Материалдар / Жыныстық тәрбие анықтама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жыныстық тәрбие анықтама

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыныстық тәрбие анықтамасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2024
22
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
2500 тг 1875 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023-2024 оқу жылы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» негізінде

Білім алушылардың жыныстық тәрбиесі бойынша онкүндік өткен шараға

АНЫҚТАМА


Тақырыбы: «Жыныстық тәрбие» Қыз бала тәрбиесі және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында медицина қызметкерлерінң қатысуымен бірыңғай тәрбие сағаты


Мақсаты:

Жасөспірімдерде салауатты өмір салтына, отбасындағы амандық пен бақытқа деген құнды көзқарасты қалыптастыруға ықпал ету.

Объектісі: жоспарланған

Субъектісі: анықтама

Жауаптылар: класс жетекшілер

Орындау мерзімі: сәуір


Негіздемесі:

2023-2024 оқу жылы бойынша “Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру” негізінде “Жыныстық тәрбие” іс шара жоспары бойынша шаралар өткізілді. 7-11 сыныптар арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.Қыз балаларға ерте жуктілік туралы айтылды. Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді, жүрек қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме түседі. Бұның қиындығы — жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, таксикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! 

Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? 

Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы — жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпта әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланған жүктіліктің 90 пайызы отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді. 

Ерте жүктіліктің қалай алдын алуға болады? 

Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі — сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-ана баласымен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптарды оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба?! Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма?! Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек. 



Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары:









коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023-2024 оқу жылы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» негізінде

Білім алушылардың жыныстық тәрбиесі бойынша онкүндік өткен шараға

АНЫҚТАМА


Тақырыбы: «Жыныстық тәрбие» «Ерте жүктіліктің қауіп қатері» тақырыбында қыз балалар клубының отырысы


Мақсаты:

Жасөспірімдерде салауатты өмір салтына, отбасындағы амандық пен бақытқа деген құнды көзқарасты қалыптастыруға ықпал ету.  - Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.
- Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын-алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып, қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.

Объектісі: жоспарланған

Субъектісі: анықтама

Жауаптылар: Қыздар клубы жетекшісі

Орындау мерзімі: сәуір

Негіздемесі:

2023-2024 оқу жылы бойынша “Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру” негізінде “Жыныстық тәрбие” іс шара жоспары бойынша шаралар өткізілді. 7-11 сыныптар

Арасында қыз балаларға түсінік жұмыстары жургізілді.  Ерте жыныстық қатынасқа түскен көптеген жасөспірім қыздар ерте жүкті болып қалып, өзін де, ата-анасын да қайғы-мұңға батыруда. Олардың арасында ар-ұяттан айырылып, жезөкшелік жолға түсіп жатқандары да қаншама. Бұл – қазақ үшін ұлттық қасірет. Ерте жүк­тілік – бұл жыныстық тәрбие туралы білімнің жетімсіздігі. Бірқатар отбасында аталған тақырып төңірегінде әңгіме-сөздің қозғалмауында.

Қыз бен анасының арасындағы жылы қарым-қатынас пен етене байланыстың жоқтығынан да орын алуы мүмкін. Мәселен, көптеген жанұяда бұл тақырып жабулы қазан күйінде қала беретіндігінде. Әйткенмен, бұл – дұрыс емес. Алдыңғы жылы аудан бойынша 13-19 жастағы жасөспірім арасында 16 жүктілік фактісі тіркелсе, былтыр 9 жүктілік тізімге алынған. Атап айтарлығы, ерте жүктіліктің әсері­нен өмірге сәби әкелген жас аналар денсаулығына зиян келмеді ме? Ерте жүктілік дегеніміз не?

 – Ерте жүктілік деп 13-18 жаста болатын жүктілікті айтамыз. Осы уақытта қыз баланың өтпелі кезеңі басталып, ағзада гормондық қайта құрылу үрдісі жүреді. Ерте жүктілік несімен қауіпті? Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді. Жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе, басқа да ішкі ағзаға үлкен салмақ түседі. Мұның қиындығы – жас анада көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоз болады. Ерте жүктілікте қыздың ағзасы осындай жүктемеге әзір болмайды. Сол үшін ең дұрысы – ерте жүктіліктен сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтану жайында орта мектепте ата-анамен, сынып жетекшімен жиі әңгімелесу керек. Сондай-ақ, жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу да көп көмегін береді. Егер қыз  жыныстық қатынасқа ерте түссе, ол оның салдарын білуі тиіс.



Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары:


коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023-2024 оқу жылы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» негізінде

Білім алушылардың жыныстық тәрбиесі бойынша онкүндік өткен шараға

АНЫҚТАМА


Тақырыбы: «Жыныстық тәрбие» Ер балалармен түсіндіру жұмыстары

Құқықтық жауапкершілік

Мақсаты: Ер балалар арасында  зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір сүру салтын насихаттау,  өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу.

Объектісі: жоспарланған

Субъектісі: анықтама

Жауаптылар: Ұл балалар клубы жетекшісі

Орындау мерзімі: сәуір

Негіздемесі:

2023-2024 оқу жылы бойынша “Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру” негізінде “Жыныстық тәрбие” іс шара жоспары бойынша шаралар өткізілді.

Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен сөз сөйледі. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Мектеп психологі және тәрбие бөлiмi 1 тоқсанға арналған жұмыс жоспарын жасақтап, бекітті. Жоспарға сай құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бiрлескен кездесулер, түнгі уақыттағы рейд шараларын өткiзiп отыру арқылы құқықбұзушылықтардың алдын алу мүмкіндігі артады деген ойдамыз

Ұлдар жиналысына 5-10 сыныптар бойынша барлық ұл балалар қамтылды түнгі уақытта көшеде жүруге болмайтындығы жайында айтып түсіндіру жұмысын жүргізді.Жүрген уақытта ата-аналарының жазаға тартылатындығын айтып түсіндірді.

Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары:




















коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023-2024 оқу жылы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» негізінде

Білім алушылардың жыныстық тәрбиесі бойынша онкүндік өткен шараға

АНЫҚТАМА


Тақырыбы: «Жыныстық тәрбие» Кәмелеттік жасқа жетпей жыныстық қатынасқа түсудің қаупі мен зардаптары

Мақсаты:


Объектісі: жоспарланған

Субъектісі: анықтама

Жауаптылар: класс жетекшілер

Орындау мерзімі: сәуір


Негіздемесі:

2023-2024 оқу жылы бойынша “Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру” негізінде “Жыныстық тәрбие” іс шара жоспары бойынша шаралар өткізілді.

1. Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті? Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады. Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жасаналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Жиналыста қыз балалардың жеке гигиенасы, достармен және құрбылармен күнделікті қарым – қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары туралы айтылды. 2. Ерте жүктілік деген не? Мектеп психологы Р.Уразбекова сойледі. Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен,жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала«әдейі» бәрін кері істейді. Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар? Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану. Психологиялық кеңестермен бөлісті.

Қыздар ұйымының жетекшісі А.Имагамбетова «Қызға қырық үйден тыю» тақырыбында баяндама оқыды.

Әңгіме барысында қыздар өздерінің ойларындағы сұрақтарын қойып, сұрақ-жауап, пікір алмасуға ұласты. Қыздармен әңгіме өз деңгейінде өтіп, қыздар өздеріне қажетті мағлұматтар алды.


Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары:









коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023-2024 оқу жылы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» негізінде

Білім алушылардың жыныстық тәрбиесі бойынша онкүндік өткен шараға

АНЫҚТАМА


Тақырыбы: «Жыныстық тәрбие» «Балам үйде-қылығы түзде»

Мақсаты:


Объектісі: жоспарланған

Субъектісі: анықтама

Жауаптылар: класс жетекшілер

Орындау мерзімі: сәуір


Негіздемесі:

2023-2024 оқу жылы бойынша “Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру” негізінде “Жыныстық тәрбие” іс шара жоспары бойынша шаралар өткізілді.

Қазақ ертеден бала тәрбиесіне ерекше назар аударған. Қызды әрдайым жат жұрттық деп, ер баланы отау иесі болады деп тәрбиелеген. Сол дәстүрдің арқасында, елдің анасы атанған талай қыздармен аналардың, ерлігімен ел қорғаған талай азаматтың есімі бізге жетті.

«Балаңды тәрбиелеймін десең, алдымен өзіңді тәрбиеле» деген сөз бар. Бұны педагогикада өнегелік тәрбие дейді. Яғни ата-ана өз баласына үлгі-өнеге болуға тырысуы керек. Ата-аналар «балам жаман болмасын» десе де, сотқар балалар қайдан шығады? Осы күннің өзекті мәселесі туралы мамандардың пікірлерін білген едік…

 Қазіргі заманда қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Ұл тәрбиелей отырып,жер иесін тәрбиелейміз,қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз-деп бекер айтпаса керек. Халқымыздың ерте кезден- ақ Адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйіл адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған үлгі- өнеге көрген қыз бала қайда болса да келін болғанда да көргендігін көрсетеді.Ал жақсы тәрбие алған үлгі өнеге көрген қыұлдар жау келгенде де жайдақ тақа мініп шабатын өжет,батыл, адал, жеріне туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де , кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік,инабаттылық сыйлау жағынан халқымыз алдыны жан салмаған. Бір өкініштісі уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бар жатқандаймыз. 


Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары:
















коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023-2024 оқу жылы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» негізінде

Білім алушылардың жыныстық тәрбиесі бойынша онкүндік өткен шараға

АНЫҚТАМА


Тақырыбы: «Жыныстық тәрбие» «Балам үйде-қылығы түзде»

Мақсаты:


Объектісі: жоспарланған

Субъектісі: анықтама

Жауаптылар: класс жетекшілер

Орындау мерзімі: сәуір


Негіздемесі:

2023-2024 оқу жылы бойынша “Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру” негізінде “Жыныстық тәрбие” іс шара жоспары бойынша шаралар өткізілді.

 Қазіргі заманда қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Ұл тәрбиелей отырып,жер иесін тәрбиелейміз,қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз-деп бекер айтпаса керек. Халқымыздың ерте кезден- ақ Адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйіл адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған үлгі- өнеге көрген қыз бала қайда болса да келін болғанда да көргендігін көрсетеді.Ал жақсы тәрбие алған үлгі өнеге көрген қыұлдар жау келгенде де жайдақ тақа мініп шабатын өжет,батыл, адал, жеріне туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де , кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік,инабаттылық сыйлау жағынан халқымыз алдыны жан салмаған. Бір өкініштісі уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бар жатқандаймыз. 

Ер бала еңбекке ерте бейімделеді сөйтіп ауылдың ересек балаларымен ,құрбыларымен ,ағалары,әкелерімен бірге шаруашылыққа қарауға ,әңгіме тыңдап, ертегі айтуға өлең айтып, ән салуға бейімделген. Демек қазақ халқының жігіті сегіз қырлы, бір сырлы болсын дегені тегін емес.Қазақ отбасында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі үлкен Сондықтан өз ұлыңа бар өнерін ,естіген –білгенін түгел үйретуге тырысқан. Алегер әр ұл өз тарапынан ағаға ,әкеге еліктеген.
Қыз бала анасының тәрбиесінде болған. Қыз қылығы түзде демекші той- томалақ ,көп адам жиналған жерде көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен , сергек – сезімталдық ептілігімен , сөзге ұсталығымен көзге түсіп, жұртты тамсандырған.



Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары:










коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023-2024 оқу жылы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» негізінде

Білім алушылардың жыныстық тәрбиесі бойынша онкүндік өткен шараға

АНЫҚТАМА


Тақырыбы: «Жыныстық тәрбие» «Өмірлік мотивация»

Мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.


Объектісі:

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!