«Жылы сөздерді сіз
қаншалықты көп айтасыз?»
Жылу сыйлайтын сөздер деген не? Адамға жылы
сөздерді қалай айтамыз? Жалпы, адамдар жылу сыйлайтын
сөздер арқылы қанаттанады, іштей жанданады, шабыттанады. Сондықтан
да адамдарга жылы сөздердi айтып тұру артықшылық етпейді деп
ойлаймын.
Адамдарға жылы сөздерді қалай айтамыз? Әрбiр
адамның өзіне тән белгiлерi, мiнезi болады. Соған байланысты түрлi
етiп айтуға болады. Мысалы: "Әппағым", "Ақылдым", "Ашуланшағым" және т.б. Жылы
сөздер-адам үшiн ерекше сезiм қалдыратын, жүректен жүрекке жететін сөздер,
естеліктер. Бұндай сөздер адам өмiрi үшiн
өте маңызды деп бiлемiн. Неге десеңiздер, жылы сөздер арқылы адам
мотивация алады,өзiне сенiмдi болады.
Өйткені оны әрқашан жылы сөздермен мақтап
отыратын жақын адамы күтiп отырады. Байқасаңыздар, қазiргi қоғамда
адамдардың бiрқатары ашулы өмiрге жамандықпен қарайды. Бұның себебi
жылы сөздердiң жетіспегенінен деп ойлаймын. Сондықтан да әрбiр адам
бiр-бiрiне жылы сөздер айтып жүрсе деймiн. Мысал ретiнде бiр
оқиғаны қарастырайық.Отбасынан жылулық көрмеген, жылы сөздердi
естімеген, айналасындағылар тек жамандықпен қарайтын бала. Бұл
оқиғадан кейін бала ер жете өзiн жалғыз сезiнiп, қоршаған ортасына
өшпендiлiкпен қарайтын болады. Бұл мысал арқылы, мен ата-аналарға
жалпы адамзатқа айналасына жылулықпен қарау керек екенiн
түсiндiргiм келдi.
Өз ойымды білдіре отырып,
адазат үшiн жылы сөздердiн мәнi зор екенiн түсiндiк деген
ойдамын.
Ақтөбе облысы, Ақтөбе
қаласы.
Әл- Фараби атындағы № 21
мамандандырылған гимназия
5 «В» сынып оқушысы: Құралқызы
Айшасултан