Жылу қозғалтқыштарының
адам өміріндегі рөлі
Адам өркениетінің дамуында жылу машиналары елеулі
рөл атқарады. Қалайда болмасын жылу
қозғалтқыштарын күнделікті қолдану арқылы энергия алуда,
оны тиімді пайдалануда қоршаған ортаға кері әсерін
тигізеді.
Жылу қозғалтқыштарының барлық
түрлерінің пайдалы әрекет коэффиценттері іс
жүзінде
40 % - дан аспайды. Өйткені олардың барлығы да атмосфераға жұмыс
газын ыстық күйде шығарады. Мысалы, дизелъді де бензинді де
қозғалтқыштар атмосфераға жұмыс газын ыстық күйде шығарады. Шамамен
500-600с. Аталмыш процесс олардың ПӘК-ін төмендетеді. Сол себепті
дизелъді қозғалтқыштардың ПӘК – і 30
- 36 % - дан аспайды. Ал бензинді қозғалтқыштарда
20-25% болады. Осылайша оларды жүргізуге жұмсалатын әр 100 л
жанармайдың 70-80 литрі бостан босқа сыртқа шығарылып, қоршаған
ортаны ластайды. Бұл жағдай жылу қозғалтқыштарының барлық түрінде
орын алады.
Сонымен қоса тіршілік иелеріне
аса қажетті ауадағы оттек газын да өте көп мөлшерде шығындайды.
Мысалы бір ғана реактивті ұшақтың қозғалтқышы 5 сағат ішінде жылу
процесіне 45 тонна оттекті жұмсап , одан да көп улы газдарды
атмосфераға таратады. Ал ғарышқа бір зымыран ұшқанда оттек шығыны
да, қоршаған ортаға тарайтын улы газдар да ұшақтағы мөлшермен
салыстырғанда мыңдаған - миллиондаған есе артып түседі. Сол сияқты
жүздеген миллион басқа да жылу машиналары мен қондырғылар жанармай
мен оттек газын шығындап, сонша мөлшерде зиянды жану қалдықтарымен
табиғатты ластайды.
Термодинамиканың заңына
сәйкес, электр және механикалық энергияны алу кезінде көптеген жылу
мөлшері қоршаған ортаға беріледі де, біртіндеп жер бетінің орташа
температурасының артуына әкеп соғады.
Қазіргі кезде жылу
қозғалтқыштарының орташа қуаты шамамен 1х10 * 10
кВт. Егер осы қуат 3х 10*12 кВт- қа жетсе, орташа
температура шамамен бір градусқа артады. Одан ары қарай
температураның әсерінен мәңгілік мұздардың еру қаупі туады да,
дүние жүзі мұхиттарының деңгейі тез арта түседі.
Сонымен қатар, өте үлке масштабта отынды жағу
кезінде, жер бетінің температурасы қатар өседі де, атмостфераға
көмір қышқылы газының ( СО 2) шығуы артады.
Атмосферадағы көмір қышқыл
газының су буымен бірге қосылуынан "парникті әсеріне" (парниковый
эффект ) әкеп соғады. Осыдан атмосферадан көрінетін күн сәулесін
өте нашар сіңіреді де жер бетін қыздырады аспанға шағылып қайта
кетеді. Қыздырылған жер беті көзге көрінбейтін сәулеленуін шығарады
да, олар, негізінен, атмосфералық көмір қышқыл гадын сіңіреді.
Аспанның ашық кезіндегі жерге түсетін күн сәулесінің 10-20 % - ы
шағылып, ғарышқа қайта кетеді. Егер " парник әсер" болмаса жер бетінің
температурасы 35с шамада жоғары болар еді. СО 2 шоғыры ұлғаюынан
жер бетінің жылу сәулелерін сіңіруі одан да көп болады. Оның әсері
жер бетінің температурасының өсуіне әкеп соғады.
Атмосферадағы көмір қышқыл
газының көлемдік шоғырлануы, атмосферадағы
барлық газдардың 0,0314 % -ын құрайды.
Әр 25 жыл сайын ауаға адам
айтса нанғысыз 345 миллиярд тонна көмір қышқыл газы тарайды. Осы
шоғырдың аздап ұлғаюы жердің жылу тепе - теңдігін тез арада бұзады
деген қауіп бар.
Қазіргі кезде автотранспортрен
автомлбильдердің кеңінен пайдаланудың артуына байланысты тіршілікке
ерекше қауіп төніп отыр. Табиғатты олардан шыққан улы заттардан
тазалау бүгінгі күнде "мүмкін еместің" бірі. Олардың барлығы өте
үлкен проблема туғызуда. Жылулық қозғалтқыштардың ПӘК - і кемуіне
байланысты табиғатты қорғау шаралары іске асырылуы керек. Құрылыс
құралдарының тиімділігін арттырып, автомобиль қозғалтқыштарында
отынның толық зиянсыз жануына қол жеткізу керек. Қазіргі кезде
автомобильді пайдаланудың жаңа түрі - электромобильді , яғни
"тестло" автокөлігін пайдалану қолға
алынуда.
Жоғарыда айтылған мәселелерді
шешуде Астанамызда өткен "Болашақ энергиясы" тақырыбында
ұйымдастырылған ЕХРО - 2017 көрмесі дәуірлік маңызы бар тарихи
оқиға болды.
Көрме "Болашақ энергиясын"
жасаудың үш бағытына басымдық беруді
көздейді:
-
экологиялық таза жаңартылатын
энергия көздерін, яғни күн, жел пайдаланатын техника мен
технологияға басымдық беру;
-
Жер - ананың өкпесі – жасыл
энергия көздерін қорғау және олардың энергиялық әлеуетін үнемдеп
пайдаланатын техника мен технологияға басымдық
беру;
-
жаңартылмайтын қазба отын
энергия көздерін үнемдеп пайдаланатын техника мен технологияға
басымдық беру.
ЕХРО - 2017 көрмесі аясында
көрсетілген бірінші басымдық мына дерекке негізделеді: жел
энергиясын қоспағанның өзінде жыл сайын Жер бетінің әрбір текше
метріне 1.36 кВт/ м2
Күн энергиясы түседі. Осы
әрбір текше метрге түсетін Күн энергиясының тек 0,2 Вт/
м2
бөлігін ғана игере алатын
техникалар мен технологияларды жасай алсақ, онда энергетика
мәселесін де, экология мәселесін де толық шешкен болар
едік.
Екінші және үшінші басымдықтар
негізгі зерттеу жұмыстарын ауаны ластамайтын, пайдалы әрекет
коэффиценті жоғары, энергияны үнемдеп пайдаланатын қозғалтқыштар
мен қондырғылар шығаруға бағыттайды.