Материалдар / Жылу өткізгіштікті қалай қолданады?

Жылу өткізгіштікті қалай қолданады?

Материал туралы қысқаша түсінік
4-сыныпқа арналған жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мектеп: № 23

Сабақ тақырыбы: Жылуөткізгіштікті қалай қолданады?

Күні : 03.02.2021

Машықкердің аты – жөні: Оспанова Аяулым Бекзатқызы

Сынып.4 «Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.5.4.1 түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерттеу

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Жылуөткізгіштіктің не екенін біледі, жылуды өткізетін заттар мен денелерге мысалдар келтіре алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Жылуды жақсы өткізетін және нашар өткізетін заттарды ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Оқушылар жылуоқшаулағыш және жылуөткізгіш заттарды атап, олардың ерекшеліктерін айта алады.

Бағалау критерийлері:

-дененің жылуөткізгіштігін сипаттайды;

-электр тогын өткізетін материалдарды атайды.

-зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне негізінде таңдау себебін түсіндіреді;

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

Алдыңғы білім

Жылуөткізгіштік деген не?



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

«Өрмекші торы»

Оқушылар шеңберге тұрып, қолдарына жіп алып, өздері таңдаған адамға қарай беріп, жағымды тілектер айтады. Осы арқылы оқушылар өрмекшінің торын құрады.

Тоқыма жіп немесе қарапайым жіптер

Сабақтың ортасы

Алдыңғы білімді еске түсіру

«Сұрақ - жауап» әдісі

Оқушылар мұғалімнің сұрағын мұқият тыңдайды, мұғалім өзі таңдаған оқушыға қолындағы допты лақтырып, жауап алады.

  1. Жылуөткізгіш заттарды ата.

  2. Жылуөткізгіштік дегеніміз не?

  3. Температураны термометрдің көмегінсіз анықтауға бола ма?

  4. Жылу өткізу қабілетіне байланысты денелер мен заттарды қандай екі топқа бөлеміз?

  5. Металдан жасалған бұйымдар жылуды қалай өткізеді?

Дескриптор:

  1. Оқушылар алдыңғы өткен тақырыпты еске түсіру үшін сұрақтарға жауап береді.

  2. Оқушылар сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап береді.

Фотосуреттерге мұқият қара. Оларға не ортақ деп ойлайсың? Неліктен?

«Ауа», «жылу», «жылуды сақтау», «жылуды өткізбейді» Әр жағдай ауаның жылуды нашар өткізеді. (терезенің әйнегі, тар аяқ киімнен аяқтың тоңуы, жануарлардың жүні, қыстық киімдер, т. с.с.)

Ауаның және басқа газдардың жылуды нашар өткізеді.

Дескриптор:

  1. Оқушылар әр суретке сипаттама береді.

  2. Өз ойларын айтып, суреттердің ерекшеліктерін атап көрсетеді.

«Түсіндір, талда, сипатта»

Оқушыларға күнделікті өмірде қолданатын заттарды көрсетіп, олардың ерекшеліктерін атап, қолданылуын айтады.

  1. Ас пісіретін ыдыстарды қандай заттардан жасайды?

  2. Фотосуреттергі ыдыстар туралы не айтасың?

  3. Бұл ыдыстардың негізгі бөліктері қандай заттан жасалған?

  4. Тұтқасын жасау үшін қандай затты қолданған?

  5. Қол күйіп қалмас үшін қазанды қалай ұстауға болады?

Жылуды жақсы өткізетіндер және жылуды нашар өткізетіндер деген екі топқа бөледі. Жұптар топтарға бірігіп тізімдерін біріктіреді. Олар темірден жасалған ыдыстарды бірінші топқа, шыныдан, ағаштан, пластиктен жасалғандарды екінші топқа жатқызады. Ауа жылуды нашар өткізеді.Оның бұл қасиеті табиғатта да кездеседі.

Мысалы: қалың жауған қар өсімдікті көрпе тәрізді қымтап ,аяздан сақтайды. Жылуөткізгіштігі төмен заттар мен материалдар суықтан немесе ыстықтан жақсы қорғайды.

Дескриптор:

  1. Оқушылар күнделікті тұрмыста қолданатын заттардың ерекшеліктерін атап көрсетеді.

  2. Сұрақтарға нақты, түсінікті түрде жауап береді.


«Зертте»

Оқушылар термостың суретін, сызбасын қарап, оған жекелеме сипаттама береді. Термостың ерекшелігін, оның жылуөткізгіштігін анықтап, атап көрсетеді.

Сонымен қатар оқушылар мұғалімнің қосымша қойған сұрақтарына жауап береді.

  1. Термос не үшін қажет?

  2. Термосқа құйылған су неліктен суымайды?

  3. Термосқа балмұздақ салсақ, не болады? Өз ойыңды түсіндір.

Дескриптор:

  1. Оқушылар сурет бойынша заттың әр бөлігіне жекелеме сипаттама бере алады.

  2. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын дәлелдейді.

«Сәйкесін тап»

Оқушыларға әр түрлі суреттер көрсетіледі. Сол суреттердің ішінен жылуөткізгіш және жылуоқшаулағыш заттарды ажыратады.

Дескриптор:

  1. Оқушылар суреттерді ерекшеліктері бойынша ажыратады.

  2. Оның не себепті тура сол топқа жататынын түсіндіреді.


Қорытынды

«Есте сақта!»

Жылуөткізгіштігі төмен заттар мен материалдар суықтан немесе ыстықтан жақсы қорғайды. Жылуды ең жақсы өткізетін металдарға платина, мыс, алтын, күміс, темір, алюминий жатады. Денені қатты қызудан немесе салқындаудан қорғау керек болса, жылуды нашар өткізетін материал қолданылады.

Кішкентай доп





























Оқулық, суреттер

https://www.okulyk.kz/estestvoznanie/87/









Суреттер, оқулық

https://www.okulyk.kz/estestvoznanie/87/













































Суретпен жұмыс, сызба



























Суреттер


































Сабақтың аяқталуы

Рефлексия

«Алма ағашы»

Оқушылар үш түсте берілген алма түріндегі қағазға сабақтан түсінген ақпараттарын жазады. Сонымен қатар сабақтан алған әсерін де жазуына болады.

Қызыл алма – маған барлығы түсінікті;

Сары алма – кейбір жерлерді түсінбедім, қоятын сұрағым бар;

Жасыл алма – маған бүгінгі сабақ мүлдем түсініксіз болды.


Жапсырма қағаздар, алма ағашының суреті



Пән

Сынып

Тақырыбы

Мақсаты

Қолданылған көрнекіліктер

Қолданылған әдіс-тәсілдер

Сабақтың нәтижесі

Жаратылыстану

4 «Ә»

Жылуөткізгіштікті қалай қолданады?

4.5.4.1 түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерттеу

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну

Оқулық, суреттер, жіп, суреттер, жапсырма қағаздар, сызбалар

«Өрмекші торы» әдісі, «Сұрақ - жауап» әдісі, «Түсіндір, талда, сипатта» әдісі, «Зертте» әдісі, «Сәйкесін тап» әдісі, «Алма ағашы» әдісі

Бүгінгі сабақта оқушылар жылуөткізгіштіктің қолданылуы туралы ақпарат алды. Алдыңғы сабақта алған білімдерін әрі қарай жалғастырып, кеңейту мақсатында әр түрлі зерттеу жұмыстарын жасады. Оқушылар сызба және суреттер арқылы ақпаратты жақсы қабылдайды. Сол себепті көбінесе сурет пен сызба қолдандым. Оқушылардың әр ақпаратты түсінгенін білу үшін әр тапсырманың соңынан сұрақтар қойдым. Осылай оқушының есінде ақпарат, жаңа сабақ жақсы сақталады.

03 Ақпан 2021
4256
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі