
Сенің салған сара жолды
жалғағам.
« Туған жер» әнімен Қуандықов Жарқын мен
Болатжанов Дидарды қарсы алыңыздар.
Екі ішектің бірін қатты, бірін
сәл сәл кем бұра,
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ
дана.
Күй «Саранжап»
Орындайтындар: Қазақбаева Айнара, Аманжолова
Аяна
1-ж.
Қазаққа дархан
рахмет!
Салт-санасын
сіңірген.
Жеріме байтақ
рахмет!
Таза ауа үшін
сімірген.
Жарыма айтам мың
алғыс!
Сыйлаған ұл-қыз,
түсінген.
Барша әлем, саған
рахмет!
Әр күнім үшін
кешірген.
«Қазақстан» әнімен Екпінов
Дәулетті қарсы алыңыздар.
6. 4-сынып оқушыларының
дайындаған өлең шумақтарына кезек
береміз.
1-оқушы Аялаған,
баптаған
Асыраған,
сақтаған
Сақтандырып күнде
еппен
Айтып бәрін
үйреткен
Анамызға мың
алғыс!
2-оқушы: Мақтайды
әкем
-Батырым
Енді өзіме серік
деп
Өсіп келе
жатырмын
Өз әкеме
еліктеп
Әкем мені
жасымнан
Тастамайды
қасымнан\
Әкелерге мың
алғыс!
3-оқушы: Біз мектепке
келгенде
Ақ пейілмен қарсы
алған
Өлең айтып
үйретіп
Би билеткен, ән
салған
Риза әже, атай
да
Риза ағай, апай
да
Рақмет деп
айтамыз,
Барша ұстаз
апайға.
4-оқушы: Іше ғой, жей ғой, тоя
ғой,
Жылама, көкем қоя
ғой,
Тойлардан сарқыт
тасыған,
Шықпайсың әже
қасымнан
Дастархан болып
жайылған,
Әжеңдей кім бар
мейірбан?!
Әжемізге мың
алғыс!
5-оқушы: Өзіңдей жақсы
көретін,
Аямай, барын
беретін
Жан ағаң-
сенің
Қамқоршың
Үлгісін өзің
теретін
Үйрене білсең
ағадан,
Дегейсің:
«Бәрін таба
алам!»
Кәсіпкер аға-апаларға мың
алғыс!
6-оқушы: Бар әпкеміз-
тәтеміз,
Еркелеткен
кішіні
Болса жаңсақ-
қатеміз,
Кешіреді
түсіліп,
Қамқоршылық жасауға
,
Әпке даяр қашан
да
Әпкелерге мың
алғыс!
«Өзбек» биімен Маратқызы
Балмаржанды қарсы алыңыздар.
Сөз кезегі Жусандыой ауылдық
округінің әлеуметтік қызметкері Жаңылсын Темірханқызына
беріледі.
2-ж.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден
без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті
ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы
лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін
танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды
білдіреміз!!!
«Мейірбандық» - жүректен,
қайырымдылық білектен» дейді халық. Адам өзін және өзгелерді жақсы
көру арқылы өмірін қуанышпен шаттыққа, махаббатпен бақытқа
бөлейді.
«Жан жылуы»
әнімен Қазақбаева Айнара мен Аманжолова Аянаны қарсы
алыңыздар.
2-ж.
Шерменде болған жүрекке,
жылулық сәулесін шашқан, балаларға қол ұшын береміз деген ыстық
ықыластарыңыздан бақ, ойларыңыздан саналы сезім, мұқтаж жандарға
қамқорлығын аямаған сіздердей азаматтарға алланың нұры жаусын
демекпіз.
1-ж.
Қадірменді көрермендер.!
Осымен бүгінгі концерттік бағдарламамызды аяқтай келе, сіздерге
алтын уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға шын жүректен
алғысымызды айтамыз.
Қош сау
болыңыздар..